Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 21:50, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................................3
І .Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері..............................................................................................................4-25
1.1. Қазақ тіліндегі диалектизмнің зерттелуі..............................................25
1.2. Этнодиалектизмдерге тән негізгі ұстанымдар мен ерекшеліктер........26-31
Негізгі бөлім.

2. Қазақ тілі диалектілік лексикологиясының этнолингвистикалық негізі.
2.1. Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер.........................................................................................32-56
2.2. Прозалық шығармадағы рухани мәдениетке қатысты диалектілер.....57-80
2.3. Әлемнің тілдік бейнелерінің этнодиалектілік сипаты
ІІІ. Қорытынды................................................................................................81-83
IV. пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................85

Файлы: 1 файл

дип. Меруерт..doc

— 623.00 Кб (Скачать файл)

Диалектілік лексиканың да үлкен қабатын туынды сөздер синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер құрайды. Сөйленістерге сөзжасам жүйесі ортақ болғанмен, әр тәсіл арқылы жасалған сөздердің мағынасында ерекшелік бар. Ол туынды сөзді жасайтын жұрнақ та негіз де әдеби тілген тән бола тұра диалектілік мағына жасай алатыны күрделі сөз сыңарларының тек әдеби варианттардан құралып, диалектілік мағына білдіре алатынынан немес сыңарларының біреуі диалектілік біреуі әдеби сөз болып келуінен диалектілік мағына жасалатынынан аңғарылады. Мұндай жағдайлар диалектілік сөзжасамның өзіне тән күрделі табиғатынан хабар береді. Осыған қарағанда Ғ.Қалиев мынадай тұжырым жасайды: «Диалектолог үшін маңыздысы әдеби тіл мен сөйленістердегі бірдей құбылыстар ғана емес, әдеби сипаты жоқ диалектілік туындылар, олардың сөзжасам жүйесіндегі өзара қарым-қатынастары мен қалыптасқан ерекшеліктерін ашып көрсету деп тұжырымдайды. Яғни диалектілік сөзді жасаушы материалдық элементтер негіз бен сөз тудырушы тұлға. Бірыңғай әдеби элементтерден де құралады немесе олардың біреуі жалпыхалықтық екіншісі диалектілік болып келеді.  Келесі жағдайда сөзжасамдық элементтер: негіз де сөз тудырушы тұлға да диалектілік болуы мүмкін.

Диалектілік туынды сөз табиғатын терең зерттеген  Ғ.Қалиев аталған ерекшеліктеріне  қарай синтетикалық тәсіл арқылы жасалған диалектілік туындылардың әдеби тіл мен сөйленістердің  сөзжасам деңгейіндегі жүйелік қарым  қатынастары негізінде төрт түрлі сөзжасамдық үлгісін көрсетеді:

  1. әдеби негіз + әдеби қосымша – диалектілік туынды;
  2. диалектілік негі + әдеби қосымша – диалектілік туынды;
  3. әдеби негіз + диалектілік қосымша – диалектілік туынды;
  4. диалектілік негіз + диалектілік қосымша – диалектілік туынды.

Ғ.Қалиев диалектілік  лексикадағы осы үлгіде жасалған туындылар қазіргі тіл құбылыстарымен тек тарихи тұрғыда байланысады  деп тұжырымдайды [9]. Бұл пікір  диалектілік саналатын негіздің де қосымшаның да түп негізгі тарихтың терең қойнауына тартатынын, олардың семантикасын қазіргі күйінде қабылдауға тура келетінін білдіреді. Ал олардың семантикасына бойлау үшін күрделі этимологиялық талдау материалы қажеттігі анық.

«Диалектілік  тұрақты тіркестер – рухани мәдениет көрсеткіші» деп аталатын тараушада жергілікті қолданыстағы фразеологиялық тіркестердің өзіндік ерекшелігі, пайда болу жолдары туралы сөз болады.  Диалектілік тұрақты тіркестер пайда болып жасалуы жағынан алғанда тілдің тарихымен өзектес сондықтан диалектілік фразеологизмдерді жинау, зерттеу сипаттау диалектілік лексиканың құрамы мен көлемі мәселесін ғана шешпейді. Біріншіден, диалектілік тұрақты тіркестер тіл тарихына қатысты шешімі табылмай жүрген сұрақтардың жауабын табуға септігін тигізе алатын сенімді дереккөз. Олардың бойында дыбыстық-грамматикалық құрылыстың кейбір көне элементтері тұнып қалған. Екіншіден, диалектілік фразеологизмдер бойынан диалектіге тән сөзжасам және түрлену жүйесі айқын көрінеді. Үшіншіден, диалектілік тұрақты тіркестер әдеби тілдің фразеологиялық құрамын байытуға азды-көпті үлес қосады. Төртіншіден, фразеологиялық тіркестер семантикасы ауқымды, терең. Олардың мазмұнында этностың рухани мәдениетінің айшықты мағлұматтары жинақталған. Диалектілік тұрақты тіркестер жеке зерттеу нысаны болып Қ.Қалыбаеваның еңбегінде көрініс тапқан [10].  Қытай қазақтары тілінің жергілікті ерекшеліктеріндегі тұрақты тіркестер жайлы С.Мұстафаұлының зерттеулері [11] диалектілік тұрақты тіркестердің арнайы зерттеу нысаны бола алатын көлемде және мазмұнда екенін дәлелдеді. Ғ.Қалиев диалектілік тұрақты тіркестерді біртұтас лексикалық мағынаның көрсеткіші болып табылатындықтан сөйленістердің лексикасындағы негізгі типтердің бірі ретінде қаралуы тиіс деп айымдайды. Лексикалық типтердің басқа түрлері сияқты оның қалыптасып жетілуі де сөзжасам процесімен тікелей байланысты. Тұрақты сөз тіркестері тарихи жай тіркестерден туатындықтан аналитикалық тәсілмен сөзжасамның сөйленістердегі объектісі болып табылады.

Фразеологиялық  тіркестердің күрделі табиғаты оларды тектес бірліктермен сөз, еркін тіркестермен салыстырғанда байқалады [12, 13]. Мұндай салыстырулар сөз, еркін сөз тіркесі фразеологиялық тіркестердің әрқайсысын жеке зерделегенде жүріп отырады. Себебі бұлардың бәрінің негізгі тірек компоненті сөз. Фразеологиялық тіркестер сөйлеуде жеке сөз орнынан қолданылады. Егер күрделі сөз болса, құрылымы жағынан сөз тіркестерімен сөйлемдерге сәйкес келеді. Диалектілік тұрақты тіркес белгілі аймақтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-дәстүр, географиялық жағдайына рухани дүниесіне байланысты пайда болған. Құрамы жағынан тұрақты бейнелі образды түрде жұмсалатын дайын тілдік бірлік диалектілік тұрақты тіркестердің әдеби тілдегі тұрақты тіркестерге қарағанда оларды құрайтын сыңарлардың шығу тегіне қарай ерекшеліктері бар.

 Жазушылардың қолданысындағы жергілікті тіл ерекшеліктерінің бағалауыштық мәні туралы сөз болады.  Коннотация табиғаты, нақты айтқанда, экспрессивтік-эмоционалдық және бағалауыштық микрокомпоненттер негізінде сипатталады. Белгілі бір сөздің денотаттық мағынасын денотаттық семалар танытса, коннотаттық компонент мағынасы коннотаттық семалар негізінде жүзеге асады. Денотаттық семалар объективтік шындық дүниесіндегі заттар мен құбылыстардың бейнесін ассоциациялайтын, тілдік тұрғыдан көрініс тапқан денотаттардың бейнесін танытатын семалар болып танылса, коннотаттық семалар лексемасы өзара ортақ болып келетін денотаттық семалардан туындай келе, белгіленген затқа деген жаңа көзқарасты өзге қатынасты білдіретін сема ретінде көрініс табады.

Ал лексика-семантика  тұрғысынан алғанда белгілі бір  көркем мәтін ішіндегі коннотаттық компонент мағынасына тең келетін сөздер мен сөз тіркестерінің ұтымды қолданылуы да астарлы ойдың өрбіп, ұласуына себепші бола алатынын аңғартады. Әрбір коннотаттық мағынада қолданылған сөздің денотаттық негізі болуы заңды. Мысалы Қ.Әбдіқадыров шығармасындағы Әйел оның одағай айтылған сөзіне күлді деген сөйлеміндегі одағай айтылған сөз тіркесіндегі одағай коннотаттық мағына реңкінде беріліп тұр. Сондай-ақ мына сөйлем бойында да бейнелеуіштік, экспрессивті-эмоционалды таныту мақсатында қолдану негізі арқылы коннотаттық мағына туындағаны байқалады. Мысалы: Жұрт көлік шаршады деп қосын доғарып жатқанда, қарнын кебеже теңдегендей қылып өгіздің егіс қорғанға кіргенін көреді. Мұндағы қарнын кебеже теңдегендей деген диалектілік коннотацияның әсірелеп бейнелеу мәнін беріп тұрғаны мәтін бойынан байқалып тұр.

Диалектизмдер - ауызекі сөйлеу стиліне тән тілдік құбылыстар. Ауызекі сөйлеу, яғни коммуникативті акті арқылы жеке тұлғаның санасында  жатталып, жұмсалымдық, қолданымдық  деңгейі жиі болғандықтан жеке тұлғаның индивидуальді сөздік қорына сіңген диалектілер сол жердің тұрғындары үшін ғана ортақ, жалпылық сипатқа ие болады. Басқа аймақ жүрсе де жеке тұлға  белгілі бір затты не құбылысты  өз санасында жатталған, өз сөздік қорындағы атауларымен танытады. Ауызекі сөйлеу әрекетінде солай атауға әбден машықтанған әрбір адам әдеби тілдегі негізгі атауымен атаудан гөрі, өз тіліндегі вариантымен атауды әрқашан тиімді, лайықты деп санайды. Бұл заңды құбылыс. Адамзат үшін ақиқат дүние біреу болса, оны түсіну, тану, сол дүниенің біртұтас бейнесін санада қалыптастыру әрекеттері әр адамзатта, әр ұлтта әр деңгейде сан алуан интерпретацияда беріледі. Сондықтан тіл иесінің ой-өрісіне, концептуалдық әлеміне байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше көрініс табады, өзінше бейнелеп суреттейді, ал тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние бейнесіне сәйкес танытуға тырысады. Сол себепті диалектілер арасында да көпмағыналылық, омонимдік, синонимдік ерекшеліктер жиі кездеседі. Диалектілік омонимдер әдеби тілдегі омонимдер секілді лексикалық құрамы жағынан әр түрлі болады. Кейбір диалектілік омонимдердің баспақты мағынасы, қолданылу қызметіне қарай әдеби тілдегі мағынасына жақын келеді. Мысалы, ашар диалектісі батыс говорында кілт мағынасында қолданылады.  Есіктің ашарын жоғалтып алып, үйге кіре алмай отырмыз. Бұндағы ашар сөзі кілттің қызметінен туындаған, яғни ашу әрекетінің сол өңір адамдарының танымында бірінші болып ұғынылып, оның кілт номинациясын гөрі, заттың қызметіне қарай атағанды ыңғайлы санауы деп түсініледі. Ал қарақалпақ говорында ашар сөзі винт бұрайтын құрал ретінде қолданылады. Бұл іске пышақ жарамайды, мәшиненің ашарын пайдалану керек. Бұл жерде де әдеби тілдегі кілт сөзінің екінші варианттағы омонимі сәйкес келеді. Соған қатысты кілттің ашудан гөрі, бұрау қызметіне қарай, яғни әрекеттік, қолданымдық қызметіне қарай танып, қалай танылса, солай атау сол өңір халқына тиімді болып тұр. Келтірілген диалектілік омонимдер мысалдары заттың (ақиқат дүниенің) қызметі мен әрекетіне қарай аталуы басым көрініс тапқаны, сол тұрғыдан омонимдес сөздер болып тұрғаны байқалады. [31-87]

Диалектілік синонимдер қатары осылайша сегіз қатардан шектеліп қалуы мүмкін емес, оның қатары бұдан  да кеңейіп, молаюы әбден мүмкін. Себебі, тіл өзгермелі құбылыс, қоғам  дамыған сайын, тілдің қолданымдық аясы да кеңейіп, сөздік құрам жаңа сөздермен, жаңа қолданыстағы тілдермен толысып отырады. Осы тұрғыдан келгенде диалектілік лексикологияны тереңінен зерттеу қажет. Құрылымдық тіл білімі тұрғысынан ғана емес, тілге адамның тікелей қатысы тұрғысынан, яғни антропоцентристік бағыт тұрғысынан қарастыру  әдісі бүгінгі күнде диалектілердің ішкі сырын, атаулық мән-мағынасын кеңінен ашып көрсететін тиімді қолданыс болатыны дау тудырмайды.  

  Диалектілік лексикологияда  диалектілік мағына, диалектілік омонимдер, диалектілік синонимдер, диалектілік полисемиялар, диалектілік кірме сөздер қарастырылады.

Сыр өңірінен шыққан сөз зергерлерінің шығармаларындағы нақты лексикалық ерекшеліктер, семантикалық ерекшеліктер, этнографиялық ерекшеліктер,  фразеологиялық ерекшеліктерді талдап көрсек.

«Көркем шығармалардағы нақты лексикалық ерекшеліктер»  атты тараушада әдеби тілде баламасы, синонимі бар сөздер талдауға негіз  болады.   Әдеби тіл мен диалектілік лексиканың арасына біржола шекара қою қиын, қоғам дамуына, тілдің ішкі дамуына сай көнеру, мағына кеңеюі, жаңа сөздердің пайда болуы сияқты өзгеріс диалектілік лексика мен әдеби тіл арасында үзбей жүріп отырады. Сондай-ақ әр кезеңде өмір сүретін ұлттық тілдердің жалпыхалықтық әдеби тілімен қатар жалпыхалықтық мәні жоқ, жергілікті, аймақтық сипаттағы сөздері әдеби тілмен қатар жүріп дамып отыратыны заңды құбылыс.  «Көркем әдебиет тілінде диалектизмдерді пайдалануды сөз еткенде біз екі нәрсені шатастырмауымыз керек. Диалектизмдерді автордың өз баяндауларында пайдалану мәселесі бар да, кейіпкерлердің тілінде беру жағы бар. Кейде жазушы сипаттап отырған  кейіпкерін өзіне тән ерекшеліктерімен толық көрсету мақсатында диалектизмдерді әдейі қолданады. Бұл – жазушының кейіпкерді неғұрлым нанымды, жан-жақты көрсетуіне мүмкіндік береді... Ал жергілікті сөздерді автордың өз баяндауларында қолданудағы мақсаты - әдеби тілде баламасы жоқ диалектизмдермен тілімізді байыту» [13,44].

Академик Р.Сыздық қазақ көркем әдебиетінің проза саласындағы лексикалық нормаларды танып-білуде, бүгінгі таңда мынадай сәттерге (объектілерге) назар аудару қажеттігін айтады:

1) диалектизмдердің (жергілікті  элементтердің) жұмсалуы, яғни орыс  тіл білімінде диалектизация  деп аталатын құбылыстың қазіргі  қазақ көркем әдебиеті тіліндегі  көрінісі, күй-қалпы, өріс алу бағыты; 

2) жалпыхалықтық тілге  тән бейнелі (образды) сөздерді  жұмсау тәсілі, фразеологизмдердің  сөгілуі; 

3) қарапайым, көне, сирек  кездесетін сөздердің жұмсалуы;

4) синонимдерді таңдау, идеографиялық және стильдік  синонимдердің қолданысы; 

5) лексикалық жаңа  қолданыстардың орын алуы (қажетсіз  тұста жаңадан сөз жасау немесе  қажеті бар жерде ұсынылған  жаңа қолданыстың сәтті-сәтсіз  болуы);

6) штамп сөздер мен  тіркестерді қолдану, сөздердің  тіркесу аясын кеңіту арқылы  сөз мағыналарын  жаңғырту;

7) лексикалық варианттардың  қолданысы, яғни морфологиялық,  орфографиялық, семантикалық, генезистік  т.б. жарыспалы элементтердің  дұрыс-бұрыс жұмсалуы;

8) белгілі бір сөз  тудырушы элементтердің және  синтаксистік тәсілдердің көркем  әдебиет тілінде активтенуі;

9) көркем әдеби тіл  арқылы лексиканың стильдік жіктерге (поэтизм, қарапайым сөздер, канцеляризм т.т.) ажыратыла түсуі  [32, 228 б.].

Көркем мәтінде  диалектизмдердің қолданылу ерекшеліктерін айта келіп, ғалым Ш.Сарыбаев көркем әдебиетте жергілікті тіл ерекшеліктерін мүлде пайдаланбау керек деген көзқарасқа келіспей, көркем шығармада әдеби тілде баламасы бар диалектизмдерді кеңінен қолданғаннан гөрі, бұрын соңды естіле бермейтін, әдеби тілде баламасы жоқ кейбір тіл ерекшеліктерін қолданған дұрыс деп санайды. Олай дейтін себебі, жергілікті тіл ерекшеліктерінің әдеби тілді байытатын жерлері де, шұбарландыратын жерлері де бар. Осы тұрғыдан алғанда ғалым көркем әдебиетте диалектизмдерді пайдалану  мәселесін былай түсіндіреді: «Диалектизмдерді автордың өз баяндауларында пайдалану мәселесі бар да, диалектизмдерді кейіпкердің  тілінде пайдалану мәселесі бар. Екеуінің әр біреуіне тән өзіндік ерекшеліктері, мақсаттары басқа. Жергілікті сөздерді автордың өз баяндауларында қолданудағы негізгі мақсаты - әдеби тілде баламасы жоқ диалектілермен әдеби тілімізді байыту» [32, 462б].

Көркем әдеби  стилінде кейбір диалектизмдер әдеби  тілдік баламасы бола тұрса да қолданылады. Бұл – таза стильдік мақсатпен  байланысты мәселе. Кейде бір сөйлемде бір сөзді екі рет немесе одан да көп қайталап қолдануға тура келеді.  Егер ондай әдеби сөздің жергілікті халық тілінде диалектілік сыңары бар болса да оны жазушылар көркем әдебиет стилінде қолданады.

Диалектизмдердің  көркем әдебиет стиліндегі қолданылуы екі түрлі: бірі – авторлық ремаркада, екіншісі – диалогта. Авторлық ремаркада, кейіпкер тіліндегімен салыстырғанда, диалектизм аз қолданылады. Ақын, жазушылардың қай-қайсысының да шығармасынан диалектілік ерекшеліктер кездеспей отырмайды. Өйткені, әр адам, әсіресе әрбір сөз шебері – таза әдеби тілдің ғана емес, сонымен қатар белгілі дәрежеде, белгілі бір аймаққа тән диалектіні де сақтаушы. Жазушы диалектизмдерді өзінің авторлық баяндауында әдейі қолдануы да мүмкін. Мұның көркем әдебиет стиліне еш оғаштығы жоқ [32,48].

Қ.Әбдіқадіровтің шығармаларында әдеби тілге ауысуға бейім тұрған диалектизмдер көптеп кездесетіні байқалды. Мысалы: 

Оның  табиғи нұры пардазбен (қолдан жасаған, қосымша ажар) он есе арта түсті. Қарындасы қолынан пардаз берген кәнизәгінін, сұлулығына мақтанғандай («Мың бір түн», 89 - бет)

«Басыңа қонған бақ құсың қайырлы болсын, балам! Түсімде ат мініп, ақ сұңқар ұстап  жүруші едім, осыған көрінген екен»  деп, біраз сүйінгендік сөз айтты. Оның үй-іші де әкімдер мақалласында (кварталында) болды («Мың бір түн», 132 - бет)

Сол үшін мені шарапқанадан шығармай отыр («Мың бір түн», 284 - бет)

Әкім сардарларын (әскери бастықтар) шақырып алып, сарайда жатқан адамдардың бәрін айдап келуге бұйрық берді.Айдап келген адамдарды таң атқанша зынданға қамап, таң атқан соң сардардың біреуіне бұйырыпты («Мың бір түн», 290- бет)

Мен Мысырдың бағалау базарында тұрсам, бұл кісі бағалау базарда осы алтынды қалтаға салып базардан   шықты («Мың бір түн», 291- бет)

Сарапшы үйіне барып, қалтаны сандығының үстіне қойып, өзі дәрет алғалы далаға шығады. Қызметші қызы құмғанға су құйып, қожасының артынан кетеді («Мың бір түн», 295- бет)

һамбалға (жүк көтеруші) алған астарын көтертіп, қала жанындағы тауға қарай жүре берді. Қаланың шетіндегі баққа келгенде, һамбалдың көзін байлады («Мың бір түн», 309 - бет)

Қарағым-ау, бұл жігіттердің бәрі де қалың елден саралап жиған  патшаның келешектегі әскербасылары ғой («Мың бір түн», 335- бет)

—  «Көп  ауырған  емші  болады,  көп  қаңғырған   жолшы болады» деген («Мың бір түн», 376-бет)

— Ал астың сарбазы (әскері) түгел екен, енді сардары (командирі) қайда?..— деді («Мың бір түн», 284 - бет)

Онда кәбаб (шашлык)  пісіріп сататын жер бар екен («Мың бір түн», 426- бет)

Мұнда да кәбаб жеді.

Сөйтіп, сол саудагер жастар, Ғалиді шапарқа  үйретіп алды да, күнде шарапханаға апаратын болды («Мың бір түн», 426 - бет)

Сүт менің жеңсік асым еді, оның иісі мұрныма келген соң өзімді ұстап тұра алмай, сүтті де, шарапты да іштім («Мың бір түн», 484- бет)

Келтірілген мысалдардағы әскербасы, сарбаз, сардар, кауап, сарапшы сияқты сөздер қазіргі тілімізде жаңадан қолданысқа еніп, тұрақтанып келе жатқан сөздер екені белгілі.  Алайда Қ.Әбдіқадыровтың аударуымен жарық көрген 1960-жылдары бұл атаулардың орысша нұсқалары қолданылған белгілі.  Сол себепті жазушы өз тарапынан осы атауларды ұсынбағанмен, тіліміздегі сөздерді жаңғырта отырып, көбінесе жақша ішінде мағынасын нақтылап, түсіндіріп отырған. Сол арқылы осы сөздердің баламасының тілімізде берік орын алып, орнығуына, қалыптануына (кодификациялануына) жол ашқан деуге болады.  Тіл этноспен бірге жаралып, бірге өмір сүреді десек,  оның бастапқы белгісі өсу, даму, қарым-қатынас көріністері осы күні жергілікті тіл ерекшелігі, яғни диалект деп танылып жүрген сөздердің мағынасында сақталған. Сондықтан диалект сөздерді тек этимологиялық, семантикалық, семасиологиялық, тарихи тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ экстралингвистикалық мақсатта да қарастырып, мәдениетпен, халықтық этнографиямен жақындастыра зерттеу қажеттігі туды. Ғалым Ш.Сарыбаев көркем әдебиеттердегі кейбір диалектизмдердің орынсыз қолданылуынан болатын кемшіліктерді атап көрсетеді: «Кейбір жазушылардың әдеби тілімізде қалыптасқан сөздердің орнына жалпыхалықтық сипат алмаған, тосаң естілетін сөздерді өз баяндауларында жиі қолдануын біз құптай алмаймыз» дей келе, «Ақ Жайық» романындағы жар (қабырға), шаттауық (жаңғақ), қалай-солай (қалай болса солай), мадықтау (мадақтау) сөздерінің мәтінге көркемдік сипат бере алмайтынын көрсетеді. Сонымен қатар көпшілікке мүлде түсініксіз диалектизмдердің де көркем әдебиеттерде берілмеуін ескере отырып, осындай қолданыстардың  Ғ.Сланов пен Ә.Нұрпейісов шығармаларында кездесетінін дәйектеп көрсетеді: жуырқан (көрпе), жары (жартысы), келе-жағында [17].

Информация о работе Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері