Мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:17, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде елдің әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде, білім беру жүйесінің күрделену кезеңінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім беруде шешуін табатын мәселелер әлі де болса жеткілікті. Тоқталар болсақ, ол балалардың психикалық дамуы мен жеке ерекшеліктерін, ішкі құбылысын анықтай отырып, тәрбие жұмысын балалардың нақты даму жағдайына бағыттау. Бала тәрбиесінің негізіне мектепке дейінгі кезеңнің ықпалы зор екені белгілі.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3
1. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы эономикалық түсінігін қалыптастырудың ғылыми негіздері..................................................................6
1.1 «Экономика», «Экономикалық тәрбие», «Ойын» ұғымдарының мәні ...............................................................................................................................6
1.2 Ересек топ балаларының алғашқы экономикалық түсінігін
қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері............................................19
2. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық тәрбиесін қалыптастырудың әдістемесі..............................................................................40
2.1 Ересек топ балаларының экономикалық тәрбиесі туралы түсініктің
қазіргі жағдайы және әдістемесі.........................................................................40
2.2 Тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері.......................................................60
Қорытынды............................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................63

Файлы: 1 файл

мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін калыптастыру.doc

— 1.02 Мб (Скачать файл)

Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.

Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.

Ойынның қиыншылығы оның түрлерінің көптігінен, қатысушылар санынан, ойын өткізу алгоритмінен туындап отыр. Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым сылдырмақтардан басталып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық шындық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі кезінде сыныптағы топтардың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі. Ойын мақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы, оқушылардың жеке мінез-құлқы қалыптасады. Ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап бизнеске, мәдениетке, қоғамтануға және басқарудың барлық салаларына сәйкес мамандар даярлауға қатысты бағдарламаларды меңгеруге көмектеседі.

Ойыншылар, мұғалімдер қосымша материалдар, оқулықтар, көрнекі құралдар, компьютерлік технологияларды енгізе отырып, мәдени салт-дәстүрді жинақтайды.

Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде.

Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.

Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез әрі қызығып орындайтын болады.

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы артады.

Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р.М. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленколардың айтуынша балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал педагогтың міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. 

 

1.2 Ересек топ балаларының алғашқы экономикалық түсінігін қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері

 

5 – 6 жастағы ересек топ балаларының  бойында қалыптасуға тиісті дағдылар:

1.  Қоғамдық өмірге бейімделіп, үйінен алыс болғанда өздерін еркін ұстай алуы;

2. Өз бетімен киіну, шешіну, аяқ киімін кию, киіміндегі түймелерді салу, өз – өзіне қызмет ету;

3. Зерттеушілік, тәжірибе жасау әрекеті арқылы үлкендерге сұрақтар қою;

4. Ойында қоршаған ортадан көргендерін ғана емес, оқылған шығарма мен естігендерін бейнелеу;

5. Өзінің қобалжулары мен өзге адамдардың эмоционалдық қалпын түсіну арқылы әрекет ету;

6. Балалардың ұсақ моторикасы  дамуының нәтижесі ретіндегі жазу дағдысы;

7. Мектепке даярлығына кепіл болатын – ұзақ уақыт бір орында отырып, тыңдай алу дағдысы

Сонымен қатар ересек топ балаларының әлеуметтік өмірге қажетті дағдыларын  арттыру мақсатында түрлі ойындарды ойнату, ермексазбен жұмыс жасату, сурет салдыру, қайшымен қию, жапсыру жұмыстарын жүргізу, қарапайым еңбек әрекетіне араластыру аса маңызды болып келеді. Кітап оқып беру де баланың тілін, ақыл – ойын, назарын, есте сақтауын дамытуда ерекше орын алады.

Дағдылардың қалыптасуы – мақсатқа бағытталған, әрекеттерді қайталауға бағытталған  арнайы ұйымдастырылған  жаттығуларды орындау жолымен жүзеге асады. Жаттығулардың көмегімен әрекет тәсілі нақтыланып, дағдының қалыптасуына алып келеді.  Дағдының болуының көрсеткіші – адамның әрекетті орындауда оны жүзеге асырудын жолын алдын ала ойластырмай, бірден кірісіп кетуімен  көрінеді. Дағдының қалыптасуының негізінде әрекет тез әрі нақты орындалады, және жаңа білім, білік, дағдының меңгерілуі мен дамуына әсер етеді. Дағды әр түрлі дәрежедегі жалпылаумен — олардың әр түрлі жағдаяттарды қамтумен, икемділікпен, тез жүзеге асырылуға даярлықпен сипатталады. Дағды деңгейіндегі әрекеттер оның кейбір реттеу компоненттерінің көрінбеуімен (болмауымен) ерекшеленеді. Осылайша, мысалы, жазу дағдысында оны қалай орындау жөнінде ойлаудың қажеттілігі болмайды. Сондықтан көптеген үйреншікті әрекеттер адаммен автоматизацияланады да, адамның саналы іс-әрекетіне күш түсірмейді. Оны басқа едәуір күрделі міндеттерді орындауға бағыттайды.[2] Балалардың бойында белгілі дағдылардың қалыптасуы оның әлеуметтік өмірге бейімделуі мен әлеуметтік іс – әрекетті тиісінше дұрыс орындай алуына мүмкіндік береді. Бұл ересек топ балаларының әлеуметтік дағдысы дегеніміз - әлеуметтік мақсаттарына жету мақсатымен басқа адамдармен тиісті байланыс орната білу қабілеті. Түсінікті сөйлеу, анық жазу, білгендерін шапшаң әрі ұтымды пайдалану, адамдардың аяушылық сезімін тудыра отырып, оларға ықпал ету мысал бола алады.[1]

Мектеп жасына дейінгі балалар ойының жіктеудің жаңа үлгісі ғалым С.Л.Новоселованың еңбектерінде көрсетілген. Жіктеудің негізіне ойынның кімнің қалауы бойынша (бала немесе үлкеннің) туындағаны алынған. Ғалым ойынның үш тобын бөліп көрсетеді:

  1. Балалардың қалауы бойынша туындаған ойындарға - тәжірибелік ойындар; жеке сюжеттік: сюжетті-бейнелеушілік, сюжетті-рөлдік, режиссерлік, театрландырылған ойындар жатқызылды.
  2. Білім беру мен тәрбиелеу мақсатына кіріктірілетін үлкендердің қалауы бойынша туындайтын ойындарға - оқытушы ойындар: дидактикалык, сюжетті дидактикалық, қимыл-қозғалыс; демалыс ойындары: ермек ойындары, интеллектуалды, мерекелік-карнавалды, театрлық-қойылымды ойындар жатқызылды.
  3. Үлкендердің немесе жасы үлкен балалардың қалауы бойынша туындайтын, этностың тарихи қалыптасқан дәстүрінен келе жатқан ойындарға - дәстүрлі немесе ұлттық ойындар жатқызылды.

Мектепке дейінгі педагогикада балалар ойыны үлкен екі топқа бөлінеді шығармашылық ойындар мен ережелі ойындар. Шығармашылық ойындарға баланың өзінің жекелігі мен инициативасын, ақыл-ойының кеңдігін көрсететін ойындар жатады. Балалардың ойындағы шығармашылық танытуы әртүрлі болып келеді. Бұл ойынның сюжеті мен мазмұнын ойлап табу және жүзеге лсыруымен сипатталады. Балалардың шығармашылығына және ойында қолданатын материалдарының сипатына байланысты шығармашылық ойындар; режиссерлік, сюжетті-рөлдік, театрландырылған, құрылыс материалдарымен ойналатын ойындар деп бөлінген [28].

 Мектеп жасына дейінгі балаларды  окыту мен тәрбиелеудің белгілі  бір міндеттерін шешуде арнайы  құрылған ойындар - ережелі ойындар. Бұл мазмұны мен ойынды ойнау ережелері алдын-ала ұйымдастырылған ойындар болып табылады. Ойынның оқыту міндеттерінің мазмұнына байланысты ережелі ойындар үлкен екі топқа бөлінеді: дидактикалық және қимыл-қозғалыс ойындары.

Ойын әлеуметтік мәнді іс-әрекет. Сонау жылдардағы балалар ойыны мен қазіргі таңдағы балалар ойыны олардың үлкендер өмірімен тығыз байланысты екенін айтады. Бұл тұжырымды ғылыми-психологиялық мәліметтермен негіздеген К.Д.Ушинский болды. Ол өзінің еңбегінде ойынды қоршаған ортаға бейімделу тәсілі деп сипаттады. Балалар ойыны қоршаған әлеуметтік ортаны шынайы түрде суреттейді. Балалар ойынындағы шынайы өмірдің бейнеленуі _ балалардың құндылықтар жүйесін құрауына септігін тигізетін алған әсерленуіне байланысты болып келеді. Ғалым былай деп жазған: «Бір қыздың қуыршағы тігеді, жуады, үтіктейді; келесі қыздың қуыршағы қонақтарды күтеді, театрға асығады; үшінші қыздың куыршағы ақша жинайды және оны санайды» [29].

Бұл мысалдан балалар ойын барысында қоршаған ортадан көрген іс-әрекеттерді орындайтының, өздерін үлкендердің орнына қойып олардың әрекетін қайталайтындығын көреміз. Алайда, баланы қоршаған шындық дүние - өте кең әрі әртүрлі болып келетіндіктен, ойында оның тек жеке бөліктері ғана көрініс табады, нақты айтқанда: адамдар іс-әрекетінің, еңбегінің, өзара қарым-қатынасының ортасы көрініс табады. А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, Р.И.Жуковскийдің зерттеулері көрсеткендей, мектепке дейінгі шақта ойынның дамуы - адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін заттық ойыннан адамдардың арасындағы қарым-қатынасты бейнелейтін рөлдік ойын бағытына карай жүреді.

Ойын - жалпығылыми түсінік. Философия, педагогика, психология, тарих теориясы мен өнер ғылымдарында «ойын» термині түрліше талқыланады. Біздің зерттеуімізде ересек топ балалырының әлеуметтік құзыреттілігін калыптастыру дағы ойынның мүмкіндіктері қызықтырады.

Американдық психолог әрі психиатр Э.Берн адамдардың қоғамдық өмірі ойыннан құралады және бұл ойындар әлеуметтік жауапкершілікті болып келеді. Ғалымның ойынның мағынасы туралы тұжырымы қарапайым әрі өзекті болып келеді: баланы тәрбиелеудің барлық үрдісін біз қалай ойнау керектігіне оқыту ретінде қарастырамыз [30]. Яғни, ойын барысында бала тәрбиенің әлеуметке тиеcілі жағын меңгереді.

Ойын өзінің құрылуымен де әлеуметтік болып келеді. А.Б.Запорожец [31], В.В.Давыдов [32], Н.Л.Михайленко [33] зерттеулері көрсеткендей, ойын іс-әрекеті балалардың ғана ойластыруымен құрылмай, мұнда үлкендердің балаларға тапсырма беруі жүзеге асырылады. Үлкендер балаларды ойнауға үйретеді, ойын іс-әрекетінің коғамдық калыптасқан тәсілмен таныстырады (Мысалы: ойыншықты, алмастырушы заттарды қалай қолданатындығын, шартты әрекетті орындауды, ережеге сай ойынның сюжетін құруды үйретеді). Үлкендермен қарым-қатынас барысында түрлі ойындардың техникасын бала игере отырып, ойындық тәсілдерді жалпылап басқа жағдайларға алмастырады. Осылайша, ойын өзіндік алға жылжушылыққа ие болып, баланың жеке шығармашылығының түріне айналады. Бұл баланы дамыту мен әлеуметтендіру үрдісіне септігін тигізеді.

Ойын ересек топ балаларының әлеуметтік-мәдени тәжірибесін байыту мен ортасын құру құралы. Ойын балаларға өзінің құрбыларымен, үлкендермен байланысқа түсуге, қоршаған адамдардың қажеттіліктері және ұсыныстарымен санасуға мүмкіндік туғызады. Мұндай мүмкіндікте А.В.Запорожецтің [31] айтуы бойынша, «эмоциялар мен талпыныстар жаңа мағынаға ие болып, өзге адамдарға жаны ашу, өзгелердің қобалжулары мен қуанышын сезіне білу тәрізді қасиеттердің жетілуі жүзеге асады.

Баланың адамдарға деген жағымды көзқарастары, достық қарымкатынастағы өзара байланыстылығы ойында байытылады, сондай-ақ одан да жоғары әлеуметтік сезімдерді түсіне білуге дейін өзгереді. Балалардың ойын ортасында негізгі психологиялық құрылымдары қоршаған адамдарға бағдарлануы, қоғам талаптары тұрғысынан өз іс-әрекетін бағалай алу біліктілігі, жеке тұлғалық мінез-құлқы мәдениетін бақылау мен өзін - өзі бақылау, бағалау және өзін-өзі бағалауы қалыптасады. Ересек топ балалары ойын іс-әрекетінде өзін үлкендермен сәйкестендіре отырып мәдени үлгілер мен нормаларды меңгереді. Ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқаратындығын көрсетеміз:

• Әлеуметтендіру қызметі. Өйткені, ойын - баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.

• Ұлтаралық қатынас құралы қызметі. Себебі, ойын - балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түр ш ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын - әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтықта.

• Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың тәжірибеде өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.

• Қатысымдық қызметін - балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.

• Диагностикалық қызметі педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдык, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ойын - баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.

• Емдік қызметі - баланың карым-катынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д.Б.Элконин аса жоғары бағалайды.

• Түзеу қызметі деп - баланың түлғалык құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.

• Дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі. Сонымен бірге, ойын - баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық-кеңістігі мен әлеуметтік маңызды қасиеттердің қалыптасу құралы деп тұжырымдаймыз.

Балалар ойынын зерттеуші С.А.Шмакова ойынды - баланың «өзіндік қасиеттері» қалыптасатын аса маңызды, әмбебап ортасы деп қарастырады. Мұнда өзіндік қасиеттердің аса күшті үрдістері жүреді: өзін-өзі анықтау, өзінөзі тексеру, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі жүзеге асыру. Жалпы бұл балалардың өзін-өзі тануларымен айқындалады.

Ғалым көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді анықтады: тек қана нәтижесінен ғана емес әрекет үрдісінің өзінен де ләззәт алу  үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық, ләззат); елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы»); әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық куат»); ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы [22].

 

       


 

      

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін қалыптастыру