Мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:17, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде елдің әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде, білім беру жүйесінің күрделену кезеңінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім беруде шешуін табатын мәселелер әлі де болса жеткілікті. Тоқталар болсақ, ол балалардың психикалық дамуы мен жеке ерекшеліктерін, ішкі құбылысын анықтай отырып, тәрбие жұмысын балалардың нақты даму жағдайына бағыттау. Бала тәрбиесінің негізіне мектепке дейінгі кезеңнің ықпалы зор екені белгілі.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3
1. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы эономикалық түсінігін қалыптастырудың ғылыми негіздері..................................................................6
1.1 «Экономика», «Экономикалық тәрбие», «Ойын» ұғымдарының мәні ...............................................................................................................................6
1.2 Ересек топ балаларының алғашқы экономикалық түсінігін
қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері............................................19
2. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық тәрбиесін қалыптастырудың әдістемесі..............................................................................40
2.1 Ересек топ балаларының экономикалық тәрбиесі туралы түсініктің
қазіргі жағдайы және әдістемесі.........................................................................40
2.2 Тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері.......................................................60
Қорытынды............................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................63

Файлы: 1 файл

мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін калыптастыру.doc

— 1.02 Мб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде елдің әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде, білім беру жүйесінің күрделену кезеңінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім беруде шешуін табатын мәселелер әлі де болса жеткілікті. Тоқталар болсақ, ол балалардың психикалық дамуы мен жеке ерекшеліктерін, ішкі құбылысын анықтай отырып, тәрбие жұмысын балалардың нақты даму жағдайына бағыттау. Бала тәрбиесінің негізіне мектепке дейінгі кезеңнің ықпалы зор екені белгілі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында: «Мектепке дейінгі білім беру - Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды рөл атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі...» деп көрсетіледі [1].

Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуына қарым-қатынас мәдениетінің ерекшелігі көптеген ғалымдардың еңбектерінде ғылыми тұрғыда дәлелденіп, нақтыланған. Қарым-қатынас әрбір адамның жеке іс-әрекеті болып табылады.

Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси экономикалық білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр. Мамандар экономикалық білім дағдыларды ұжымдағы экономикалық білім мен тәрбие беру ісінің жиынтығы деп қарап, оны отбасында шаруашылық-тұрмыстық, қоғамдық пайдалы істегі, күнделікті қарым-қатынастағы жұмыстардың тәжірибелік нәтижесі, олардың рухани экономикалық сұраныстарын жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет деп түсінуге болады.

Халқымыз жастарға экономикалық тәрбие және білім беру ісіне зор көңіл аударуда. Қазіргі халық шаруашылығына өз еркімен еңбектенетін, өз еңбегін мәніне түсінетін мақсатқа сәйкес экономикалық шешім қабылдай алатын экономикалық біліммен қаруланған құнтты, ыждағатты, шаруақор жас мамандар керек.

Қазіргі қоғамның басты  міндеттерінің бірі – нарық жағдайына бағдарланған, адамгершілігі мол, экономикалық сауатты адамға қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыру. Оны шешу тек қана экономикалық білімнің тұжырымдамалық, әдіснамалық, теориялық және дидактикалық негіздерінің жасалуына тікелей  байланысты болуы мүмкін.

Балалардың экономикалық  білімі мен тәрбиесіне, олардың  экономикалық мәдениетін қалыптастыруға біршама ғылыми зерттеулер арналған. Алайда, аталған жұмыстарда мектепке дейінгі білім саласы қарастырылмаған. Үздіксіз білім берудің алғашқы табалдырығы мектепке дейінгі ұйым болғандықтан бұл тақырыптың қажеттілігі ұшан теңіз. Сонымен қатар, мемлекеттің одан әрі  экономикалық дамуы,  болашақта  экономикалық іс - әрекетпен айналысатын  балалардың  экономикалық  мәдениетінің қалыптасу  деңгейіне байланысты. Сондықтан келешек  ұрпақты экономикалық  мәдениетті етіп тәрбиелеу  мәселесі ешқашанда  зерттеу нысанасынан түспеген   көкейкесті мәселе.

   Айтылған мәселе бойынша бүгінгі күн талабы тұрғысынан жан-жақты зерттеген ғылыми-педагогикалық еңбектердің жеткіліксіздігі біздің зерттеу тақырыбымызды айқындай түсуге себеп болып, дипломдық  жұмыс тақырыбын     «Ересек топ балаларына алғашқы экономикалық тәрбие берудің педагогикалық шарттары»   деп атауымызға негіз болды.

Зерттеудің  мақсаты: Қазіргі  жағдайда ересек топ балаларының алғашқы экономикалық мәдениетін қалыптастыруды  теориялық тұрғыда негіздеп, оны жүзеге асырудың әдістемесін жасау.

Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі ұйымдардағы ойын.

Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі балалардың ойын арқылы алғашқы экономикалық  түсініктерін қалыптастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер ересек топ балаларының алғашқы экономикалық  тәрбиесін, білімін  қалыптастыру процесінде  ойын түрлерін қолданудың  педагогикалық  шарттары мақсатты түрде пайдаланылса, оның тиімділігін арттырудың педагогикалық шарттары анықталып, іс-жүзіне асырылса, онда бәсекеге қабілетті жеке  тұлға  тәрбиелеудің  негізі қаланады, себебі біз мектепке дейінгі кезеңнен бастап балалардың экономикалық тәрбиеге, білімге баули алар едік сол арқылы балалардың  білімі,өмірге бейімділігі артады.

 Зерттеудің мiндеттерi:

1.Теориялық  негізде “Экономика”, “Экономикалық тәрбие”, “экономикалық білім”, “ экономикалық мәдениет”, “Ойын” ұғымдарының мәнін  ашу.

2.Ересек топ балаларының алғашқы экономикалық түсініктерін ойын арқылы  қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау.

3. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық тәрбиесін қалыптастырудың әдістемесін әзірлеу  және эксперимент  жүзінде тексеру.

Зерттеудiң теориялық және әдiснамалық негiздерiне:  философия, мәдениеттану,  педагогика және психология саласы бойынша қарастырылған таным теориясына қатысты ғалымдар тұжырымдары, гуманистік ілімдер, ғылыми зерттеулердегі жетекші зерттеулер мен қағидалар, Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелеріндегі тәрбие берудің кешенді бағдарламасы; білім беруді дамыту, экономикалық тәрбие беру жүйесіндегі мемлекеттік тұжырымдамалар.     

Зерттеу әдістері: Қарастырылып отырған мәселелерге байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық, экономикалық және әдістемелік еңбектерімен  оқып танысу және оларға талдау жасау; жүйелі және салыстырмалы зерттеу барысында қол жеткізген мәліметтерді топтастыру, жүйелеу;  бақылау; құжаттармен танысу және оларды сараптау; сауалнама; алынған нәтижелерді талдау, тәжірибелік – эксперименттік жұмыс жүргізу және қорытындылау.   

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Ата Заңы (2008), Бала құқығы туралы Конвенция (1989), Қазақстан Республикасының «Білімі туралы» Заңы (2007), «Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаулары, Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламалары, зерттеу мәселесіне байланысты Отандық және шетел ғалымдарының (философтардың, заңгерлердің, саясаттанушылардың, педагог – психологтардың, ғалым -әдіскерлердің) еңбектері және озық педагогикалық іс-тәжірибелері.

Зерттеу базасы. Дипломдық жұмыстың негізгі тұжырымдары Алматы қаласы, Алмалы ауданы №18, және Ауезов ауданы №57 балабақшаларда оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асырылды

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде зерттеу мәселесінің мақсаты мен міндеттері айқындалды, зерттеу тақырыбына байланысты философиялық, заң, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық зерттеулермен танысу, саралау, жүйелеу жұмыстары жүргізілді. Ғылыми зерттеу аппараты айқындалып, мәселенің негізгілері нақтыланды. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының бағдарламасы құрылып, жүзеге асырылу басталды.

Екінші кезеңде Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық түсініктерін қалыптастырудың әдістемесі жасалып, эксперименттік жұмыстар жүрізіліп, нәтижелері сараланды. Зерттеу қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындалып, ғылыми-зерттеу жұмысын рәсімдеу жүзеге асырылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

  • жас және дара ерекшеліктерін есепке алу негізінде ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық түсініктерін қалыптастырудың негіздері айқындалды;
  • ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық түсініктерін қалыптастыудың шарттары анықталды;

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

  • балабақшаларда мектеп жасына дейінгі балаларға арналған Өзін-өзі тану бағдарламасына қосымша дайындалды;
  • балалардың алғашқы экономикалық түсініктерін қалыптастырудың әдістемесі және оған байланысты әдістемелік ұсыныстар жасалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ЕРЕСЕК ТОП БАЛАЛАРЫНЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ АЛҒАШҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҮСІНІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

 

    1. «Экономика», «Экономикалық  тәрбие», «Ойын» ұғымдарының

мәні

       Балаларға экономикалық тәрбие берудің  педгогикалық негізі - өсіп келе жатқан өскелең ұрпақты нарықтық экономика заңдылықтарына үйрету болып  табылады.

 Экономикалық тәрбие берудің  негізін  ежелгі ғалымдар қалаған. Ежелден келе жатқан заңдылықтар – олар адам баласының  барлығына аманат. Адам баласы жаралған күннен бастап тайпа болып өмір сүрсе кейіннен мемлекет пайда болды. Мемлекет пайда болған күннен бастап салық пайда болды. Салық пайда болды деген сөз – экономика ежелден келе жатыр деген сөз. Әрине бұл ғылымның өзіндік заңдылықтары болды. Сол заңдылықтар бізге де жетті. Тәуелсіздік алғаннан күннен бастап мемлекет халқының алдында  шешімін табуға лайықты  үлкен  мәселе  тұрды. Ол бұрын біз  басымыздан өткізбеген нарықтық экономика. Қазақстан бұл жолда жеңіске жету үшін көп еңбектенуде. Нәтиже көзбен  көрерліктей  әлем  Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады. Әрине бұл нәтиже қазақ халқының  ежелден келе жатқан  арманы еді. Экономика  тарихы тереңде жатыр. Оны сонау ежелгі  дүниедегі гректер, римдіктер және басқа да халықтар   қалыптастырды. Ең алғаш болып әрине өз ойларын жүзеге асырған халық   – гректер болды.

   Экономикалық білімнің тиімділігі оның үздіксіздігінде. Оның мазмұны көп жағдайда  экономика  ғылымына  байланысты.

   Ксенофонт, Платон әсіресе Аристотельдің еңбектерінде грек қоғамының  экономикалық  құрылымын  зерттеу мәселелері терең  зерттеулер арқылы орын алған болатын. «Экономия» ( грек сөзі ойкономия, ойкос – үй, шаруашылық  деген сөзден шыққан, яғни үй шаруашылығын, жердегі шаруашылық жұмыстарын тиімді, үнемді жүргізу дегенді білдіреді)  сөзі  Ксенофонт еңбектерінің  басты тақырыбы болған. Әрине оның астарында үй шаруашылығын үнемді етіп жүргізу идеясы  да  жатыр еді.

Экономикаклық тәрбие немесе қоғамдағы экономикалық ойларды ашық айтуды ежелгі грек ойшылы, ғұламасы Аристотель  тереңнен зерттеген болатын. Экономика деген сөзді – экономия – үнемдеу деп тура Ксенофонт секілді  ұлы ойшыл  айтып кеткен.

Аристотель өзі өмір сүрген қоғамның  экономикалық болмысына талдау жасаған. Ғылым тарихында алғаш болып  саяси экономия заңдылықтарын ашты. Өзінің «Этика» атты еңбегінде «ақылға сыйымды  өзімшілдік» идеясын талдаған. Ол өзімшілдіктің  екі түрінің бар екендігін атап өткен. Ол кейбір адамдар көп ақша табуды, ол тапқан ақшасынан рахат ләззәт алуды   армандаса, екінші адамдар адамзатқа көбірек қайырымды істер жасағысы келетіндігін атап өткен. Аристотельдің ойынша,  адамды  қайырымдылық жасауға  жақсылыққа жаны ынтызар етіп тәрбиелеу  жеке және қоғамдық  талпыныстарды туғызады – деп атап өткен.

Экономикалық білімнің негізін қалаушылардың келесі тобына  Томас Мор мен  Томазо Кампанелла жатады. Олар болашақтағы  социалистік қоғамға қажет тәрбиенің мазмұны  жайлы айтып кеткендер. Бұлардың екеуі де  утопиялық  - социализмнің өкілдері.

Тәрбие жөніндегі алғашқы ойларын  социалист – утопистер XIX ғасырдың бірінші жартысында А.Сен – Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн және басқалар да  білдірген. Аталған ғалымдардың еңбектерінде  жеке меншікті  қоғамдық  меншікке  айырбастау  қажет  делінген.

Роберт Оуэн  баланың   жан – жақты   тәрбие  алуы үшін, тәрбиені  ғылымның барлық саласымен байланыстырған дұрыс деп көрсеткен. Себебі осы жағдайда бала жан – жақты болып өседі деген ой қалыптасқан.

Орыстың белгілі  демократ -  революционерлері  А.И.Герцен, Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г. Чернышевский және басқалар  балаларды  еңбекке баулу және экономикалық тәрбие беру мәселелері бойынша өз тұжырымдамаларын жасап шығарған. Тұжырымдаманың  басты да өзекті тақырыбы  -  ақылға сыйымды  өзімшілдікті  қалыптастыру, яғни   кез – келген  тұлғаның  көпшіліктің   игілігі  үшін еңбектенуі.

Қоғамдағы  жастарды  еңбекке баулу, тәрбиенің  әлеуметтік – экономикалық маңызы жайында  өз еңбектерінде ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылар К.Маркс, Ф.Энгельс пен В.И.Ленин  де атап көрсеткен.

Өз еңбектерінде ұлы пролетариат ұстаздары  адамзаттың бақыты дүние табуда емес, өз еңбегінің жемісін көруде деп көрсеткен.

Өндіруші күштердің өзіндік ерекшеліктеріне  қарай қоғамдағы  тәрбие  процесінің ережелері де өзгеріп отыратыны  ғылыми түрде дәлелденген.

 К.Маркс өз еңбектерінде  кәмелетке толмаған балалар еңбегі  жайлы сөз қозғаған. «Гот бағдарламасын  сынау» атты еңбегінде  балалар еңбегіне  қарсы болудың қажеті жоқ деп көрсеткен,  себебі бала біріншіден еңбектенуге үйренеді, екінші жағынан оның дүние табуға және оны керегінше үнемдеп  жұмсауға  үйренеді, керісінше бала еңбегін қанауға қарсы шығу қажет деп  жазған [1].

  А.С. Макаренконың  еңбектерінде баланың  еңбексүйгіштігі жаратылысынан емес оның негізін тәрбие қалайды. Кез - келген еңбек адамға қуаныш сыйлауы қажет делінген[2;3].

Экономикалық тәрбиенің негізі жайлы 1966 жылы жарық көрген   Л.Е.Энштейннің «Коммунистік тәрбиенің  экономикалық  фактілері»  атты еңбегінде атап өткен. Л.Е.Энштейн экономикалық қатынастар  қоғамдық өнімдер  мен жұмыс күшінің  сапалы болуынан тұрады  деген. Оның ойынша экономикалық  қатынастар экономикалық қызметтердің  келесі түрлерінен тұрады делінген:

  1. өнімнің тікелей дайындалуы;
  2. жұмысты ұйымдастыру  процедуралары;
  3. өндірісті басқару;
  4. ақшалай – тауарлық айырбас;
  5. жоспарлау;
  6. талдау және экономикалық есеп және басқалар.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін қалыптастыру