Мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:17, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде елдің әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде, білім беру жүйесінің күрделену кезеңінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім беруде шешуін табатын мәселелер әлі де болса жеткілікті. Тоқталар болсақ, ол балалардың психикалық дамуы мен жеке ерекшеліктерін, ішкі құбылысын анықтай отырып, тәрбие жұмысын балалардың нақты даму жағдайына бағыттау. Бала тәрбиесінің негізіне мектепке дейінгі кезеңнің ықпалы зор екені белгілі.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3
1. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы эономикалық түсінігін қалыптастырудың ғылыми негіздері..................................................................6
1.1 «Экономика», «Экономикалық тәрбие», «Ойын» ұғымдарының мәні ...............................................................................................................................6
1.2 Ересек топ балаларының алғашқы экономикалық түсінігін
қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері............................................19
2. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық тәрбиесін қалыптастырудың әдістемесі..............................................................................40
2.1 Ересек топ балаларының экономикалық тәрбиесі туралы түсініктің
қазіргі жағдайы және әдістемесі.........................................................................40
2.2 Тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері.......................................................60
Қорытынды............................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................63

Файлы: 1 файл

мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін калыптастыру.doc

— 1.02 Мб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 


 

 

 

 


 

 

 

 


 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.  

           Ойынның негізгі  функциялары. Оқу процесінде  ойын  технологиясын  қолдану тәрбиешінің  педагогикалық ойын    функциясын   түсінуге    байланысты. Ойынның   функциясы    оның  жан  -  жақты  пайдалылығы. Әр ойынның   пайдалылығы әртүрлі. Педагогикалық феномин  түрінде  ойынның  ең маңызды функцияларын  анықтайық.

          Ойынның әлеуметтік- мәдени  функциялары. Ойын-баланың  жеке тұлға    болып  қалыптасуына, оқуды  меңгеруіне,  қоғамға қажетті  ізгілік нормаларын жетілдіруге,  сонымен қатар  кез-келген  кезде адамның  адам  болуына   жол   ашатын    өте мықты құрал. Ойынның әлеуметтік – мәдени  маңызы – адамның  мәдени  байлығы, тәрбие деңгейі   және   тұлға  болып  қалыптасуының  синтезі  бола келе, баланың   толық  қанды   ұжым  мүшесі  болуына  жол  ашады.

 Ұлтаралық  қатынас  функциялары. И.Кант  адамзатты жан-  жақты (коммуникабельді)  деп есептеген. Ойындар  ұлттық  және сонымен  бірге  интернационалдық, үлтаралық,  жалпы  адамдық  болып келеді. Ойындар  әр қилы  өмір  жағдайын  модульдеуге  жағдай   жасайды, қиын, қарама-қайшылықтан   тыныш  шығуға   үйретеді,  өмірдің  әр  жағдайын   қабылдауда  әр  түрлі  эмоцияларды  қалыптастырады.

Адамның   ойын  кезінде   өзін-өзі  көрсету  функциясы.   Бұл  ойынның   ең  негізгі  функцияларының  бірі.  Адам  өзінің  жеке   тұлға   екенін   ойын  арқылы   еркін  көрсете  алады. Сондықтан   оған  ойынның нәтижесі , сайысы,  мақсатқа  жетуі емес, ойын  процесінің  өзінің  маңызы  зор. Ойын  прцесі  - адамның  өзін  - өзі  көрсету  кеңістігі.  Адамның  проблемасын  ашу  үшін  және   оны  жоюды  модельдеу  үшін  ойын  жағдайын  жасау тәжірибеге  айналған .

Коммуникативтік  ойын. Ойын-  ойын  ережелеріне  байланысты   нақты  болғанымен,  ол  коммуникативті  іс-  әрекет.  Ол баланы  нағыз  қиын  адамдық  қарым- қатынас  котекстке.  Кез  келген  ойын  бірлестігі - әрбір  ойыншы үшін   ұжым  және  көптеген  коммуникативті  байланысы  бар коммуникативті  бастама. Егер  ойын  адамдар  байланысының  формасы  болса,  онда  өзара  байланыссыз, қарым  қатынассыз,  түсініксіз  ешқандай  ойын  болуы  мүмкін  емес.

Ойынның  диагностикалық  функциясы. Диогностика-  тану,  білу  мүмкіншілігі, басқаша  айтқагда  диагноз  қоф процесі.  Ойынның   болжамдық  қасиеті  бар;  ол адамның  басқа іс-әрекетіне  қарағанда  диагностикалық  қабілеті  мол, өйткені,  біріншіден, индивид  өзін  ойын  кезінде  толық  көрсетеді (ақыл-ойы,  шығармашылығы); екіншіден,  ойын  өзінше  бір  «өзін-өзі  көрсету  алаңы».

Ойынның  терапиялық  функциясы.  Ойын   адам  өміріндегі   қиыншылықты  жеңуге,  қоршаған  оттамен  байланысты  жақсартуға,  оқуды  меңгеруге  қолданылады. Д.Б.Эльконин  ойынның  терапиялық  маңызын   бағалай  отырып,  бала  рольдік  ойын  кезінде   ойын  терапиясының  эффектісін (нәтижесін)  жақсыц  сезінетінін  айтқан.

Ойынның  коррекциялық  функциясы. Егер  ойын  кезінде  әрбір   қатысушы  өзінің  ролімен   әріптестерінің   ролін,  ойын  ережесімен  сюжетін  жақсы  ьілсе,  егер  ойынның  процесімен   мақсаты  оларды  біріктірсе,    ойынның  психологиялық    коррекциясы  жеңіл  жүреді. Коррекциялық  ойындар  тәртібін  бұзушы   балаға  көп  көмегін  көрсетеді,  оны  әр  нәрсені    дұрыс    түсінуіне  , өзінің  құбылыстарымен  еркін  араласуына  мүмкіндік  туғызады,

Ойынның  ермектік  функциясы.  Ермек – ол  әр  нәрсеге,  әр   түрлі  құбылыстарға  қызығушылық. Ойынның  ермектік  функциясы  белгілі  бір  комфорт  туғызумен ,  жайдары  атмосферемен   байланысты,  ол жеке  тұлғаның   іш  дүниесінің  бір  болуына,  өзін  өзі  сезінуіне   жағдай  жасайтын  функция . Ойын ермегі-ізденіс.  Ойын қиялға  ерік  беретін  сиқыры  бар  құбылыс.

      Адам әрекетінің  еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің  бірі – бұл ойын. Ойын –  бұл жағдаят жағдайында қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез құлқын өзі басқаруы жетіліп, қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын К.Ушинский, П.Блонский, С.Рубинштейн, Д.Эльконин, шетелде З.Фрейд, Ж.Пиаже және т.б.жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы, тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі билеуіндегі, әлеуметтену үрдісінде – адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп, негізделген.

Тұлғаның әрекеті ретінде ойын құрылымына келесі:

  • Мақсаткерлік;
  • Жоспарлау;
  • Мақсатты іске асыру;
  • Тұлға өзін субъект ретінде толық көрсететін нәтижелерді талдау сияқты кезеңдер жатады.

Ойын әрекетінің түрткісі оның еріктілігімен, таңдау мүмкіндігі, жарыс элементтері болуымен қамтамасыз етіледі.

Үрдіс ретінде ойын құрылымына:

  • Ойнаушының өзіне таңдаған рөлдері;
  • Сол рөлдерді іске асыру құралы ретіндегі ойын элементтері;
  • Нәрселердің ойындық қолданылуы, яғни шынайы нәрселердің шартты түрде ойын түріне ауыстырылуы;
  • Ойнаушылар арасындағы шынайы қарым-қатынастар;
  • Сюжет (мазмұн) – ойын барысында шартты түрде алынатын шындық саласы.

С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:

  • Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың;

            тілегімен ғана қабылданатын, еркін  дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық);

  • Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді

сипаты («шығармашылық аясы»).

  • әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»).
  • Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа  ережелердің болуы.

Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

  • Әлеуметтендіру қызметі.

Өйткені, ойын – баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.

  • Ұлтаралық қатынас құралы қызметі.

Себебі, ойын – балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын - әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтықта.

  • Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.
  • Ойынның қатысымдық қызметін – балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.
  • Ойынның диагностикалық қызметі педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын – баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.
  • Ойынның емдік қызметі – баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д.Б.Эльконин аса жоғары бағалайды.
  • Ойынның түзеу қызметі деп – баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу  түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.
  • Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі.

     Сонымен бірге, ойын – баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын,  қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық-кеңістігі.

     Педагогикалық ойындардың ойыннан негізгі  айырмашылығы – дәл айқын қойылған оқыту мақсатына және оған сәйкес педагогикалық нәтижемен негізделуінде және оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын мәнді белгілерге ие болуында.

Педагогикалық ойындар:

Мақсатына қарай;

Ұйымдастырылу құрылымына қарай;

Олардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сай пайдалануына қарай;

           Мазмұнының  өзіндік ерекшелігіне қарай жеткілікті  дәрежеде алуан түрлі болып  келеді. Әсіресе, ойынды қолдану  халықтық педагогикада, мектепке  дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен тараған. Соңғы жылдарға дейін оқыту үрдісінде ойынды қолдану аса кең таралмады. Қазіргі мектептерде, ересектерді оқыту барысында, мектептен тыс тәрбиелік шараларда ойынды тұлғаның белсенділігін көтеру мақсатында қолдану орнығып келеді. Оқу үрдісінде ойын технологиясын қолдану орнын анықтау, ойын элементтерін кіріктірудің оңтайлығы мен тиімділігі оқытушының педагогикалық ойындар қызметі мен классификасын түсінумен, қолдану шеберлігімен тығыз байланысты.

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.

Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.

Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.

Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың  ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті  өндірудің негізгі жолы екені айқын.

Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр.   

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осыдан келіп ойын туралы мынандай  т ұ ж ы р ы м   ж а с а л а д ы :

а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді  т ә р б и е л е й д і.

ә) е р і  к   ж ә н е  м і н е з  қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны  жетілдіреді.

б) ұ ж ы м д ы қ   с е з і м  әрекеттері өсе түседі.

в) э с т е т и к а л ы қ   т ә р б и е    б е р у -  өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.

г) е ң б е к    т ә р б и е с і н   б е р у  мақсаттарын шешуге мүмкіндік  береді. 

д)  д е н е   к ү ш і н і ң   ж е т і л у і н е   к ө м е к т е с е д і - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін қалыптастыру