Мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:17, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде елдің әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде, білім беру жүйесінің күрделену кезеңінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім беруде шешуін табатын мәселелер әлі де болса жеткілікті. Тоқталар болсақ, ол балалардың психикалық дамуы мен жеке ерекшеліктерін, ішкі құбылысын анықтай отырып, тәрбие жұмысын балалардың нақты даму жағдайына бағыттау. Бала тәрбиесінің негізіне мектепке дейінгі кезеңнің ықпалы зор екені белгілі.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3
1. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы эономикалық түсінігін қалыптастырудың ғылыми негіздері..................................................................6
1.1 «Экономика», «Экономикалық тәрбие», «Ойын» ұғымдарының мәні ...............................................................................................................................6
1.2 Ересек топ балаларының алғашқы экономикалық түсінігін
қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері............................................19
2. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық тәрбиесін қалыптастырудың әдістемесі..............................................................................40
2.1 Ересек топ балаларының экономикалық тәрбиесі туралы түсініктің
қазіргі жағдайы және әдістемесі.........................................................................40
2.2 Тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері.......................................................60
Қорытынды............................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................63

Файлы: 1 файл

мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін калыптастыру.doc

— 1.02 Мб (Скачать файл)

Францияда кооперативті қозғалысқа үлкен мән беріледі. Өйткені оның экономикалық және педагогикалық мәні зор. Кооперативтер жастар мен балаларды бірнеше бағыттар бойынша біріктіреді: ауылшаруашылық, табиғатты қорғау т.б.

Шет елдерде  бала жастардың экономикалық білім берудің мазмұны мен практикасын талдау оның прагмативті бағыттылығын анықтауға мүмкіндік береді. Мұнда экономикалық білім мен дағды, шеберлікті қолданудың негіздерін оқытудың академиялық нұсқасы болады. біздіңше, экономикалық мәдениеттің қалыптасуына қатысты осындай кешенді  тәсілдер мектептік білім беру кезеңінде-ақ жастарды еңбек рыногында бәсекеге қабілеттілігінің дамуына, экономикалық шындықтың өзгерістеріне жылдам бейімделе алуға мүмкіндік береді.

Зерттеушілер экономикалық ойлау ұғымына түсініктеме беруде бірізділік танытады. Олар оны адамның ұйымдастырушылық тұрғыдағы және экономикалық білімді игерудегі интеллектуалды қабілеті деп түсіндіреді

(Л.Ф. Аменд, А.С. Нисимчук, В.К. Розов) [39].

Л.И. Абалкин, Л.С. Бляхман, Д.Е. Сорокин, К.А. Улыбин және т.б. пікірінше, экономикалық ойлаудың нысаны – өндірістік жүйенің оның құрылымдық экономикадық заңдылықтарына қатынасы. Экономикалық ойлаудың субъектісі – өндірісті өзгертуші адам, сондықтан ойлау шындықтың атауымен шектеліп қоймайды, білім – белгілі бір практикалық шешім қабылдаудың негізі [40].

Экономикалық ойлаудың даму деңгейін экономикалық іс-әрекет көрсетеді. Экономикалық іс-әрекет – адамның қоғамның экономикалық өмірінің барлық салаларындағы (өндірісте, бөлуде, алмасуда, тұтынуда, яғни экономикалық әрекетте) өндірістік әрекетінің процесінде жүзеге асыратын ретті әрекеттерінің жиынтығы.

Біздің жұмысымызда экономикалық әрекет деп мақсатты өзгерістер және рухани, материалдық өндірісті өзгерту, бөлу, алмастыру, тұтыну бойынша әрекеттер жүйесі. Экономикалық білім беру мен тәрбиелеудің бірлігі экономикалық әрекетте көрініс табады. Субъектінің экономикалық әрекетінің табысты болуы оның алған экономикалық білімі, меңгерген дағдысы және шеберліктеріне тікелей байланысты. Яғни экономикалық әрекет – экономикалық тәрбиенің соңғы нәтижесі, факторы болып табылады.     

“Экономикалық даму” ұғымын адамның экономикалық мәдениетінің қалыптасуы процесінде басынан өткізетін әлеуметтік-тұлғалық өзгерістерінің сүзгісі арқылы қарастыру керек деп ойлаймыз.

З.З. Сабирова тұлғаның мәдени қалыптасуы тәрбиенің болжалдық мақсаты болып табылады деп түсіндіреді. Осы мақсатқа жетудің қоғамның шынайы мүмкіндіктері мен талаптарына негізделген деңгейі әлеуметтік-экономикалық прогресс пен мәдениеттің дамуының субъектісі бола алатын адамның үш рөлі (азамат, тұтынушы және өндіруші) арқылы жүзеге асырылады [41].

Л.С. Выготский тұлғаның жан-жақты дамуы – индивидтің жетілуінің деңгейі. Бұл жерде индивид үнемі және жемісті процес негізінде еңбекқор. Қоғам қайраткері, рухани және мәдени құндылықтардың тасуышысы мен жаратушысы ретінде қабылданады [42].

Баланың экономикалық әрекетті жүзеге асыруы және дайындығы процесінде дамуы экономикалық мәдениеттің мазмұнын құрайды. Осылайша, ол жалпы экономикалық мәдени қоғамға өзіндік үлес қосады. Экономикалық мәдени қоғам – адамның тұлғалық және жекелік экономикалық мәдени дамуының басты шарты. Осындай көзқарас адамның психикалық дамуының мәдени-тарихи концепциясымен келісіледі (А.А. Абульханова-Славская, Б.Г. Ананьев, С.И. Божович,

Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, С. Л. Рубенштейн) және адамның экономикалық мәдениетін зерттеудің әдістемелік негізі ретінде жұмсала алады. Сонымен, тұлғалық экономикалық  мәдениет білім, дағды және шеберліктің жинақталу процесі ғана емес, оның әрекеттегі сапалы түрде жүзеге асуы дегенді білдіреді [43;44].

Мәселен, Т.Заславская, бұл ұғымды практикалық интеллект сүзгіші арқылы қарастыра отырып, біліктілік дегеніміз – білімді қарапайым меңгеру ғана емес, сонымен қатар оны орынды қолдана білу деген сөз. Білімді орынды қолдану адамның аналитикалық және шығармашылық қабілеттерінің, сондай-ақ практикалық дағдыларының даму деңгейін көрсетеді [45].

А.С. Нисимчук бұған дейін, экономикалық мәдениет – қарапайым шаруашылық, экономикалық ойлаудың және Балалардың санасының дамуының экономикалық білім, дағды және шеберліктің деңгейінің сандық ғана емес, сапалық сипаттамасы деп түсіндіріп келді. Сонымен қатар, ғалым экономикалық мәдениет ұғымына оның адамның қоғамдық және еңбектегі белсенді-шығармашылық әрекетінің өмір сүру үрдісінде, іс-әрекет нормалары мен салт-дәстүрінде көрінуінің маңыздылығын баса айта отырып, қосымша енгізеді. Бұл қосымшаның маңыздылығы, біздің пікірімізше, автордың экономикалық тәрбиенің мақсатты, дамытушылық мәні – тұлғаның қоғамда табысты әрекет етуі үшін қажетті қасиеттерінің, сонымен қатар оның әртүрлі экономикалық жағдайларда табыс пен жетістіктерге қол жеткізу үшін шығармашылық тұрғыдан әрекет етуінің дағдысын қалыптастыру екенін баса айтады [46].

Н.С. Мурадова әлеуметтік-экономикалық біліктілік – әлеуметтік-экономикалық мәдениеттің ядросы бола тұрып, когнитивті, пәндік-практикалық, тұлғалық тәжірибелердің синтезі деп түсіндіреді. Оның ойынша, әлеуметтік-экономикалық біліктілік адамның бойында әлеуметтік-экономикалық білім, дағды, шеберлік және интегративті тұлғалық қасиеттер жүйесінің, құндылықтар мен құндылықтық бейімділіктің болуы дегенді білдіреді [47].

Экономикалық тәрбие мен дамудың нәтижелілігін анықтайтын маңызды фактор – экономикалық білім. Бұл жерде де біз бірқатар әрі әртүрлі көзқарастармен және пікірлермен қақтығысып отырмыз. Көпшілік мамандар оны экономикалық тәрбиемен немесе экономикалық білім берумен бір деп қарайды. Авторлардың бір тобы экономикалық білімді – экономикалық ойлау жүйесі дамыған тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптастыру мақсатында білім, дағды және шеберлікті игеруі деп түсінеді (В.Д. Попов, В.К. Розов) [48].

Басқа бір тобы оны “еңбек, табиғат, материалдық құндылықтар мен байлықтарға экономикалық қатынасы, экономикалық ойлауы қалыптасқан жұмысшылардың кәсіби-техникалық мәдениетінің маңызды бөлшегі” деп түсінеді. Басқа мамандар тобы бұл ұғымды білімнің мақсаты арқылы түсіндіруге тырысады. Экономикалық білімнің мақсаттарының жалпы білімнің мақсаттарына тәуелділігін атап өтеді. Бұл көзқарас Кинг және Шнайдер құрастырған “Бірінші ғаламдық революция” атты хабарламада Club of Rome-де қалыптасқан болатын. Бұлар білімді игеру, интеллектіліктің негізін құру, сынға деген қабілетті қалыптастыру, қажетсіз және ұнамсыз импульстармен күресу, өзін өзі тану, өзінің қабілеттері мен шекараларын анықтау, шығармашылық пен қиялды тудыру, қоғамда жауапкершілікті мойнына ала білу, басқалармен араласуға үйрену, адамдарға өзгерістерге бейімделуге көмектесу, ғаламдық аспектідегі әлемге дұрыс қарай білу, адамдарға қоғам үшін пайдалы нәрселерге үйрету дегенді білдіреді.

Осыған ұқсас пікірді біз голландық зерттеушілердің пікірлерінен де табамыз. Олардың арасында айырма мынада: алынған білімдер мен дағдылар адамға “Голландия, еуропа және бүкіл әлемде тұратын экономикалық және әлеуметтік ортаның басқа да қатысушыларымен өзара байланыс жасауына” көмектесуі керек. 

Американдық зерттеулерде экономикалық білім мақсаттарының түрлілігімен ерекшеленеді. “Экономикалық білімнің мақсаты – өзіміз өмір сүретін әлемді тануды жақсарту. Экономикалық әрекетті түсіну – адамның өзіне деген сенімділігін жоғарылатып, өзіне деген құрметті қалыптастырады. Демек, индивидуалды және қоғамдық құндылықтарды ескере отырып, шешім қабылдау кезінде интеллектуалды және эмоционалды кедергілер төмендейді”. Беверли Арменто мынадай пікір айтады: “экономикалық білімнің мақсаттарының бірі – экономикалық және онымен байланысты мәселелер туралы ойлаудың базасын құру”.

Маркли Робертстің пікірінше, экономикалық білімнің екі тірек мақсаттары мыналар:

    1. экономикалық білім адамдарға және ересек адамдарға өздерінің іс-әрекеттерімен тікелей байланысты ойлы, ақылды шешімдер қабылдауға көмектесуі керек;
    2. экономикалық білім экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларда ақылды шешім қабылдауға білікті, елінің жақсы азаматы болуына көмектесуі керек [49].

Джордж Ферш: “Мақсаттарды қалыптастыруда назарды мыналарға аударған жөн: экономикалық рөлдерге – тұтынушы, өндіруші, азамат, білім, дағды және іс-әрекет; құндылықтарға – қоғамдық және тұлғалық, ағымдық, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді проблемаларды шешу; білім мен мәліметтерді өңдеуге; дәстүрлер мен инновацияларға – жергілікті, аймақтық, ұлттық және халықаралық көзқарастардың сәйкестігі” [50].

