Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2012 в 21:37, дипломная работа
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы – жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейде көтеруге ықпал етуде. Тәуелсіздік алып, еліміздің егемендігі жүзеге асып, қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру басталған кезде ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.
КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІНЕ ХАЛЫҚТЫҚ
МУЗЫКА ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................................6
1.1Халықтық музыканың тарихы және баланың мінез-құлық тәрбиесіндегі
маңыздылығы.....................................................................................................6
1.2Жас ұрпақтың мінез-құлық тәрбиесіндегі халықтық музыканың мазмұны
мен тәрбие көздері…......….................................................…………........…13
2 ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ АРҚЫЛЫ КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................35
2.1 Баланың мінез-құлқын тәрбиелеумақсатында жүргізілетін сабақтарды
халықтық музыка арқылы ұйымдастыру әдістемесі....................................35
2.2 Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін халықтық музыка арқылы
қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар жүргізудің әдіс-тәсілдер.......44
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63
Осы сынды сабақ түрлерін баланың зейінін тұрақтандыру мақсатында бастауыш мектепте сабақта, сабақтан тыс уақыттарда да ұйымдастырып отырса, халықтық музыка арқылы баланың мінез-құлқын тәрбиелеуге өз үлесін қосары анық.
Көркемдік және техникалық қағидаларды сақтайотырып әнді үйрену кезеңі. Вокалдық шеберліктің әнніңкөркемдік бейнесін ашуға қызмет істеуін қадағалау. Әндіорындау жөніндегі сөздік түсініктеме беру және ұстаздың ән фразаларын жеке айтып беруі осы жерде аса қажетболады.
Әнді жаңадан үйрену жұмысын мынадай тәртіппен жүргізуге болады:
Оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту әдістемелері
Ұстаз оқушыларға музыкалық есту қабілетінің жалпы даму негіздерін нақтылы түсіндіріп бергені жөн. Музыкалық есту өнерінің негізгі екі түрі болады:
1) Мелодиялық есту.
2) Гармониялық есту[17, 39 б.].
Мелодиялық есту қабілеті естілген, әуен-сазды дәл қайталау арқылы көрінеді, ал гармониялық түрі бірнеше ды\быстар (аккордтар) үндестігін ажырата білумен байқалады. Есту қабілетінің осы екі түрін де арнайы жаттығулар арқылы дамытуға болады.
Музыкалық есту қабілеті ән-күйдің мазмұнын, көркем ойын түсінуге, оны сезіммен қабылдауға, шығармалардың дыбыстық кұрамын, ырғактық, тембрлік ерекшелігін және дыбыстық ауқымын, формалық стилін анықтауға негіз болады.
Сабақ барысында түрлі әуен-сазды тыңдап, олардың аттарын, формасын, дыбыстық ауқымын әңгімелеп отыру өте тиімді. Әуенді мәнерлі, таза айтып, оның ладтық ерекшелігін айыра білу оқушылардың музыкалық қабілетінің даму дәрежесін көрсетеді.
Әннің ырғағын дәл сезіне білу үшін оқушылармен музыкалы-ырғақтық ойындар, түрлі жауап-сұрактар, ырғақтық диктанттар, шығармашылық үрдістерді көрсетіп, тұрақты еткізіп тұру сөзсіз нәтиже береді. Ырғақтық сезімнің эмоциялы, моторлы табиғатын ұстаздардың нақтылы ажырата білгені жөн. Оқушылардың музыкалык есту, ырғақ сезіну қабілеттерін дамыту үшін халықтық әуендерді, сонымен қатар классик композиторлардың, қазіргі заманғы авторлардың шығармаларын кеңінен пайдалану керек.
Оқушылардың музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін халықтың карапайым әуен-саздарын, мақал-мәтелдерін, балалар өлеңдерін, т.б. қолдануға болады.
Музыка сабақтарында ұстаздың өзі ән айтып, аспапта ойнап, көркемдігі жоғары ойын көрсетсе, оның оқушыларға беретін маңызы мен тәрбиесі өте өлшеусіз екені анық.
2.2 Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін халықтық музыка арқылы
қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар жүргізудің әдіс-тәсілдері
«Музыка»
бастауыш мектепте эстетикалық циклге
жататын пәндердің бірі ретінде
оқытылады,бұл сабақ өте әсерлі
сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып,
бала тәртібіне ықпал етеді және
жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене
бітімін жетілдіріп,қызығуы
Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін тұтандырады. Мектепте музыка, әдеби кештер өткізіледі. Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстарайтылады. Шығармашылық конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы баяндамалары, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары жөнінде құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі. Сыныптан тыс жұмыстар мектепте және сыныпта алдын-ала жасалған жоспарларға сәйкес ұйымдастырылып, өткізіледі. Мен өз тәжірибем бойынша іс-тәжірибеден өту кезінде музыка пәнінен сыныптан тыс уақытта оқушылардың бойына салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сіңіру мақсатында жүргізген «Халқын сүйген салтын сүйер» тақырыбында өткізген сабағымның жоспарын ұсынып отырмын. Қазақ халқының салт-дәстүрлеріндегі жырлардың балаларды тәрбиелеуде алатын орны ерекше екені бәрімізге мәлім. Қай жырды алсақта балаларды имандылыққа, инабаттылыққа,достыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, әдепті болуға тәрбиелеуді мақсат етеді. Оның бәрін жырды тыңдаған түйсігі бар балаларға айтпасада түсінікті.
Тақырыбы: «Халқын сүйген салтын сүйер»
Мақсаты:халқымыздың сал-
Білімділік
Қазақ халқының салт-дәстүрі,әдет-ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру, оқушы бойында әдептілік және алғырлық, адами қасиеттерін қалыптастыру, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға баулу және ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту;
Дамытушылық
Тәлімдік мәні жойылмаған салт-дәстүрімізді бүгінгі пікірі мен талғамы жоғары оқушылардың кәдесіне жарату, ұлттық дәстүр арқылы оқушыларды ізгілік пен парасаттылыққа баулу.
Тәрбиелік
Балаларды имандылыққа, инабаттылыққа,достыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, әдепті болуға тәрбиелеп, ата-бабаларымыздың асыл мұраларын түсіндіру.Көрініс арқылы өнеге мен тәрбиені неден алу керектігін үйрету.
Көрнекі-құралдар:тақырыпқа сай нақыл сөздер, тыйым сөздер, салт-дәстүрге байланысты оқулықтар, слайдтар, буклеттер, оқушылар шығармашылығы.
Барысы:
1 жүргізуші:
Хош келдіңіздер, құрметті қонақтар!
2 жүргізуші:
Қай заманда
болмасын адамзат алдында тұратын
ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы
–өзінің ісін жалғастыратын салауатты,
саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ал жастарды
жан-жақты қабілетті адамзат
1 жүргізуші:
Қазақ халқының асыл дәстүрлерінің бір тармағы бесікке салар және тұсау кесу тойын тамашалайық.
І бөлім
Көрініс
Әже: “Халқын сүйген-салтын сүйеді” демекші, бүгін немереміздің бесік тойын өткізгелі отырмыз. Бала-адамның бауыр еті.
Қонақ: Мен ел аралап жүр едім.Осы үйде той болып жатқанға ұқсайды. Бұл не той?
Барлығы: Бесік тойы.
Әже: Төрлетіңіз. Мына немеремізді ата-салтымен ат қойғызып, бесікке салғалы жатырмыз. Атам қазақ қырықтың бірі қыдыр демекші, құдайы қонаққа да ат қойғызған. Сіз бізге тап келдіңіз.
Ата: Осы немереміздің атын сізге қойғызғалы отырмыз.
Қонақ: Бұл үлкен істі маған тапсырғандарыңызға үлкен рахмет. Баланың есімі Ұлы Абайдың атымен аталсын, аталарындай данышпан болсын.
Барлығы: Болсын,болсын. Әдемі есім.
-Апа, бесік той тойдың бастамасы , олой болса арамызда әншілер «Той бастар» әнін орындап берсін.
-Бәрекелді,
тойды әнмен бастайық.Ән
Ән «Тойбастар»
-Ата, тойға бата беріңіз.
-Иә,балам,
бата беріп бесікке салу
Бірлікте болсын бастарың,
Заманың барда билей бер ,
Өшпелі ғұмыр қас қағым,
Алапат күннен аман ғып,
Ашық та болғай аспаның!
Ал немереміз
Алланың сүйікті құлы болсын!
Халқының қадір тұтар ұлы болсын!
Ақындардың жырлайтын жыры болсын,
Аспанымыздың күндей нұры болсын!
Әумин!
Әже: Ал ендеше кішкентай Абайжанды бесікке салайық. Бұл бесік құтты бесік. Осы немереміз дүниеге келгенде нағашылары осы бесікті жасап жіберіп еді.
Бесікте өскен бала таза болады. Мынау- баланың төсек көрпесі, жөргек,түбек,жастықша, асықты жіліктен жасалған шүмегі. Жастығының астына немерем сымбатты азамат, жүзі айнадай жарық болсын деп айна, тарақ салып отырмын. Бала шошымасын деп пышақ қоямыз.Бәле-жаладан сақтасын деп отпен аластайын.
Аластау рәсімі
Алас-алас баладан алас,
Иесі келді пәледен көш.
Алас-алас пәледен алас,
Көзі жаманның көзінен сақта.
Тілі жаманның тілінен сақта.
Отыз омыртқасынана алас.
Келінжан нәрестені әкеле ғой.
Осы немерем
дүниеге келгелі көршіме
Ал, замандас немеремді бесікке салуды сізге тапсырамын.
(Бесікке салу рәсімі өтеді)
-Бала бөлеген бесіктің үстіне ұйқысы тыныш, қалың болсын деген мағынада жеті түрлі нәрсе жабады.
Бесік жыры.
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жылағанмен бола ма.
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін,
Әлди, әлди, әлди-ай.
Ұйықтай қойшы бөпем-ай.
Би: “Киіз басу”
Әже: Ой, жарайсыңдар! Өнерлерің өрге жүзсін!Тойға келген өрендердің тағы қандай өнерлері бар екен?
«Білектесу» , «Асық ойындары» ойналады.
2 жүргізуші: Тұсаукесер рәсімі
Балаға қатысты рәсімнің бірі – тұсау кесу рәсімі. Бұл-бала жүре бастағанда жасалатын ырым... Тұсау кесуге адам таңдайды.Оның бойындағы жақсы қасиеттер балаға дарысын деген ниет болады... Тұсауды ала жіппен кеседі. Ол біреудің ала жібін аттамасын , ұрлық жасамасын, өтірік айтпасын деген ниетке негізделеді.Тоқ ішекпен, көк шөппен аяғын шалады.Ол- қарны тоқ, көк шөптей жайқалып өссін , жасы ұзақ болсын деген ұғым.Ауылдың желаяқ жүйріктерінің бірі кесіп, екі қолынан ұстап біраз жерге дейін жетектеп жүреді.
-Ботақаным, біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма , келешегіңе ақ жол тілеймін! – деп сәбидің тұауын кесді.
Сол жерде дастархан жайылып үлкен қария бата береді
ІІ бөлім
Әже:
Тәрбиенің бәрі отбасынан басталады. Қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Шеше көрген тон пішер.
Адамның баласы бол.
Баласыз үй мазар.
Бала: Әже, біздер сонымен қатар тыйым сөздерді де білеміз.”Су ішкен құдығыңа түкірме”, “Үлкеннің жолын кеспе”, “Үйді айналып жүгірме”
Әже: Айналайындар, қазақтың асыл мұраларын жақсы білесіңдер екен.
Киелі жеті санымызға тоқталайық.
“Жеті ата”
Ойнап-күліп жүру керек,
Ойлап жүріп тұру керек.
Жеті жасқа жетпей бала,
Жеті атасын білу керек.
1.Баласының баласы,
Көздерінің қарасы.
Атасына немене?
Әжесіне немене? (немере)
2. Немеренің баласы,
Көңілінің санасы.
Атасына немене?
Әжесіне немене? (шөбере)
3. Шөберенің баласы,
Көйлегінің жағасы.
Атасына кім десек?
Әжесіне кім десек? (шөпшек)
4. Ал шөпшектің баласы,
Саусағының саласы.
Атасына немене?
Әжесіне немене? (немене)
5.Немененің баласы,
Алты ауылдың арасы.
Атасына қай бала?
Әжесіне қай бала? (қаймене)
6. Қаймененің баласы,
Бересі де аласы.
Жаңа әулеттің жаңасы.
Информация о работе Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы