Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2012 в 21:37, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы – жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейде көтеруге ықпал етуде. Тәуелсіздік алып, еліміздің егемендігі жүзеге асып, қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру басталған кезде ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІНЕ ХАЛЫҚТЫҚ
МУЗЫКА ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................................6
1.1Халықтық музыканың тарихы және баланың мінез-құлық тәрбиесіндегі
маңыздылығы.....................................................................................................6
1.2Жас ұрпақтың мінез-құлық тәрбиесіндегі халықтық музыканың мазмұны
мен тәрбие көздері…......….................................................…………........…13
2 ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ АРҚЫЛЫ КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................35
2.1 Баланың мінез-құлқын тәрбиелеумақсатында жүргізілетін сабақтарды
халықтық музыка арқылы ұйымдастыру әдістемесі....................................35
2.2 Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін халықтық музыка арқылы
қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар жүргізудің әдіс-тәсілдер.......44
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63

Файлы: 1 файл

Дип Саден.docx

— 191.35 Кб (Скачать файл)

Қазақтың  ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық  саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен  алынған. Ол «халық даналығы, халық  білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары»  деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі  тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса  екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.

Ән –  халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық  музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал  – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс - ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі - ән», немесе «Ән өмір ұзартады»  деген асыл сөздері осы өнерге арналған.

Қазақтың  ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:

Құлақтан  кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар 

Әнді  сүйсең, менше сүй – деген.

Ән мен  күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке  түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен  той – томалақ, түрлі ойын –  сауық, отырыстардың көркі болды. Ақын - әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз - әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті.

Өз мазмұны  бойынша, тұрмыстағы орнына сай қазақтың халық әндері бірнеше түрге бөлінеді:

 

1.Халықтың  ескілікті наным – сенімінентуған  әндер. 

2 .Еңбек  пен шаруашылық кәсібіне байланысты  туған әндер. 

3.Тұрмыс  – салт әндері.

4.Эпикалық  жырлар.

5.Тарихи  әндер.

6.Лирикалық  әндер.

7.Айтыс.

 

Халықтың  ескілікті наным – сенімінен  туған әндер.

Жаратылыс дүниесінің толып жатқан құпия сырларына  табыну, табиғат құбылыстарының дүлей  күшінен қорқып, соған еріксіз  сыйынып, жалбарынудан туған әндер  тобына Бақсылар сарыны, Бәдік, Арбау  әндері жатады. Адам баласы табиғаттың қорқыныш тудыратын үрейлі құбылыстарының бәрін тәңірге санап, күнге, бұлтқа, желге табынып келген. Ескілікті  наным – сенімнен туған әндердің бір алуаны – бақсылар сарыны. Бақсылар сарынының негізгі мақсаты –  түрлі ауруларды емдеу. Бақсы  жын, пері, албасты басты делінетін  ауруларды қобыз арқылы сарнап, көшіреді.

Қазақтың  емшілік кәсібінен туған бәдік  әндерінің өз заманы үшін өмірлік  мәні болған. Өйткені, ол адам баласына қас күштер мен әртүрлі ауру, індет  «иелерін» әсерлі, сырлы сазбен көшіріп, көндіруге болады деген сенімнен шыққан еді. Сондықтан бәдік тек  мал ауырып, адам сырқаттанған кезде  ғана айтылған.

Халықтың  ән шығармаларының ең көне жанрының бірі – еңбек жырлары – ел тұрмысының шындық суреттемесін, қарапайым шаруалардың  күнделікті өмірін бейнелейді. Еңбек  және шаруашылыққа байланысты туған  өлең – жырларға төрт түлік туралы, аңшылық және наурыз әндері жатады. Еңбек және шаруашылық өлең – жырларының ішіндегі ең көп тарағаны – төрт түлік мал туралысы.

Қазақ халқының негізгі тіршілік күн көрісі мал  шаруашылығы болды. Төрт түлікке  жылқы, қой, сиыр және түйе жатады. Шаруаның малды жоғары багалағаны сонша, тіпті  ең асыл, ең қымбатты адамдарын солармен теңейтін. Мысалы, сұлу, келбетті, үлкен көзді қызды «Ботагөз», мықты, сымбатты жігітті, «Жігіттің нары» деп атады. Анасы баланы еркелетіп «қозым», «ботам», «құлыным» дейді. Кездескен кісілердің «Мал – жан аман ба?» деп сұрауы дамалдың ел тұрмысында келелі орын алатындығының белгісі. Сондықтан да мал жайында көптеген мақал – мәтелдердің қалуы да тегін емес.

Халық ертеден  әрбір малдың өзінше әулие иесі, бабалары бар деп сенді. Сол себепті  мал туралы тілек тілесе де, малға  өз бағасын берсе де әуелі малдың «иелеріне» сөз арнады:

Шаруаның бір түлік пірі – Шопан,

Келтірмей қу, пір ата, қойға топан.

Ай мүйізді  шоқпақтай

Шүйделері тоқпақтай,

Тегене  құйрық қошқарлы,

Малды берсең, қойдан бер.

 

Шаруаның  бір пірі – Жылқышы ата,

Тілегенде, өзің бер ақтан бата.

Өңкей ала  шұбардан,

Жал, құйрығы  шұбалған

Айғыр берсең байсалды,

Үйірі толған байталды,

Өңкей мама бие бер

Сауған  сайын иіген.

 

Шаруаның  бір пірі – Ойсыл қара,

Түйе  өсіріп, жарылқап, болып пана.

Көзі  жарық жұлдыздай,

Мойыны  піл қозыдай,

Құйрығы бар қамшыдай,

Шудасы  бар жамшыдай,

Маң –  маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан,

Төрт  аяғын тең басқан,

Екі өркешін  қом басқан.

«Шөк» дегенде  «бық» деген,

Шешіп үйін жүктеген,

Ойсыл қара баласы –

Түйе  бассын үйіңді.

Түйе  басса үйіңді,

Кие бассын үйіңді.

 

Шаруаның  бір пірі – Зеңгі баба,

Сиыр берсең, сүтті бер, өңкей мама,

Қос жегуге жарамды,

Ылғи  бойшаң өгіз бер,

Жұп –  жұбымен егіз бер.

Бұқаларды әукелі,

Шүйделері білеудей,

Аяқтары тіреудей,

Әр түсін  ыңғай сегіз бер - деп, қой иесін – Шопан ата, жылқы иесін – Жылқышы ата, түйенің пірін – Ойсыл қара, сиыр пірін – Зеңгі баба атаған. Оларға бас иіп, әндер шығарған. Жесе тағам, мінсе көлік, кисе ким болған төрт түлік малын қастерлеген ата-бабаларымыз баласын жақсы көргенде «ботақаным», «қошақаным» деп еркелетіп, тіптен Ботакөз, Қойшыбай  деп ат қойған. Біреуге мінездеме бергендеде қойдай жуас, қозыдай момақан екен десе, тез тимылдап, өрескел қылық көрсеткенде лақ сияқты секеңдемей отыршы деп балаларын тиып отырған. Сол себепті балалардың мінез-құлықтарын қалыптастыруда төрт түлік туралы әндер мен жырлардың алатын орны ерекше.Төрт түлік малдар туралы әндер мен жырлар балаларды байсалдылыққа, ептілікке, күштілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелейді.

Еңбек, шаруашылық жайындағы әндердің таза күйінде  сақталмағанына қарамастан, еңбек әуенінің тақырыбы қазақ әндерінің көбіде кездеседі десек артық болмас. Соған айқын мысал ретінде  халық ақыны әрі әнші Кенен  Әзірбаевтың «Бозторғай» әнін келтіруге  болады.

Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған  әндер тобының ішіндегі көне түрі – наурыз әндері. Жаңа жылға арналған осы наурыз әндері қазақ даласына кең таралған, халықтың күнделікті күнкөріс кәсібінен, өмір тіршілігінен туған ауызекі шығармаларының бірі. Ертеден – ақ қыс кетіп, жаздың шығуын мерекелеу қазақ баласы үшін үлкен оқиға болатын.

Музыкалық білім беру педагогикасы қоғам дамуымен біте қайнасқан өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы. Аға ұрпақтың жинақтаған тәлім-тәрбие тәжірбиесі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіле келе, қоғамның, мәдениеттің дамуына, әлеуметтіктәжірибенің бай қорының жасалуына ықпалын тигізді. Сөйтіп, өткендегі музыкалықбілім беру тәжірбиесі және кейінгілердің оның дамуына жасампаздықпен өз үлесін қосып,белсенділікпен меңгеруі барысында бірте-бірте дербес ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады.Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыка адам санасына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал ол дыбыстар - түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес, адам сезімін бейнелеуші, реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуенөрнектері.Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде-ақ назар аударған. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық қару ретінде қолдана білген[10].

Музыкалық тәрбие ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында алғанда ол музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірибені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ал тар мағынада түрлі деңгейде музыкалық тәрбие беру (жалпы және кәсіптік) мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекетті білдіреді.

Музыка  – қоғамдық сананың формасы ретінде  адамдардың эмоционалдық сезіміне тікелей  ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы. Музыкалық шығармаларды аспаптарда ойнап үйрену, орындау жеке тұлғаның эстетикалық, эмоционалды-сезімдік, құндылықты сана-сезімін дамытып, қалыптастырады, әсемдікті қабылдап, сезінуге талпындырады. Ол эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның эстетикалық талғамын, эстетикалық идеалын қалыптастырады, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы әсемдікті саналы түрде қабылдай білуге үйретеді және өздік шығарымпаздық қабілеттерін дамытады. Адамгершілік тәрбие бүгінгі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер барысында ең басты көкейкесті проблемаға айналып отыр. Музыкалық шығармаларда өмір құбылыстарының сан қырлы бейнеленуі, поэзия мен музыканың өзара байланыста болып, бірін-бірі толықтыра келуі бала жанына жағымды ықпал етеді. Рухани қазынаның мөлдір бастау-бұлағынан жас кезінен нәр ала білген бала адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі. Сөйтіп, қоғамдық, педагогикалық маңызы жоғары адамгершілік тәрбие мақсаттарын жүзеге асыруға қолайлы жағдай туындайды[11].

Музыкамен шұғылдану барысында еңбек тәрбиесі міндеттері жүзеге асырылып отырады. Бір жағынан, тыңдалатын музыкалық шығармаларды қабылдау, есте сақтау қабілеттері дамытылса, екінші жағынан, ән салған кездегі дауыс аппаратының іс-қимылы немесе музыкалық-ырғақтық қозғалыстар жасау сияқты еңбек процестері жүріп жатады. Бұндай іс-әрекеттер өз кезегінде оқушылардың ынта-ықыласымен еңбектенуін, тәртіптілігін, іске деген жауапкершілікті қарым-қатынасын талап етеді, әрі тиянақтылықпен еңбек ету іскерліктерін қалыптастырады.

Ән салу, музыкалық шығармаларды түрлі аспаптарда орындау физиологиялық процесс  болғандықтан, балалардың дене тәрбиесіне, денсаулығына жағымды ықпалын тигізеді. Осындай іс-әрекетпен жүйелі түрде шұғылдану өкпедегі оттегі алмасуын белсендіріп, дауыс аппаратының, дем алу органдарының шымыр да, икемді жетілуіне, жалпы денсаулығының жақсы болуын қамтамасыз етеді. Ән салу, музыка тыңдау адамның тонусын, яғни жүйке жүйесі мен бұлшық еттерінің физиологиялық жағдайдағы күш-қуатын арттырады. Отырып немесе түрегеп ән салу процесінде дене бітімін, басты, қолдарды дұрыс ұстауға дағдыландыру сияқты талаптардың қойылуы балалардың дене қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Музыкалық есту қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі түрде жүргізілетін жаттығулардың да мәні зор. Ондай жаттығулар жасау барысында оқушылар тек дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын, тембрін, күшін бір мезгілде немесе бір ізділікпен сабақтаса естілетін дыбыстар кешендерін ажырату қабілеттерін иеленеді. Сөйтіп, есту рецепторларының қызметі белсендіріледі.«Қыстың зәрінің сынуы құт айынан басталады. Қазақ бұл айды «Түске шейін мүйіз, түстен кейін киіз», «Жақсы болса – құт, жаман болса - жұт» деп атайды. Кейбір жылдар болмаса, жаздың жылылығының басталуы қамал (наурыз)айының бір жаңасынан басталады. Қыстай боранмен, суықпен алысып, көкке көз тігіп, қалт – құлт етіп отырған елге күн шырай беріп, бір күнде қардың тас – талқан боп еруі қандай қуаныш екендігі айтпаса да мәлім. Сүйтіп, наурыз күн – қазақ елінің үлкен айты саналуы кездейсоқ нәрсе емес, халықтың шаруашылық тілегімен нық байланысты туған». «Наурыз»сөзі парсытілінде жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Ежелден қазақ халқы жаңа жыл күнін Ұлыс деп атаған. Ұлыстың ұлы күнінде халық өзара құшақтасып, бірін – бірі қүттықтап, мал – жаннаң амандығын сұрап, бата – тілек айтып, көрісетін болған:

Ұлыс  күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден  бата алсаң,

Сонда олжалы жол болар.

Ұлыс  оң болсын!

Ақ мол  болсын!

Қайда барсаң, жол болсын!

Ұлыс  баққытты болсын,

Төрт  түлік ақты болсын.

Ұлыс  береке берсін,

Пәле, жәле жерге енсін!

Қазақ даласында  ислам діні орнағаннан кейін, Наурызды исламның «рамазан» мейрамымен бірге  өткізетін болған. Жастар сол мейрам күндері әр үйді аралап, жарапазан  айтып, отау иелерін мадақтаған. Оларға молшылық, тоқшылық тілеген. Сол мадақтағаны  үшін жарапазаншыларға не түрлі сыйлықтар  беретін. Осындай жарапазан үлгісі ретінде «Айтамын жарпазан» әнін келтіреміз:

Айтамын жарапазан еліңізге,

Байлаңдар бір орамал белімізге.

Байласаң  бір орамал белімізге.

Барамыз мақтап, мақтап еліңізге.

 

Қайырмасы:

Оразаң  қабыл болсын, ұстаған жан,

Әсіре мазан, сайра мазан,

Оразаң  қабыл болсын, ұстаған жан.

Тұрмыс  – салт әндері. Бұл түрдің әндері халық өмірінің айнымас серіктері болып келеді. Олар адам өмірінде кездесетін әртүрлі салт, әдет – ғұрыптармен байланысты. Мысалға, үйлену тойында айтылатын әндер немесе нәрестенің шілдеханасында орындалатын әндер. Сондай – ақ адамды ақырғы жолға аттандыратын жоқтау әндері. Қазақ халқының музыкаға деген жақындығын «Әу деп ауызын ашпайтын қазақ жоқ» деген мәтелден анық көруге болады. Ән - күйлердің мәні мен мәтінін дұрыс түсініп, бағалай білетін, эстетикалық талғамы жоғары адамдар халық арасында құрметпен қаралатын. «Көшпенділер арсында домбырада ойнайтын, қызықты әңгімелер айтатын, өлең оқып-ән салатын, қажет болғанда суырыпсалма айтыстарға қатыса алатын, шешен сөйлейтін, сөйлегенді тыңдап өзін тыңдата алатын адамдарды айырықша құрмет тұтқан. Халық ауыз әдебиеті ең жоғарғы орында бағаланған, оның көпшілік үшін тәрбиелік мән болған. Егер кімде-кім жоғарыда аталған өнердің бір түрін меңгермеген болса, ол мәдени тұрғыдан артта қалған, көргенсіз болып саналған».

Қазақ халқының әнге деген ерекше ықыласын білдіретін аңызды Шоқан Уәлихановтың досы, белгілі  саяхатшы, қазақ халқының тарихын, әдебиетін, этнографиясы мен фольклорын көп  зерттеген ғалым Потанин өзінің «В юрте последнего киргизского царевича»  атты 1896 жылғы №8 «Русское богатство» журналында жарияланған мақаласында  былай деп жазады: «Никогда, именно в те одаленные времена, когда  люди еще не умели петь, песня  летала над землей и пела: где  она пролетела низко, люди хорошо расслышали ее и переняли ее песни. Над казахской степью пролетала  ниже, чем над какой другой страной  и поэтому казахи лучшие певцы  в мире» Ғалымның қазақтардың  әншілігіне берген жоғары бағасына рахмет айта отырып, оның қазақ әндерінің  кейбір жанрларына ғана баға беріп, талдағандығын  айтуымыз керек [12, 9 б.].

Информация о работе Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы