Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2012 в 21:37, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы – жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейде көтеруге ықпал етуде. Тәуелсіздік алып, еліміздің егемендігі жүзеге асып, қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру басталған кезде ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІНЕ ХАЛЫҚТЫҚ
МУЗЫКА ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................................6
1.1Халықтық музыканың тарихы және баланың мінез-құлық тәрбиесіндегі
маңыздылығы.....................................................................................................6
1.2Жас ұрпақтың мінез-құлық тәрбиесіндегі халықтық музыканың мазмұны
мен тәрбие көздері…......….................................................…………........…13
2 ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ АРҚЫЛЫ КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................35
2.1 Баланың мінез-құлқын тәрбиелеумақсатында жүргізілетін сабақтарды
халықтық музыка арқылы ұйымдастыру әдістемесі....................................35
2.2 Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін халықтық музыка арқылы
қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар жүргізудің әдіс-тәсілдер.......44
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63

Файлы: 1 файл

Дип Саден.docx

— 191.35 Кб (Скачать файл)

Атасына туажат,

Әжесіне туажат,

Оның да туажат. (туажат)

 

Әже: Ой, бәрекелді, балалар,өнерлерің өссін. Біздің қазақ  халқының салт-дәстүрлері тек бұл  ғана емес, бұдан да көп. Сол дәстүрлерді  сақтай білейік Өте білгір, білімді  балалар екенсіңдер.Тағы қандай өнерлерің  бар?

 

Мақал –мәтел сайысы:

  1. Мектеп – кеме

Білім –  теңіз.

  1. Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

  1. «Сіз» деген – әдеп,

«Біз» деген  – көмек.

  1. Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергенің.
  2. Үлкенге құрмет-кішіге міндет.
  3. Ата балаға сыншы.
  4. Батаменен ел көгерер,

Жаңбырменен жер көгерер.

  1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар ,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Ән «Қазақтың  дәстүрлері»

Ән: «Той шашу»

Сабақтан  балалардың алған әсерлері өте жоғары болды. Сабаққа ата-аналарда қатысып, оқушыларды қуанышқа бөледі. Балалар  әжемізбен қосылып « Бесік  жырын» айтып, бұған дейінгі сабақтарда үйренген тәрбиелік мәні жоғары «Қазақтың  дәстүрлері», «Той шашу» сияқты әндерді орындап ата-аналардың ризашылығын алды. Осындай сыныптан тыс шараларды оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әр түрлі формаларда ұйымдастырса, бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарын арттырып, ой-өрістерін кеңейтіп, халық музыкасы мен өнерінің қайнар бұлағынан сусындап, тәлім-тәрбие алады. Ұлттық сана-сезімі де, мінез-құлқы да қалыптасып, дамып отырады.

Саяхаттың негізгі обьектілері - табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер болып табылады. Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге өуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен рөл атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады.

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым  бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында  ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет.

Жас ұрпаққа  ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды боиымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге  ұмтылғанымыз жөн» [18].

Олай  болса, басты мақсат – жас ұрпақты  ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар  сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.

Ұлттық  құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:

  • оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
  • жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, халықтар арасындағы достық, татулық сезімдерін, ұлттық рухын дамыту;
  • ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
  • жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз [19].

Осы мақсаттарға  жету үшін сыныптан тыс уақыттда жүргізген  төмендегі сабақтың үлгісін ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы:Достық мерекесі

Сабактың мақсаты: Балаларды Қазақстан халықтарының музыкасымен таныстыру арқылы музыка тілі достық тілі екенін түсіндіре отырып, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың міндеті: шәкірттерді музыка арқылы халықтар достығына құрметпен қарауға, мейірімділікке, көпшілдікке тәрбиелеу. Музыканы сезіммен қабылдауға дағдыландыру. Саналы түрде музыканы қабылдап, орындап, тыңдауға машықтандыру. Шығармашылық қабілеттері мен іс-әрекет арқылы музыкалық қабілеттерін дамыту: хор мен ән айту барынсында дыбыстау, демалу, сыныпқа музыкамен кіріп-шығу, естілген музыкаға би қимылдарын жасау.

Сабақта қолданылатын музыкалық шығармалар:

  1. Д. Б. Кабалевский ''Достық," жаттығуын үйрету
  2. Н. Нусшбаев "Дос болайық бәpiмiз" - үйрену

3. Сөзжұмбақ, "Достық"  - шешу

4. Әр  түрлі халықтар биінен үзінділер  тыңдатып, оны ажыратып, би қимылдарын  көрсету.

а)орыс биі; ә) ұйғыр биі; б) татар биі; д) кавказ биі; ж) қазақ биі.

  1. Достық мерекесі атты бейне кассетаны көрсету.
  2. Мұқан Төлебаевтың "Біржан Сара" операсынан үзінді тыңдату. "Би мен қор".

Сабақта қолданылатын  принциптер:

  1. Тәрбиелеу, оқыту, дамыту принциптері
  2. Ғылыми принцип
  3. Өмірмен байланыстыру принципі
  4. Құлшыныстыру принципі
  5. Сабактың тақырыптылық жүйеліқұрылысы.

Сабақта қолданылатын әдістер:

I. Музыканы қабылдауға үйрету.

а) сұрақ-жауап, әңгімелесу, пікірлесу.

ә) көрнекілік (нота мәтінін дайындау, композитор суреттері.

б) іс-тәжірибе (вокальдық хормен ән айту, дирижерлау, шулы аспаптар қолдану, музыка тыңдау, ансамбль).

II. Гностикалык әдіс-ізденуәрекеті, мәселе қою арқылы жүреді

а) мәселе қойып оқыту 

ә) жартылай іздену

III. Ғылыми әдіс:

а)перспективтік және ретроспективтік

ә) логикалық

б) индуктивтік, дедуктивік, традуктивтік

г) салыстыру (әр халықтың музыкасын, биін, әнін)

д) қорытындылау

е)талдау

IV. Басқару әдісі:

а) Білімді  мұғалімнің көмегімен меңгеру

е) Оқушыларды қолпаштау, көтермелеу мотивтері

б)бұзу aктici

в)тарихи әдіс

д) сюжеттік ойын арқылы рөлге кіру

V.Бақылау әдісі

а) ауызша және жазу;

ә) техникалық құралдарды қолдану;

б) музыкалық шығармашылық арқылы бімді тереңдету:

Сабақтың түpi: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

Оқушылар сабаққа М. Төлебаевтың "Біржан -Сара" операсының үзіндісімен   кіреді (би)

Музыка тілінде амандасу. Қойылған музыка туралы әңгіме жүргізу.                          Сұрақ: Естіген музыка сендерге таныс  па?

Жауап: ...

Сұрақ: Бұл музыка қандай сипатта?

Жауап: ...

Сұрақ: Композитордың музыкасы ма әлде халық музыкасы ма?

Жауап: ...

Сұрақ: Қандай аспаптар орындады?

Жауап: ...

Сұрақ: Бұл музыканың авторы кім екен?

Жауап: ...

Қорытындылау: Балалар, бұл музыка — кереметтей көңілді, бip той болатындай, салтанатты сипаттағы әуен. Сіздер Мұқан Төлебаевтың Біржан-Сара" операсынан тыңдадыңыздар. Сонымен Біржан дегеніміз кім?

Жауап: — