Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 21:50, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................................3
І .Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері..............................................................................................................4-25
1.1. Қазақ тіліндегі диалектизмнің зерттелуі..............................................25
1.2. Этнодиалектизмдерге тән негізгі ұстанымдар мен ерекшеліктер........26-31
Негізгі бөлім.

2. Қазақ тілі диалектілік лексикологиясының этнолингвистикалық негізі.
2.1. Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер.........................................................................................32-56
2.2. Прозалық шығармадағы рухани мәдениетке қатысты диалектілер.....57-80
2.3. Әлемнің тілдік бейнелерінің этнодиалектілік сипаты
ІІІ. Қорытынды................................................................................................81-83
IV. пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................85

Файлы: 1 файл

дип. Меруерт..doc

— 623.00 Кб (Скачать файл)

Қазақ диалектологиясында диалектілік лексика материалдарын  тақырып бойынша жүйелеу С.Аманжолов, Ж.Досқараев еңбектерінен бастау алады. Ә.Кекілбаев еңбектері бойынша  жинақталған материал осы жүйе бойынша  тақырыптық топтарға бөлініп сараланды.

Кейіпкер – адамның, белгі бір тарихи кезеңдегі адамдардың әлеуметтік топтарының, өмір сүру дағдысы, жағдайы, тіршілік әрекетінің көрінісін тілдік таңба, тілдік амалдар арқылы жинақтайтын біртұтас құбылыс мәтін, көркем шығарма мәтіні деуге болады. Көркем шығарма мәтіні автордың мақсатына орай ұлттық тілдің барлық тармақтарымен сабақтас болады. Сол тармақтың қазыналы бөлігі – жергілікті ерекшеліктері.

Жазушы адам туралы бағалаушылық көзқарасын көркемдік-танымдық әрекеттің орталық субъектісі ретінде, ең алдымен, кейіпкерлер жасайтын бейнелер арқылы білдіреді. Сонымен, автор-кейіпкер-оқырман категориялары көркем шығарманың антропометриялық құрылымының мағыналық орталығы болып табылады. Ф.Ш.Оразбаева тілдік қатынасты жүзеге асыратын тұлғаларды зерттей келіп, мәтінді «...ойлау, хабарлау, баяндау, қабылдау, пайымдау құбылыстарымен байланысты, адамдар арасындағы тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық жүйелі тұлға» деп сипаттайды, мәтінді тілдік қатынастың мазмұндық тұтастығымен ерекшеленетін жүйе деп таниды [38, 64 б.].

Әр оқырманның көркем мәтіннен қабылдайтын мағыналық  және эстетикалық ақпаратының көлемі де әр түрлі болады. Көркем мәтін  ақпаратын  қабылдап шығарма мазмұнын талдау оқырманның білім деңгейіне, жеке талғамына және қызығушылығына байланысты. Прагматикалық тұрғыдан келгенде, көркем мәтінді зерттеуде адам факторын ескермеуге болмайды, себебі көркем мәтін прагматикасы тілдік қарым-қатынас субъектісіне қатысты, соған сүйенеді. Автор коммуникативтік мақсатқа жету үшін тілдік көрсеткіштер кешенін таңдайды, олар автордың лингвистикалық нұсқаушылары болып табылады.

Кез келген мәтін  дүниетанымдық, прагматикалық аспектіден түзіліп, тілдің көпқырлы бірлігін құрайды. Мәтіннің дүниетанымдық аспектісі  оның семантикалық, композициялық жағын  құраса, прагматикалық аспект семиотикалық және композициялық жағын құрайды. Сонымен, мәтіннің композициялық жағы дүниетаным мен прагматикалық қырын байланыстырушы дәнекер ретінде қолданылып, мәтінді адам ойы мен көңіл-күйінің көрінісі ретінде сипаттайды.

Көркем әдебиетте  баяндаудың сәтті шығуына автордың дүниетанымы, шығармашылық ұстанымы, композиция мен сюжет, кеңістік пен уақыт ұғымдары арасындағы байланысты көрсете білуі  ерекше маңызға ие болады. Академик Р.Сыздық романды (әңгімені, повесті) тарихи стиль тезіне салғанда, автор өзі суреттеп отырған тарихи кезеңге сәйкес зат, бұйым, құбылыс, әрекет атауларын келтіруге тиіс, кейіпкерлерін мүмкіндігінше сол кезеңге сәйкес сөйлетуі керек, оның өзінде де әр кейіпкерді өзінің әлеуметтік орнына, тәрбие-танымына, жасына, жынысына қарай «сол кезеңше» сөйлетуі керектігін айтады [39, 98 б.]. Өйткені сөз субъектісінің ақиқаттағы зат құбылысқа қатысы, зат құбылысты қандай сөзбен атайтыны, оған өзінің қатысын қандай сөзбен білдіретіні тәрізді көптеген мағыналық, мазмұндық құндылықтар мәселенің прагматикалық-коммуникативтік қырларына жатады. Н.Уәли сөз субъектісінің сөз әрекетімен байланыста пайда болған мәнділіктерін прагматикалық мағына деп атайды [40, 203 б.].

Көркем шығармадағы  автор бейнесі – тіл біліміндегі  адам мәселесі қойылысының бір қыры екені осылай көрінеді. Коммуникативтік мақсат аталған зат атауларының бағалау мәнін ашады. Кейіпкердің тұрмыс жағдайын өзгертіп, «шылдырмақтай» ақ пәтерге кіру кезіндегі өмірінің екі кезеңін салыстыру сәтін жазушы осы сөздер арқылы танытады. Аталған мәдениет деректерінің құны кейіпкердің соларға деген сағынышынан аңғарылады. Қалаға көшерде ол дүниелерін шашып-төгіп кеткен жоқ, жанына жақын  адамдарына сыйға беріп «қолдатып» (көтертіп) жіберді, аманатқа қалдырды. Ал екінші кезеңде «шылдырмақтай» пәтер оның жаңа тұрмысқа көну сәтін бейнелейді. Ол үшін жалғыз ұлдан артық ештеңе жоқ, соның жолында құрбан,  соның қолында өлсе болды. Прагматикалық ақпарат осыны көрсетеді, оқушыны сендіреді. Бұл жазушы қолданысындағы диалектизмдер мен көнерген сөздердің үйлесіп келгендегі әлеуетінің күшін танытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

 Көркем әдебиет тілінде  жергілікті ерекшеліктерді диалектизмдерді қолдану шеңбері, принциптері, әдістері – әлі де болса шешілмей келе жатқан талас мәселелерінің бірі. Қазақ тілі говорларында әдеби тілдің кәдесіне жарайтын оны байытатын элементтер де, керісінше, әдеби тілді шұбарлайтын, оның дамуына, нормалануына бір қалыпқа түсуіне кедергі жасайтын элементтер де бар. Бұрын говор белгілі бір аймақ шеңберінде ғана қолданылып, кейін жазушының жиі-жиі қолдануы арқасында, олардың сөз уағыздаудағы игі еңбектерінің нәтиждесінде тар шеңберден шығып, әдебеи деңгейіне дейін көтерілген. Жалпыхалықтық қолданыс дәрежесіне жеткен сияқты сөздеріміз аз емес. Жазушылар әр өлкеде белгілі бір аймақта ғана айтылатын әдеби тіл лексикасын байытуға аса қажетті кәсіби сөздерді жалпыхалықтық қолданыс дәрежесіне дейін көтеру мақсатымен барынша мол қолданып, оларды сілтемеде түсіндіріп отырса, құба-құп болар еді. Қазақ говорларында әдеби тіл кәдесіне жарайтын, сөздік қорымыздың баюына қажетті бау-бақша, мақта, зергерлік, аңшылық, құсбегілік, тағы басқа толып жатқан шаруашылық түрлеріне байланысты сөздер аз емес.

Рухани мәдениетке қатысты диалектизмдер сирек кездеседі. Рухани мәдениетті бейнелейтін этнодиалектизмдер жалпы мәдениеттен бөлек оқшау дүние емес, тек ұлттық салт-дәстүрлердің жергілікті нақыштары, аймақтық туындылары.

Көркем мәтінде  қолданыс тапқан диалектілік лексемалардың  және диалектілік тіркестерді жинақтап, саралай келгенде, автордың белгілі  бір мақсатта қолдану ерекшеліктері анықталады. Көп жағдайда сол өңірдің тұрмыс-тіршілігіне, өмір сүру болмысы мен кәсібіне тән сөйленіс қатарына әбден сіңіп кеткен диалектілік сөздер кеңінен көрініс тапқан. Сонымен, көркем мәтіндегі жергілікті тіл ерешеліктерін зерттеу арқылы әдеби тіл мен диалектизмдердің ара жігін, диалектизмдердің әдеби тілге ауысу қағидаларын, диалектілер қатарында жүрген этнографизмдердің жалпы халықтық сипатын анықтауға болады.

Көркем әдебиет  тілінде кездесетін жергілік тіл  ерекшеліктерінің бәрін бірдей әдеби нормаға жатқызуға болмайды. Әрине, көркем әдебиет шығармалары әдеби тіл үлгісі болып есептеледі. Әдеби тіл нормасы, бір жағынан, әдеби шығармаларының тілімен өлшенетіні де белгілі.  Бірақ «әдеби тіл» деген ұғым көркем әдебиет тілі деген ұғыммен барабар емес. Көркем әдебиет тілінде кездесетін тіл  элементтерінің бәрі бірдей әдеби тіл үлгісі бола бермейді. Мысалы, жазушының белгілі бір стильдік мақсатпен кейіпкер тіліне кітаби, қарапайым сөздер, диалектизмдер мен тосын сөздерді, окказионализмдерді енгізуі ықтимал. Олардың барлығы бірдей әдеби тіл нормасына сай келе бермейді.

Көркем әдеби  стилінде кейбір этнодиалектизмдер әдеби тілдік баламасы бола тұрса да қолданылады. Бұл – таза стильдік мақсатпен байланысты мәселе. Кейде бір сөйлемде бір сөзді екі рет немесе одан да көп қайталап қолдануға тура келеді.  Егер ондай әдеби сөздің жергілікті халық тілінде диалектілік сыңары бар болса да оны жазушылар көркем әдебиет стилінде қолданады.

Этнодиалектизмдердің көркем әдебиет стиліндегі қолданылуы екі түрлі: бірі – авторлық ремаркада, екіншісі – диалогта. Авторлық ремаркада, кейіпкер тіліндегімен салыстырғанда, диалектизм аз қолданылады. Ақын, жазушылардың қай-қайсысының да шығармасынан диалектілік ерекшеліктер кездеспей отырмайды. Өйткені, әр адам, әсіресе әрбір сөз шебері – таза әдеби тілдің ғана емес, сонымен қатар белгілі дәрежеде, белгілі бір аймаққа тән диалектіні де сақтаушы.

Жазушы кейіпкер тілін даралау арқылы оның түсінік  түйсігін аша түсіп, бітім-болмысын айқын көрсетуді мақсат тұтады. Әр кейіпкердің іс әрекетіне орай сөйлеген сөзі де олардың бір бірінен өзгешелеп тұрады. Жазушы өзге стильдік элементтерді дайын күйінде көшіре салмайды, сондықтан бөгде стильдік элементтер негізгі қызметінде  жұмсалмай, эстетикалық мәнге ие болғанда көркем тіл кестесіне лайық түрге енеді. Көркем әдебиет стилінің ерекшелігіне бағынып, жазушы идеясына тәуелді болады. Диалектизмдер көбінесе стильдік мақсатта, яғни кейіпкердің табиғи бітім-болмысын айқын көрсету үшін немесе жағымды және жағымсыз бағалауыштық мағынаны әсірелеп көрсету үшін кеңінен қолданылады да, индивидуальді авторлық сөздік қордағы диалектизмдердің мәтінде берілуі, яғни автордың тілдік тұлғасы мен аялық білімі  арқылы көрініс тауып тұрған жергілікті тіл ерекшеліктерінің жұмсалымдық қызметі айтыла бермейді.

Этнолингвистиканың  негізгі мақсаты – халықтың бүгінгі  қалпын, қазіргі тіліндегі ерекшеліктерді емес, өткен өміріндегі тәжірибелерінен  туған ұлттық болмысты, халықтық тіршіліктен  туған мәдени ұғымдарды зерттеу. Сондықтан да ұлттық сөздік қорды, яғни көне төл тілімізді жаңғыртуда, көне этнографизмдерді жинақтап, толықтыруда бұл саланың маңызы зор.

Демек, көркем мәтіндердегі диалектизмдердің ұтымды қолданылуы, мақсатты жұмсалуы сөздік қорымыздағы кейбір сөздердің мағыналарын толықтырып, мағыналық өрісін кеңейтуге, кірме сөздердің баласын беруге едәуір септігін тигізетіні сөзсіз. Көркем мәтінде қолданылатын диалект сөздердің мән-мағынасын ашып, қолданымдық аясын зерттеп,  стильдік қызметін анықтау жұмысы  орынсыз қолданылған жергілікті тіл ерекшеліктері мен әдеби тіл қатарына енуге бейім тұрған диалектизмдерді айқындауға мүмкіндік береді. Ақын-жазушылардың тілі арқылы сөздік қорымызды кеңейтеміз. Олардың индивидуальді-авторлық сөз тудыру негізінде қалыптасқан атауыштық сөздер мен ұмытылып бара жатқан көне этнографизмдерді жаңғыртуы арқылы және де кейбір естілмей жүрген заттық мәдени диалектизмдері қайта дүниеге әкелуі арқылы сөздік қордың шеңбері ұлғая түседі.

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Әуезов М.О. Шығармалар. 12-том. – Алматы: Жазушы, 1969. – 533 б
  2. Қайдар Ә.  Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: «Ана тілі», 1998. 304б.
  3. Атабаева М.С. Қазақ тілі диалектілік лексикасының этнолингвистикалық негізі. Алматы.  2006ж . 284б.
  4. Сейілхан А. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің лингвомәдениеттанымдық мәні. Авт., дисс. фил. ғыл. канд., Алматы, 2002
  5. Әзімжанова Г. Көркем проза прагматикасы  Алматы, 2005. 300 б.
  6. Авакова Р.А. Фразеологизмдер – ұлттық мәдениеттің айнасы //Мир языка. А., 1999.
  7. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы: Қазақ университеті, 1999. –309 б.
  8. Аманжолов С. Қазақтың әдеби тіл<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" sty

Информация о работе Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері