Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2012 в 21:37, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы – жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейде көтеруге ықпал етуде. Тәуелсіздік алып, еліміздің егемендігі жүзеге асып, қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру басталған кезде ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІНЕ ХАЛЫҚТЫҚ
МУЗЫКА ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................................6
1.1Халықтық музыканың тарихы және баланың мінез-құлық тәрбиесіндегі
маңыздылығы.....................................................................................................6
1.2Жас ұрпақтың мінез-құлық тәрбиесіндегі халықтық музыканың мазмұны
мен тәрбие көздері…......….................................................…………........…13
2 ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ АРҚЫЛЫ КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................35
2.1 Баланың мінез-құлқын тәрбиелеумақсатында жүргізілетін сабақтарды
халықтық музыка арқылы ұйымдастыру әдістемесі....................................35
2.2 Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін халықтық музыка арқылы
қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар жүргізудің әдіс-тәсілдер.......44
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63

Файлы: 1 файл

Дип Саден.docx

— 191.35 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогика институты

 

 

 

 

 

Зулеев  Саден

 

 

 

 

Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

050102 - «Бастауышта оқытудың педагогикасы  мен әдістемесі» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Арқалық 2012

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогика институты 

 

 

  

 

 

 

«Қорғауға жіберіледі»

«Мектепке дейінгі және бастауыш

оқыту әдістемесі»кафедрасының

меңгерушісі__________

ф.ғ.к., доцент А.ЕДүйсебекова

«__» __________ 2012ж.

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

  

 

Тақырыбы: «Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы»

 

 

 

050102 - «Бастауышта оқытудың педагогикасы  мен әдістемесі»  

 

 

 

 

 

 

Орындаған

БОП- 41 тобының студенті                                        С.Зулеев

 

Ғылыми жетекшісі

аға оқытушы                                                                М.Н.Оспанбекова 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Арқалық 2012

Мазмұны

 

 

Кіріспе....................................................................................................................4

 

1   ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІНЕ ХАЛЫҚТЫҚ

      МУЗЫКА ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................................6

1.1Халықтық музыканың  тарихы және баланың мінез-құлық тәрбиесіндегі

      маңыздылығы.....................................................................................................6

1.2Жас ұрпақтың мінез-құлық тәрбиесіндегі халықтық музыканың мазмұны

      мен тәрбие көздері…......….................................................…………........…13

 

2  ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ АРҚЫЛЫ Кіші мектеп оқушыларының   

     МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК

     НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................35

2.1 Баланың мінез-құлқын тәрбиелеумақсатында жүргізілетін сабақтарды

      халықтық музыка арқылы ұйымдастыру әдістемесі....................................35

2.2 Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін  халықтық музыка арқылы

      қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар жүргізудің   әдіс-тәсілдер.......44

 

Қорытынды.......................................................................................................62

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................63

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы – жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейде көтеруге ықпал етуде. Тәуелсіздік алып, еліміздің егемендігі жүзеге асып, қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру басталған кезде ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Бұл процеске қоғамтанушы ғылымдармен қатар тарихшылар, филологтар, философтар, психологтар сонымен қатар, педагогтар мен музыканттар да ат салысуда. Бәрінің мақсаты – тамыры тереңде жатқан ұлттық өзіндік философиялық ой-сананың ерте дәуірден күні бүгінге дейінгі тарихына ой жүгірту, оның дамуына өзіндік үлес қосу. Өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау – жалпыұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысы қалыптасуының, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықтың, ұлттық сана мен мінез-құлық тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі. Халқымыздың ұлттық мәдени мұраларын, өнерін ескермеу болашақ ұрпақтың ұлттық сана-сезімдеріне, мінез-құлықтарына теріс ықпал етуде. Әсіресе, қоғамның қазіргі нарықтық қарым-қатынасқа көшу барысында туындаған дағдарыстары жас ұрпақтың жан-жақты жетілуіне көптеген қолайсыздықтар туғызуда.

Сондықтан да, диплом жұмысының өзектілігі қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеуде алдыңғы қатарға шығып отырған мәселелердің бірі жас ұрпақтың мінез-құлқын халықтық музыка арқылы қалыптастыруды жүзеге асырудың тиімділігін өткен тарихымызбен байланыстырып қарастырыу. Педагогикалық процесте оқушылардың мінез-құлқын тәрбиелеудегі халықтық музыканың ықпалын педагогикалық және әдістемелік тұрғыдан қарастыру біздің жұмысымыздың тақырыбын «Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы» деп таңдауымызға себепші болды. Себебі, бұл бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

Өткен тарихтың сын көзінен өткен құнды ұлттық музыка мұралары арқылы жас буынның мінез-құлқының қалыптасуына ықпал етіп, болашаққа бағыт жасап отырған жағдайда ғана ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілмейді. Жас ұрпаққа халықтық тәрбие негізінде білім беріп, тәрбиелеу үшін халықтықмузыканы насихаттауға жол ашу қажеттілігі туып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бұл заңында: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі белгіленген [1].

Жұмыстың мақсаты. Жас ұрпақтың мінез-құлқын халықтық музыка арқылы тәрбиелеудің тиімді жолдарын қарастыру.

Осы мақсатқа сәйкес жұмыста төмендегідей міндеттер алға қойылады:

  • оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыка ықпалының теориялық негіздерін қарастыру;
  • халықтық музыканың тарихы мен баланың мінез-құлық тәрбиесіндегі маңыздылығына талдау жасау;
  • жас ұрпақтың мінез-құлық тәрбиесіндегі халықтық музыканың мазмұны мен тәрбие көздерін айқындау;
  • халық музыкасы арқылы кіші мектеп оқушыларының мінез-құлық тәрбиесін қалыптастырудың әдістемелік негіздерін талдау;
  • баланың мінез-құлқын тәрбиелеу мақсатында халықтық музыка арқылы жүргізілетін сабақтарды ұйымдастыру әдістемесінің мазмұнын ашып көрсету;
  • оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін халықтық музыка арқылы қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар жүргізудіңәдіс-тәсілдерін қарастыру.

Тақырыптың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде, халықтық музыканың ұрпақ тәрбиесіне ықпалытөңірегенде зерттеу жұмыстарын жүргізген А.Жұбанов, З.Қоспақов, Н.Кетегенова, У.Джумакова, Т.Қоңыратбай, Д.А.Кабалевский,В.Н. Щацкая т.б. жұмыстарын атаған жөн.

Біз қазақ  халық педагогикасы мен этнопедагогикалық зерттеулердегі мәселелерден өз жұмысымызға қатысты мәселелерге баса назар аудардық. Олардың ішінен: Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Т.Тәжібаев, М.Ғабдуллин, К.Құнантаева, С.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, Т.Әлсатов, Ө.Озғанбай, Қ.Қожахметова, М.Балтабаев, Қ.Бөлеев, Ш.Құлманова, Р.Төлеубекова, З.Әбілова, Ә.Табылдиев, Е.Сағындықовтардың және т.б. қағидаларын ұстаным етіп алдық.

Халықтық  тәрбие қағидаларын оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің ғылыми-педагогикалық негіздері бойынша – Б.А.Әлмухамбетов, Т.Ә.Қоңыратбаева, К.Ж.Қожахметова, Р.К.Дүйсенбінова; бастауыш сыныпта оқушылардың музыкалық тәрбиесіне арналған әдістемелік-бағдарламалық әдебиеттер бойынша – Б.Ғизатов, Ө.Байділдаев, П.Момынов және т.б. оқулықтар, бағдарламалар, әдістемелік-нұсқаулар; Қазақстандағы балалар композиторларының еңбетері негізінде – А.Жұбанов,Ғ.Жұбанова, К.Қуатбаев, И.Нүсіпбаев; Қазақстандағы музыкалық педагогика саласындағы ғылыми еңбектер бойынша – С.А.Ұзақбаева, Р.Р.Жәрдемалиева, М.Х.Балтабаев, Ш.Б.Құлмановалардың еңбектерінде тұжырымдалған ой-пікірлер жұмысымыздың басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеу объектісі. Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы.

 

 

 

 

1    ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІНЕ ХАЛЫҚТЫҚ

МУЗЫКА ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІДЕРІ

 

    1. Халықтық музыканың тарихы және баланың мінез-құлық тәрбиесіндегі маңыздылығы

 

 

ХІХ ғасырдың екінші жартысы тарихтың даму барысында  философия, мәдениеттану, әлеуметтану, тарих, педагогика ғылымдарында ренессанс, демек, қайта өрлеу кезеңі деп  суреттеледі. Қазіргі егемендік  алып, Қазақстан Республикасының  қалыптасуы, дамуы да – қайта  өрлеу кезеңі. Демек, ұлтымыздың, тіліміздің, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріміздің, ұлттық тарихымыздың қайта жаңғыру кезеңі. Біздің пайымдауымызша, қазақ халқының мәдениеті, тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ыбырай, Абай, Шәкәрім мұраларында  жалғасын тауып насихатталды.

ХҮ ғасыр  мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, хандық дәуірде өмір сүрген Асанқайғы, Қазтуған, Мұхаммет Хайдар Дулати, Ж.Баласағұн, Шалкиіз, Досмамбет, Ақтамберді, Шалақын, Дулат Бабатайұлы т.б. ақын жыраулар мен ойшылдар шығармаларының ұрпағымызды  Отансүйгіштікке, ұжымшылдыққа, еңбек  сүйгіштікке, үлкенді сыйлауға, әдепті, кішіпейіл, мейірімді болу сияқты қазақ  халқының салт-дәстүрі мен тарихын, мәдениеті мен өнерін бойға сіңіріп  ұялатуда маңызы ерекше.

Осы тұрғыдан келгенде, жадына сеніп, жазу-сызуға салғырттау қараған елде Қорқыт атаның, Әбу  Насыр Әл-Фарабидің, Махмұт Қашғаридың, Қожа Ахмет Иассауидың, Асан Қайғының, Бұқар жыраудың, Абайдың т.б. ұлы  бабаларымыздың шығармаларының сол  күйі сақталып, бүгінгі ұрпақтардың  игілігіне айналып отыр. Кең байтақ даламыздағы өркениет көшінің өн бойынан қадау-қадау шыңдар тәрізді  уақыт өткен сайын бейнелері  асқатай түскен осынау трихи тұлғалардың  бірқатары шығармаларының дер кезінде  хатқа түскені арқасында даусыз-талассыз түркі мәдениетінің төл өкілдері аталып отырса, енді бірқатары ұлт  пен ұлттық мәдениеттің өз кезегіндегі, тіпті кейінгі бүкіл даму барысында  орасан зор ықпал жасағандықтан  халық жадында мәңгі-бақи сақталған. Жыр, терме, аңыз болып атадан балаға мирас болып келе жатқан бабаларымыздың халықтық мұралары ұрпағымызды елжандылық пен ұлтжандылыққа, Отанын, елін, жерін  сүюге тәрбиелеуге, батырлық пен  батылдыққа, өжеттілік пен шыншылдыққа  тәрбиелеудің қайнар көзі болып отыр [2,21 б.].

Қазақстанда жүріп жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістер жалпы білім беру жүйесіндегі  реформаның жүзеге асырылуын талап  етуде. Осы реформаға сәйкес білім  беру жүйесін демократияландыру, ақпараттандыру бағыттарындағы өзгерістер орын алуда. Білім беру жүйесінің аталмыш  өзгерістерге сай жүргізіліп жатқан жұмыстарының бағытына жасалған талдаулар, қазіргі өмірдің талабына сай  жек тұлға тәрбиелеуде, соңғы  уақытта өріс алып келе жатқан жастарға әлемдегі педагогика, психология, саясаттану, музыкатану ғылымдарының жетістіктері негізінде тәлім-тәрбие беруге негізделген, әлеуметтік педагогика саласындағы әлеуметтік қызмет мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отырғандығы байқалады. Еліміздің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы, сондай-ақ Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-мәдени дамуы тұжырымдамасының, мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының тұжырымдамасы, этномәдени білім беру тұжырымдамасының қабылдануы ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны жақсарту жолдарын нақты айқындауды талап етеді. Олай дейтініміз, оқушылар арасында әлеуметтік мәселе туралы ой толғағанда басты мақсаттардың бірі – оқушылардың әлеуметтік бейімділіктерін жетілдіру негізінде оларды нарық заманында өмір сүріп, еңбек етуге, бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу.

Қазақ халқының оқушыларға әлеуметтік тәрбие беруге негізделген ұлттық мұрасына талдау жасасақ, ол сонау түркі халықтарына ортақ Орхон-Енисей жазбаларыныдағы Күлтегін мен Білге қағанның айтқандары, Қорқыт ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Яссауи, Ахмед Жүйнекей, Сайф Сараи, Қыдырғали Қасыұлы Жалайыри, Мұхамед Хайдар Дулати т.б. орта ғасыр ойшылдарының шығармаларындағы, ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы Асанқайғы бастаған Доспанбет, Жиенбет, Ақтамберді, Шортанбай, Үмбетей, Шалкиіз, Бұқар тағы басқа ақын-жыраулар поэзиясындағы тәлімгерлік, қоғамдық ой-пікірлерде көрініс тапқан. Жалпы, ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктерді, халықтық тәлім-құндылықтарын ескере отырып, тәрбие берудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырдағы ойшылдар Фердоуси, Ибн-Сина, Омар Хаям, Сократ, Платон, Аристотель, Демократ, Квинтилион, Я.А.Коменский, Джон Локк, К.Гельвеций, Жан-жак Руссо, И.Г.Песталоцци, Н.И.Пирогов, Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, ал ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймуытов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Сералин Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, тағы басқа көрнекті ғұламалардың маңызды ой-пікірлері қазіргі кезде де өз мәнін жоғалтқан жоқ [3, 15 б.].

Оқушылар  арасында әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық  жақтарынан шетел зертеуші мамандары  Т.Парсон, Л.В. Воллард, П.М.Якобсон, В.Оконь  және т.б. еңбектерінің үлкен практикалық маңызы бар. Қазақтың халық педагогикасының прогрессивтік мәнін ғылыми тұрғыда қарастырып зерттеу Кеңестік дәуірдің 1970-1990 жылдар аралығында біртіндеп басталса, әлеуметтік педагогика ғылыми зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, егемен мемлекет болуы нәтижесінде жаңа идеялармен үндесе қолға алынды. Осы тұста Қ.Б.Жарқыбавтың, Қ.Бөлеевтың, С.Қалиевтың, М.Х.Балтабаевтың, С.А.Ұзақбаеваның, З.А.Исаеваның, Ш.Т.Таубаеваның, Ж.Ж.Наурызбайдың, Ә.Табылдиевтың, Қ.Ж.Қожахметованың, В.В.Егоровтың, Н.А.Минжановтың, З.У.Кенесаринның, Е.З.Батталхановтың, С.Т.Каргинның, И.Р.Халитованың, Л.Т.Қожамқұлованың, Ш.А.Әбдіраманның, Г.Ж.Меңлібекованың және т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстары өте құнды еңбектер екенін айтуымыз керек.

Қазан революциясына  дейінгі қазақ музыкасы. Қазақ  халқының ұлт болып қалыптасуы кезеңінде  өзіне тән музыка дәстүрі дүниеге  келді. Ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік  төл музыка мәдениетінің идеялық  – тақырыптық мазмұны, музыка тілінің  мәнерлеу құралдары мен дәстүрлі жанрлары бар. Ұрпақтан-ұрпаққа ауызекі  түрде жеткен халық музыкасы оның рухани өмірінен, қоғамдық қатынастарынан, күнделікті тұрмысынан ерекше орын алды. Аты аңызға айналған Қорқыт (VIIIғ) музыка ғылымы туралы трактат («Музыканың ұлы  кітабы») жазған Әбу Насыр Әл-Фараби (Х-ХІғғ) қазақтың көне музыка мәдениетінің өкілдері болды [4, 11 б.]. Халық әндері мен күйлерінің әуен-сазы арқылы үй іші әдет-ғұрпының және халықтың қоғамдық дәстүрлерінің негізі бір буыннан бір буынға жетті. Ән-күй арқылы эпикалық аңыздар мен тарихи оқиғалар, нақыл сөздер, даналық ойлардың мән-мазмұны бейнеленеді. Ән текстерінде үй іші, қоғамдық өмірде ненің жақсы, ненің жаман екені аңғартылып айтылып, үлгі өнегелік мысалдар келтірілді. Халықтың ән-күйлері қыран бүркітке де, құмай тазыға да, жүйрік атқа да арналды. Жаз жайлауға көшкенде, күз қыстауға қайтқанда ауыл ақсақалы елге әнмен бата берді. Ру басы ақсақалдарының кеңесі ән немесе күймен ашылды. Ал хабаршы жақсылық хабарды, төтенше жағдайды ауылдан ауылға терме түріндегі ән әуені арқылы жеткізеді. Әйелдер киіз үй тіксе де, мал сауса да, жүн сабаса да, өрмек тоқыса да, киіз басса да ән айта жүрді. Сондай-ақ үйлену тойында, қыз ұзатқанда, жастардың сауық кешінде, балалар ойнында, өлген адамды жерлеу салт-жолдарында да ән айтылып, күй тартылады. Жапан даладағы жалғыз атты жолаушы да ұзақ жолды әнмен қысқартып, құлазыған көңілін әнмен көтерді. Халық жұбату әні арқылы қайғылы үйге көңіл айтып, сүйінші әнмен ауыл-аймаққа қуанышты хабар әкелді. Мазмұны мен күрделі орындаушылық түріне байланысты халық музыкасының белгілі мақсат мұраты болды. Мысалы: шағын диапозондағы оңай шығарылып, еске сақталатын көңілге қонымды келетін жеңіл әуенді еңбек әндері, әдет-ғұрыпқа т.б. әндер, бесік жыры, балалар әндері, мелодиялық өрісі кең, көп бөлімді формадағы әрі өлшем – ырғақтық құрылысы жағынан күрделі лирикалық тарихи, эпикалық және әлеуметтік тақырыпқа арналған жоғары профиссионалды шеберлікті талап ететін ән-күйлер.

Информация о работе Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы