Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2012 в 21:37, дипломная работа
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы – жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейде көтеруге ықпал етуде. Тәуелсіздік алып, еліміздің егемендігі жүзеге асып, қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру басталған кезде ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.
КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІНЕ ХАЛЫҚТЫҚ
МУЗЫКА ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................................6
1.1Халықтық музыканың тарихы және баланың мінез-құлық тәрбиесіндегі
маңыздылығы.....................................................................................................6
1.2Жас ұрпақтың мінез-құлық тәрбиесіндегі халықтық музыканың мазмұны
мен тәрбие көздері…......….................................................…………........…13
2 ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ АРҚЫЛЫ КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................35
2.1 Баланың мінез-құлқын тәрбиелеумақсатында жүргізілетін сабақтарды
халықтық музыка арқылы ұйымдастыру әдістемесі....................................35
2.2 Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін халықтық музыка арқылы
қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар жүргізудің әдіс-тәсілдер.......44
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63
Қазақ аспаптық
халық музыкасындағы қобыз
Біржан
Қожағұлұлы (1834-1897) әндеріне айқын демократиялық
характер тән. Компазиторларында әлеуметтік
оқиғалар, адамгершілік, мөлдір махаббат,
жастық шақ т.б. тақырыптар орын алды.
«Ақтелтек», «Біржан сал», «Ғашығым»,
«Алтын балдақ», «Бірлән», «Айтпай» әндері
- Біржан творчествосындағы шоқтығы
биік, лирикалық туындылар. Оның «Ләйлім
шырақ», «Көлбай-Жанбай», «Ақтентек» сияқты
әзіл – наз әндерінің өзінен достық,
сезім күйлері Біржан жеке адамның
жан сезімін, көңіл күйін жырлаумен
қатар патриархалды-феодалдық
Халықтың
дарында әнші-компазиторы әрі
ақын Ақан сері Қорамсаұлының (1843-1913) ән
творчествосы қазақтың класикалық ән
қазынасының алтын қорына еніп, артына
аса мол музыкалы поэзиялық мұра
қалдырды. Ол - өмір шындығын өлкен суреткершілікпен
жырлаған ақын әрі мұңшыл да сыршыл,
лирикалық бағыттағы әнші-
Қазақ халқының
ұлы ақын Абай (Ибрахим) Құнанбаевтің
(1845-1904) алуан қырлы творчествосының
негізгі бір саласы оның ән творчествосы.
Абайдың 30 тарта әні сақталған. Оның
ішінде «Ата-анаға көз қуаныш»
атты үлгі-өнегелік әні сөзі мен
мелодиясының қиюласуы жағынан ерекше
көзге түсті. Ал, «Бойы бұлғаң»
әнде байлыққа мастанған тоғыштардың
топтастығы мен надандығын жеріне жеткізе
шенйді. Абайдың жалын атқан жастық
шақты, мөлдір махаббатты, қаймағы бұзылмаған
ынтықтың сезімді жар ететін лирикалық
әндері тыңдушысын эстетикалық әсерге
бөлейді. ХІХ ғ. ІІ-жартысындағы қазақ
халқының музыкасында Жаяу Мұса Байжанұлының
(1835-1929) ән творчествосы ерекше көрініс
болды. Жаяу Мұсаның бізге жеткен
70 таяу әндері поэзиялық мазмұны
мен музыкалық образдылығы
Халық музыкасының
ірі - өкілдерінің бірі белгілі әнші-компазитор,
ақын-импровизатор Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
(1860-1930). Ол қазақтың атақты әнші-ақындарымен
достық қарым қатынаста болуы, оның
өнерге деген көзқарасына, дүние
танымына үлкен әсер етте. Үкілі
Ыбырайдің музыкалық мұрасында 40
жуық әндер бар. Ол өзінің ән творчествосында
халықтың әлеуметтік әдет-ғұрпын күн-көріс
кәсібін қазақ дерінің
Естайдың
әнші-ақындық, компазиторлық атағын
бүкіл қазақ сахарасына мәшһүр еткен
ән «Хорлан» осы шығармасымен классик
компазиторлардың қатарынан орын алды.
Ол – «Бір мысқал», «Майдай қоңыр»,
«Шек қара ағаш» т.б. әндердің авторы.
Әйелдің қоғам өміріне әнші-
Қазақтың тұңғыш профессионал әнші әйелдерінің бірі – Майра. Ол жас кезінен-ақ той-думандарда, жәрменкелерде, көпшілік арасында он екі тілді сырнайға немесе домбыраға қосылып қазақтың, орыстың әндерін асқан шеберлікпен сазына келтіре орындаған. Оның «Бақша», «Даланың әні», «Толқыма» әсіресе «Майра» атты әндері қазақтың кең даласын аралады. Сондықтан біз үшін қоғамның әлеуметтік дамуына қазақтардың шаруашылық құрылысына, семьялық-некелік қатынастарына, қолөнері мен тұрмысына, дүниетанымына, салт-дәстүріне, діни нанымына ғылыми талдау жасап алу орынды болып көрінеді. Өйткені қазақ халқының музыкалық творчествосының өзіндік ерекшелігі осы айтылғандармен тығыз байланысты. Қазақстан мәдениеті дамуының өзіне тән ерекшелігі сол, халық ауыз творчествосы оның рухани өмірінің елеулі құрамдас бөлігі болған. Халық сан ғасырлар бойы тамаша көркем құндылықтар тудырып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдырып отырды. Олар жеткіншік ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты және әлі де үлес қосып келеді. Қазақ фольклоры мен эпосының едәуір бөлігі формасы жығынан қарапайым, сонымен бірге суырып салып айтуға, есте сақтап қалуға өте ыңғайлы болып келеді. Қазақ далысында ертеректе күн кешкен әрбір адамның суырп салмалық дарынының болуы, тілінің бейнелілігі, көптеген мақал-мәтелдерді қолдана сөйлеуі осымен сабақтас жатса керек [6].
Қазақтың
ауз творчествосы халықтың өмірі
мен тұрмыс-тіршілігінің алуан түрлі
жақтарын қамтитын өзінше бір жылнама
болды. Бұл творчествоның формаларының
алуан түрлі болғанын оның музыкамен,
теартландырылған қызықты көріністермен
тығыз өріліп отырғанынан байқаймыз.
Шын мәнінде ақын-жыршылар, сал-серілер
өз шығармаларын оырындаушы, импровизатор
ғана емес, сонымен қатар күйші-
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында музыкалық білім беру педагогикасы дербес ғылым саласы ретінде дами бастады. Зерттеушілер музыкалық білім беру педагогикасының ғылым ретінде қалыптасу, даму жағдайын басты үш кезеңге бөліп қарастырады.
Бірінші кезең (XIX ғасырдың екінші жартысы) музыкалық білім беру педагогикасының негізін салушы ғалым-ұстаздардың (А.Н. Карасев, СИ. Миропольский, Д.Н. Зарин, А.Л. Маслов, Н.Е. Брюсов, Б.Л. Яворский, С.Т. Щацкий, В.Н. Щацкая және т.б.)педагогикалық іс-әрекеттің белсенділігі және музыкалық тәрбие берудің мазмұның, әдіс-тәсілдерін қарастыруға арналған бірқатар музыкалық-педагогикалық еңбектердің жарық көруімен сипатталады. XIX ғасырдың екінші жартысында музыкалық білім беру педагогикасы саласында балаларды хормен ән салу, музыка тыңдау, музыка сауаттылығы сияқты түрлі шығармашылық іс-әрекеттер арқылы музыкаға тарту, музыкалық мәдениетін қалыптастыру жөнінде практикалық тәжірибенің жинақтала бастағаның байқаймыз[3, 28 б.].
Екінші кезең (XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың бірінші жартысы) ән-күйдің дербес пән ретінде оқытылуына және музыкалық білім мен тәрбие беру әдістемесінің жасалуына байланысты, музыкалық білім беру педагогикасының жаңа ғылым саласы ретінде қалыптаса басталуымен сипатталады. 1918 жылдың қазан айында бірыңғай еңбек мектептерінің ашылуы жөніндегі Декларацияның жариялануы көптеген жаңалықтарға тиек болды. Сол кездегі көрнекті мемлекет қайраткері А.В. Луначарскийдің басшылығымен Халық ағарту комиссариаты жанында арнайы музыкалық бөлім ашылды (МУЗО). Сөйтіп, мектептерде музыкалық білім мен тәрбие мақсаты мен міндеттері, талаптары айқындалып, музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің жүзеге асыружолдары қарастырыла бастады. Ән сабағын оқытуға қойылатын талаптар күшейтіліп, білім мазмұнын сұрыптау қолға алынды, сабақ өткізу әдістемесінжасау және оқу құралдарын дайындау жұмыстары жоспарланды. Ән сабағын жүргізетін мұғалім даярлығы да назардан сырт қалған жоқ. Бұл жұмысқа Халық ағарту коммиссариаты беделді, әрі танымал сазгер-педагогтерді тартып, нақты тапсырмалар жүктеді. Сол кезеңде В.Г. Асафьев, В.Г. Каратыгин, Н.Я. Яворский, Н.Л.Гродзенская және т.б. педагогтердің музыкалық тәлім-тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша жүргізген соны ізденістері музыкалық педагогиканың дамуына игі ықпалын тигізді.Осы бағыттағы әдістемелік жетістіктер «Музыка в единой трудовой школе» (1921ж.), «Вопросы музыки в школе» (1926ж) және т.б. сияқты әдістемелік әдебиет беттерінде жарияланып тұрғандығын да атап өткен жөн. Аталған басылымдарда жарық көрген Н.М.Ковиннің «Пение и музыка в единной трудовой школе» аттымақаласы назар аударарлық. Ол өз еңбегінде музыкалық қабілеттерді, әсіресе музыканы қабылдау қабілеттерін балаларды теориялық білімдермен қаруландыру негізінде дамытудың қажеттігі жөнінде бүгінгі музыкалық білім беру педагогикасы проблемалармен үндес тұжырымдар жасаған. Мектептегі музыкалық тәлім-тәрбиенің мақсаттары мен мазмұның анықтау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері қарастырылған Н.Я. Брюсованың,музыка сабағын жобалау, кұру мәселелерін талқылауға арналған М.М.Койранскаяның мақалары да музыкалық білім беру педагогикасы Теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосқан еңбектер деуге болады. Ресейде музыкалық педагогиканың дамып қалыптасуына музыкатанушы, сазгер, педагог, ССРО ҒА-ның академигі (1943 ж.), КСРО халық әртісі (1946 ж.) Борис Владимирович Асафьев (Псивдоним - Игорь Глебов) көп еңбек сіңірді. Ол ірі музыкатану мектебінің негізін салушы ретінде аса танымал ғалым, эстетика, музыка теориясы мен тарихы туралы кітаптардың, сондай-ақ мектепте музыкалық тәрбие беру әдістемесі және оны ұйымдастыру проблемалары мен кәсіби-музыкалық білім беру жөніндегі салиқалы мақалалардың авторы. Б.В. Асафьев өзінің еңбектерінде мектеп оқушыларының музыканы қабылдау қабілетін, музыкалық талғампаздығын дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлді. Оның пайымдауынша, музыка сабағында тек музыкалық шығармаларды тыңдаумен шектелмеу керек, керісінше, олардың музыкалық қабылдау мүмкіндіктерін кеңейту қажет, яғни «музыканы практикалық жағынан меңгерту» міндеттері қойылуы тиіс. Ол үшін Б.В. Асафьа оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпалын тигізетін хормен ән салу әрекеттеріне көбірек назар аударуды ұсынды. Б.В. Асафьевтің пікірінше, өнер туындыларының бағасы мен нарқын осы салада аз да болса шығармашылықпен әрекет етіп соның жемісіне қуанып, шаттана білген адам ғана байыптай алмақ. Бұдан оның өнермен шұғылданудағы шығармашылық іс-әрекетке ерекше мән бергендігін көреміз[3, 69 б].
Музыканы тыңдап, қабылдаудың психологиялық аспектілері соның ішінде «музыкалық ұғым-түсініктер» негізінде музыкалық ойлауды дамыту, музыканы тыңдау барысында адамның белгілі бір сезімге бөленіп, сан қилы психикалық кейіпке (қуану, мұңаю, серпілу, т.б.) түсіп қана қоймай, талдау, жинақтау, салыстыру нәтижесінде музыкалық материалдарды саралау, сұрыптау, баға берусияқты ойлау процестерінің жүріп жататындығы Б.В. Асафьевтің назарынан сырт қалмаған. Оның пікірінше, салыстыру әдісі музыканың табиғатын, ондағы қарама-қарсылықты, тепе-теңдікті, қайталанымдарды жете түсінуге, әсіресе есту дағдыларының қалыптасуына жағымды ықпалын тигізеді. Осылайша музыкалық шығармалардағы ырғақтық, ладтық, динамикалық, шапшаңдық, тембрлік, ерекшеліктерді ажырата білу, есту дағдыларының жетілуіне және қабылданған материалды жинақтауға, музыкалық сауаттылық негіздерін меңгеруге көмектеседі. Б.В. Асафьевтің келесі жетістігі музыканы қабылдау мен түсінуде, музыкалық құбылыстарды салыстырып пайымдауда қарапайымнан күрделіге қарай өрлеу жөніндегі пікірі болып табылады. Б.В.Асафьевтің музыкалық педагогика саласында қалыптастырған қағидалары сол кезеңде музыкалық тәрбиенің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты, әрі болашақта дамуына негіз болды. Бұл кезең педагогикада түрлі тенденциялар мен ағымдардың пайда болуымен де ерекшеленеді.
Педагогиканың бір бөлігі ретінде музыкалық білім беру педагогикасыда «Еркін тәрбие», «Кешенді-проективтік әдіс», «Бригадалық-лабораториялық әдіс» идеяларының, оның кері ықпал әсерінен шет қалған жоқ. Сөйтіп, 30 –шы жылдары музыка пәнінің дәрежесін көтеру бастамалары бәсенсіп қалды. Оқу жоспарында аптасына екі сағат жоспарланған музыка сабақтары бір сабаққа кеміді. Музыкалық білім берудің осы кезеңінде музыкалық тәлім-тәрбие сабақтан тыс әрекеттерде жүргізілуі тиіс деген пікір, көзқарастар белең алған болатын. Бұл осы бағыттағы тәрбие жұмысының жандануына себепші болды. Балалардың көркемдік тәрбие үйлері, пионер үйлері мен сарайлары, түрлі клубтардағы балалар секторлары жедел қарқынмен жұмыс істей бастады.Осы кезеңде В.Г. Соколовтың жетекшілігіндегі балалар қоры сияқты тамаша көркемдік ұжымдар өмірге келді. Музыкалық білімберупедагогикасының қалыптасуында шешуші роль атқарған бұл кезеңде тек ғылыми-әдістемелік өндемелердің және музыкалық білім берудің мазмұнын, әдіс-құралдарын, ұйымдастыру формаларын қарастырған ғылыми әдістемелік еңбектердің жарыққа шығарылуымен бірге, музыкалық білім беру проблемаларын шығармашылықпен, теориялық тұрғыдан таразылайтын батыл қадамдар жасалды. Ленинград қаласындағы Пионер сарайында И.И. Левидовтың жетекшілігімен ұйымдастырылған балалар дауысынқорғау және дамыту проблемасы жөніндегі ғылыми - зерттеу жұмысы сияқты күрделі ғылыми ізденістер бой көрсете бастады[8, 5 б.].
Информация о работе Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы