Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 21:50, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................................3
І .Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері..............................................................................................................4-25
1.1. Қазақ тіліндегі диалектизмнің зерттелуі..............................................25
1.2. Этнодиалектизмдерге тән негізгі ұстанымдар мен ерекшеліктер........26-31
Негізгі бөлім.

2. Қазақ тілі диалектілік лексикологиясының этнолингвистикалық негізі.
2.1. Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер.........................................................................................32-56
2.2. Прозалық шығармадағы рухани мәдениетке қатысты диалектілер.....57-80
2.3. Әлемнің тілдік бейнелерінің этнодиалектілік сипаты
ІІІ. Қорытынды................................................................................................81-83
IV. пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................85

Файлы: 1 файл

дип. Меруерт..doc

— 623.00 Кб (Скачать файл)

Сәкен Сейфуллин 

Ат  байлар- ат байлайтын қазық. Болыстық аткомның алдындағы атбайларда байлаулы аттар тұр. (Шығармалары, 5 том, 65 бет)

Мойын-пештің түтін жолы, құбыр. Пештің мойны сыңсиды, үнін қосып желменен (Өлең, 205)

Жергілікті  тіл еркшеліктері, яғни диалектизмдер, тілдің сөздік құрамында елеулі орын алатын тілдік жүйе бірліктері екені  белгілі. Сондықтан ұлттық тілдің құрамына енетін диалектизмдер туралы «екіұшты қолданылатын ондай сөздер қажетсіз, олардан құтылу керек» деп, кесіп айтатын пікірден аулақ болған дұрыс. Ол үшін жергілікті тіл ерекшеліктерінің  тілдік жүйедегі қызметі мен ауызекі сөйлеу актілеріндегі қазақтың ұлттық бітім-болмысына тән көріну өзгешеліктерін ескере, көркем мәтіндегі қолданылу сипатын тереңінен қарастыра отырып, жұмсалымдық аясын, стильдік қызметін  нақты дәйектеп көрсету қажет.

Демек, көркем мәтінде  қолданылатын диалект сөздердің  мән-мағынасын ашып, қолданымдық  аясын зерттеп,  стильдік қызметін анықтау жұмысы  орынсыз қолданылған жергілікті тіл ерекшеліктері мен әдеби тіл қатарына енуге бейім тұрған диалектизмдерді айқындауға мүмкіндік береді. Ақын-жазушылардың сөз қолданысы арқылы әдеби тілдің сөздік құрамы ұлғаяды.  Олардың индивидуальді-авторлық сөз тудыру негізінде қалыптасқан атауыштық сөздер мен ұмытылып бара жатқан көне этнографизмдерді жаңғыртуы арқылы және де кейбір естілмей жүрген заттық мәдени диалектизмдерді қайта дүниеге әкелуі арқылы сөздік қордың шеңбері ұлғая түседі.

Жазушы шығармаларында фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер де ұшырасады. Олар батыс сөйленістерінің айырым белгісі саналады. Автор кейіпкерді сөйлету арқылы олардың стилистикалық қызметін көрсетіп отыр. Лексикалық ерекшеліктер, негізінен, осы аймақ халқының қолданысында жүрген атаулар, олар материалдық және рухани мәдениет деректері ретінде тақырыптық топтарға таратылып талданды.

Шығармада жергілікті тіл ерекшеліктерінің қолданылуы сол  өңірдің колоритін беріп, шығарманың шынайылығы үшін қызмет етеді.  Ол, ең алдымен, шығарманың тақырыбына, мазмұнына, суреттелетін оқиғаларға, автордың мақсатына, эстетикалық идеалы мен шеберлігіне байланысты. Орынды, мақсатты түрде қолданылған  жергілікті ерекшеліктер тілдік экспрессияның тиімді құралы болып табылады. 

Тұтастай алғанда, Ә.Кекілбаев шығармалары Маңғыстау өңірі тұрғындарының өмірінен, тұрмыс-салтынан, тіршілігінен энциклопедиялық деңгейде хабардар ететін туынды болып табылады. 

 

 

 

 

Қоғам дамып өркендеген сайын тіл де өзгеріске түседі. Бұл – заңды құбылыс. Тілдің өзгеріске  түсуіне әртүрлі факторлар әсер етеді. Соның ішінде жергілікті тұрғындардың өзара қарым-қатынас жасау барысында туындаған тіл ерекшеліктері сөздік қордың шеңберін кеңейтеді. Қазіргі таңда тіл білімінде диалектілер мен говорларды азайтып, әдеби тілді тұрақтандыру жолдары қолға алынып, тек әдеби тілді қалыптастыру негізге алынып отыр. Бірақ диалект сөздерді азайту мүмкін емес.  Себебі, диалектілердің өзі ана тілінде сақталған, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан төл тілдердің қатарына жатады. Әрине мұндай төл тіл халық ауыз әдебиеттерінде де, көркем шығармаларда да сақталған, яғни жазба әдебиет арқылы қазақ тілінің мұрасы болып қалады. Жергілікті тіл ерекшеліктерін азайтқаннан гөрі оны сұрыптап, талдап, әдеби тіл қатарына қосатын кез келді.  Сондықтан диалектілік ерекшеліктерді жүйелі түрде жан-жақты зерттеудің тіл тарихы үшін маңызы зор. Сонымен қатар диалектілер арқылы қазақ халқының, жалпы сол тілде сөйлейтін халықтың этникалық болмысын, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіндегі өзіндік ерекшелігін, көршілес халықтармен этникалық байланысын ашуға болады. Тіл – мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш ретінде анықталады. Ұлттық мәдениеттің тірегі тілде. Қазақ халқының этностық, ұлттық мәдениеті, негізінен тілде көрініс тапқан. Осы орайда тіл – ұлттық болмысымен қалыптасқан төл мәдениетіміз сақталған негізгі көздердің бірі [32, 6б].

Тіл білімінің қайсыбір дәуірінде зерттеу нысаны болып  келе жатса да күні бүгінге дейін өзектілігін жоймаған тақырыптардың бірі – тілдің ақиқат дүниені таныту және таңбалау мәселесі. Белгілі бір нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық көрсеткіш, яғни таңба – таңбалаушы, ал оны білдіріп тұрған мағына – танытушы. Таныту тікелей ой арқылы жүзеге асады. Адамның ойлауы тіл формасы түрінде көрініс табатын болғандықтан, адамның өзін қоршаған дүниені тану процесі тілде қалай көрінеді деген мәселені ғылымда алдыңғы мәселелер қатарына қояды.  Осыған байланысты ғалым Г.Әзімжанова былай дейді:  «Көркем әдебиет – тілді байытып, толықтырып, дамытып отыратын негізгі арналардың бірі. Көркем проза мәтінінің сапа, қасиеттерін одан әрі ұштап, жетілдіруде және оны мақсатты бағытталған арнада жүргізуде жазушы шеберлігінің сырын сараптап, талдап, түсіндірудің мәні зор. Көркем туындының құрылымы өте күрделі, ол көптеген компоненттерден тұрады. Көркем дүниені туғызудағы негізгі құрал тіл болғандықтан, ондағы образдар жүйесі мен оқиға тіл арқылы көрініс табады. Көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуетін зерттегенде прагматикалық мазмұны бар компоненттерді, ең кіші прагматикалақ мағынасы бар бөлшектердің қызметін қарастырып, олардың жалпы семантикалық-прагматикалық құрылымға кіруі анықталады. Прагматикалық тұрғыдан келгенде көркем проза мәтінін зерттеу процесінде адам факторын ескермеуге болмайды» [4].

Бір этностың мәдениеті  екінші этносқа оның тілі арқылы танылады. Ал тілдік таңбалар – рухани және материалдық  мәдениетті сипаттаушы таңбалар жиынтығы. Тілдегі бірліктер халықтың дүниетанымы, болмысы, рухани мәдениеті, сол халықтың тіршілігінен, өмір сүрген ортасынан, менталитетінен, психологиясы мен әлеуметтік-саяси көзқарасынан мағлұмат беретін ұлттық құбылыс болып табылады. Тілдік таңба – мәдениеттің феномені, ұлт мәдениетінің көрінісі ретінде ғылымда әлі де зерттелмей келеді. Тіл - рухани күш, демек тілдік таңбалар, яғни таңбалаушы, таңбаланушы және объект арқылы адам кез келген құбылысты қабылдап, оған баға беріп, өз көзқарасы мен ойын білдіре алады [33, 24].

Тіл – мәдениеттің  қайнар көзі, мәдениеттің құрастырушы бөлігі, сонымен қатар тіл мәдениетті танытудағы негізгі құрал, себебі біз сол арқылы мәдениетті меңгереміз. Тіл мәдениеттің жалпы сипатын танытады. Негізгі ақпаратты сақтайды, жинақтайды, таратады. Осыған сай тіл әрбір этникалық қоғамдастықта этностың мәдени ерекшелігін танытатын фактор ретінде, мәдениеттің тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетуін қамтамасыз етеді. Осылайша, ұлтты бір тұтастырып, бүтіндігін сақтайды. Мәдениет арқылы тілімізде этномәдени ақпараттар қалыптасады. Олар рухани мәдениет және материалдық мәдениет формасында таралады. Қандай да болмасын заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оны танытады. Ал тану белгілі бір халықтың тарихи даму жағдайы аясында іске асатын болғандықтан, ол тілдік ұжым өмір сүретін нақты жағдайларға байланысты әртүрлі болады. Ат қоюда өмір шындығы мен тұрмыс-тіршілігі, тәжірибесі, салт-дәстүрі, наным-сенімі, әртүрлі заттар түрінде тілде сөзбен аталып бейнеленеді. Осының негізінде ол затты танып, біліп, оны басқалардан ажыратып танығаннан кейін барып ат қояды. Мұндай ажырату белгілері ұжымдық ортада әртүрлі болуы мұмкін. Ұлттық атаулардың жасалуының бір жолы – ұқсату. Ол күнделікті өмірде, тұрмыс тәжірибесінде қалыптасады. Себебі адамдардың табиғаттағы ақиқат дүниені бақылап салыстыруы, оны өз іс-әрекетімен салыстыруы, әр түрлі дүниелердің ұқсас жақтарын салыстыруы негізінде санада бейнелер пайда болады. Сол бейнелер келе-келе белгілі бір ақиқат дүниенің атауына айналады.

Көркем мәтін  – ұлттық бітім-болмысты, ұлттық психологияны, ұлттың дүниетанымы мен оның өмір сүру тәжірибесін, ұлттық салт-дәстүр мен наным-сенімін таныстыратын біртұтас дүние. Көркем мәтін -  ұлттық мәдениеттің тілдік көрінісі, айнасы. Сондықтан әрбір көркем шығарманың бойынан сол ұлт туралы материалдық та рухани да мәдениет негізін тануға болады. Тіл білімінің лингвомәдениетану бағытында тіл адамның танымындағы мәдени константалар (тұрақты құндылықтар) арқылы ұғынылады, түсіндіріледі. Сол мәдени ақпараттар негізінде тілдің қызметін зерттеп айқындау жүзеге асады. Лингвомәдениеттану бағытының негізгі мақсаты – алдыңғы ұрпақтың ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық мәдениетінің жетістіктері мен тәжірибелерін, ұлы өркениетіне қатысты ақиқат белгілерін таңбалайтын тұрақты тілдік бірліктерді зерттеу. Тілді лингвомәдени бағытта қарастыру үшін өзімізге танымал тарихи (диахронды) және сипаттамалы (синхронды) зерттеу әдістері қатар қолданылады.  Сонымен қатар этнография, тарих, мәдениет, салт-дәстүр, өнер, астрономия, т.б ғылымдармен тығыз байланыста зерттеледі. Лингвоелтанымдық бағыттың негізгі мақсаты - мәдени константаларды екі немесе үш тілде өзара салыстыра отырып, ұлттық нышандарын айқындайтын, сол елдің болмыс-бітімін, халықтың мінез-құлқы мен тұрмыстық ерекшеліктерін ажыратып көрсететін тілдік ұғымдар мен белгілерді зерттеу. Бұл бағытта қарастырылатын объектілер белгілі бір елдің немесе ұлттың өзіне тән белгілерін, басқа ұлтта жоқ өзіндік нышандарын көрсете алатын тілдік бірліктер болуы керек. Мысалы,  қазақ тілінде белгілі бір ұғымды ауыс мағынада түсіндіру үшін өздері күнделікті көріп жүрген, болмысы әбден танылған ұғымдарды қолданады.

Лингвомәдениеттанымдық  тұрғыдан алғанда, тіл қарым-қатынас  және танымдық қызмет атқаратын құрал  ғана емес, сондай-ақ ұғым – тіл –  мәдениет жиынтығынан құралатын, тұтас  дүние жөніндегі мол мағлұмат беретін ұлттық мәдени  код, қор, мәдени ақпарат көзі ретінде танылады. Адамға рухани, интеллектуалдық әлеуметтік мүмкіндіктерден туындайтын маса мол алуан түрлі ақпарат тілдік арналар арқылы беріледі. Санадағы бұл ақпараттар концепт немесе ұғым арқылы түйінделеді. Ұғым белгілі бір объектінің ең мәнді белгілерін көрсететін сананың нәтижесі болса, концепт объектінің ең мәнді белгілерімен қатар, мәнді емес белгілерін де қамтиды екен.

Тіл мен мәдениет екі түрлі  семиотикалық жүйеде танылғанымен, бір бірін толықтыратын, өзара тығыз байланысты тұтас жүйе. Мәдениет – қоғамдық фактор, оның мәдени тұғырға көтерілуіне әлеуметтік фактордың ықпалы зор. Өйткені бір этностың мәдениеті екінші этносқа оның тілдік таңбалары арқылы баяндалады. Демек, кез келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың сан ғасырлық жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде орныққан мәдениетімен, ой танымымен тікелей байланысты. Мәдениет пен тілдің бастау бір бірімен тұспа - тұс келеді. Яғни, тіл – адами нақтылықты адамзаттың тіршілігі өтіп жатқан әлем ретінде жасайды. Ал адамзаттың тіршілігі – мәдениеттің әлемі екені белгілі. Әрине тіл физикалық нақтылықты қалыптастырады дей алмаймыз, өткені ол әлемнің бейнесін жасау барысында осы нақтылықты әлеуметке жеткізуші ғана. Дегенмен тілдің көмегінсіз болмысты толықтай тани аламыз немесе тіл қатынас пен ойлаудың кейбір мәселелерін шешудің қосымша құралы деп есептеу де қате болар еді. Шын мәнінде, нақтылы әлем бейсаналы түрде тілдік нормалар негізінде жасалады. Адамның қандай да бір құбылысты әрқалай көруі, естуі, қабылдауы тілдік нормалардың өз көрінісінің формасына сай болуымен байланысты.

Тіл – мәдениеттің  өмір сүру формасы болса, мәдениет - оның ішкі мәні. Осы тұрғыдан алғанда тіл мен мәдениетті бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын тұтас бір дүние деуге болады. Тіл мен мәдениеттің байланысы, тілдің мәдениетті сақтау, сипаттау, жарыққа шығару қасиеттерін анықтайтын арнайы ғылым керек,  ол - өзіндік зерттеу нысаны бар, зерттеу әдістері мен қағидалары бар лингвомәдениеттану саласы.  Тіл  - тек мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениетінің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш. Лингвомәдениеттану негізінде ұлтқа тән мәдени-танымдық жүйенің қалыптасуын анықтауға болады. Ол бұндай зерттеулерге тілдің кумулятивтік қызметі негіз болады. Ал дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттық сипатты айқындаушы лингвомәдени көрсеткіштерді тіл, мәдениет, өркениет ұғымдарының өзара байланысы тұрғысында қарау қажет.

Әр халықтың басынан кешкен тарихы, бүкіл рухани, мәдени байлығы, болмысы, дүниетанымы, өмір тіршілігіне, күнделікті тұрмысына  қажет бұйымдары, әдет-ғұрпы, салт-санасы, талғамы, т.б. сол тілде таңбасы  емес, дүниенің тікелей бейнесі емес, оның біздің санамызда тілдік шығармашылық процесс нәтижесінде туған бейнесі, яғни «дүниенің тілдік бейнесі». Осыған байланысты профессор А.Салқынбай: «Әлем бейнесінің бүкіл көрінісі мен қоғамдық сана қалыптастырған ұғымдарын бейнелейтін тіл – адамзат танымының феномені. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, адамзат дүниетанымы мен сананы қалыптастырып, дамытуға қызмет ететін күрделі құрылым. Тіл ұлттық мәдениеттің құрамды бөлігінің бірі болып қана қоймайды, бүкіл мәдениет пен танымның негізі саналады. Мәдениет тіл арқылы жүйеленіп, қалыптасып дамиды. Тілдің қоғамдағы рөлі қарым-қатынас жасау сипатымен ғана шектелмейді, адам ойының, санасының жетілуі мен дамуына да ықпал етеді» [6], - дейді. Демек, қандай да болмасын, заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оны танытады. Ал тану, немесе анықтау белгілі бір халықтың тарихи даму жағдайы аясында іске асатындықтан, ол тілдік ұжым өмір сүретін нақты жағдайларға байланысты әртүрлі болады. Әртүрлі ұжым бір затты өзінің күнделікті тәжірибесінде кездесіп қолданылатын жағынан танып, оны өзіне таныс құбылыстармен байланыстыратыны белгілі. Яғни, ат қоюда өмір шындығы мен тұрмыс-тіршілігі, тәжірибесі салт-дәстүрі, наным-сенімі әртүрлі заттар түрінде тілде сөзбен аталып бейнеленеді. Осының негізінде ол затты танып, біліп, оны басқалардан ажыратып танығаннан кейін барып ат қояды. Мұндай ажыратқыш белгілер сөйлеуші ұжымдық ортада әртүрлі болуы мүмкін. Тіл білімінде ол белгілер уәждер деп аталады. Ұлттық атаулардың жасалуының бір жолы, ұғымды берудің көркемдік амалы – ұқсату. Ол күнделікті өмірде, тұрмыстық тәжірибеде қалыптасады. Себебі адамдардың табиғаттағы әртүрлі құбылыстарды бақылап салыстыруы, оны өз іс-әрекетімен, тәжірибесімен салыстыруы, ассоциациялық бецнелер түрінде әртүрлі нәрселердің ұқсас жақтарын табу, солардың негізінде танымын кеңейту осы қасиетке негізделеді.

Тіл этноспен бірге  жаралып, бірге өмір сүреді десек,  оның бастапқы белгісі өсу, даму, қарым-қатынас  көріністері осы күні жергілікті тіл ерекшелігі, яғни диалект деп танылып жүрген сөздердің мағынасында сақталған. Сондықтан диалект сөздерді тек этимологиялық, семантикалық, семасиологиялық, тарихи тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ экстралингвистикалық мақсатта да қарастырып, мәдениетпен, халықтық этнографиямен жақындастыра зерттеу қажеттігі туды.

Диалектілік жүйенің  пайда болуына тағы бір себеп  – көрші елдің тілдік әсері, яғни  ареалды қарым-қатынастың ықпалы. Оқшауланған  сөйленіс өзінің негізгі диалектілік  сөйленіс тобы көлемінен соншалықты алыстап кептегенімен оған өзін қоршаған өзге туыс, туыстық қатысы жоқ тілдер айқын әсер етеді. Бұл жөнінде диалектолог-ғалымдар Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков былайша түсіндіреді: «Қарақалпақ жеріндегі қазақтар қарақалпақ, өзбек, түрікмен халықтарымен аралас тұрады, сондықтан олардың тілінде аталған тілдердің әсері байқалады. Осы сияқты Өзбекстан, Түрікменстан, Қытай, Монғол, Ресей қазақтарының тілі де үлкен әсерге  ұшыраған, дегенмен оқшауланған сөйленістер де лексиканың негізін жалпыхалықтық лексикадан алады, сондықтан диалектілік лекситка шығу арнасына қарай: дәстүрлі диалектілік құбылыстар, дәстүрсіз диалектілік ерекшеліктер болып бөлінеді» [27, 16]. 

Қазақ тілінің  жалпыхалықтық лексикасында кірме  сөздер төрт халықтың: араб, парсы, монғол, орыс тілінен енген болып есептеледі. Оның ішінде араб, парсы тілдерінен сөз ауысуы басқа да түркі тілдеріндегідей қазақтың біртұтас болып қалыптасуынан бұрынырақ басталғаны айтылады.  Қазақ тілі диалектілік лексикасы шығу төркіні жағынан тайпалық, рулық элементтенді сақтайтын өзіндік төл лексикасын жасағаны айнала қоршаған ортамен алыс-беріс қарым-қатынас жасау нәтижесінде қажетті сөздерді қабылдағаны жайлы жеке сөйленіс (говор) немесе жалпы диалектілік лексика мәселелеріне қатысты зерттеулер де сөз болып жүр. Қарақалпақ қазақтары тілінің ерекшеліктері туралы еңбегінде Н.Жүнісов араб, иран тілдері сөздерінің қазақтардан гөрі аборигендер тілінде көбірек кездесетіні қазақтарға сол арқылы ауысқаны жайлы айта келіп, әдеби тілде қолданылмайтындықтан оларды диалектілік құбылыс деп танитындығын айтады [34, 114].  Бұл сөйленістегі араб-парсы тілінен енген сөздер күнделікті өмірге қажетті зат атаулары көлемі жағынан иран тілдерінен ауысқан сөздер басым кездеседі.

«Жергілікті ерекшеліктердің  туынды қабаты» деп аталатын тарауда  сөзжасам тәсілдері арқылы пайда  болған жаңа қолданыстар туралы сөз болады.  Диалектілік  лексика ұлттық тілдің бір тармағы болғандықтан, оның басқа тармақтары сияқты көлемдік жағынан да мағыналық жағынан да дамуға азды-көпті өзгертуге тиіс. Бұл оның ұлттық әдеби тілмен қатар күнделікті қарым-қатынас құралы қызметінің  нәтижесі. Жалпы әлемдегі нақты қоғамдағы өзгерістен диалектілік лексика тыс қала алмайды, жаңадан пайда болған ұғымдарды атау қажеттігі қоғам иесінің, тіл иесінің бәріне ортақ, тек кей жағдайда тіл иелері жаңа ұғымның жалпыхалықтың әдеби атауымен қатар жергілікті атауын жасап екеуін қатар қолдануы мүмкін. немесе тіл иесі этнос үшін жаңа ұғым атауының  аймақтың сипаты болуы жат емес. Бұл соңғысы бөтен тілдік ортада шекаралас, аралас аралық сөйленіс жағдайында кездесуі де тілдердің өмір сүру жағдайында болып тұратын ерекшелік. Жоқ нәрсені іздеп табуға білмейтін затты танып білуге деген талап адам баласына тән қасиет. Сол арқылы өзінің тұрмыс тіршілігін өзгертеді, қарым-қатынасқа түседі. Мұндай жағдайда белгілі затты, құбылысты пайдалану, қолдану білу, керегіне жарату, қыр-сырын ашу зәрулігі келіп туады. Өмірдегі жаңа зат пен құбылыстарды атау мұқтаждығын туғызады. Жаңа сөз жасауға деген қажеттілік келіп шығады. Бұл ғылымда көрнекті ғалымдардың атымен келген сөзжасам заңдылықтары, сөзжасам тәсілдері сияқты ұғымдарды тіл ғылымының саласын қалыптастырады. Қарым-қатынас құралы тіл, тіл қаруы сөз, ал сөзжасам өзіндік қыр-сыры мол тіл ғылымының саласы. Диалектілік лексикада тілге тән заңдылықтар сөзжасам заңдылықтары  арқылы әр кезеңде толығып жетіліп байып отырады. Оның құрамынан әр дәуірде пайда болған сөздерді көру қиын емес.

Информация о работе Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері