Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 21:50, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды.
Кіріспе.................................................................................................................3
І .Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері..............................................................................................................4-25
1.1. Қазақ тіліндегі диалектизмнің зерттелуі..............................................25
1.2. Этнодиалектизмдерге тән негізгі ұстанымдар мен ерекшеліктер........26-31
Негізгі бөлім.
2. Қазақ тілі диалектілік лексикологиясының этнолингвистикалық негізі.
2.1. Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер.........................................................................................32-56
2.2. Прозалық шығармадағы рухани мәдениетке қатысты диалектілер.....57-80
2.3. Әлемнің тілдік бейнелерінің этнодиалектілік сипаты
ІІІ. Қорытынды................................................................................................81-83
IV. пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................85
«Көркем
шығармалардағы семантикалық
Көркем мәтінде қолданылатын диалект сөздердің мән-мағынасын ашып, қолданымдық аясын зерттеп, стильдік қызметін анықтау жұмысы орынсыз қолданылған жергілікті тіл ерекшеліктері мен әдеби тіл қатарына енуге бейім тұрған диалектизмдерді айқындауға мүмкіндік береді. Ақын-жазушылардың тілі арқылы сөздік қорымыздың қатарын кеңейтеміз. Олардың индивидуальді-авторлық сөз тудыру негізінде қалыптасқан атауыштық сөздер мен ұмытылып бара жатқан көне этнографизмдерді жаңғыртуы арқылы және де кейбір естілмей жүрген заттық мәдени диалектизмдері қайта дүниеге әкелуі арқылы сөздік қордың шеңбері ұлғая түседі. Осыған байланысты Г.Әзімжанова: «Жазушы көркем шығарманы жазу барысында халық тілінің бейнелеу құралдарын пайдалана отырып, ұлттық тілдің жасырын жатқан байлықтары мен мүмкіндіктерін ашады. Олар өз шеберліктері арқылы тіл дамуының ішкі заңдылықтарына сәйкес келетін, жалпы қолданысқа еніп, ұлттық тіл қорының төрінен орын алатын тілдік асыл құндылықтар жасайды. … Қаламгер халықтың тіл байлығын пайдалана отырып, әдеби тіл нормаларын ескеріп, тілдік құралдарды көркем дүние жасау үшін шебер пайдалану нәтижесінде көркем дүние туындайды. Жазушы тілінің суреттеу шеберлігі, көркемдік әдістері көркем мәтін арқылы ашылып, эмоциялық бояуы айқындалады. Прагматикада барлық назар адамға (субъектіге) бағытталады», – дейді [24, 228 б.].
Жергілікті тіл ерекшеліктері, яғни диалектизмдер тіліміздің сөздік құрамында елеулі орын алатын тілдік жүйе бірліктері екені белгілі. Сондықтан ауызекі сөйлеу тілінде қалыптасып, кейін қолданымдық аясы кеңейіп, жалпыадамзаттық сипатқа ие болып, номинативті атау ретінде сөздік қорға енетін диалектизмдер туралы «Екіұшты қолданылатын ондай сөздер қажетсіз, олардан құтылу керек» деген кесіп айтатын пікірден аулақ болуымыз керек. Ол үшін жергілікті тіл ерекшеліктерінің тілдік жүйедегі қызметі мен ауызекі сөйлеу актілеріндегі қазақтың ұлттық бітім-болмысына тән көріну өзгешеліктерін ескере отырып, көркем мәтіндегі қолданылу қағидаларын тереңінен қарастыра отырып, жалпы тіл біліміндегі орны мен сипатын, жұмсалымдық аясын, стильдік қызметін нақты дәйектеп көрсету қажет. Бір аймаққа ғана тән, басқа жерлерде қолданылмайтын немесе олардан түбегейлі ерекшеленетін заттар мен құбылыстардың аттары сөз болады.
Этнографизмдердің жалпыхалықтық тілде баламасы болмайтындықтан, оларды сипаттама түрінде ғана беруге болады. Белгілі бір изоглосстық деңгейімен шектеліп тұрған жалпыхалықтық сипат ала алмай отырған, бірақ сол заттың негізгі жалғаз атауы болып танылып отырған сөздерді диалектизм қатарына емес, әдеби тіл қатарына енгізу керек сияқты. Бұл жердегі бір ғана аймаққа тән деген қағиданы сол сөзге ғана қатысты тілдік ауытқу ерекшелігі (исключение) деп көрсеткен дұрыс болар еді. Көркем мәтіндердегі жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу арқылы осындай құбылыстарды айқындауға болады. Соның негізінде әдеби сөздік қорға жаңа атауларды енгізуге мүмкіндік туады. Көбінесе бұндай сөздер көне сөздер болып келеді. Сөздік қорымызға тіркелмеген, яғни түсіндірме сөздіктерде көрсетілмеген, қолданымдық аясы тарылған, бірақ көнекөз қариялар аузында сақталған көне этнографизмдер болуы мүмкін. Олардың жұмсалымдық деңгейінің шектеулі екенін және белгілі бір аймақта ғана көрініс тапқанын негіз еткендіктен, диалектизмдер қатарына жатқызылып жүр.
Жалпы тілдік қолданыстың аймаққа тән өзіндік ерекшелігі, айырмашылығы болуы сол ортада өмір сүріп отырған халықтың идиоэтникалық тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты болып келеді. Бір аймақтарда қарапайым тілдік қатынастың өзі дөрекі сөйленістерге бейімделсе, кейбір аймақтарда сыпайы сөйленістерге бейім келеді. Аймақтық тілдік ерекшеліктерге қарай отырып, тілдегі идиоэтникалық семантиканың қаншалықты сақталғанын байқауға болады. Ал идиоэтникалық семантиканың өзі жалпыхалықтық тілдегі материалдық және рухани мәдениет лексикасы негізінде анықталады. Идиоэтникалық семантика ұғымын тілде сақталған этнолингвистикалық деректердің, қалтарыста жатқан тілдік фактілердің «сөйлеуі» деп түсінуге болады. Себебі идиоэтника сөзі «ұлттық ерекшелік» дегенді айқындайды. Демек, идиоэтникалық семантика ұлттық мәдени ерекшелікті, этникалық өзгешелікті, этнос болмысын танытатын семантика дегенді білдіреді. Байқап қарасақ, идиоэтникалық семантиканың өзі материалдық және рухани мәдениет лексикасында ғана айқын көрініс таба алады. Әрине, бір ғана мәдени заттық атаудың бірқатар аймақтарда басқаша айтылуы жиі кездеседі. Осы күнге дейін ондай заттық мәдени диалектілерді тек диалектілердің лексикалық ерекшеліктері деп танытып, тақырыптық топтар қатарында қарастырып келгеніміз белгілі. Ғалым М.С.Атабаева диалектизмдердің ішіндегі мәдени мағына беріп тұрған атауыштық мәндегі сөздерін этнодиалектизмдер деп атауды ұсынған болатын. Этнодиалектизмдер этнос табиғатын тануда тілдік дерек қызметін атқарады, олай болса, этнодиалектизмдер қазақ диалектілері тұрғысынан алғанда қазақ этносы мәдениеті атты үлкен арнаның белгілі аймақтардағы көздері: сөз символдары мен тілдік таңбалары [35, 211]. Оңтүстік Қазақстан өңірінде егіншілік жақсы дамығандықтан, мұнда кәсіптің осы түріне байланысты диалектілер, кәсіби сөздер өте көп. Белгілі жазушы Қ.Әбдіқадыров шығармаларында диалектизмдердің қолданымдық аясы кеңінен көрініс тапқан. Мысалы, шағыр диалектісі Қазақ тілінің аймақтық сөздігінде өсімдіктің қатты сабағы мағынасында берілген. Және оны Қазақстанның солтүстік аймағында, Ресейдің Орынбор, Саратов қаласындағы қазақтардың тілінде жиі қолданылатыны көрсетілген. Жазушы тілінде бұл сөз сөздіктегі мағынасын сақтап қолданылған. Дегенмен, автордың баяндап отырған ортасы мен оқиға болып жатқан жер табиғаты Қазақстанның оңтүстік аймағы, шағыр сөзі оңтүстік өңірге де тән диалекті. Жәмі – үлкен, кең деген мағынаны білдіретін белгілі орынды, ғимаратты сипаттауда қолданылатын сөз. Бәңгі – Ауған, иран қазақтарының тілінде жиі қолданылатын наша, әпиін, көкнәр секілді есірткі заттарды үзбей пайдаланатын адам мағынасын білдіретін диалект сөз. Жерағаш – Шымкент, Арыс тұрғындары жиі қолданылатын жабайы соқа, ескі соқа мағынасын білдіретін диалект. Жап – Қазақстанның оңтүстік өңірі қолданатын, егіннің ішіне су жіберетін кішкене арық мағынасында қолданылатын диалект. Жап сөзінің қолданымдық аясы ауқымды. Бүкіл Оңтүстік қазақстан өңіріндегі егін шаруашылығымен айналысатын халықтың тілінде кең қолданысқа ие болған және кәсіби қызметтін бір элементі айғақтайтын сөз болғандықтан, бұл сөзді кәсіби сөздер қатарына енгізген дұрыс болар еді. Күләбі – Қазақстанның оңтүстік өңірінде және Түрікмен, Ташкент, Ашхабад қазақтарының тілінде жиі ұшырасатын қабығы қатты, еті қалың суық күзге жақын пісетін хош иісті, тәтті қауынды білдіретін диалектизм. Шыртылдақ – Шымкент, Түркістан, Шәуілдір тұрғындары қолданатын үлкен қауынның бір түрін білдіретін сөз. Торлама – Шымкент, Сайрам, Қызылорда, Шиелі, Жамбыл өңіріндегі халықтардың қолданысында жиі кездесетін, сырты тоқыған тор тәрізді тәтті қауынның диалектілік атауы. Бұл айтылған диалектизмдер күләбі, шыртылдақ, торлама қауынның түрлері болып табылады. Ендеше, әдеби тіл қатарына енгізіп, өсімдіктер көкөніс атаулары ретінде номинативті қызметін ескере отырып, жалпы халықтық қолданысын ескере отырып, нормаланған әдеби сөз деп тануға болатын секілді. Қауын түрлері барлық жерде өсе бермей, тек оңтүстік өңіріне жақын таныс болғандықтан, қауын түрлерінің атаулары диалектілік лексемалар болып аймақтық сөздіктің қатарынан шықпай жүр. Шындығында олар – атауыштық мағынаға ие болып, әдеби сипатын алған сөздер.
Көркем әдебиет тілінде кездесетін жергілік тіл ерекшеліктерінің бәрін бірдей әдеби нормаға жатқызуға болмайды. Әрине, көркем әдебиет шығармалары әдеби тіл үлгісі болып есептеледі. Әдеби тіл нормасы, бір жағынан, әдеби шығармаларының тілімен өлшенетіні де белгілі. Бірақ «әдеби тіл» деген ұғым көркем әдебиет тілі деген ұғыммен барабар емес. Көркем әдебиет тілінде кездесетін тіл элементтерінің бәрі бірдей әдеби тіл үлгісі бола бермейді. Мысалы, жазушының белгілі бір стильдік мақсатпен кейіпкер тіліне кітаби, қарапайым сөздер, диалектизмдер мен тосын сөздерді, окказионализмдерді енгізуі ықтимал. Олардың барлығы бірдей әдеби тіл нормасына сай келе бермейді. Осы тұрғыдан алғанда диалектолог-ғалым Ш.Сарыбаев: «Көркем әдебиет тіліндегі тіл элементтерінің бәрін бірдей әдеби тіл нұсқасы деп қарамау керек» - дей отырып, әдеби тілді диалектизм сөздерімен байытудың үш амал арқылы жүзеге асырылатынын көрсетеді: бірінші, әдеби тілде баламасы жоқ сөздерді қолдану арқылы; екінші, диалектілік вариант, дублет сыңарларын семантикалық дифференциация әдісімен саралау арқылы; үшінші әдеби тілдегі синонимдік қатарларды жергілікті сөздермен молайту арқылы. Асылы, әдеби тілде баламасы бар, тар аймақта ғана қолданылатын сөздерді, формаларды авторлық ремаркаларда автордың өз сөздігінде, суреттемелерінде көп қолдана бермей жалпыхалықтық әдеби тілдің нормасын сақтау керек [17].
Сыр өңіріне ғана тән, сол жерде пайда болып, уәжділік мотивтері сақталып қалған тұрақты сөз тіркестері туралы айтуға болады. Кез келген ұлттың мәдени өмірінің көрінісі фразеологиялық қордан ерекше байқалатыны белгілі. Яғни фразеологизмдердің халық айнасы екені сөзсіз. Ұлт мәдениет оның ғылымында, өмірінде, дінінде тіл арқылы танылады. Ал фразеологиялық материалдар ұлттық мәдени маңызы бар деректерден тұрады. Бұл деректердің түп төркіні таралу, шығу көзі фразеологизмдердің тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты. Фразеологизмдердегі өзінің мағына тұтастығы, қолданылу тиянақтылығы, даяр қалпында қолдану тұрақтылығы сияқты белгілердің арқасында ұлт тілінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Әрбір фразеологизмнен мәдени ақпар беретін дағдылы қалыптасқан дүниетаным, ұлттық ерекшелік байқалады. Сөздік қорындағы бүкіл фразеологиялық құрам сол ұлттық тілдің әлемін бойына жинақтаған қор секілді. Егер менталитеттің лингвистикалық жағы сөз етілсе, онда тіл ұлттық менталитетті жасайды, қалыптастырады. Қазақ тіліндегі культтік фразеологизмдер ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып әсерінен пайда болған. Бұл фразеологизмдер тілді жасаушы халықтың бір кездегі ой санасының, жан дүниесінің көзі болып саналады. Сондықтан халықтың дүниеге көзқарасы көңіл күйі, алғысы мен қарғысы, қуанышы мен реніші, көз жасы мен қорқынышы, тілегі мен батасы барлығы сол халықтың өнерімен тығыз байланысты.
Стилистика тілдің қолдану заңдылықтарын зерттейтін ғылым болғандықтан, тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді, ендеше ол – тіл деңгейлерінің бәрімен сабақтас сала, тіл бірліктерін мазмұн мен форма тұтастығында, тіл мен сөйлеу деңгейінде қарастырады, сондықтан тіл бірліктерінің тіркестегі, сөйлемдегі орны, түрленісі мәселелерімен байланысты болады, дегенмен тіл бірліктерінің семантикалық қыры оларды қолданылу орнына қарай да, стилистикалық мағына мен стилистикалық бояма мағынаны ажыратуға тірек болады. Тілдің көркемдегіш құралдары, лексикалық мағынасында эмоционалды-экспрессивті рең, бояу бар тілдік элементтер де стилистика қарамағына жатады. Диссертацияда осы стилистикалық мағыналық топтарына, эмоционалды рең, бояудың берілу жолдарына қарай талданды.
Тіл мен мәдениет арасындағы байланысты бүтін мен бөлшектің арасындағы байланыс ретінде қарастыруға болады. Тіл – мәдениеттің құралы. Белгілі тіл иесі – сол мәдениеттің тұтынушысы. Тілдік таңба мәдениет таңбасы ретінде қызмет атқарады, сондықтан халық мәдениетін танытатын негізгі құрылымдардың бірі болады. Белгілі аймақ, өмір сүру ортасы ұлттық сипатқа, халықтың болмысына әсер етеді. Ол этностың мәдениетінде, тұрмысында, күнделікті өмірінде көрініс табады, бұл көрініс қоршаған ортаның жағдайына қарай тілде әртүрлі таңбалануы мүмкін. Сондай сөздердің бірі – аран: Қуғыншыдан үркіп жөңкіле қашқан тағы үйір жолында не тұрса да қарамапты. Айдалада жаңғыз жайылып тұрған бурыл байталды да қақпайлап әкеп, өздерімен бірге аранға жығыпты. Шығарма мазмұнына сәйкес оқырманына түсініксіз болуы мүмкін аран сөзінің мағынасын сөз зергері аң аулау тәсілі арқылы түсіндіріп, сипаттап өтеді. Алайда, бұл орайда жазушы оған ғылыми, лингвистикалық тұрғыда сипаттама бермей-ақ, шығарманың өн бойымен астастыра отырып, этнолингвистикалық құнды мәліметтер келтіреді. Бұл орайда жазушы оқырманына түсініксіз болатын сөзді шығармасына енгізген кезде адресат факторын ескере отырып, өзіндік әдіс-тәсілдер қолданғаны көрінеді. Аран – аңшылардың жабайы аңды аулау тәсілі екені үзіндіден анық көрінеді және ежелгі әдет екені айқын. Мысалы, аң аулау тәсілі Шығыста абылау аталады. Аңды жан-жағынан айнала қоршап, қамалау арқылы қолға түсіру дегенді білдіреді. Бұл сөз ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде абла түрінде кездеседі. Бурят тілінде ау – қоршап, қамалау. Сөздің түбірі осы ау тұлғасы болса керек. Жердің ыңғайына қарай қазақтың батысы мен шығысындағы осы екі атау үзілмей келе жатқан ежелгі мәдениеттің көрінісі екені даусыз. Жазушы суреттеп отырған аран қазақ тіліндегі омонимдік қатар құрап тұрған аран сөзінің екінші түріне жақын. Ол «кірпішпен темірден жасалған қоршау» дегенді білдіреді Сонда «қоршау» семасы архисема қызметінде тұр деп түсінуге болады. Маңғыстау жеріндегі аранмен аң аулау тәсілі көне түркілер әлемінен келе жатқан дәстүрлі мәдениет дерегі.
Диалектілік материал
қазақ тілінде
Қазақ тілі диалектілік лексикасының этнолингвистикалық негіздері арнайы зерттелген еңбекте халықтың материалдық және рухани мәдениетін танытатын жергілікті тіл ерекшеліктерін тақырыптық топтарға бөліп, олардың этимологиялық, семантикалық, семасиологиялық, этнографиялық мәні айқындалды. Халықтың тұрмыс-тіршілігінде тілдік ерекшелікке айналған мәдени атауларды этнодиалектизмдер деп атауды ұсынды.
Диалектілік лексика тек зат-құбылыстың атауын ғана білдіретін сөздер тобы емес, диалектілік лексикаға да сөз мағынасының әр алуан өзгерістері, дамуы тән. Сондықтан мағыналық құбылуына орай, лексикалық ерекшеліктер мен семантикалық ерекшеліктер болып жүйеленеді; ол үшін, алдымен, диалектілік лексиканың тарихи әлеуметтік құрамын, диалектілердің шығу жолын, тарихын анықтау (дәстүрлі, дәстүрсіз ерекшеліктер), екіншіден, диалектілік сөз, оны танудың критерийлерін көрсету (диалект, диалектизм); үшіншіден, диалектілік лексиканы сөз, аталымдық мағыналық даму тұрғысында жүйелеу (лексикалық, семантикалық ерекшеліктер) және диалектілік сөзді танылу жиілігіне қарай (қатысты – сәйкесті, қатыссыз – сәйкессіз ерекшеліктер) топтастыру қажет. Бұл диалектілік лексиканы этнолингвистикалық, лингвомәдени тұрғыдан зерделеуге мүмкіндік береді және оның қажеттілігін арттырады [36, 22 б.].
Диалектілік лексика
осындай ерекшеліктеріне
Информация о работе Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері