Мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:17, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде елдің әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде, білім беру жүйесінің күрделену кезеңінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім беруде шешуін табатын мәселелер әлі де болса жеткілікті. Тоқталар болсақ, ол балалардың психикалық дамуы мен жеке ерекшеліктерін, ішкі құбылысын анықтай отырып, тәрбие жұмысын балалардың нақты даму жағдайына бағыттау. Бала тәрбиесінің негізіне мектепке дейінгі кезеңнің ықпалы зор екені белгілі.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3
1. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы эономикалық түсінігін қалыптастырудың ғылыми негіздері..................................................................6
1.1 «Экономика», «Экономикалық тәрбие», «Ойын» ұғымдарының мәні ...............................................................................................................................6
1.2 Ересек топ балаларының алғашқы экономикалық түсінігін
қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері............................................19
2. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық тәрбиесін қалыптастырудың әдістемесі..............................................................................40
2.1 Ересек топ балаларының экономикалық тәрбиесі туралы түсініктің
қазіргі жағдайы және әдістемесі.........................................................................40
2.2 Тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері.......................................................60
Қорытынды............................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................63

Файлы: 1 файл

мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін калыптастыру.doc

— 1.02 Мб (Скачать файл)

Бүгінгі таңдағы күрделі экономикалық жағдайларға тез бейімделу, тиімді әрекет ету және жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау қабілеті адамның жоғары сұранысқа ие қасиеттері болып табылып отыр. Өйткені осы қасиеттер оның жеке және кәсіби өмірінде табысқа жетуіне тікелей көмекші болмақ.  
Л.М. Митиннің пікірінше, “бүгінгі білімнің мақсаты – еңбек рыногында сұранысқа ие болған тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру және дайындау”[26].

Бұл мәселе туралы Е.В.Савина  тереңірек әрі нақтырақ пікір айтады: “білім берудің жаңашыл жүйесіндегі оқыту мен тәрбиенің басты мақсаты – технологиялық қоғамның кез келген жағдайында өмір сүруге қабілетті әрі дайын тұлғаны дамыту, яғни адамды ... оқу және өмірлік жағдайларда өздігімен тәрбиеленуге және өзін-өзі бақылауға дайындау”. Міне, сол себепті педагогикалық теория мен практикада экономикалық мәдениетті болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде оқыту мәселесі күннен күнге өзекті мәселеге айналып келеді[27].

Т.С. Терюковтың пікірінше, “экономикалық әрекетті экономикалық субъектінің экономикалық санасы, қажеттілігі мен еркін реттейтін белсенділігі” деп түсіну керек. Яғни экономикалық әрекеттің негізгі пәні – материалды байлықтардағы шектеулі ресурстарды қолдану процесінде туындаған мәселелерді шешу және пайда табу көзімен қызмет ету болып саналады. Экономикалық әрекет – бұл, нақтылы объектіге тікелей байланысты және тиімділік шартына тәуелді әрекет, мазмұн, форма  және тәсілдер. Экономикалық әрекет құрылымында басты уәжі – экономикалық қызығушылық – экономикалық әрекетті жүзеге асыруға саналы қажеттілік ретінде жұмсалуы. Ал экономикалық тұрақтылық – көздеген мақсатты жүзеге асыру үшін қызығушылық пен тәсілдерді бекіту құралы мен формасы; экономикалық еркіндік – экономикалық жүйенің тиімді дамуының қажетті шарты, оның арқасында экономикалық әрекеттің қатысушылары өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру, оның нәтижелерін қолдану және мақсатқа жету мен нәтижелілігі тәсілдерінің түрін өздері анықтайды. Экономикалық әрекеттің мақсаты – адамның өзі қатысатын өмір сүру қалпының сапасын көтеру.

Экономикалық әрекеттің мынадай түрлері белгілі:

  • өндірушілік;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • аналитикалық;
  • коммуникативті;
  • қаржылық;
  • менеджерлік;
  • интеллектуалды.

Осы әрекеттің түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, адамның экономикалық мәдениетінің дамуына қоятын арнайы талаптары болады.

Өндірушілік әрекет – экономикалық әрекеттің ерекше түрі ретінде бір жағынан, өндірістің әлеуметтік-экономикалық феномен ретіндегі рөліне негізделеді. Екінші жағынан, ол өндірушінің экономикалық процесті (өндіріс, тұтыну, коммерция және т.б.) өздігімен және ерікті түрде жүзеге асыратын, ресурстардың барлық түрлерін қолданатын, барлық жауапкершілікті өзіне жүктеп, тәуекелге қорықпай бара алатын, инновациялық шығармашылық әрекетпен айналысатын және алдына “қолда барды өзгертіп, жақсартып, соңынан пайда табу” мақсатын қойған экономиканың субъекті ретіндегі жеке қасиеттеріне негізделеді[17].

С.Д. Ахапкин өндірушілікті қоғамға қажетті іскерлік жобаларды жүзеге асыру, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және ерекше идеяларды жүзеге асыруда тәуекелге бел буа білу, жауапкершілікті мойнына алу, жаңалық ашуға тырысу және сол үшін әрекет ету, қолда барды өзгерту арқылы пайдаға қол жеткізе білу деп түсінеді[30].

Иозеф Шумпетер өндірушілікті әрекет категориясына мүлдем жақындатпайды. Оның пікірінше, өндірушілік алдына қойған басты мақсаты – жаңа және ескі (жаңа тәсілмен) тауарларды жарыққа шығару үшін барынша және әртүрлі мүмкіндіктерді қолдана отырып өндірісті реформалау және революциялау, шикізаттың, тұрмыс рыногының жаңа қайнар көздерін табу болып табылатын адамның  іс-әрекеті деп түсінді. Өндірушілік – кез келген қоғамға тән  жалпы экономикалық әмбебап функция[31].

Ю.К.Васильев өндірушілік әрекет екі нұсқада көрінетінін айтады: біріншісі – ойдан шығарылған және ойлап табылған жаңалықтарды өндірісті-экономикалық жүзеге асыру; екіншісі – рыноктық жаңашылдық (рыноктың жаңа сегменттері, қажеттілікті қалпына келтіру). Ол кәсіби әрекеттің бұл түрінің мынадай айрықша белгілерін атап көрсетеді: қоғамның жаңа тауарлар мен қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру немесе тауарлар мен қызметтер рыногының сегменттерін кеңейту; халықты жұмысшы орындарын құру арқылы жұмыспен қамту; пайда көру және оның негізінде өз капиталын жинақтау[32].

Осы тәсілдерді жалпылай келе, мынадай қорытынды шығаруға болады: өндірушілік – жаңа экономикалық мүмкіндіктерді іздеу немесе зерттеу ғана емес, адамның интеллектуалды-шығармашылық қабілеттері мен оның ішкі тұлғалық қасиеттерін ашу.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық әрекет –өндіріс саласындағы өндірушілік процестерді ұйымдастыру қабілетіне, өндірістік ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылымын құрастыру, еңбек процестерін жобалау және еңбек нормасын, сонымен қатар, күнтізбелік-жоспарлық нормативтерді есептеу, жылдам-өндірушілік жоспар құру және өндірістің барысын жылдам басқаруды ұйымдастыруға негізделеді.

Аналитикалық әрекет – экономика субъектілерінің экономиканың объектісі бойынша іскерлік операцияларды, мәселелерді шешу, ғылыми білім беру мақсаттарын, шығармашылық процестерді жүзеге асыру  үшін қажетті байланыстарды құру мақсатындағы іс-әрекеті. Бұл әрекет ауызша немесе жазбаша, тікелей байланысты немесе жанама байланыс арқылы жүзеге асырылады.

Менеджерлік әрекет - өндірістің сыртқы және ішкі құрылымын құрумен байланысты әрекет.

Экономикалық кәсіптің болашақ маманының қаржылық әрекеті – тұлғаның қаржылық талдау және алдыңғы кезеңдердің мәліметтерін қолдану арқылы өндірістің ағымдық әрекетін қалыптастыруға және басқарушылық шешім қабылдау қабілеттерін, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қаржылық талдау нәтижелерінің негізінде нақтылы шаруашылық кезеңнің төлемдік күнтізбесі құрастырылады. Бұл күнтізбеде кіріс және шығыс бөліктер қамтылады, ол өз кезегінде нақтылы шаруашылық өндірістің болашақтағы стратегиялық саясатын құруға мүмкіндік береді.

Интеллектуалды танымдық әрекет – экономикалық жағдайлардағы, экономикалық фактілер мен құбылыстардың экономикалық шындықты тану процесі.

Сонымен, әрекеттің жоғарыда сөз етілген түрлері адамның интеллектуалды-шығармашылық қабілеттеріне, оның тұлғалық қасиеттері мен әлеуметтік-экономикалық білім мен дағдыларына сүйене отырып, бүгінгі таңда оның экономикалық мәдениетінің деңгейлеріне деген жоғары талаптарын көрсетеді.

Экономикалық мәдениет жалпы мәдениеттің құрылымдық бөлшегі ретінде, көпшілік мамандардың пікірінше, екі жақтан қарастырылуы керек. Әлеуметтік жағынан, экономикалық мәдениет – қоғам өмірінің адамдардың мақсатты, тиімді әлеуметтік-экономикалық  әрекеттерінің және қазіргі қоғамда қалыптасқан және көрінетін білімдері мен дағдылары, негізінде даму деңгейі.        

        Экономикалық мәдениет – адамның қоршаған орта мен өзін танудың, қайта өзгертудің заманауи тәсілдерін меңгеру деңгейі. Сонымен қатар, тұлғаның экономикалық мәдениеті мәдениеттің басқа да түрлерінің сипаттамасы болып, олардың құрылымдық бөлшегі ретінде және оларды өзіне біріктіреді. Себебі, экономикалық, құқықтық, экологиялық, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және бала  санасының басқа да түрлері баланы  жалпы, бірыңғай санасының құрамдас бөлігі болып саналады.

Осылайша, экономикалық мәдениет қоғамның жалпы мәдениетінің маңызды бөлшегі екенін көреміз. Ол ұрпақтан ұрпаққа таралып отырады. Мәліметтерге сүйенсек, экономикалық білім мен дағдылар өркениеттің қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және даму процесінің маңызды компоненті болып табылады. Бұны жазушылардың көне мектептері мен шешендік мектептердің “экономикалық жаттығулары”, ортағасырлық оқу орындарындағы күрделі экономикалық дайындықтың болғанын  дәлелдейді.

Экономикалық тәрбие саласындағы зерттеулердің ережелері мен қағидаларын жүйелеп көрсеткендей, көпшілік зерттеушілер бұл ұғымды былайша түсіндіреді:

    • еңбек тәрбиесінің элементі (Ю.К. Васильев). Балалардың экономикалық әрекетін олардың оқу-еңбек қоғамдық әрекетінің құрылымдық бөлшегі ретінде есептеп, Ю.К. Васильев экономикалық тәрбиеге тек еңбек процесінде қол жеткізуге болады деп есептейді;
    • еңбек, адамгершілік, идеялық-саяси тәрбие синтезі (В.К. Розов);
    • тәрбиенің жеке бағыты және құрылымдық бөлшегі (А.Ф. Аменд, И.Б. Иткин, К.Я. Клепеч);

Алайда, жекелеген еңбектерде көпшілік авторлар “экономикалық тәрбие” және “экономикалық білім беру” ұғымдарын бірге қарастырады. Мәселен, И.А. Сасова мен П.Б. Шемякин және т.б. “экономикалық тәрбие – Балалардың экономикалық білім алуы, бұл білімін тәжірибе жүзінде қолдану қажеттілігі мен дағдысының қалыптасуы” деп түсінеді. Бұл негізінен “экономикалық білім беру” ұғымына қатысты анықтама деп ойлаймыз[33].

К.Н.Панферов экономикалық тәрбие ұғымына анықтама беруде оның негізі – тұлғаға экономикалық әрекет кезінде қажетті экономикалық ойлауының, санасының, іс-әрекеті мен басқа да әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуы деп түсіндіреді[34].

Біздің ойымызша, экономикалық мәдениеттің қалыптасуына деген мұндай көзқарастарды “экономикалық даму” деп қабылдау керек. Өйткені, мәселе адамның экономикалық білім мен дағдыны меңгеруі процесінде әлеуметтік-тұлғалық өзгеруі туралы болып отыр.

Адамның экономикалық тәрбиесінің мазмұнына экономикалық тәрбиені еңбекке, қоршаған ортаға, жекеменшік өніміне, құралдарға, табиғи ресурстарға  деген жауапкершілікті қатынасы деп ойлаймыз.

М.В.Тишкованың пікірінше, экономикалық тұрғыдан мәдениетті тұлғаны оның экономикалық қасиеті ғана емес, басқа да қасиеттері: патриотизм, адамзаттық, адамгершілік, заңға бағынушылық секілді қасиеттері сипаттауы керек. Біз экономикалық мәдениеттің қалыптасуы баланың  өзін - өзі тануы, жалпы адамзаттық құндылықтарға деген терең құрметтің дамуы үшін маңызды деп ойлаймыз. Сонымен қатар, экономикалық мәдениет экономикалық әрекеттің адамгершілік-құндылықты уәждерін қалыптастырады (әлеуметтік жауапкершілік уәжі, шығармашылық келісімділік уәжі, әлеуметтік-кәсіби мәртебеге қол жеткізу уәждемесі).

Осылайша, жоғарыда сөз етілген көзқарастарды қарастыру “экономикалық тәрбие” және “экономикалық білім” ұғымдарының арасында біршама айырмашылықтардың болатынын дәлелдейді [35].

Экономикалық тәрбие жастардың экономикалық білімге, дағдыға, еңбеке, қоршаған ортаға деген қатынасын қалыптастыру және сол қатынастарды экономикалық әрекет кезінде көрсету дегенді білдіретіні анықталды. Экономикалық тәрбие баланың  мынадай экономикалық тұрғыдан маңызды қасиеттерінің қалыптасуымен тығыз байланысты болуы керек: еңбексүйгіштік, жауапкершілік, үнемшілдік, өздігімен әрекет ету. Бұл қасиеттер тұлғаның экономикалық тәрбиеленуінің қалыптасу деңгейін бағалаудың критерийі болып саналады (М.Ф.Антонов және т.б.) [36].

Бұл жұмысымызда “экономикалық тәрбие” ұғымын анықтауда біз  
И.А. Клепач, В.Д. Попов, Л.Е. Энштейннің “экономикалық тәрбие – қоғамның уақыттың экономикалық талаптарына сәйкес келетін ойлау, білім, дағды, шеберлік әрекеттерінің қалыптастыру мақсатында адамға мақсатты жүйелі түрде әсер ету, сонымен қатар тұлғаның экономикалық қарым-қатынас кезінде көрінетін экономикалық тұрғыдан маңызды қасиеттерін қалыптастыру” деген пікірлерімен келісеміз [37].

“Экономикалық білім” категориясы экономика саласында арнайы кәсіби білім алумен тығыз байланысты. Бұл жағдайда адамның экономикалық мәдениетінің қалыптасу процесі мақсатты, жоспарға сай, теориялық білім мен практикалық дағдыны игерумен қатар жүргізіледі. Алайда, экономикалық мәдениеттің дамуын адамның кәсіби іс-әрекетінің кез -келген саласындағы бәсекеге қабілеттілінің маңызды бөлшегі ретінде қарастыратын болсақ, экономикалық білім берудің қажеттілігі экономикалық мәдениетті қалыптастырудың маңызды құралы болып саналатыны дау тудырмайды. Бұны шетелдік білім беру жүйелерінің тәжірибелері де дәлелдейді.

Мәселен, АҚШ-та экономикаға үйрету мемлекеттік білім беру саясатының маңызды бағыты. Өйткені ол баланың шындықты рационалды талдау қабілеттерінің қалыптасуына түрткі болады. Мемлекеттік деңгейде бұл мәселелермен экономикалық білім бойынша Ұлттық кеңес айналысады (ЭБҰК). ЭБҰК-нің бағдарламалары мен әдістемелік материалдары экономиканы тиімді экономикалық шешімдер қабылдауға үйретуді дамытушы пән ретінде қарастыруға негізделген. Оның мақсаты – балалардан жауапты азаматтарды, саналы тұтынушыларды, банктердің салымшыларын, жауапты өндірушілерді тәрбиелеу және қалыптастыру. АҚШ-тың білім беру бағдарламаларында экономиканы академиялық пән ретінде және бизнес бойынша оқу курс ретінде бөлек қарастырады. Экономика бойынша курстың мазмұны – негізгі экономикалық концепцияларды оқыту. Ал бизнестің мазмұны – тұтынушының компетенциясын қалыптастыру, іскерлік қарым-қатынасқа дайындау. Сондықтан, бизнес бойынша курс экономикалық жүйе қалай жұмыс істейтіні туралы жалпы материалдан басқа, бухгалтерлік есеп, маркетинг, қаржы, компьютерлік бағдарлау секілді пәндерден де құралады.

70-жылдардың басындағы АҚШ-та  және басқа да Батыс елдердегі  еңбек және экономикалық дайындықтың басты концепциясы – “Career education” – “Мансап үшін білім” деп аталады. Осы концепцияның шеңберінде құрылған білім беру бағдарламаларының негізінде табысты экономикалық әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті кәсіби білім, дағды, шеберлік және тұлғалық қасиеттердің деңгейлік қалыптасуы жатыр.

Германияда экономикалық білімнің мазмұны балалардың мектепте жүргізілетін арнайы курстарда (“еңбек туралы ілім”, “Техникалық іс”, “үй шаруашылығы”, “Экономика” т.б.) алатын экономикалық білім және дағдыларға құрылады. Мұндай білімнің негізгі мақсаты – балалардың экономикалық шындыққа бейімделу қабілеттерін дамыту. Германияда бүгінгі таңда педагогиканың жаңа саласы қалыптасты. Ол – “Тұтыну педагогикасы” деп аталады, ол рынокқа қатысушылардың этикалық нормалар мен тәрбиелік әсерлердің талаптарына сай іс-әрекет жасау мәселелерін қарастырумен айналысады (Е.В.Анкундинова) [38].

Оның шеңберінде “Экономикалық педагогика” деп аталатын ғылыми пән қызмет етеді. Аталған пән экономика мен педагогиканың адамның әртүрлі жас ерекшеліктік кезеңдерінде әсер етуін, экономиканың тәрбие және керісінше, тәрбиенің экономикаға әсерін қарастырады.

Басқа елдерге қарағанда, Жапония еңбек немесе кәсіби дайындықтан гөрі жалпы академиялық сабақтарға көбірек мән береді. Білім берудің, тұлғаның дамуының жоғары деңгейі – балалардың еңбек әлеміне енуіне дайындықтың фундаменті.

Ұлыбританияда экономикалық тәрбиеге де үлкен мән беріледі. Мұнда экономикалық тәрбие оқыту жүйесінің басты мақсаттарына – өркениетті қоғамның мәдениетін тарату және жастардың еңбекте табысты болуына мүмкіндік беретін арнайы білім алу  тәсілі деп қабылданады.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін қалыптастыру