Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:17, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде елдің әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде, білім беру жүйесінің күрделену кезеңінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім беруде шешуін табатын мәселелер әлі де болса жеткілікті. Тоқталар болсақ, ол балалардың психикалық дамуы мен жеке ерекшеліктерін, ішкі құбылысын анықтай отырып, тәрбие жұмысын балалардың нақты даму жағдайына бағыттау. Бала тәрбиесінің негізіне мектепке дейінгі кезеңнің ықпалы зор екені белгілі.
Кіріспе..................................................................................................................3
1. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы эономикалық түсінігін қалыптастырудың ғылыми негіздері..................................................................6
1.1 «Экономика», «Экономикалық тәрбие», «Ойын» ұғымдарының мәні ...............................................................................................................................6
1.2 Ересек топ балаларының алғашқы экономикалық түсінігін
қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері............................................19
2. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық тәрбиесін қалыптастырудың әдістемесі..............................................................................40
2.1 Ересек топ балаларының экономикалық тәрбиесі туралы түсініктің
қазіргі жағдайы және әдістемесі.........................................................................40
2.2 Тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері.......................................................60
Қорытынды............................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................63
Әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:
4. Ойынның жүру барысында тәрбиеш
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғұрлым сәйкес алынса, соғұрлым оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Адам уақытпен бірге адымдайды, уақытпен бірге өмір сүреді. Білім туралы заңда тәрбиешілер бас қосуларында сапалы білім, саналы азамат өсіру туралы талай пікірлер айтылады. Болашақ еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі балалар. Біз оларды қалай тәрбиелесек ертеңгі Қазақстан сол деңгейде болады. Сондыктан да тәрбиешіге жүктелер міндет жүгі өте ауыр. Шәкірттерінің ертеңін ойламаған ұстаз еліміздің болашағына жаны ауырмағаны. Ісіне берілген жаңалықты жатсынбай, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, оқушының жанына нұр құя білу ұстаз парызы деп ойлаймын. Көп оқушы ұстазына ұқсағысы келеді. Тәрбиеші бақыты мен қуанышы - оның шәкірттері білімді болып, ұстаз сенімін ақтай білуі. Мұндай белеске жету үшін тәрбиеші алаңдамай жұмыс істеуі керек. Тәрбиешініңнің беделі оның жеке басының, жан дүниесінің көркемділігіне, біліктілігіне байланысты.
Ағартушы Ы. Алтынсарин "Егер шәкірт бір нәрсені түсінбесе оған баланы кінәламау керек. Бұл жерде ұстаз кінәлі, сондықтан да ұстаз берер білімін жеткізе білгені жөн" деген ойды айтқан.
Тәрбиешілер мен балалардың ойын мен тәжірибе сабақтарына қызығушылығы балалар үшін әсерлі де тартымды ойын тәсілі болса,бала үшін бұл оқу үрдісін түрлендіру. Ойын түрінде өтетін сабақтар балаларды балабақшадан шыққаннан кейінгі өмірге дайындайды. Олар үшін тек қандай да бір жағдайда не істеу керектігін жаттап, есіне сақтаудан гөрі іс жүзінде көріп, өзін рөлге қойып, шешім қабылдау әлдеқайда қызық. Осындай ойын түрлері имитациялық деп аталады. Оқытудың имитациялық түрі арқылы оқушылардың білім сапасы мен белгілі бір пән немесе тақырып бойынша дайындығын білуге болады.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын - оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. "Ойын " ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдык тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс - әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
Әлі де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір - біріне деген сенімділігін арттырады.
Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, ролдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көре алады. Ал ақыл - ой ойындарында белгілі бір ережені сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де дамытады.
Ойын түрлері өте көп. Балабақшада пайдаланылатын: ойын - сабақ, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалык ойын есептер, ұлттық ойындар. Мұндай ойындар баланы жан - жақты дамытып, білімді толық игеруге көмектеседі.
Оқу үрдісінде кеңінен қоладынылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңызы балалардың ынта - ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап - баланың танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту. Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
А) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
Ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
Б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;
В) ойын барысында балаға жаңа білім, білік дағдылардың қайнар көзіне жеткізу;
Г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Ұлы Абайдың: «Ойын ойнап ән салмай өсер бала болама?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бала-бақша балаларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров.
Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж.Руссо мен И. Т. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт тәрбие және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы С. П. Шацкий, В. А. Сухомлинский, Н. К. Крупская өз пікірлерін білдірген.
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде Қазақстандық ғалым Н. Құлжановада зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік тәрбиелік мақсатқа пайдалану болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.
Балалардың негізгі әрекеті - оқу, қарым - қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу білім алу мен білік дағдысын қалыптастырса, қарым - қатынас бұл балалардың бірін-бірі дұрыс кабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын - пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек - қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңістік және көрнекі ойлауын жетілдіреді.
Ұлттық
психологияның өзіндік маңызы
бар және өте күрделі
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан - жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу- ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі балабақшадан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді,білікті болуына ойынның алатын орны ерекше.
Ойындарды мектепке дейінгі балаларының оку - іс-әрекеттеріде белгілі бір жүйемен пайдалану қажет. Ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс - әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. Ойындардың жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ойын сипатына, дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға, ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жасалады. Ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын - саяхаттар. Олар ертегіге ұқсас, фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді. Бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетеді, қарапайым жұмбақ арқылы, қимылдық - оңай жолмен, қажеттілер - қызық жолмен беріледі.
2.Ойын - тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар кұрайды. Ойын міндеттер мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
3.Ойын - болжамдар. Бұл ойындар, Не «болар еді...?», «Мен не істеп едім, егер...?» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда қалыптастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.
4. Ойын - жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі
логикалық
астары болуында, олар баланың
есі әрекетін белсендіреді.
Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау
арқылы ұғымның қасиеттерін
ажыратуға тәрбиелейді,
бала қиялының
дамуына әсер етеді.
Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, ұйымдастырушылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ойын түрлері оқушылардың қимыл- қозғалысқа деген икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей - тегжейлі білуді баланың шамасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз піспек емес, жан - жақты дамымақ емес. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары жандандыра түседі.
Ойын
Ойынның нәтижесінде:
Ата-аналармен жүргізілген эксперимент барысында отбасында ересек топ балаларының деңгейін анықтау мақсатында сауалнама және әңгімелесу жүргізілді. Сауалнама 10 сұрақтан құрылып, оның бір бөлігі отбасында 5-10 жасқа дейінгі балаларын еңбекке араластыру мазмұнын, өзінің тәжірибесін үйретуі, оның нәтижесі және баланың еңбектегі субъекті ретінде көрінуін анықтау мақсат етілді. Көптеген ата-аналардың аталған еңбекке тәрбиелеу мәселесі туралы нақты түсініктері жеткіліксіз, әсіресе қаладағы ата-аналар еңбек тәрбиесіне мән бермейді. Олардың көпшілігі балаларының интеллектуалдық дамуы, математика, ағылшын тілі, би қызықтырады. Балаларын еңбекке тәрбиелеуге байланысты отбасы өміріне, әлеуметтік, экономикалық жағдайына аз араластырады. Дегенмен, қазіргі отбасындағы еңбекке тәрбиелеу тәжірибелерін үйрету және балаларының тәжірибесін кеңейту керектігін ойлайтындарда «өміріңе керек», «көк бармақ болма», «ақ саусақ болма» деп ескертіп отыратындар да бар. Әсіресе, ауыл балаларында үй шаруашылығына араластыру ерте басталады. Ондай балалар қаланың ересегі білмейтінді біледі. Көптеген отбасында қол еңбегіне арналған құрал-саймандар бар, бірақ баланың оны қолдануына мүмкіндік берілмейді. Инемен тігуге, бұрғышпен (отверка) бұрандауға жағдай жасамайды. Отбасында балаларды еңбекке баулуда ата-аналардың өзінің қолынан келмесе, онда баланы тәрбиелеу қиынға соғады. Сонымен зерттеу әдістерінің нәтижесінде мынандай сандық мәліметтер алдық. Балаларының еңбекке қызығушылықтарын қолдайтындар 52% отбасы, олардың қызығушылығын белсенді қолдамаса да мадақтап көтермелеп отыратындар 24%, еңбек тәрбиесіне және балалардың қызығуына индифференттік қатынас білдіргендер 24 % көрсетті. Ата-ана арасындағы еңбек міндеттерін бөлу консервативтік көзқарастағылар 36 %, оның ішінде 31 % ауыл отбасы, 41% қаладағы отбасылар.
Отбасында балаларынің еңбек іс-әрекетін ұйымдастыру өздерінің кәсіби әрекеттеріне қатынасты жүргізеді. Ата-аналар балаларына отбасындағы өздерінің міндеттерімен, кәсібімен таныстырады. Сол сияқты отбасындағы қаржының жұмсалуы, оны табудың қиындығы, ата-аналарының еңбекпен табатынғын нәтижесін түсінуі қажет дейтін ата-аналар 68% болды. Үй шаруашылығына ұзақ жөндеуге қажетті құрал-сайманды 93% отбасы ұстайды және оны күнделікті өмірінде пайдаланады. Осындай отбасында еңбек құралдарымен танысуы сәбилік кезеңнен басталады, себебі бала бір жарым жастан затпен әрекет жасай және оның қызметін зерттей бастайды.
Отбасындағы еңбек тәрбиесінде балалардың әрекетіне еркіндік беру және оның еңбек тәртібіне, мінез-құлқына бақылау жасалуы тиіс. 3-10 жасқа дейін бала құралдардың неге арналғанын, жұмыс орына қою, құралдарды қолдану ережесін білуі қажет. Біздің бақылауда отбасының 28 % құралдарын баланың қолы жететін жерге сақтайды және баланы зақым алудан сақтандырады. Баланың құралды қолдана алмауы, оның қызметін түсінбеуі, қолдана алмауы денсаулығына қауіпті. Отбасының 36% құралдарды баланың қол жетпейтін жерге қояды және қолдануға рұқсат етпейді. Кейде өздері болған жағдайда қолайлы жерге қояды, өздерінің бақылауымен ғана пайдалануға рұқсат етеді. Баланың құралдармен әрекет жасауына тиым салу, оның шығармашалық әрекетіне, жасампаздығына және белсенділігіне, дербестігіне кедергі болады деп тұжырымдаймыз.
Ересек топ балаларының ата-аналарынан алған сауалнамалар нәтижесі және олармен жүргізілген сұхбаттардан өздерінің отбасындағы еңбек тәжірибелерін және өмірлік тәжірибелерін балаларға бірге жұмыс істеу барысында үйрететінін, балаларына «мен тәрізді істе», «маған ұқса» деп насихатпен өз әрекеттерін қайталауды ұсынып, бірақ «балаларымыз қайдан шығып жатыр» оны түсінбейді деп реніштерін білдіріп, кейбір ата-аналар «жұмыстан шаршап келемін, оған шамамыз да келмейді» деген ойларынан еңбектің мәнін түсіндірмейтіні белгілі болды. Ата-аналардың 21%-ы ғана балаларына дәл осы әрекет тәсілін не үшін таңдау керек екенін және бұл әрекет тәсілінің соңғы нәтижеге әсерін тигізетінін үнемі түсіндіреді. 34 %-ы ғана балаларға әрекеттердің орындалу тәртібімен қоса олардың заңдылығын түсіндіретінін, мысалы, жапсырма жұмыстарын орындау кезінде – қағаздарды түсі бойынша таңдау қағидасын, бөлшектердің композицияда орналасуын, бөлікке желімді жағу ережелерін ерінбей түсіндіреді. Бірақ ата-аналар балалардан өздерінің қимылдарын дәлме-дәл қайталауын талап ететінін және мұны былайша түсіндіреді: «бала әлі кішкентай», «ол ересек адамның көмегінсіз және көрсетуінсіз еңбек ете алмайды», «егер бала ересек адамның көмегінсіз немесе айтуынсыз бірдеңе істеп қойса, бұл міндетті түрде қателікке немесе сәтсіздікке ұшыратады»; бұл баланың әрекет ету кезінде өздігімен жұмыс істеп, дербестігін көрсету табиғи талпынысы мен ниетіне қайшы келеді және шығармашылық еңбек тәжірибесінің қалыптасуына жағымсыз әсерін тигізеді.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін қалыптастыру