Зерттеушілердің үшінші тобы экономикалық білім деп – балалар меңгеруі тиіс білім, дағды және шеберлікті нақты атап көрсетеді: экономикалық заңдылықтар мен категорияларды, еңбектің қоғамдағы рөлін, мемлекеттің экономикалық саясатын білу, экономикалық есеп дағдыларын игеру, экономикалық процестер мен құбылыстарды талдау, экономикалық әрекетті ұйымдастыра білу (А.Ф. Аменд, В.А. Мясникова, И.А. Сасова) [51].

Көптеген жұмыстарда экономикалық мәдениеттің мазмұны -  экономикалық саладағы білім, дағды және шеберлік арқылы анықталады. Оларды игеру “экономикалық білім” ұғымын айқындайды.

Біз, тұлғаның экономикалық мәдениеті адамның экономика саласындағы білімі, дағдысы және шеберліктерінің болуына байланысты деген пікірмен келісеміз. Алайда, жоғарыда атап өткеніміздей, ерекше әлеуметтік институт ретінде қоғамның экономикалық мәдениеті баланың табысты әлеуметтенуі және экономикалық мәдениетінің деңгейін көтеру үшін маңызды экономикалық қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Өз жұмысымызда “экономикалық білімді” анықтай отырып, біз  
А.Ф. Амендтің көзқарасына сүйендік. Өйткені, бұл пікір берілген дефиницияның жүйе ұйымдастырушылық мәніне баса назар аудара отырып, оны Балалардың экономикалық білім, дағды және шеберліктердің жүйесін игеруінің нәтижесі мен процесі деп түсіндіреді. Демек, экономикалық білімді адамның экономикалық мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы экономикалық тәрбие, білім беру және даму процестерін ұйымдастыру жүйесі ретінде түсіндіруге болады.

Осылайша, ғылыми әдебиеттерді талдау экономикалық мәдениеттің қоғамның жалпы мәдениетінде және әрбір жеке тұлғаның мәдениетіндегі өзіндік орнының маңызды екенін дәлелдеп көрсетті. Сонымен қатар, осы негізгі категорияларды қарастыруға арналған жұмыстарды талдау “экономикалық мәдениет” ұғымын айқындайды.

Экономикалық мәдениет дегеніміз – қарапайым шаруашылық, экономикалық ойлаудың және Балалардың санасының  дамуының экономикалық білім, тәрбие және экономикалық іс- әрекет деңгейінің сандық ғана емес, сапалық  сипаттамасын  айтамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ЕРЕСЕК ТОП БАЛАЛАРЫНЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ АЛҒАШҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  ӘДІСТЕМЕСІ

 

 

2.1. Ересек топ балаларының экономикалық тәрбиесі туралы түсініктің қазіргі жағдайы және әдістемесі

 

         Ойын - маңызды  іс. Егер біз ойынды тек көңіл  көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмысалуы керек, өйіткені ойын баланы дамытады. Ойын адам жолын ынтымақтығымен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындардың қай - қайсысы болсада баладан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, шеберлікті, т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді.

Қызығу - танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші. Баланың қызығуы жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие болады.

Танымды қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық әдебиеттерде оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі айтылады.

Біріншісі - оқытудың мазмұны мұндағы балаларды қызықтыратын мазмұнының берілу түрі, жаңалығы, ғылыммен техниканың соңғы табыстары тандандыратын тарихи деректер, білімінің ғылыми іс жүзінде қолданылуға бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы.

Екіншісі - балалардың таным әрекетін ұйымдастыру формаларын, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу, оларды қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды тудыру, ғылымның өмірмен, өндіріспен, техника және экологиямен байланысын ашып көрсету, балалардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді қалыптастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.

Үшінші - тәрбиеші мен бала, бала мен бала арасындағы қарым-қатынас сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Бала өзі ұнатпайтын тәрбиешінің пәніне ешқашан қызықпайды. Балалар өзара сыйласа алмайтын, тәртіп жиі бұзылатын сабақтардан тезірек құтылуға тырысады.

Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалар зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін қалыптастыру