Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 21:50, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................................3
І .Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері..............................................................................................................4-25
1.1. Қазақ тіліндегі диалектизмнің зерттелуі..............................................25
1.2. Этнодиалектизмдерге тән негізгі ұстанымдар мен ерекшеліктер........26-31
Негізгі бөлім.

2. Қазақ тілі диалектілік лексикологиясының этнолингвистикалық негізі.
2.1. Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер.........................................................................................32-56
2.2. Прозалық шығармадағы рухани мәдениетке қатысты диалектілер.....57-80
2.3. Әлемнің тілдік бейнелерінің этнодиалектілік сипаты
ІІІ. Қорытынды................................................................................................81-83
IV. пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................85

Файлы: 1 файл

дип. Меруерт..doc

— 623.00 Кб (Скачать файл)

Ас-су, тағам  атауларына байланысты этнодиалектизмдер. Ас-су, тағам – қай этнос болмасын оның мәдениетінің негізгі бөлігі құрайды, себебі бұл ұғымдарда тіл иесінің табиғи – географиялық жағдайларға негізделген өндіріс пен өндіргіш күштерін жетілдіру жолындағы бүкіл шаруашылық әрекеті көрініс табады [9, 256 б.]. Басқа тұрмыстық зат, киім-кешекке қарағанда, ас-су тағам ұғымы тұрақты келеді. Борша – ас-тамақтың бір түрі, боршалап сойылған сүр еттің бір бөлігі, бөлшегі.

  • Келінің ащы борша жоқ па деп, біздің үйге барғыштайтынды шығарыпты, толғақ білем. Біздің ойымызша, бұрын борша деген ас-ауқаттың бір түрі қазақ арасында да болған сияқты, өйткені қазіргі қазақ тілінде "Сенің шешең (сені) туғанда борша жемеп пе еді?" деген сөз орамы бар. Ол қазір "қалжа жемеп пе еді?" деп айтылып та жүр. Зәнзәбіл — ас-тағамның дәмін келтіру үшін асқа салынатын (қосылатын) бақша дақылдарының бірінің ұнтағы. Мысалы: – Ас алыңыз! Мен шәйға Басқаланың қалампыр, талшын, зәнзәбілі салып, дәрмектеп ішкенді жақсы көрем. Осы сөз Ә. Кекілбаевта зәнзәбілі–зәнзәбіл болып екі түрлі қолданылған. Өзбек тілінде занжабил – имбирь, қазақ тілінде ол – имбиръ (тамыры асқа дәм-татым ретінде қосылатын өсімдік). Парсыша – занджабил – имбирь [23, 261

б.].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   2.2. Прозалық шығармадағы рухани мәдениетке қатысты диалектілер

 

 

Рухани мәдениетке қатысты диалектизмдер сирек кездеседі. Рухани мәдениетті бейнелейтін этнодиалектизмдер жалпы мәдениеттен бөлек оқшау дүние емес, тек ұлттық салт-дәстүрлердің жергілікті нақыштары, аймақтық туындылары. Мысалы, Ә.Кекілбаев шығармаларынан рухани мәдениетке қатысты көрісу, дәп, тәр, уақы, қойманшы, кісіәпір, шыймайшы тәрізді диалектизмдерді келтіруге болады. Мысалы, тәр – дәстүр, әдет-ғұрып: Осы күндері қаланың тәрі мен тәртібіне шорқақ түз адамы келе қалды. Көне жазба ескерткіштерде toru – заң, дәстүр, Махмұт Қашқари сөздігінде жөн-жосық, салт-әдет, Ә.Нұрмағамбетов сөз төркінін монғол тілінен де, араб тілінен де шығару мүмкіндігін айтады. Монғол тілінде төр – мемлекет, өкімет, басқару [21, 118 б.]. Диалектілік лексикада бұл сөз жосын, дәп, кәдет, насты, тәрейлі, үрдіс атауларымен дублет құрайды.  Қойманшы – «қойшы-қолаң» деген мағынада. Мысалы, “Қамшысын ортаға тастамай қойшы сөйлер, қойманшы сөйлер, ал өзін сыйлайтын ер азамат жағын ашпайды [8, 126 б.]. Бұл сөздің құрамындағы -ман аффиксі туралы Ғ.Қалиев «зат есімдер мен етістіктерге қосылып, бір сапаға иә бір нәрсеге ие болу қасиетін көрсететін парсының -мәнд>ман жұрнағы» болуы мүмкін деген пікір айтады [22, 143 б.]. Сөйленістердің өзінде ғана, бұл жұрнақ бес түрлі мағынадағы сөз жасайды. Қойманшы – солардың ішінде кәсіп атауына келеді. Койчуман түрін Э.В.Севортян көрсеткен. Шимайшы – суретші, сурет салатын адам. Мысалы, Сумақай Юмаш сурет салады. Ханзаданың суретін саламын деп талай қағаз шимайлады... Әлгі шимайшының салмайтыны жоқ. Бұл сөз кекесін мағынасында қолданылып тұр, -шы жұрнағы кәсіп, мамандық атауын білдіру үшін қолданылатын өнімді жұрнақ екені белгілі. Бұл тәрізді сөздерді окказионалды сөз деушілер де бар. Кісәпір батыс сөйленісінде – ұрының (ұры адамның) бір түрі, (қалтаға түсетін ұры), қаныпезер  мағанасында қолданылады. Осы жолы ата-баба аруағының алдында ол кісәпірдің көзін біржола құрту керек. Парсы тілінде кисәбор >кісәпір (кисә+бор, кісә+пір) қалта тесетін, кісе кесуші, қалта ұрысы, қалтаға түскіш. Түбірі – кисә – 1) әмиян, шилан, ақша қалта; 2) дөрекі қолғап. Екінші компоненті – бор>пір. Кісәпір тәрізді сөздерге кесу деген мағына береді [23, 47 б.]. ... жақсылықты білмейтін кісәпір неме сарбаздарының біреуін де тірі қалдырмай, түгел қырып тастады [8, 80 б.].

Рухани мәдениет көріністерінен жиналған диалектизмдер  өз ішінен: адамның әлеуметтік орны, кәсібі, мінез-құлқына; тұрмыс-салт, әдет-ғұрыпқа, ауру-сырқау, емшілікке; ойын сауық той-думанға байланысты диалектизмдер болып топталып сипатталады.

Эмоционалды-экспрессивті диалектизмдер Ә.Кекілбаев шығармаларында үлкен-кіші, жағымды-жағымсыз мәнді бағалауыштық сипаттағы сөздердің жиынтығы біршама. Жазушы мұнда белгілі –дай/дей, -ма/ме жұрнақтарының әдеби тілдегі атауларына қоса, жергілікті сипаттағы бағалау мәнді сөздер жасайтынын көрсеткен. Кергіме — кергитін, кербезденген, кеудесін көтерген (адам) -ма/-ме жұрнағы етістіктен есім сөз тудырып, қандай да бір заттың, адамның сынын, белгісін білдіру үшін қолданылады. Әйтпесе, мұндағы ауызы-мен орақ орған көп кергіме жұрт алдында тағы да табаға ұшыратып жүрер. Олардың кеңк-кеңк күлкісі мен кергіме дауы да құлағына майдай жағады [8, 526 б.]. Бұл сөздің түбірі – кергі, кеудесін көтеру, кербездену, ал -ме қосымша, кергінің түбірі кер – тәкаббар, паң, кербез, керенау, кердең, керім, кержию. ...сыздаймын деп отырып қаралай іш пыстыратын кергіме жаутаңмен-ақ жалыныңды сөндіретін ынжық... Құдай тағала, еркек деген немерелердің сорттары қандай көп еді! [8, 2. 200 б.]. Күпіме - күпілдек. Сөздіктерде күпіме сөзі кездеспейді, сірә, бұл жазушының өз қолданысынан туған. Бұның қит еткеніне аузын ашып, көзін жұмып отыратын қара тобыр бұдан былай ала бөтен өлімін де ауыздан ауызға, елден елге, ғасырдан ғасырға көшкен сайын өсе, өркештене түсетін күпіме аңызға айналдырады [8, 194 б.].  Кергіме, күпіме диалектизмдері де «әдеби негіз, әдеби қосымша» үлгісі бойынша түсіндіруге болады. Автор кергіме сөзіне бірнеше ауыспалы мағына сыйғызған. ҚТТС-та күпі, күпіл, күпілдеу, күпілдік сөздері көрсетілген, бірақ күпілу сөзі көпірме «бос сөзді мақтаншақ» сөзімен мағыналас, түбірі көп көтерілу, ісіну, бөрту. Бозым – бозөкпе. Балалары қақшаңдаған әкесіне тартпай, балағын жинай алмай жүрген шешесіне тартып туған. Өңшең бір аузынан сөзі түскен бозым. [8, 294 б.]. Бозым Ақтөбеде айыр өркешті түйе. Жазушы эмоционалды-экспрессивті диалектизмдерді стилистикалық мағына білдіру мақсатында қолданған.Төменде,картотекалык теріммен алған этнодиалектизмдерді бердік.

Дүйсенбай Досжанов (Ақ Орда)

Шыра- керосинмен жанатын шам «-Бұл кішкентай шырадай жанған көзім ғо, көз алдыма сіріңке жағып жібергендей болады»-деген сөздері құлаққа талып жетеді.»! [5,10 бет]

Мұқым- тіпті,мүлде,ешбір.Сол шарайнаға кімнің қалай қарауына байланысты, кісі бейнесі мұқым түрленіп, өзгеріп жатады екен. [5, 11 бет]

Шөмелен. Мектептен шаршап келген бұл көкеңді үлкендер әуелі шөмеленің басына шығарып, төменнен айырлап әперіп үймектеп шөп үйгізді. [5,16 бет]

Шот-ағашты адам өзіне қарай ыңғуырлап шабатын құрал. . ...ағаш жаратын жаңғырық дөңбекті домалатып ас үйдің іргесіне қойды, шаппа шотты қайрады..(21 бет)

Ақа-айыр. ..балтаны отын жанына сүйеп, ақаны шөмелеге шаншыды...(21 бет)

Жозы-аласа дөңгелек үстел. Жозы жиегіне малдас құрып отырып жатыр. (22 бет)

Үйез- сиыр иірілген жердің тезегі. Үй маңына үйезге қойыпты. (27)

Собық-жүгерінің дәнді басы. «Әлі –ақ жүгрінің ақ собығын асып, асқабағын жеп қарық боласың. Қарап жатқан кісіге құдай да қараспайды!»

Қада- үй құрылысында мәткенің, белағаштың үстінен салынатын жіңішке ағашьар. Былайғы күндері бұл көкең бұтаны өзі тасыды, қаданы өзі қақты, шыбық шарбақты өзі тоқыды. (28)

Зерең- үлкен сырлы аяқ. Әй, бұл жастарда грамм ми болсайшы!.. деп ферма маңгерушісі қолына алған зереен толы қымызды төгіп алды. (31)

Ұшқат-тауда өсетін ұзындығы кісі бойындай, сырты бозғыл, оты қуатты ағаш. .. келесінде қойнауындағы жаздайғы еккен картопты қазып ап жатады,түс ауа долана, ұшқат, жабайы алма тереді....(33)

Сәкі-орындық. Көрші құодасы жанына тақады, сәкінің жиегіне құйрық басты. (40)

Бесатар-мылтық. Бұл көкең бесатарын көздеп, осылай, өкпе тұстан басып салғалы оқталып еді...(43)

Үскі- біздің үлкен, жуан түрі. Құрал болғанда- өткір кездік, қолара, балта, үскі секілді үйреншікті заттары. (45)

Леген-ыдыс...зайыбы тәттә-құтты салған үлкен легенін көтеріп есігінің алдынакеліп әндетеді-ай. (46)

Кереует-төсек, жатын орын. ...әппақ болыскей кереуеті аса қымбат тұрады, әйтсе келеншегінің қанасы қанамған. (47)

 

Жерағаш- жабайы соқа, ескі соқа. Тауға, өзен жағасына, иін қолттықа жерағашпен жыртып бидай салады. (57)

Ғабиден Мұстафин

Арыс-арбаның бел ағашы. Аумағы үш қанат үйдей апанның бетіне екі арбаның арысын жапқан  (Дауылдан кейін ,9бет)

Арыс-топқа түсіп айтысу. Аузын ашса, сөзі фонтанша атқыған, талай арысқа түскенде, қиыннан жол тапқан қарт бұл жолы ыңырануы көп. (Көз көрген 84 б)

Ат  жүргіш – салт аттыны кісінің қамшысы. Қалтасында ақша, бойында басы артық іштеме жоқ. Ат жүргішін ұсынды. (Көз көрген, 186 бет)

Емпір- тұмауратқанда, суық тигенде ішетін шөптен жасалған домалақ дәрі. Алақаным, төбем, табаным бәрі қызады. Күшалаң, емпірің болса бер! (Дауылдан кейін, 347 бет)

Желек- шәлі. Күйеу мен әкенің жеткен жерін көрген соң, беті ашылған кәрі қыз желек астында жасарып шолтаңдай сөйледі. (Дауылдан кейін, 333 бет)

Күбі  шелек- май пісетін, шұбат ашытатын темір белдеулерді бар ағаш шелек. Нан мен майдың артынан күбі шелекті пісіп-пісіп, бір аяқ ашқылтым ақ көже әкеп берді. (Дауылдан кейін, 1636ет)

Күләпәрә- тымақ сыртынан киетін, жылы шұғадан тігілген салпаң құлақты астарсыз бас киім, жалбағай. Бастарыа күләпәрә етіп киген қой жүні қаптарын тастап, белдерін шешіп, қонақтар отқа жақындады. (Дауылдан кейін, 411 бет)

Қазоты- жиі-жиі болып, қой жабағысы секілді тұтасып өшетін шөп.  Әлжан күлкі қысып, Қорадағы қазоты көкке құлай кетіпті. (Дауылдан кейін, 150бет)

Мәйек-шабындық. Бұрын Мақаш шауып келген мәйекке енді жеті үй ортақ болмақ. (Дауылдан кейін, 386 бет)

Сәулім-бой жеткен қыз.  Бұрын көрмеген нағашы жұртын көрем деп жүрегі лүпілдеп сәулім тоты құстай түрленеді. (Дауылдан кейін), 379 б

Сырғауыл- қарыға, арқалық, мәтке үстіне салатын жіңішке мәтке ағаш. Төбедегі арқалық, сырғауыл, шырпылардың арасына жұмарлақтап жүн, қыл тыға беріпті. (Дауылдан кйін, 253)

Әбіш Кекілбаев

Әйкел-құдықты шегендеу үшін салынатын, ортасы тесік, дөңгелек тас.  Әкем, Самат ағам үшеуміз астаудағы суға беті-қолымызды жуып, әйкелдің көлеңкесіне тамақтануға отырамыз. (Құс қанаты, 238 бет)

Дәп- әдет-ғұрып, дәстүр.  Сөйлесек тіліміз бір, ұстансақ дәбіміз бір өзіміз секілді көшпенді  ағайындарымызға келіп қосылатынбыз. (Үркер, 89 бет)

Дәрмектеу- дәрілеу, сұйық нәрсеге, шайға дәмді, иісті шөп, т.б нәрселер қосу. Мен шайға Бесқаланың қалампыр, талышы, зәнзәбілін салып, дәрмектеп ішкенді жақсы көрем. (Үркер, 379 бет)        

Дүмше- қолға су құятын  ұзын мойынды құман.  Дәмі ұнамаса айтыңыз, сізге басқа дүмшеден қойыңыз. (Үркер, 379 бет)

Иіс қылу- аруақтарға бағыштап шелпек пісіру. Қуыс үйміз ғой, өлілердің мұрнына барсын деп иіс қылуды да білмейді бұлар. (Құс қанаты, 103 бет)

Кәрден  кесе- сапалы шыныдан істелген үлкен шыны аяқ. Столдық қасында, жерде, беті жабулы дәу шыны теген, кәрден кеселер. (Дауылдан кейін, 130 бет) Кәрлен кесе- әдемі әшекейлеген гүлді, сырлы кесе.  ...Отау сүйегі қызыл кәрлен кеседей әдемі-ақ. ) Көз көоген, 194 бет)

Күп- көктемгі қар суы сақталған жер. Шамасы жаңбыр жауғанда су ұстайтын не күп, не тұран болса керек. (Үркер, 10 бет)

Қанар- он пұттық үлкен қап.Денесі де сол қос кеспектің үстіне қонжита  салған зілбатпан қанар сияқты. (Құс қанаты, 1456 бет)

Қарнау-сойған малдың ішін жару, пышақ салу. Жанынан пышақ суырып алып, қарнап алса, тектілік құрам деп жүріп текке көмусіз қалар. (Ұркер, 500бет)

Қыраң-шөптің түрі. Жол басына бір ақ үйді тік те, қыраңына қойыңды өргіз де... шаңыраққа түкіріп жата бер. (Үркер, 76 бет)

Метей-су құятын күбі шелек. Торғын әйкелдің түбіне барып, арқасындағы метейін түсірді, (Бір шөкім)

Нарпоз- арықтың бойына шығатын иісті шөп. Бұлақ басына кеп жарасын жуып, үстіне исі күңірсінген напоздың жапырағын жуып, таңып салды. (Үркер, 560)

Өре- бір салма киіз. Олардың қолында ұзындығы алпыс құлаш, ені қырық құлаш айлапат ақ өре киіз бар екен дейді. (Үркер, 101)

Сағанақ- екі керегенің қосылған, байланысқан жері, керегенің жеке ұзын таяғы.  Әлгі қарауытқан өртенген үйдің орны болып шықты. Сау сағанақ қалдырмапты. (Үркер, 55 бет)

Хамза Есенжанов

Далбай- күн өтпеу, маса шақпау үшін киетін тымақ тәрізді жеңіл бас киім.  Мал базарының  шетінде ат үстінде  тұрған далбайлы кердерілер Жайықтың ішкі бетіне қарай иегімен мезеп... (Ақ жайық, 8 бет)

Жадағай- арасына жүн, мақта тартып тігілген астарлы шапан. Неліктен қаусырмалы жадағайды, кернейді екі жағы екі жаққа...(Ақ Жайық.19 бет)

Жандық- ұсақ мал, қой-ешкі. Бірақ айтып қой, бие десең бие беремін, түйе десең түйе беремін, екі-үш баланың тәрбиесіне жетерлік жандық бар әзір...(Ақ Жайық, 184 бет)

Жар- үйдің қабырғасы. Ол жағын таянып шам жарығынан жарға түскен өз басының  көлеңкесіне қарап ұзақ отырды. (Ақ Жайық, 75 бет)

Жарбай- бура мен нардың арасынан туған өркеші бір жағына жғылыңқы келетін түйенің нашар тұқымы.  Қотыр тас түбінде... енесі өрге іздеп қаңғып кеткен жарбай тайлақ аралас жайылып жүр. (Құс қанаты, 137 бет)

Жұрын- тонның етегіне, жеңіне немесе бөріктің айналасына теріден салған жиек. Бұл сүйікті өсімдіктер тонның етегіне ұстаған жұрын сияқты жағалықты көмкеріп қойғандай көрінеді. (Ақ Жайық)

Салма- кеспе. Кемпір- шал қояр да қоймай дәмді етіп пісірген етті салмамен сыйлайды. (Ақ Жайық, 95 бет)

Сұқпа- есікті бекіту үшін жұмсалатын ағаш, есікті ішінен бекітетін ілгек.  Есікті ішке қарай  итеріп еді, бірақ кілтті ме, әлде іштен сұқпа салынған ба, байқап болар емес. (Ақ Жайық, 17)

Ғабит Мүсірепов

Ақ  ирек-омбы қар. Қия-қиғаш, кесе-кесе жатқан ақ иректердің үстінен ырғып түсіпті....(Оян өлке,137б)

Ас  үй-ас, тамақ қоятын үй.  Бұл жігіттерді бөгей алмасын сезініп, Омар да ас үйге қарай кетті. (Оянған өлке, 474 бет)

Жаулық- кимешек. Жаулықтың шаршысын шалқасынан тастап, дөңгелек аққұба жүзін, қолаң қара шашын, әдемі жұмыр мойнын жасырмай отыр. (Оянған өлке, 150бет)

Кемпірауыз- шеге суыратын аспап, тістеуік. Қолында балғасы мен кемпірауызы бар, жәшіктердің қасында Баянды ұстап аз бөгелді. (Оянған өлке, 217 бет)

Қаптырма- күмістен жасалған камзолдың ілгегі. Қазақ әйелінің сасқалақтағанына басып қамзолының қаптырмаларын жүгіртіп келе жатқан бойы шалыс-шатыс лектіріп Жұбай шыға келді. (Оянған өлке, 324 бет)

Қылағай-шортанның ең кішісі. Үш мың ақ қылағай балығы мен пұт балық майымен қалыпты. (Оянған өлке, 202 бет)

Сәбит Мұқанов

Аша- тіреу, бағана.  Сасқан Арқар жүгіріп келе жатыр еді, маңдайы ашаға тарс ете түсті, есі ауып қалаға жаздады, көзінің оты жарқ ете түсті. (Шығармалары, 3 том, 36бет)

Жадыра- ау торының шашағы, үзіндісі.  Әлгі қол жуған шашақ жадыраның үзіндісі екен. (Саяхат, 204 бет)

Көпей- кенже туған қозы. Жем жеп шыққан көпейдің біреуін алдыра ғой! Таңдамалы шығармалары, 3том, 221 бет)

Көршік- қайықты басқарушы. Бұл араның тілінде ондай басқарушыны көршік дейді. (Саяхат, 258 бет)

Қамзол- костюм. Жаңбыршы үйіне келе, арзанқол ескі қамзол құрастырдым. (Өмір мектебі, 58 бет)

Сүйретпе- қымыз құятын теріден істелген үлкен ыдыс. Үйдің босағасындағы... бір үлкен қара сүйретпе тағы да иіндеп, лықылдап тұр. (Таңд. Шығармалар, 3 том, 75 бет)\

Информация о работе Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері