Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:17, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде елдің әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде, білім беру жүйесінің күрделену кезеңінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім беруде шешуін табатын мәселелер әлі де болса жеткілікті. Тоқталар болсақ, ол балалардың психикалық дамуы мен жеке ерекшеліктерін, ішкі құбылысын анықтай отырып, тәрбие жұмысын балалардың нақты даму жағдайына бағыттау. Бала тәрбиесінің негізіне мектепке дейінгі кезеңнің ықпалы зор екені белгілі.
Кіріспе..................................................................................................................3
1. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы эономикалық түсінігін қалыптастырудың ғылыми негіздері..................................................................6
1.1 «Экономика», «Экономикалық тәрбие», «Ойын» ұғымдарының мәні ...............................................................................................................................6
1.2 Ересек топ балаларының алғашқы экономикалық түсінігін
қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері............................................19
2. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық тәрбиесін қалыптастырудың әдістемесі..............................................................................40
2.1 Ересек топ балаларының экономикалық тәрбиесі туралы түсініктің
қазіргі жағдайы және әдістемесі.........................................................................40
2.2 Тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері.......................................................60
Қорытынды............................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................63
Экономикалық білім мен экономикалық тәрбие беру мәселелері жеке ғылым ретінде XX ғасырдың 60 - жылдарынан бастап зерттеле бастады. Балаларға экономикалық тәрбие беру мен қатар еңбекшілерді де экономикалық тәрбие беруге дайындау мәселесі де алдыңғы қатарда тұрды.
Сондықтан экономикаылық тәрбие жайындағы ойлар сол кезеңде жарық көріп жатқан барлық ғылыми – көпшілік еңбектерде жарық көріп отырды. (Чичканов В.П., Попов В.Д., Пономарев Л.Н және басқалар) [4].
70 -80 жылдары педагогикалық әдебиеттерде балаларға экономикалық тәрбие беру жайлы зерттеулер нәтижелері мен осы тақырыптағы ойлар жарық көре бастады. Бұл зерттеулерде экономикалық білім :
- еңбекке баулу тәрбиенің бір элементі (Ю.К. Васильев, Н.П. Кулакова;)
- еңбек, адамгершілік, саяси идеялық
тәрбиенің бір бөлігінің
- тәрбие жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады (Аменд А.Ф, Барило И.А, Валиева З.А, Иткин И.Б, Кисилев В.П, Кураков Л.П, Нульман Л.М, Плахотник О.В, Пономарев Л.И, Прокопенко И.Ф, Рябинина И.Б, Сасова И.А, Сергеева Т.Е, Товстик В.А, Юнусбаев Б,Х. және басқалар)
Бұл еңбектерде экономикалық
білім, экономикалық тәрбие жайлы тұжырымдамалар
мен ойлар айтылған.Осы тақырыпта жазылған
арнайы еңбектерде экономикалық білім
мен экономикалық тәрбие арасында
айтарлықтай айырмашылық көрсетілмеген.Мысалы,
Кейбір авторлар экономикалық тәрбие дегеніміз оның негізінде, ал оның негізі дегеніміз – өндірісте қызмет ету барысында ғана емес күнделікті өмірде де сонымен қатар, оны іс тәжірибеде қолданып отыру үнемділік жайлы ойлау деп көрсетті (Рывкина Р.В.,Шадрина С.З.) [10;11].
Кейбір авторлар экономикалық тәрбие дегеніміз – жасөспірімдер санасында жүйелі түрде бағытталған экономикалық білім мен таным сондай – ақ, ойлау стилі жатыр деп атауда (Нисемчук А.С, Литова З.А.) [12;13].
Ал енді келесі авторлар экономикалық тәрбие дегеніміз – жастардың қоршаған ортаға, еңбекке деген ұқыптылығы деп атап көрсетеді (Шемякин Б.П, Розов В.К, Михалкович Н.В, Розов В.К) [14;15].
Көріп отырғанымыздай, педагог – ғалымдардың еңбектерінде экономикалық білім мен оның жүзеге асырылу жолдары терең зерттелген.
Еліміздегі орын
алған әлеуметтік –
Қарапайым экономикалық білім жиынтығы балаларға тек ақпараттық мән жағына ғана құнды емес, сонымен қоғамдағы адам ролі мен оның құқығын түсіне білуге негіз болады. Экономикалық білім жас ұрпақтың адами қасиеттерін қалыптастыруға көп мүмкіндіктер жасайды.Сонымен қатар экономикалық білім балалардың демократия, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам адам құқығы, бәсекелестік, нарық сияқты жалпы адамдық құндылықтарды белсенді қабылдауына септігін тигізеді.
Экономикалық білім мен
біліктіліктің негізі –
Қазіргі таңдағы ғалымдардың ойынша (Сатубалдина, Жарылғапов, Литова және Терюкова) экономикалық білім мен экономикалық тәрбие экономикалық мәдениет пен оның компоненттерін құрайды екен.
Авторлар өз жұмыстарында
экономикалық мәдениет
Экономикалық тәрбие кез – келген қоғамға тән. Мысалы, Қазақстан Республикасы социализмнен капитализмге бірден аттап кеткен мемлекет болып табылады. Осы жерден бір типті эволюциядан екінші типті эволюцияға өту экономикалық білімді қажет етеді. Экономикалық тәрбиенің сипаттамасы қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайынан туындайды. Қазақстандағы экономикалық реформа бұған дейін қалыптасқан экономика ғылымы, экономикалық білім мен практика арасындағы өзара қарым – қатынас жүйесін өзгертті. Нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты елде экономикалық білімге деген сұраныс туындады. Қазақстанда жалпы экономикалық білімге деген қажеттілік өсіп отырған шақта, осы бағыттағы білім сапасын жетілдіру міндеті - өзекті мәселеге айналуда. Қазіргі таңда жалпы экономикалық білім беру мәcелесін зерттеуші ғалымдардың еңбектерін талдай отырып, көптеген мәселелерге шешім табуға болады. Ғаламдық жаһандану кезеңіндегі жаңғырулар адам санасының, соған сәйкес олардың өмір сүру жағдайларының түбірлі өзгерулерімен сипатталады. Бұл өзгерістер, әрине білім беру жүйесінің қызметіне тікелей байланысты болып келеді. Білім беру саласының мамандарының зерттеулеріне сүйенсек, бүгінгі таңдағы әлемдік білім беру жүйесі өзінің жылдам өзгеруімен, жаңашылдығымен ерекшеленеді. Ал білім жүйесіндегі жаңалықтың негізі – білім алушы баланы жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп, оларды болашақ өмірдегі бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу.
Экономикалық білім - оқытушылар мен балалар арасындағы арнайы білім алу үшін бағытталған байланыс. Стратегиялық мақсаттар арқылы іс жүзіне асатын процесс.
Қазіргі кезде экономикалық жағдайымыздың жақсаруын қамтамасыз ету үшін экономикалық білім беруді дамытуымыз қажет. Жоспарлы экономикада мемлекет барлық экономикалық мәселелерді шешуді өз мойнына алып отырған, ал қазір әрбәр тұлға қоғам мүшесі алдында тұрған мәселелерді өз бетімен шеше білуі тиіс. Экономикалық білім мен тәрбие беру, қоғамдық өндірістің даму заңдылықтарын оқыту, нарық заңымен таныс болу, алған экономикалық білімдерін тәжірибеде тиімді, нәтижелі қолдана білуге үйрету орта арнаулы оқу орындардың алдында тұрған басты бағыт. Болашақ мамандарға экономикалық білім берудің мақсаты- нарықтық өндірістегі ұйымдастырушылық және экономикалық қызметпен байланысты адамның әлеуметтік тәжірибесі негіздерінің мәнін ұғындыру.
Жасөспірімдер бойында
Педагог және экономист Жарылқапов балалар, курсанттар мен студент жастарды экономикалық тәрбиеге баулу олардың қоғамдағы өмірін әлдеқайда жақсартады деп есептейді. Қоғам талабына жауап беру кез – келген жастағы адамның өмір талабына сай өмір сүруіне көмектеседі. Әлемдік педагогика ғылымы дәлелдегендей экономикалық тәрбие адам баласының ақылмен еңбек етіп, ақылмен баюына көмектеседі. Соңғы уақыттарда экономикалық білім мазмұнын анықтау, білімге қойылатын талаптарды нақтылау, экономика пәні мұғалімдерін даярлау бағдарламасын жасау мәселелеріне ерекше мән берілуде. Жастарға экономикалық білім беру мазмұнын жеке тұлғаның экономикалық санасын қалыптастыруға, оның экономикалық ой – санасын дамытуға бағытталған белгілі бір білім, білік және дағдылардың жүйесі ретінде анықтауға болады.
Экономикалық білім беру мемлекетке оның жас балғындарына жаңа экономикалық нарықтық көзқарас қалыптастыруға көмектеседі. Қазақстанның ХХІ ғасырдағы экономикасының басқару тұтқасын солар ұстайды.
Экономикалық білім - балалардың экономика саласынан алған білімінің нәтижесінің көрінісі. Мектепке дейінгі ұйымдарда экономикалық білім беруді оқыту негіздерін оқытудың басты мақсаты – балаларды экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық дамуының заңдылығымен таныстырудың алғы шарттарын жасау, оларды жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы негізінде материалдық құндылықтарды өндіру мақсатында еңбек ете білуге үйрету, сонымен қатар, өз Отанынының патриот – азаматын тәрбиелеу болып табылады [18].
Жалпы экономикалық білім беру мақсаты қоғамның қойып отырған әлеуметтік талабынан туындайды. Білім мақсатын анықтауда қоғамдағы барлық материалдық және рухани байлығымызбен бірге болашақ жеткіншектің өмір сүріп, еңбек етер ортасының жағдайын толық ескерген орынды. Себебі, білім мазмұнын анықтау, оқыту әдіс – тәсілдерін таңдау мәселелері білім беру мақсатының теориялық жағынан қалай негізделгендігіне толық байланысты. Мектептерде экономиканы оқытудың мақсаты жеке тұлғаны қоғамның даму барысында алатын орнын білуге, оның сауаттылығын қалыптастыруға байланысты анықталады. Тәрбиелік мақсаты – балалардың экономикалық мәдениеттілігі мен экономикалық біліктілігі арқылы алған білімдерін өмірде қолдана алуды қалыптастыру; Дамытушылық мақсаты - әрбір жеке тұлғаның ақыл – ойының дамуына, адамгершілікке ұмтылып, әдемілікті сүюге үйретуге жағдай жасау. Экономиканы оқыта отырып балаларға үнемділікті сезінуді үйрету, тілдік ортаны қалыптастыруға мүмкіндік жасау.
Экономикалық білімді қалыптастыру тәрбие мақсатына, мемлекеттің болашақтағы және қазіргі экономикалық саясаты мен міндеттеріне, балалардың экономикалық тәрбиесінің жүйесіне, білім беру мекемелерінің материалдық базасына, балалардың жас ерекшеліктеріне, олардың бейімділіктеріне, тәрбие барысының қоғам өмірімен өзара байланысына тәуелді.
Тәрбие жұмысы тәжірибесі мен шаруашылық саласында экономикалық білім, экономикалық тәрбие, экономикалық мәдениет деген ұғым жиі кездеседі.
Экономикалық білім, басқа білім түрлері сияқты, белгілі бір білім жүйесін игеру, экономикалық есептеуде іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда, өндірістегі іс-әрекет экономикасын талдауда меңгеріледі.
Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ықыластылық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық, т.б. қасиеттерді дарытуға бағытталған.
Ежелгі дәстүрдегі қазақтың ағартушылық негіздерін сөз етсек, Көне Түркі ескерткіштерін, яғни Орхон жазба ескерткіштерін, Әбу Насыр Әл – Фарабидің педагогикалық еңбектерін, ағартушылық іс - әрекеттердің алтын қазынасы ретінде Жүсіп Баласағұнидің «Құдатғу білік», Ахмет Игунекидің «Хибатул - Халайық» және Хайдар Дулатидің «Тарихи – и - Рашиди», Қыдырғали Жалайырдың «Жамиғат – тауарих» шығармалардың ағартушылық мәні зор. Осы аталған және де басқа халқымыздың алтын қазынасынан еңбекке қатысты, ал еңбек дегеніміз - экономика, нарықтық қатынас сияқты категориялардың тамыры болып саналады, сондықтан осы алтын қазыналы шығармаларда еңбек тәрбиесіне қатысты тұжырымдарды, ақыл – кеңестерді табуға болады.
Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қолдауда ІІ ғасырда жазылған «Фарабидің энциклопедиясы» атты еңбегінің маңызы ерекше. Еңбектің құндылығы, оның басқа халықтардың өз қажетіне жаратуы – оның еңбек заңдарына, еңбек адамдарының өз жұмысына саналылықпен, ұқыптылықпен қарап, өндірісті дамыту, еңбек өнімін, жеке адамның еңбекке құштарлығын, ынта – жігерін арттыру мақсатына негізделгенінде.
Әсіресе, Әл – Фарабидің «Ізгілікті қала тұрғындары»трактатындағы тұжырымдардың ғылыми негізделгені жағынан экономикалық теорияға өте жақын. Мұнда адамдардың бір – біріне көмегі, бірінің қажетін екіншінің қанағаттандыруы оларды қоғамдық тұтастыққа әкеледі. Сөйтіп адамдардың өзара қарым – қатынастары жетіліп, адамзат қоғамын құруға әкеледі. Әл – Фарабидің бұл тұжырымы ғылымға қосылған жаңа ұғым, категория десек артық емес. Өйткені, осы қала тұрғындарын жай ғана адамдар тобы емес, өндіргіш күш және адамзат қоғамын құрушы фактор деп қарап, оларды бірлікке, қайырымдылыққа шақырады. Әл – Фарабидің бұл идеясы бүгінгі күн үшін де көкейкесті [20].
Ал түркі тілдес халықтардың
аса көрнекті ақыны Жүсіп
Көз берді Алла зат көріп құндау үшін,
Құлақ берді үн естіп, тыңдау үшін,
Қас қол берді тірліктен тынбау үшін,
Аяқ берді бос қарап тұрмау үшін.
Әрине, бұл еңбекпен танысқан мұғалім де бала да қазіргі заманғы нарық қатынастарын меңгеруді, ақынның бәйіттерінің экономикалық психологиялық талғамына сай екеніне көзі жетеді. Ж.Баласағұнның кәсіпкерлікке, үкіметке айтқан мына ақыл – ой бүгінгімен үндесіп жатыр: «Барлық істі сарапқа сап істеген, қисаппенен қазынаңды үстеген». Бақыт сыйлайтын шаруа мен кәсіпкер, құн өлшемі, айналым және қазына туралы Ж.Баласағұнның көзқарастары қазіргі экономикалық зерделеулердің бастапқы нүктесі сияқты [21].
Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуының 10 – шы кезеңінде оның Ресеймен тығыз сауда – шаруашылық байланыстары ұлғайды. Әсіресе, осы кезде рыноктық экономиканың белгілері анық көрініп, кәсіпкерлік сана тереңдейді. Мұны қазақ халқының жарық жұлдыздары – ғалым Ш.Уәлиханов, ағартушы – ұстаз Ы.Алтынсарин, алып ақын А.Құнанбаев өз шығармаларында барынша жан – жақты сипаттайды. Аталған ғалым, ағартушы ұстаз, ақын – қазақтың жарық жұлдыздарының әлеуметтік – экономикалық ой – пікірлерін, көзқарастарын отандық зерттеушілер біраз зерделеді. Әсіресе, Я.Аубакиров, Д.Қабдиевтердің олар жөніндегі терең талдауларын ерекше атап өтуіміз керек.
Өркениеттік өлшеммен
қарасақ, Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың
шығармаларында осы күнгі
Ы.Алтынсариннің көлемі шағын әңгімелерінде еңбек, байлық, кәсіпкерлікті үйрену, баюдың жолдары нақты мысалдармен түсінікті жазылған. Оның «Малды пайдаға жарату», «Дүние қалай етсең табылады», «Білімнің пайдасы» деген және т.б.әлеуметтік – экономикалық тәрбиесі зор шығармалары болып табылады.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесін қалыптастыру