Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:17, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде елдің әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде, білім беру жүйесінің күрделену кезеңінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім беруде шешуін табатын мәселелер әлі де болса жеткілікті. Тоқталар болсақ, ол балалардың психикалық дамуы мен жеке ерекшеліктерін, ішкі құбылысын анықтай отырып, тәрбие жұмысын балалардың нақты даму жағдайына бағыттау. Бала тәрбиесінің негізіне мектепке дейінгі кезеңнің ықпалы зор екені белгілі.
Кіріспе..................................................................................................................3
1. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы эономикалық түсінігін қалыптастырудың ғылыми негіздері..................................................................6
1.1 «Экономика», «Экономикалық тәрбие», «Ойын» ұғымдарының мәні ...............................................................................................................................6
1.2 Ересек топ балаларының алғашқы экономикалық түсінігін
қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері............................................19
2. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық тәрбиесін қалыптастырудың әдістемесі..............................................................................40
2.1 Ересек топ балаларының экономикалық тәрбиесі туралы түсініктің
қазіргі жағдайы және әдістемесі.........................................................................40
2.2 Тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері.......................................................60
Қорытынды............................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................63
Біздің зерттеуіміздің мәліметтері бойынша бірінші сынып балаларының 60 %-ы еңбек міндеттерін отбасында орындайды және де ауылда тұратын кіші мектеп жасындағы балалардың тұрақты міндеттері басым 75%, қала балаларында негізінен бір реттік тапсырмалар 58%. Бұлардың бәрі негізінен өзіне-өзі қызмет көрсету және тұрмыстық еңбекпен байланысты. Бірақ ауылдағы ересек топтағы балалар ата-анасына ауыл-шаруашылық еңбегінде – үй жануарларын күтуде, өсімдік өсіруде, піскен көкөністерді жинап және оны өңдеуде белсенділік көрсетті. Ауылдағы балалардың түрлі мамандықтар жайлы түсініктері шамалы болғанмен, негізінен ауылшаруашылығында жұмыс істейтін өз ата-аналарының кәсіби еңбегі жөнінде түсініктері мол.
Сонымен қатар сұралған ата-аналардың 76 %-ы адам үшін еңбектің маңыздылығы туралы жиі айтатыны және әрекеттерді орындау алдында олардың орындалу ретінің дұрыстығы жөнінде ойлануды, тапсырылған жұмысты аяғына дейін жеткізуді ұмытпау керектігі жөнінде әрдайым еске салады. Бұл, әрине, балалардың еңбекке деген дұрыс қатынасының қалыптасуы үшін өте қажетті фактор екендігін түсінеді. Мәселен, мектепалды балаларының 34%-ы өздерінің ересектерге құлшына көмектесетінін айтса, 28%-ы еңбек тапсырмаларын ересектер мәжбүрлі түрде орындатқанын, 48%-ы олардың еңбек етуге ұмтылысы отбасының ересек адамдармен бірлесіп жұмыс істейтіндігімен байланысты екендігі байқалды. Ересек топ балаларының еңбек әрекетінің түрткілері ересектерге көмек көрсетуден қуаныш пен қанағат алатындығы 26%-ы, өздерін ересектерше көрсету мүмкіндігі 22%-ы, жақсы еңбек нәтижесінен қанағат алу 19%-ы, өз қолымен істегеннен қанағат алу 17%-ы, және балалардың тек 6%-ы үйдегі өз міндеттерін материалдық сыйлық алу үшін орындайды. Еңбектегі жаңа бір нәрсені білу үшін орындайтын балалар 10%-ды көрсетті. Сонымен ересек топ балаларының отбасымен жүргізілген эксперимент нәтижесінен ата-аналардың балаларының еңбек іс-әрекеті туралы педагогикалық білімдерінің жеткіліксіз екендігін білдік. Ата-аналар еңбектегі және өмірдегі жинақтаған тәжірибелеріне қарай балаларын еңбекке баулуды мақсат етеді, бірақ баланың жеке дара және жас ерекшелігі ескерілмей ұйымдастырғандық бала үшін тартымсыз әрекетке айналағандығын көреміз. Осындай кемшіліктерді ескере отырып, ата-аналарға зерттеу нәтижесінен алынған тұжырымдамамызбен таныстырып, отбасы жағдайында еңбек іс-әрекетін ұйымдастырудың мазмұны, формасы, әдіс-тәсілдерімен арнаулы семинарлар өткізіп, жиналыстарда баяндамалар оқылып және жеке топтық түрдегі кеңестер берілді. Бұдан басқа кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетіндегі жобалау әрекетіне араластырылу ескертіліп, оның әдістемесі тыңғылықты түсіндірілді. «Үш таған», яғни ата-ана, бала, педагог серіктестігі құрылды.
Анықтау экспериментінің нәтижесінде балалардың адам құқықтары туралы түсінігін қалыптастырудың қажеттілігі дәлелденді. Жұмысымыздың теориялық сараптамасына және анықтаушы эксперимент нәтижелеріне сүйене отырып, біз зерттеу мақсатымызды жүзеге асыруға бағытталған, өңделген жүйені балабақшаның оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді жоспарлайтын, бірнеше кезеңнен тұратын қалыптастыру экспериментін ұйымдастырамыз.
Қазіргі таңда балаларға сапалы білім мен сапалы тәрбие беру өте маңызды мәселе болып отыр. Қоғамда жүргізіліп жатқан тәрбиеге қойылатын талаптар күннен – күнге өсіп отыр. Балаларға тәрбие берудің формалары мен түрлері сан – салалы болып отыр.
Тәрбиешілердің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол баланың жан-жақты нәтижелі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен үш бағытта жүзеге асады.
Тәрбиешілер өзінің негізгі қызметін жүзеге асыруда ұйымдастырылу формасын таңдайды. Олар ең алдымен балалардың әртүрлі әрекеттерін ұйымдастыруымен байланысты болып келеді. Яғни, тәрбие жұмысының формасын әрекеттің түрлері арқылы бөліп қарастыруға болады.
Тәрбиені ұйымдастыру формалары - тәрбие процесінен кең түсінік беретін өте кең мағынадағы көрініс.Тәрбие процесіне қатысатын балалар мен оқытушылар арасындағы тығыз байланысты көрсетететін көрініс.
Педагогикалық әдебиеттерде экономикалық тәрбие беру процесі оны ұйымдастыру жайлы көптеген көріністер берілген. Бүкіл сынып балалары қатысатын бұл процесс кең ауқымды шығармашылық жұмыстан көрініс береді.Осындай көріністерді есепке ала отырып келесідей формаларды ашып көрсете аламыз:
1.Фронталды немесе көпшілік жұмыс:
2.Топтық немесе үйірмелік
3.Жеке жұмыс
Жұмыстың бұндай формалары осы процеске қатысушы екі жақтың яғни бала мен оқытушы арасындағы байланыстан шығатын көрініс.
Балаларға экономикалық тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстар түрі сан алуан – бұлар экономикалық білім бойынша жүргізілетін үйірмелер, клубтық бірлестіктер және сыныптан тыс қызметтің басқа да түрлері.
Балалармен жұмыс жүргізудің белгілі бір белгіленіп қойылған түрі жоқ, олар әр алуан болып келеді. Балабақша ұжымы бұл мақсатта балаларға қызық, яғни баланың қызығушылығын оятатын жұмыстың көптеген түрлерін ұсына алады.Әрине олар өз нәтижесін де беруі қажет. Бала бұл процеске өз бетімен араласуы тиіс. Ол өзін қызықтыратын сауалдардың барлығына жауап ала білуі тиіс. Тәрбиешінің мақсаты баланың осы білім бойынша барлық қызығатын сұрағына жауап тауып беру. Бұл процесте екі жақ қатысуы тиіс. Жоғарыда атап өткеніміздей әрине бұл – бала мен тәрбиеші.
Балаларды экономикалық білім негіздеріне оқытудағы негізгі мақсаттар:
Балаларға экономикалық білім беруде жетістікке жету үшін балаларға білім беру барысында белгілі бір нақты әдісті ұстану қажет.
Әдіс – (грек «metodos»тілінен алынған) жол деген ұғымды береді. Тәрбие әдістері педагог ұжымы мен тәрбиеленушілердің алдына қойған мақсатының бір жерден шығуын көрсетеді. Мұғалім таңдаған әрбір әдіс алға қойылған мақсатқа жеткізетін құрал болып табылады. Тәрбие жиынтығы мен әдістің бір мақсатқа бағыттылғаны үлкен жетістіктерге жеткізеді. Олардың мазмұны бір - бірімен тығыз байланысты.
Соңғы кездерде тәрбие әдістерін жіктеу саласында көптеген педагог – ғалымдар еңбектеніп жүр. Оқытушы – ғалым Подласый мен Харламовтың берген жіктеуіне көз жіберсек ол былай болып келеді екен:
Әдістің бірінші тобы – балалардың экономикалық білімге деген құштарлығының қызығушылығын көрсетеді.
Екінші топ –экономикалық білім жайлы қоғамдық пікірдің қалыптасуына көңіл бөледі. Себебі белгілі бір мақсатқа тек қоғамның белсене араласуымен ғана қол жеткізуге болады деп есептейді.Тұлғаның белгілі бір мақсатпен алға жылжуы қоғам арқылы жүзеге асып отырады екен. Қоғам мен адам арасындағы тығыз байланыс осыны көрсетіп отыр. Адамның еңбегі мен оның қол жеткізген жетістігі ғана қоғамды белгілі бір дәрежеге жеткізеді. Алайда жеке адам да қоғамсыз ешқанай жетістікке қол жеткізе алмайды.
Үшінші топ – тәрбиеленушілер мен тәбиешілерді бір мақсат алға жетелейді, ол мақсат –белгілі бір функциялар. Бұл функциялар – реттеу, тұрақтандыру. Себебі бұл топтың өкілдері балалардың бойында реттеуші, тұрақтандырушы немесе жоюшы қасиеттер болуы қажет деп есептейді екен.
Төртінші топтың әдістеріне бақылау, өзін - өзі бақылау қасиеттері жатады екен.
Экономикалық ойындар балалардың санасын оятып, олардың осындай жаңашыл үрдістерге деген қызығушылығын оятады. Іскерлік ойындар барысында баланың ой - өрісі өсіп, экономикалық іс – тәжірибелер жайында көптеген жаңалықтарды біліп отырады.Қазіргі таңда нарықтық экономика жағдайында күнде бір жаңалық болып тұрады.
Экономикалық білім берудің негізгі мақсаты – балаларға экономикалық негіздер мен қазіргі шаруашылықты жүргізудің еңбектің экономикалық ұйымдастырылу механизмдерінің бірлігін, оның дамуының басты бағыттары: еңбектің экологиялық, құқықтық, экономикалық аспектілермен таныстыру; экономикалық үрдістерді бағдарлауда білік пен дағдының қалыптасуына жағдай жасау деп нақтылай түсуге болады.
Барлық қоғам дамуындағыдай нарық қатынасы жағдайында да білім беру мазмұны қоғам талабына сай құрылуы керек. Ал қазіргі қоғам талабы – балаларды экономикалық білім негіздерімен таныстыра отырып , олардың экономикалық ойлау қабілеттерін дамытып , нарықтық қатынас жағдайында өмір сүріп, еңбек етуге бейімдеу.
Қимылды ойын: ҚУЫРМАШ
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
Ойын шарты: Бұл ойында көбіне балаларды үлкендер ойнатады, тәрбиелік мәні күшті ойын. Балалардың қолын саусақтарының ұшынан ұстап тұрып, алақан қазан қып жалғыз саусағымен қуыра бастайды.
-Қуыр, қуыр, қуырмаш
-Балапанға бидай шаш
Сонан соң ойнатып тұрған балалардың бір-бірден саусақтарын бүгеді.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек
-Балалар ойынды қызыға
-Балалар ойын ұнады ма?
-Осы ойын арқылы не
-Не білді:Қызықты ойын
Қимылды ойын: КӨЖЕКТЕР МЕН ТҮЛКІ
Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа қушылыққа баулу.
Ойын шарты:Бір бала түлкі болып сайланады. Қалған балалар көжек бетпердесін киіп, дөңгеленіп отырады.
Ойын жүргізіушісі: Көжектерім тұршы
Беттеріңді жушы
Ну орманға барайық
Тамақтанып алайық.
Қаш: Жалаңдаған қу түлкі
Келіп қалыпты орманға
Көжектерің қайда деп.
Қуып келді соңынан
Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөңелді, түлкі қуады.
Қимылды ойын: АЮ
Ойын мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.
Ойын шарты: Бір бала аю болып сайланады, қалған балалар қоян болады. Қояндар орманда ойнап жүріп ұйықтап жатқан аюды оятып жібереді. Аю ашуланып қуа жөнеледі. Ойын 2-3рет қайталанып, аю жаңадан сайланып отырады.
Қимылды ойын: АҚ ҚОЯН
Ойын шарты:Балалар
-Қояным, қояным ұйқыңнан тұршы
Бет-қолыңды жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Мәсіңді киші,
Көлегіңді киші,
Енді бізді қушы-деп балалар қаша жөнеледі.
Қимылды ойын: ДОП
Мақсаты: Балаларды ұжымшылдыққа, адамгершілікке баулу.
Ойын шарты: Балалар қатарға тұрады екі команда болып межеге допты қай команда бірінші апарады сол топ бірінші орынға, марапатқа ие болады. Ал ұтылған топ таппақ не өлең айтып өз өнерін көрсетеді.
Тақырыбы: Ағаштарға қамқорлық
Мақсаты: Табиғаттағы тіршілік, көктемгі ағаштар туралы білімдерін кеңейту. Балалардың байланыстырып сөйлеуін, тілін сөздік қорын молайту. Табиғаттың әсемділігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін қалыптастыру