Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2012 в 21:37, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы – жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейде көтеруге ықпал етуде. Тәуелсіздік алып, еліміздің егемендігі жүзеге асып, қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру басталған кезде ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІНЕ ХАЛЫҚТЫҚ
МУЗЫКА ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................................6
1.1Халықтық музыканың тарихы және баланың мінез-құлық тәрбиесіндегі
маңыздылығы.....................................................................................................6
1.2Жас ұрпақтың мінез-құлық тәрбиесіндегі халықтық музыканың мазмұны
мен тәрбие көздері…......….................................................…………........…13
2 ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ АРҚЫЛЫ КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................35
2.1 Баланың мінез-құлқын тәрбиелеумақсатында жүргізілетін сабақтарды
халықтық музыка арқылы ұйымдастыру әдістемесі....................................35
2.2 Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін халықтық музыка арқылы
қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар жүргізудің әдіс-тәсілдер.......44
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63

Файлы: 1 файл

Дип Саден.docx

— 191.35 Кб (Скачать файл)

Лирикалы  әндер туралы ол: «...при звуках ее сейчас же переносятся в своеобразную казахскую обстановку, начинаешь  воображать себя в разгоряченном  воздухе казахской степи, среди  казахского пейзажа и даже начинаешь  чувствовать ароматы степных  трав, так и понесет запахом  полыни» - деп өзінің жүрегінен шыққан сезімін білдіреді. Музыкалық фольклорды зерттеу барысында біз «музыкалы-поэтикалық шығармашылық» деген ұғымға жиі  кездесеміз. Бұл қазақ халқының музыкалық  фольклорын өзіндік ерекшелігінен  шыққан. Халық ауыз әдебиетінің шығармалары  әр алуан жанрда ұрпақтан- ұрпаққа  ғасырлар бойы жалғасып келген [12, 14 б.].

Барлық  жанрларда музыкалық сүйемелдеумен  орындалып, дастан, жыр, терме, толғау, ән ретінде қазіргі ұрпаққа жетіп  отыр. Бұл шығармалар поэтикалық негізде  бола тұрып, музыкалық сүйемелдеумен  көркемдік сипатын арттыра түседі.

Музыкалық фольклордың өзіндік ерекшелігі бар музыкалық-поэтикалық бөлігін  – салт-дәстүрге, жастардың ойын-сауығына байланысты «сыңсу», «естірту», «айтыс», сияқты, орындаушылық жағынан өнерпаз  өзі білетін әуенге салып, өлеңнің  мәтінін өзі құрап, немесе жаттанды түрде де орындай беретін шығармашылықты айтуға болады. Көп жағдайда музыкалық  фольклордың бұл түрі суырып салмалық (импровизациялық) сипатта орындалады. Бұл, осы өнердің музыкалық-поэтикалық фольклор ретінде құндылығын арттыра  береді.

Қазақ музыкалық  фольклорының ерекше бір түрі күйді  орындалу жағдайына қарай отырып, екіге бөліп қарауға болады: суырыпсалмалық, туындыгерлік және орындаушылық. Снымен қатар қазақ музыкалық фольклорының өзіндік тағы бір ерекшелігі, ұрпақтан-ұрпаққа, аймақтан-аймаққа тарай отырып, ауызша үйретіліп, дәстүрлі түрде орындалып, орындаушы өнерпаздардың орындау  барысында, шабыттана отырып шығарманың кейбір жерлеріне өз өзгерістерін жасап  отыруы жиі кездеседі.

Соған байланысты бір атпен аталатын әннің немесе күйдің бірнеше түрі пайда болады. Ал мазмұны жағынан әртүрі бір-бірінен  алшақ кетпейді. Бұл – қазақ  халқынан шыққан өнерпаздардың аса  дарындылығының бір белгісі.

Қазіргі ұжымдық фольклордағы музыкалық  дәстүрді анықтау мақсатында музыкалық  фольклордың жанрына көңіл бөлейік. Қазақша «өлең» деген сөздің мағынасын  білу үшін ежелгі халық әндерінің  нұсқасына көңіл аударайық. Онда орындаушылар өздерін өлеңші немесе өлеңшілер, туынгерлік шығарманы –  сөз, эпосты – жыр, болған аңыздарды-толғау деп атайды. Әлбетте, өлең жанры бүгінгі  күні жазылды деуге болмайды. Сол  себепті өлеңнің алғашқы түрі басқаша аталған болуы да мүмкін.

Шоқан Уәлиханов  «өлең» деген сөздің қазақ даласына өзі өмір сүрген кезеңінен 50-60 жыл  бұрын енгендігін айтады. Тілге зерттеу  жүргізген Қ. Жұбанов ежелгі зерттеуші  Әбдіқадыр Мұрағының еңбектеріне  сүйене отырып күй сөзі – көк, жырыр, толғау-дала екендігін айтады. Б. Уахатов X-XIV ғасырлардың деректерінен «Диуани  лұғат-ат түрік» еңбегінің негізінде  ол өлең сөзі алғашқыда Қыпшақтың  «ұла» сөзінен шыққандығын дәлелдеді. Бұл тұжырым дұрыс болуы да мүмкін. Өйткені, Құрымжановтың Қыпшақ лексикасынын зерттегенде Қыпшақтың  «ұла» сөзі «ол одан әрі алып кету, бір-бірімен байланысу» деген мағынаны беретіндігін айтқан [13].

Музыкалық шығарманың, өлеңнің бабын зерттей  келе оның халық тарихынан, өмірінен, дінінен, салтынан шыққанын ұмытпау  керек. Уахатов бақсы-балгерлердің орындауындағы арбау, жалбарыну  өлеңдері көне заманғы халық тұрмысының өлең жобасы дейді. Бақсы әндері барлық халыққа тән болғандықтан, бұл  мәдениет тек ауру адамдарды емдеп  жазу ғана емес, әндетуге де арналған. Қобыздың сүйедмелдеуі арқылы ән салыпжүріп бақсылар әннің әсерлік бағытын  басқа жаққа бұрып әкетті. Ұйғырлар бақсы деп ғалым адамды айтады.

Қ. Жұбанов: «Табиғатты өзіне бағындырудың алғашқы  түрі-турадан-тура балталап бұзып өзгерту  емес, магия еңбегі арқылы табиғаттың жасырын күштерімен астарласып барып, соған дегенін жүргізуге, арбауға  тырысады», - деп жазды. Оған адам баласының  күші жетпейтіндіктен, өзінің мәртебесін өлеңмен, әнмен, бимен көрсету керек  болды [14, 17 б.].

Көпжанрлы батырлар жырларының, дастандарының, поэтикалық әндердің, аңыздардың бөлшектенуін көрсететін аңыз күй – «Ақсақ құлан». Егер де «Ер Тарғын», «Алпамыс», Сағдидің «Гүлістан», Фирдаусидің «Шахнама» эпостарында музыкалық бейнелеудер біртұтас шығарманы құрайтын болса, кейбір қазақ эпостары, соның ішінде, «Ақсақ құлан» өзгеше, сөзсіз музыкалық шығарма болып табылады. Сонымен қатар музыкалық фольклордың қайта жандануына әртүрлі себептер әсер етеді. Бірақ барлық зерттеушілер Қ. Жұбановтың: «Музыкалық фольклор шығармасы сенкретизм негізінде туындаған», - деген болжамымен келіспейді. М. Әуезов керісінше, «эпос – салт-дәстүр әндерінің негізінен туындаған», - дейді [7, 92 б.].Қазақтың музыкалық фольклорын өлең – аспапты күй шерту деп, оларды бөліп қарауда пікірталас болмауы тиіс. Мұнда олардың жанрлық топтарына деген көзқарас көп. Барлық уақыттағы зерттеушілер музыкалық фольклордың алуан түрлі жанрына назар аударды. Қазақтың ән фольклорына да өте көп көңіл бөлінген. Басқа да өнер түрлері сияқты музыка - танымдық процестерді белсендіру құралы. Музыкалық шығармаларды тыңдау, ойнап үйрену, орындау барысында оқушылардың өмір тәжірибесі байытылады, болмысты байыптау өресі кеңейеді, ойлау процестері жеделдетіледі. Музыкамен қарым-қатынаста болу әуен-саздың өзара байланысын, мәнерін, бірізділіктегі құрылымын (әуенді образды қабылдау), олардың кешенділігін (тембр мен гармонияның мәнерлілігін қабылдау), сонымен қатар шығарманың түрлі фактураларының айырмашылықтарын (гомофония, полифония) танып білуге көмектеседі. Оқушылардың музыкалық іс-әрекеттерінде дамитын ойлаудың осы сферасы олардың болмысты тануына көмектеседі, дүниетанымын кеңейтеді, ақыл-ой қабілеттерін жетілдіреді. Қиялдың, фантазияның дамуы – тәлім-тәрбиенің маңызды жақтарының бірі. Осы ретте бала қиялын шарықтатып, арман-мақсатының ересін  биіктетуде, шығармашылыққа жетелеуде музыканың маңызы зор.Педагогика - жалпы және арнайы білім беру саласында теориялық, практикалық іс-әрекеттің негізі болып табылатын білім берудің мазмұны, формасы мен әдістері туралы ғылым. Осыған сәйкес белгілі бір білім саласы бойынша педагогикалық проблемаларды зерттейтін музыкалық білім беру педагогикасы сияқты бөлімдерінің болуы заңды құбылыс.

М. Әуезов салт-дәстүр өлеңдеріне анықтама беріп, оларды мағынасына қарай қайғы-шер, діни және той өлеңдері деп бөлді. «Шер өлеңдер» - «жоқтау», «көңіл айту», «естірту», «қоштасу» болып бөлінеді. Тұрмыс салт әндерінің өзі сан  алуан. С. Сейфуллин қазақ әдебиетінің  мәселесін сөз еткенде музыкалық  фольклор жанрына еріксіз тоқтаған еді. Ол М. Әуезовтың тұжырымынан  басқаша айта отырып, мал шаруашылығына  байланысты тақырыппен жастардың ойын-сауық  әндерін ерекше бөліп атаған [14, 35 б.].

 Салт  дәстүр әндері үш топқа бөлінеді. 1. Отбасы, еңбек, аңшы мен жануарлар  жайлы. 2. Ежелгі салт дәстүр, Ислам  дініне дейінгі арбау, байлау, шақыру, бата тілек жанрлары. 3. Балалар,  той, қайғы туралы әндер жатады.Өлең - халық рухани мәдениетінің бір  бөлігі болғандықтан, оның негізі  халықтың өмір сүру сипатына  бағынады. Түйіндей келгенде, өлең  халықтың дүниені сезінуі мен  дүниеге көзқарасын білдіреді.Баланың ұлттық сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастырады.

 

2    ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ АРҚЫЛЫ Кіші мектеп

      оқушыларының МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН

      ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

 

2.1 Баланың мінез-құлқын тәрбиелеу мақсатында жүргізілетін

      сабақтарды халықтық музыка арқылы ұйымдастыру әдістемесі

 

 

Халықтың  музыкалық шығармашылығы әр халықтың рухани мәдениетінің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Сол сияқты, қазақ халқының да ауызша музыкалық  поэтикалық мәдениеті адамзаттың кейінгі  ұрпаққа қалдырған мәдени мұрасының  жарқын белгілері болып отыр. Көшпелі  өмірдің қатал заңдылықтарын  қарамай халықтың мәдени өмірі көптеген жылдар бойы бірқалыпты дамып отырып, өмірге көптеген өнерпаздарды, өлмейтін кесек туындыларды келтірді. Әндерінде, аспаптық шығармаларында, ұлттық ауыз әдебиеті мен музыкалық шығармашылығында қиял-ғажайып ертегілері мен тарихи оқиғаларға байланысты жырлары, туған  еліне, өскен жеріне деген сүйіспеншілігі мен ұлттық дәстүрлі өнердің эстетикасын  паш ететін музыкалық туындылары, қоғамдық өмірі мен тұрмыс-салттың  философиясымен таныстыратын ойлы толғаулары кеңінен дамып отырды. Ал бұның бәрі ұрпақ тәрбиесін, сана-сезімін, мінез-құлқын ұлттық негізде қалыптастыруда айрықша орын алады.

«Музыкалық  білім беру педагогикасы» ұғымы - көптен бері қолданылып келе жатқан ұғым. Бұл ұғым көпшілікке музыкалық тәрбиеберу саласында, соның ішінде білім мазмұны мен оқытудың әдістемесі белгілі бір педагогикалық жүйені құрайтын және сол музыканың өзі тәрбие құралы ретінде саналатын жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәніне байланысты қолданылады. Сонымен бірге музыкалық білім беру педагогикасы түрлі типтегі музыкалық оқу орындарында (балалар музыка мектебі, балалар өнер мектебі, балалардың хор студиясы және т.б.) жүзеге асырылатын бастауыш музыкалық білім беру және осы саланың бірден-бір күрделі әрі маңызды сатысы колледждер мен консерваторияларда  кәсіби музыкалық білім беру мәселелерінқарастырады.Кез  келген  ғылым  саласы сияқты, музыкалық білім беру педагогикасы әдіснамалық  негіздерге сүйенеді.Табиғаттың, адамның, қоғамның, танымның даму заңдылықтары философияның заңдылықтарына негізделеді. Сондықтан ұзақ жылдар философияның аясында өркендеген және өркендеу үстіндегі педагогиканың бір саласы - музыкалық білім беру педагогикасы да философиялық тұжырымдардың негізінде дамиды[8, 16 б.].

Музыкалық білім беру педагогикасы қоғамдық құбылыс  ретінде музыкалық тәрбие заңдылықтарын, қоғамдық өмірдегі музыкалық тәрбиенің  мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтан  музыкалық білім беру педагогикасы - балалар мен жастардың ғана емес, үлкендердің де тәрбиесі жайлы ғылым.Музыкалық  білім беру педагогикасының пәні мен міндеттерін толық түсіну үшін ең алдымен негізгі ұғымдарын қарастыру қажет.Музыканы оқыту - екі жақты процесс. Бұл музыкалық білім мазмұнын меңгертуге бағытталған оқытушы мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, мақсатты бағытталған өзара әрекеттестігі. Музыкалық білім беру педагогикасы - тарихи құндылықтарды зерттеу, жинақтау, жеткізуге деген қоғам қажеттіктерінен пайда болған ғылым. Музыканы оқытудың негізін музыкалық білім, іскерлік, дағдылар, дүниетанымдық көзқарастар құрайды.

Музыкалық білім беру - арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінде немесе өз бетімен білім алу арқылы білім, іскерлік, дағдылар жүйесін меңгерту ретінде қарастырылады. Білім, іскерлік, дағдылар жиынтығы музыкалық білімділік мазмұнын құрай келе, кәсіби салада (сазгерлік, орындаушылық, оқытушылық, музыканы зерттеу және т.б.) немесе музыкамен әуесқой ретінде өз бетімен шұғылдану әрекеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.

Меңгертілген  музыкалық білім көлеміне сәйкес бастауыш, орта және жоғары білім, ал сипаты мен бағыттылығына қарай жалпы  музыкалық білім, кәсіптік музыкалық  білім деп бөлінеді.

Қайсыбір  ғылым саласы сияқты музыкалық білім  беру педагогикасы ғылыми-теориялық,  практикалық және  болжау функцияларын атқарады. Музыкалық білім беру педагогикасының мазмұны маңызды деген ғылыми педагогикалық идеяларға (білім беруді ізгілендіру, ынтымақтастық педагогикасы, оқытудыңөмірмен байланыстылығы және т.б.) ғылыми теорияларға (дамыта оқыту теориясы, білім мазмұнын сұрыптау теориясы, тәрбие жүйесі теориясыжәне т.б.) сүйенеді.

Музыкалық білім беру педагогикасын теориялық  және қолданбалы ғылым ретінде сипаттауға болады. Өйткені ол, бір жағынан, педагогикалық құбылыстарды баяндап түсіндірсе, екінші жағынан, музыкалық білім берудің міндеттерін шешуге бағытталған қалай оқыту және тәрбиелеу жолдарын қарастырады.

Музыкалық білім беру педагогикасы теориялық  жағынан дами отырып, музыкалық білім  беру бойынша оқу-тәрбие процесін жетілдіруді  көздейді. Оған озық педагогикалық  тәжірибенің, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларының мектеп практикасына ендірілуі мысал бола алады.

Музыкалық білім беру педагогикасына болжам жасауфункциясы қоғамның дамуының, мәдениет пен экономиканың, музыкалық білім беру саласындағы  ғылыми-мәдени жетістіктердің даму тенденцияларына  талдау жасау негізінде музыкалық  білім берудің болашағын жобалауда  көрініс береді. Болжамныңобъектісі - ғылыми теориялар қалыптасқан жағдайда оны болашақтағы практикалық  іс-әрекеттерде қолдану жолдарының үлгісінің жасалуы.

Осы тұрғыдан алғанда, музыкалық педагогиканын ғылым саласы ретінде музыкалық тәлім-тәрбиеге байланысты педагогикалық және қоғамдық іс-әрекеттің түрлі жақтарын қарастыруы оның зерттеу мақсаты болып табылады.Музыкалық білім беру педагогикасын ғылым ретінде қарастыру қайсыбір ғылым саласын сипаттайтын факторларды анықтап алуды қажет етеді.

1. Музыкалық білім беру педагогикасы - ғылым саласы, оның пәні - музыкалық білім беру.

2. Музыкалық білім беру педагогикасының зерттеу объектісі -оқушы, музыка пәні мұғалімі, кәсіби сазгер.

3. Музыкалық білім беру педагогикасы музыкалық білім беру мен — тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді. Ол түрлі фактілерді жинақтап, қорытады, музыкалық-педагогикалық құбыластардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтайды, музыкалық білім беру мен тәрбиелеу ісінің болашағын болжайды.

4. Музыкалық білім беру педагогикасы өз пәнін зерттеуде жалпы педагогикалық және арнайы зерттеу әдістерін (бақылау, әңгімелеу, эксперимент және т.б.) қолданады.

5. Қайсыбір  ғылым саласы сияқты музыкалық білім беру педагогикасына қатысты негізгі категориялар (музыкалық тәрбие, музыканы оқыту, музыкалық білім беру) қалыптасқан[8, 49 б.].

Бүгінгі таңда республикамызда болып  жатқан түрлі әлеуметтік-экономикалық процестерде халықтың ұлттық сезімін  оятады, тарихи мұраға аялы көзқарасты қалыптастыруды, жалпы адами сипаттағы  факторларды дамытуды, жеткіншектерді ұлттық және жоғарғы музыка өнері  арқылы партиоттыққа тәрбиелеу жұмыстарын жаңартуды талап етеді.

Бүгінгі таңдағы балалар музыка мектебі  әрбір мәдениет өкілдерінің балалары өз халқының мәдениетін меңгерумен бірге  басқа халықтардың да музыка мектебінде мәдениеттік рухани азық алатын мекеме. Оқушылар әрбір мәдениеттің өкілдері бар қоғамда өмір сүретін болғандықтан, оларға барлық халықтардың музыка өнерінде көрініс алған, жалпы адамзаттық құндылықтардың негізінде де қарым-қатынас  тәжірибесі қажет. Ал оқушылар болса  әртүрлі ұлттардың балалары қарым-қатынаста  болатын мектептердің өзіндік ерекшелігін  ескере бермейді, ал оқу-тәрбие процесі  ұйымдастыруда этикалық-педагогикалық  қателар жібермейді, осыған байланысты оқушылар тарапынан оларға силастық азаяды, ал, бұл болса оқу әрекетінде жағымды себептердің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Бұл жерде  музыка мектептерінің мұғалімдерін ұлттық психологиямен оның ерекшеліктерін ескерумен бірге, кіші жас оқушылардың  да эстетикалы, психологиялық және әлеуметтік даму ерекшеліктерін ескеруі  қажет.

Жеткіншектердің музыкалық дамуындағы нақты міндеттерді  шешуге қолайлы ерекшеліктерді әрбір  педагог музыкан басшылыққа алу  тиіс.

Информация о работе Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы