Мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:17, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде елдің әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде, білім беру жүйесінің күрделену кезеңінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім беруде шешуін табатын мәселелер әлі де болса жеткілікті. Тоқталар болсақ, ол балалардың психикалық дамуы мен жеке ерекшеліктерін, ішкі құбылысын анықтай отырып, тәрбие жұмысын балалардың нақты даму жағдайына бағыттау. Бала тәрбиесінің негізіне мектепке дейінгі кезеңнің ықпалы зор екені белгілі.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3
1. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы эономикалық түсінігін қалыптастырудың ғылыми негіздері..................................................................6
1.1 «Экономика», «Экономикалық тәрбие», «Ойын» ұғымдарының мәні ...............................................................................................................................6
1.2 Ересек топ балаларының алғашқы экономикалық түсінігін
қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері............................................19
2. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық тәрбиесін қалыптастырудың әдістемесі..............................................................................40
2.1 Ересек топ балаларының экономикалық тәрбиесі туралы түсініктің
қазіргі жағдайы және әдістемесі.........................................................................40
2.2 Тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері.......................................................60
Қорытынды............................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................63

Файлы: 1 файл

мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін калыптастыру.doc

— 1.02 Мб (Скачать файл)

Шаттық шеңбері: Табиғат.

Табиғат сен тіршілік тұнып тұрған

Т: — Қандай тіршілік иелерін білеміз?

Б: — Сен көлсің. Сен күнсің, сен бұлбұлсың, адамға сұлулықты шын ұқтырған, сен жерсің, сен гүлсің, сен анамсың, сен сусың, сен құссың, сен шөпсің, сен бұлақсы…

Бәрі менің өмірім,

Т: — бәрі бізді өмірге ынтықтырған.

1. Көктемнің ерекшелігін айту

Әуен ойналады, (құстардың шуы)

Жұмбақ шешу

Күн жылынса киінді,

Суытса шешті киімді.

(Ағаш)

Д\О: «Әдемі гүлдер»

М.Мақатаев ағамыз «Жапырақ жүрек жас қайың, жанымызды айыр бастайын» деп жырлап өткендей, ағаштарда жаны бар тіршілік иесі. Осы ағаштарды адамдар достық пен туысқандық сезім ретінде байланыстырған. Бүгінде биофизика ғылымдары дәлелдеді. Сондықтан мамандар бүкіл дүние бусанып, жасыл тіршілік оянатын көктем кезінде жиі-жиі орман тоғайға аралауға кеңес береді. сізді жұпар аңқыған иісінен-ақ емдейді. Ағаштарда адамдар сияқты көктемде күш қуатқа кенеледі. Ағаштан жағымды энергияны қалай сіңіріп алуға болады? Ең бастысы ағашты дұрыс таңдай білу керек. Жеке алшақ тұрған ағаштардың энергиясы күшті болатыны анықталған. Қисық өскен бұтағы майысқан, солған, қураған ағашқа жолай көрмеңіз. Оқтай түзу сау ағашты таңдаңыз жөн.

Дидактикалық ойын: «Сен білесің бе?»

1 бала: Үйеңкінің биоалаңы өте  күшті, сондықтан кез-келген адам  үйеңкіні батыл құшақтай алады.

Қарағайды үй салғанда құрлыс заттары ретінде қолданамыз. Әр түрлі жиһаздар жасайды, отын қылып жағады. Табиғатқа көрік береміз.

2 бала: Қайың жұрттың бәріне  көмектесе бермейді, өзін еркелететін  жақсы көретін жандарға көмектеседі. Ақ қайың ақ ару ежелден  нәзік жандылардың символы. Әйелдерге көп көмектеседі. Қайың шырынын ішу денсаулыққа өте пайдалы саналады.

3 бала: Көктерек – адам бойынан  жаман энергияны жұлып алуда  таптырмайтын ең күшті ағаш  саналады. Ол үшін ағашқа арқаңызды  тіреп, 15 минуттай тұрғаныңыз дұрыс.

4 бала: Шетен ағашы әлсіз саналғаны мен ол адамға едәуір көмектеседі. Халық арасында қылтанақты, тікенді ағаш адам денсаулығына көмектеседі деген сенім бар.

5 бала: Емен мен қайың қан  қысымын төмендетеді. Сондықтан (гипертониямен) ауыратын адамдар осы ағашқа жақын жүргені жөн екен.

Тақпақтар: Бақшамызда көп ағаш

Өскен жақсы аралар

Ең әдемі меніңше

Құс ұясы бар ағаш

Аппақ қайың қарағай

Қосылыпты табысып

Сұлу тереке, жасыл желек

Құшақтасып қабысып

Қарағайым, жұпар майың

Жібек жолмен аңқиды.

 

Егістікті көлемді

Қоршай ектік еменді

Ескен желден егінді.

Қорғап тұрар ол енді.

Гүлназ: Көше бойы аралас

Қаптап өскен қара ағаш

Жемісі жоқ болса да

Саясы көп дара ағаш.

 

Гүлзар бақта мекені

Көрген кезде жөкені

Елтіп жұпар иісіне

Ара қаптап кетеді.

 

Д\О: «Қай ағаштың жапырағы?»

Балалар ағаш өсіру үшін не қажет екен?

Ағаш

Су топырақ күн

Слайд: Ағаштан істелген заттардың пайдасы ұшаң теңіз екен. Кәне балалар соны тамашалайық.

Д\О: «Табиғат кереметтері»

Табиғат бөліктері салынған үлестірмелі суреттерді таңдап алып солардың атынан сөйлеп, не істей алатынын айту. (Күн, бұлт, жұлдыз, құс.)

Хор: Тентек бала болмаймыз

Табиғатты қорғаймыз.

Қ/О: «Ағаштар»

Ойынның шарты: Балар бір-бір ағаштың атын иемденеді. Мен орманға барып ағаштардың бірнеше түрін көрдім, қайың жоқ шырша бар…

Көрініс:

Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Алма ағаштары» әңгімесінен көрініс тамашалаңыздар. (Балалар көрініс қояды.)

Тәрбиеші: Қысқасы ағаштар бізді қоршаған аяналамыз сияқты ғарыштан үздіксіз энергия аулайды. Оны бойына сіңіреді. Өзінде сақтайды. Оңашада сөйлескенде биоэнергетикалық алмасулар жүреді. Бұл кезде ағаш тек ғарыш пен адам арасында қызмет атқарады. Ал енді осы алма ағаштың жемісі мына алмаларды балалар сендерге сыйға береміз.

Тосын сый: Алма.

Сабақ аяқталды сау болыңыздар!

 

«Үй құрылысының  ретін көрсет»

Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процестерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.

Мазмұны: Балаларға үй суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.

«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»

Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?»

«Шамдар»

Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша әртүрлі шамдар

Ойынның мазмұны: Балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің шамын өздерінің шамдарымен салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің шамына ұқсас шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады.

«Кім жылдам?»  ойыны.

Мақсаты: Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

«Нені жоғалттым» дидактикалық ойыны.

Шарты: заттардың ішінен 1-2 затты тығып қою, балалар көзін ашқанда сол заттың немесе киімнің атын атап жауап беруі керек.

«Қай мезгілде киеміз» дидактикалық ойыны.

Шарты: ауа райының қандай мезгілінде мына киімдерді киер едің? Аттарын атау.

Киімдерді кигенде қалай киюіміз керек?

Киімді қайдан аламыз?

 «Үй жануарлары» ойыны.

Мақсаты: үй жануарларының дене мүшелерін атауға, ажыратуға үйрету.

Ойынның шарты: осылай дөңгелене отырып, мына ғажайып қалтадан үй жануарларына байланысты ойыншықтар аласыңдар, сол ойыншықтардың дене мүшелерін атап немесе олар туралы мейірімді сөздер айтуға болады.

«Саяхатшы ойыншық» ойыны.

Ойын  барысы. Бала өзіне ұнайтын ойыншықты алып ортаға шығады. Айналасына әр түрлі түстегі пішіндерді қоямыз.

Тапсырма: Балаға кеңістікте қандай бағытта қалай жүру керек екенін айтып отырамыз. Саяхат барысында кездескен пішіндерді атау керек. Мысалы, 

Алмастың ойыншығы (қояны) орманды аралауға шығыпты. Бір кезде адасып қалады. Үйге бару үшін бірлесе тапсырманы орындайық

Алмас қояныңмен бірге алға қарай 3 қадам жүресің... Қандай пішінді кездестірдіңдер?

Оңға жүрсең алдыңнан бақшада өсіп тұрған көкөністерді кездестіресің. Қоян сәбізді ұнатады. Сәбіздерді сопақша ыдыстарға жинап алайық.

Күтілетін нәтиже: Бала пішінді ғана емес кеңістік туралы ұғымын да толықтырады.

  «Бағдаршам» ойыны.

Тәрбиеші сандыққа түстерін атай отырып, домалақ пішіндегі қағаздарды салады. Тақтаға Қызыл, сары, жасыл түсті парақ ілінеді. (Төртбұрышты)

Тапсырма. Балаларға сандықтан 3 қағаз алуға рұқсат етіледі. Балалар өздеріндегі пішіннен тәрбиеші көрсеткен пішінді тауып, тақтадағы сәйкес төртбұрышқа орналастырады. Сұрақ. «Біз нені құрастырып шықтық?» Күтілетін нәтиже: Түстерді ажыратады, олардан белгілі бір зат құрастыруға болатынын ұғынады.

 

 

Нан қайдан шығады тақырыбында сурет бойынша әңгімелеу

Үйде жеке бас тазалығының сақталуының көрінісі (сурет бойынша әңгімелету)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізілген диагностиканың қорытындысы кесте түрінде көрсетіледі:

Кесте-3. Мектеп жасына дейінгі балалардың алғашқы экономикалық түсінігінің диагностикалық деңгейінің қорытындысы.

 

 

Ф.И.О.

Ересек топ балаларының экономикалық тәрбиесі туралы түсініктің жалпы деңгейі

 

 

Ф.И.О.

Ересек топ балаларының экономикалық тәрбиесі туралы түсініктің жалпы деңгейі

Алдабергенов Тоқтар

Орта

Атабаева Құндыз

Жоғары

Алмабеков Диас

Төмен

Ахметова Жанар

Орта

Әбілқайыр Алма

Жоғары

Асқаров Ғалымжан

Төмен

Әділхан Сайын

Жоғары

Әмірхан Байзақ

Жоғары

Әкімхан Саян

Орта

Әлібекова Айдана

Төмен

Әскербай Айна

Төмен

Батырхан Маржан

Орта

Бежімбай Алия

Жоғары

Жүсіпбай Дархан

Төмен

Ғалиев Самат.

Төмен

Жайыров Ерасыл

Төмен

Дәлетжанов Рауан

Төмен

Кешелбеков Серік

Жоғары

Қамбархан Асыл

Жоғары

Қошқаров Тайыр

Жоғары

Мұхамеджан Айтуар

Төмен

Индеуов Нариман

Төмен

Нүсіпәлі Алмас

Орта

Молдашева Ұлжан

Орта

Нысанбаева Алина

Жоғары

Нұртазин Жанай

Орта

Оқас Ерлік

Орта

Намазбаев Ғалымжан

Жоғары

Омаржанова Айнаш

Төмен

Сатыбалдиев Алтай

Төмен

Орынбасар Жеңіс

Орта

Сардарбек Мади

Төмен

Сабыр Дана

Төмен

Сағижанова Жансая

Орта

Сартаева Марат

Төмен

Садықов Ернар

Төмен

Сапарәлі Алихан

Орта

Қызылбаев Бақытжан

Орта

Темірханов Серік

Төмен

Тұяқбай Гүлнұр

Жоғары

 Шаймұрат Ләйлім

Орта

Тыныштық Лейла

Орта

Шаймұрат Нұрбек

Төмен

Өмірзақов Ербол

Төмен

Шілдеханов Бағдат

Төмен

Еңбекбаева Айгерім

Төмен


 

Енді осы көрсеткіштерді гистограммада көрсетеміз (1.сурет 1% дық қатынаста)

Сурет-1.

 

 

 

 

 

 

2.2 Тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері

 

Cурет - 2. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық түсініктерін қалыптастырудың деңгейі дамуының эксперименттік топтарда өзгеру динамикасы

Сондықтан да осы жұмысымызды қорытындылай отырып, біз мектеп жасына дейінгі балаларға адам құқықтары туралы қарапайым түсінік берудің қоғамға, күнделікті өмірге, үлкен үлесі бар демекпіз. Себебі, осы жүргізілген сабақтардан соң балаларда түсінік пайда болып өз-өзін дұрыс ұстауға, басқа адамдарды құрметтеуге, міндеттерін орындауға, қамқорлыққа деген көзқарастары өзгеріп отырғанын байқаймыз.

 

 

Kесте - 4.  Алғашқы экономикалық түсініктері туралы білімінің эксперименттен кейінгі деңгейі

Топтар

Алғашқы экономикалық түсініктері туралы білімінің деңгейі

Жоғары

Орташа

Төмен

Эксперименттік топ

52%

42%

6%

Бақылау тобы

25%

68%

7%


Енді осы көрсеткіштерді гистограммада көрсетеміз (1.сурет 1% дық қатынаста)

 

Cурет - 3. Ересек топ балаларының алғашқы экономикалық түсінтерін қалыптастырудың деңгейі дамуының бақылау топтарында өзгеру динамикасы

 

 

Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді. Болмаса балаға пайдалы іс берілмесе, ол уақытта бала өз бетімен қайдағы нашар, зиянды істерге әдеттеніп кетеді.

Сонымен бала кәдімгі адам болғанымен, баланың жаратылысы бөлек. Балаға тәрбиені өзінің шамасына, жаратылысына қарай беру керек. Жас бала – жас бір шыбық. Жас күнінде қалай иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иілген шыбықты түзеймін десең, сындырып аласың. «Баланы бастан» деп қазақ халқымыз тектен-текке айтапаса керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

  Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсатына сәйкес  ойын арқылы және ойын элементтерін пайдалана балаларға алғашқы экономикалық тәрбиесін қалыптастыруға болатынын зерттеу болжамының дәлелденгеніне көз жеткіздік.

 Өткізілген зерттеу бойынша  келесі қорытындыларды келтіруге  болады.

«Мәдениет» ұғымын, оның жіктемелерінің маңыздылығын зерттеу экономикалық мәдениетке мәдениеттің жеке саласы ретінде  сипаттауға мүмкіндік берді, себебі ол кез келген мемлекеттің саяси құқықтық, экономикалық және басқа жағдайларының кешені және осы мемлекеттің экономика субъектілерінің экономикалық мінезі арасында ерекше делдал ретінде орын алады. Экономикалық мәдениет экономикамен байланысты құндылықтарда білдіріледі;  Экономика саласындағы әлеуметтік нормаларда, экономикалық саладағы басымдылықтар және артықшылықтарда; экономикалық қажеттіліктерде; экономикалық мінез құлық себептігінде. Экономикалық мәдениет – бұл игерілген экономикалық білім, ептілік және машықтар негізінде экономикалық мәселелердің аса тиімді шешімдерін алу мақсатында субъектінің ойлау операцияларын орындау жүйесіне мақсатты бағытталған ықпал ету нәтижесі.

Зерттеу нәтижелері және дайындалған теориялық-эксперименттік материалдар біздің ұсынған ғылыми болжамымызды растады, зерттеу міндеттерінің орындалғанын көрсетті

Мектепке дейінгі кезеңде экономикалық мәдениетті қалыптастырудың жолдарының бірі   -ойын екендігін дәлелденді.

Ойын түрлерін  тиімді пайдалана білу  балалардың  оқыту үрдісіне аса зор ықыласпен  тыңдап,  білімді берік меңгеруіне  көмектеседі. Мектепалды таярлық топ балалары жас ерекшеліктеріне сәйкес ойынға ынталы,  тапсырманы жылдам, дәл орындауға құмар,  тез  шаршап,   серігіп  қалады.  Балалардың  білім сапасын, білім- білік, дағдыларын  қалыптастыру,  тиянақтау, бекіту,  тексеру болып табылады.

Жұмыстың теориялық бөлімінде ойын технологиясын зерттеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасадық.  Көрнекті психологтар (Эльконин Д.Б., Узнадзе Д.Н., Выготский Л.С., Рубинштейн С.Л., Венгер А.А. т.б.), педагог-әдіскер ғалымдар (Арутюнян Ж.В., Микитинская М.И., Сағындықов Е., Айтпаева А. Т.б.) дидактикалық ойындарды балабақшаның оқу іс-әрекетінде алатын орнын дәлелдеп берді.Сондықтан оларды тиімді пайдалану білімді берік, әрі терең меңгеруге, сапалы тәрбие беруге және балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.

Ұсыныстар: Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері балалардың алғашқы экономикалық түсініктерін қалыптастыруда ойындарды мазмұнына қарай таңдап алуы шарт.

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.Маркс К.,Энгельс Ф.Соч.-2-е изд.Т.-19,С-31.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін қалыптастыру