Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2012 в 21:37, дипломная работа
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы – жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейде көтеруге ықпал етуде. Тәуелсіздік алып, еліміздің егемендігі жүзеге асып, қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру басталған кезде ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.
КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІНЕ ХАЛЫҚТЫҚ
МУЗЫКА ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................................6
1.1Халықтық музыканың тарихы және баланың мінез-құлық тәрбиесіндегі
маңыздылығы.....................................................................................................6
1.2Жас ұрпақтың мінез-құлық тәрбиесіндегі халықтық музыканың мазмұны
мен тәрбие көздері…......….................................................…………........…13
2 ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ АРҚЫЛЫ КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................35
2.1 Баланың мінез-құлқын тәрбиелеумақсатында жүргізілетін сабақтарды
халықтық музыка арқылы ұйымдастыру әдістемесі....................................35
2.2 Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін халықтық музыка арқылы
қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар жүргізудің әдіс-тәсілдер.......44
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63
Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұшан-теңіз музыка мәдениеті оның рухани байлығының сарқылмас қайнар көзі болды. Музыка өнерінің халықтың ой санасына тікелей әсер етер құдірет күшін жақсы түсінген хан-сұлтандар, байлар мен билер, дін иелері мұны өздерінің таптық мүддесіне еркін пайдалана білді. Халықты мәңгі қараңғы қапаста, надандықта ұстау үшін және оларды өздеріне тәуелді ету ниетімен бай-сұлтандар өз айналасындағы ақындардың, әнші-күйшілердің өнердің феодалдық қоғамды және үй іші өміріндегі ескі салтты мадақтауға, ру тартыстарын шиеленістіруге бағыттады; «әлемдегі жақсылық, жамандықтың бәрі алла ісі, оған көну мұсылманның міндеті» - деген кері тартпа діни саясатты жағымпаз ақын, әншілерге мықтап уағыздатты. Халық мүддесіне адал қызмет етіп, оның мұңын-мұңдап, жоған-жоқтаған ақындар, әншілер, күйшілер феодалдық қоғамның реакциялық идеологиясына қарсы шықты. Мысалы: Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Құрманғазы сияқты халық композиторларының музыкасында еңбекші бұқараны еркіндікке, жақсы өмірге шақырған демократиялық тенденция өрши түсті. Халық өміріндегі демократия тенденциясының одан әрі дамуына алдыңғы қатарлы орыс мәдениеті елеулі әсер етті. Қазақтың Ш. Уалиханов, А. Құананбаев, Ы.Алтынсарин көрнекті атқарушы қайраткерлер орыс мәдениетінің жалынды насихатшылары болды. Халық өз ортасынан көпшілікке арман мүддесін қорғаған әділетшіл ақындарды, әнші-күйшілерді шығарды. Мұндай өнер адамдары өз шығармаларында бай феодалдардың пайдақорлығын, қомағайлылығын, билердің жемқорлығын қатыгездігін бетіне басып әшкерелеп отырды. Бұрын композитордың шындық кәсібін анықтайтын арнаулы атау болмады, өйткені халық композиторларының творчествосы басқа да өнер қайраткерлерінің ісімен тығыз байланыста болды. Халық композиторы өз әнінің сөзін өзі шығаратын ақын, әрі сол әнді бірінші орындаушы, ал күшті композитор болса, ол шебер домбырашы болды. Егер орындалған ән немесе күй жұртшылыққа ұнап, тыңдаушы жүрегіне жол тапса, онда мұндай шығармалар басқа орындаушылардың да репертуарынан орын алып, көпшілік арасына кеңінен тарады. Осындай әншілік, күйшілік, орыдаушылық өнердің жолында өнерпаздар көпшілік қауымнын алдында әнші-күйші сарапшылардың тиісті бағасын алды. Өзгеше шебер орындаушы авторларды халық үлкен құрметпен «сал», «сері» деп атады.Халықтың атақты ақындары, әнші-композиторлары мен күйші-композиторларының өз шәкірттері болды, олар ұстаздарымен бірге ел аралап, өнер көрсетті. Ерекше дарынды шәкірттер өз ұстаздарының ән-күйлерін үйреніп қана қоймай, өздері де ән-күй шығарып, олардың музыкалық стилі мен әлеуметтік эстетикалық көз қарасын одан әрі дамытты. Халық тұрмысында 25-тен астам музыкалық аспап болды. Оның шертер, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, көпішек, даңғыра, асатаяқ сияқты түрлері дыбыс көлемі шамалы болғандықтан және прфессионалдық талапқа сай келмегендіктен сирек пайдаланылды. Ал дыбыс сапасын жетілдіріп, диапазонын кеңейтіп, техникалық мүмкіндіктерін байытуға «көнген» музыкалық аспаптар халық тұрмысынан мықтап орын алды. Мысалы: шертіп ойнайтын екі шекті домбыра, ысып ойнайтын қыл қобыз, үрлеп ойнайтын сыбызғы, соғып ойнайтын дауылпаз т.б. ХІХ ғ. ІІ – жартысы революцияға дейінгі дәуірде халық музыкалық мәдениетінің гүлдену кезеңі болды. Бұл қазақ халқының музыкалық тілі басқа халықтар музыкасының, әсіресе орыс музыкасының интонатциясымен жан – жақты байып, қалыптасқан кезең болды. Музыканың вокалдық жағы мелодиялық болды да, аспаптық музыкада бір-екі және үш дауыстылық орын алды. Жалпы халықтық сазда өзіндік ұлттық гармония мен полифония элементтері айқын сезіледі. Сонымен, әлеуметтік құбылыс ретіндегі музыка, оның адам өміріндегі мәні, өнер түрі ретінде музыканың құндылығы, ақиқат шындықты бейнелеу ретінде өнер жүйесіндегі музыканың рөлі және алатын орнына жоғарыда келтірілген мысалдар дәлел бола алады. Байыпты және жеңіл, халықтық және кәсіби-композиторлық музыкалардың қатынасы, яғни, композитор-орындаушы, тыңдаушы жүйесінің қызметі.
Қоғамдағы
түбегейлі өзгеріс (суверенитет, демократизация),
олардың музыкалық білімге
Музыкалық
білім мен тәрбие беру адамзат
өркениетінің ең терең тамырларынан
бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық
серігі болып келген музыка өнерінің
тәлім-тәрбиеде алатын орнын, әсер-ықпалын,
қоғам мен мәдениеттің дамуы
процесінде қалыптасқан әлеуметтік,
музыкалық-педагогикалық
Музыкалық тәрбие ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында алғанда ол музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірибені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ал тар мағынада түрлі деңгейде музыкалық тәрбие беру (жалпы және кәсіптік) мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекетті білдіреді.
Музыка – қоғамдық сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы. Музыкалық шығармаларды аспаптарда ойнап үйрену, орындау жеке тұлғаның эстетикалық, эмоционалды-сезімдік, құндылықты сана-сезімін дамытып, қалыптастырады, әсемдікті қабылдап, сезінуге талпындырады. Ол эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның эстетикалық талғамын, эстетикалық идеалын қалыптастырады, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы әсемдікті саналы түрде қабылдай білуге үйретеді және өздік шығарымпаздық қабілеттерін дамытады. Адамгершілік тәрбие бүгінгі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер барысында ең басты көкейкесті проблемаға айналып отыр. Музыкалық шығармаларда өмір құбылыстарының сан қырлы бейнеленуі, поэзия мен музыканың өзара байланыста болып, бірін-бірі толықтыра келуі бала жанына жағымды ықпал етеді. Рухани қазынаның мөлдір бастау-бұлағынан жас кезінен нәр ала білген бала адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі. Сөйтіп, қоғамдық, педагогикалық маңызы жоғары адамгершілік тәрбие мақсаттарын жүзеге асыруға қолайлы жағдай туындайды.
Музыкамен шұғылдану барысында еңбек тәрбиесі міндеттері жүзеге асырылып отырады. Бір жағынан, тыңдалатын музыкалық шығармаларды қабылдау, есте сақтау қабілеттері дамытылса, екінші жағынан, ән салған кездегі дауыс аппаратының іс-қимылы немесе музыкалық-ырғақтық қозғалыстар жасау сияқты еңбек процестері жүріп жатады. Бұндай іс-әрекеттер өз кезегінде оқушылардың ынта-ықыласымен еңбектенуін, тәртіптілігін, іске деген жауапкершілікті қарым-қатынасын талап етеді, әрі тиянақтылықпен еңбек ету іскерліктерін қалыптастырады.
Ән салу, музыкалық шығармаларды түрлі аспаптарда орындау физиологиялық процесс болғандықтан, балалардың дене тәрбиесіне, денсаулығына жағымды ықпалын тигізеді. Осындай іс-әрекетпен жүйелі түрде шұғылдану өкпедегі оттегі алмасуын белсендіріп, дауыс аппаратының, дем алу органдарының шымыр да, икемді жетілуіне, жалпы денсаулығының жақсы болуын қамтамасыз етеді. Ән салу, музыка тыңдау адамның тонусын, яғни жүйке жүйесі мен бұлшық еттерінің физиологиялық жағдайдағы күш-қуатын арттырады. Отырып немесе түрегеп ән салу процесінде дене бітімін, басты, қолдарды дұрыс ұстауға дағдыландыру сияқты талаптардың қойылуы балалардың дене қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Музыкалық есту қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі түрде жүргізілетін жаттығулардың да мәні зор. Ондай жаттығулар жасау барысында оқушылар тек дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын, тембрін, күшін бір мезгілде немесе бір ізділікпен сабақтаса естілетін дыбыстар кешендерін ажырату қабілеттерін иеленеді. Сөйтіп, есту рецепторларының қызметі белсендіріледі.
Музыка өнерінің мақсаты – өскелең ұрпақты терең ұлттық өнер қазыналарымен сусындату, дүниежүзілік үздік музыка өнерінің шығармаларына баулу, олардың әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, оған деген аялы қатынасын орнату. Көркем талғамын қалыптастыру, сұлулықпен әсемдік дүниесіне өз тарапынан ойлы пайымдауларын білдіруге тәрбиелеу. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі қоғам дамуындағы жалпы адамзат құндылықтарына деген, адамның өзіндік дара қызметіне деген үндеуді сипаттайтын бүгінгі жағдайды айқындау болып табылады. Тәрбие деген жаңа көзқарас болып жатқан өзгерістерге қарай педагогикалық процестің жаңа сапасын, тәрбие процесінің әлеуметтік саласының өзіндік ерекшелігін болжайды. Аса маңызды өзгерістер жағдайында жеткіншектердің санасында қарама-қайшы процестер дамиды. Тапқырлық, іскерлік, ынтымақтастық, кәсіпқойлық, кейбір кезде тіпті паригматизммен, руханилықсыз қасиеттермен жиі жанасады. Қалыптасқан әлеуметтік қоғам өміріндегі жағдай, іскерлік қасиеттері жоғары адамгершілік қасиеттерімен (парасаттылық, адалдық, әділеттілік т.б.) адамның адамгершілігін сыйлай білу үйлесімді келген тұлғаны қалыптастыруды міндеттейді.
Міне, осыған байланысты жеткіншектердің музыкалық тәрбиесі - әлеуметтік қоғам өмірінде мағызы арта түсуде.
Қоғам өмірінде
жеткіншектердің музыкалық
Адамның
адамгершілігі кіші жастан қаланып,
олардың қалыптасу процесі
Тұлғаның адами тұрғыдағы қалыптасуында өнердің маңызы да ерекше, кіші сынып жасынан бастап баланың табиғи түрде әсемдікке әсерлене білуі, көркем дүниелерге тамсануы, сұлулықты сезіне білуі қалыптаса бастайды.
Қазіргі бүгінгі қоғамда жеткіншектерді тәрбиенің мазмұнын халықтың ғасырлар бойы тарихи даму барысында жинаған өнер туындыларымен сапаландыру қажеттілігі туындайды.
Халықтың
дамуында нақты тирихи жағдайлардан
қалыптасқан халықтың аса бай
мәдени мұрасы міндетті түрде кең
көлемді пайдалану қажет. Халықтың
және дүниежүзі музыканың алатын
қазынасында құнды
Музыка өнері - адамзат қауымының пайда болуымен бірге қалыптасып, қоғам дамуының барлық сатысында өмірлік мәні зор тәрбиелік қызмет атқарып, бүгінгі күнге жеткен сарқылмас рухани қазына. Қоғамдағы мәдениеттің деңгейіне, өндірістік қатынастардың, өндірістік күштердің дамуына сәйкес, оның мақсаты мен мазмұны, сипаты, әдіс-құралдары, тәрбие формалары белгілі бір өзгеріске ұшырап отырды. Музыка өнерінің дамып, қалыптасуына жасалған ретроспективтік талдау және археологиялық мәліметтер музыкалық тәлім-тәрбиенің қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты болғандығын дәлелдейді.
Музыкалық тәлім-тәрбие адамзат қауымының түрлі іс-әрекеттерінде, ойын-сауықта, еңбек ету әрекеттерінде берік орын алып отырды. Ол қоғамның мәдениетін, әлеуметтік тәжірибесін жеткізудің құралы болуымен қатар, сол қоғамның дамуына, музыкалық білімнің жинақталуына, адамдардың өмір әрекеттерінің түрленуіне байланысты әлеуметтік категория ретінде өзі де үнемі дамып, қалыптасу үстінде болды.
1.2 Жас ұрпақтың мінез-құлық тәрбиесіндегі халықтық музыканың
мазмұны мен тәрбие көздері
Еліміз тәуелсіз туын тіккен алғашқы жылдардан-ақ жасұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлініп келеді. 1993 жылғы Республикамыздың музыкалық тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Тәрбие деп халықтың ғасырлар бойы жинақтап іріктеп алған озық дәстүрлерін жастардың бойына сіңіру» танылатыны айтылған [5, 3 б.]. Бұл бағдар әрине, кездейсоқ белгіленген жоқ.Кеңестік дәуірде жастар тәрбиесі ұлттық тамырынан, құнарынан айырылып, бейұлттық бірыңғай сипатқа көшкені белгілі. Ұлттық тәрбие дәстүрлері «ескілік сарқыншағы» ретінде қоғам өмірінен, мектеп тәжірибесінен, педагогика ғылымынан ығыстырылды. Бұның өзі жастар бойында адамгершілікке жат (Ұлттық дәстүрден ажырадық, тарихи сана ұмытылды, ана тіліміз шетқақпай болды, үлкенді сыйлауды қойдық, ұятын жоғалтқан қыздар, баласынан безген жас аналар, жетімдер үйінде «қара бала», қарттар үйінде «қара шал» көбейіп барады) мінез-әрекеттердің үстемдік құруына соқтырды. Тәуелсіздік алған еліміз жас ұрпақ тәрбиесін адамгершілікке, сұлулыққа т.б.с.с. ізгілік бағыттарына бұруды жүзеге асыруда. Өнердің осы түрінің адамның жан-дүниесіне ықпал ету механизмдері мен оның табиғатын танып білуге ерте кездің өзінде – ақ антика ғұламалары назар аударған.
Музыкалық
тәрбие – адамның музыкалық
Қазақстан мәдениеті тарихының тамырлары тереңде жатыр. Қазіргі-ғылыми зерттеулердің нәтижелері қазақ халқының дербес және бірегей мәдениетінің даму жолын өте дәл болмағанымен, жеткілікті дәрежеде айқын көз алдымызға келтіруге мүмкіндік береді. Ғасырлар қойнауымсен біхге келіп жеткен көркем творчество элементтерін мұқият салыстырып, зерттеу арқылы халықтың рухани өмірінің тұтас бітім-болмысын азды-көпті жасауға болады.
Информация о работе Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы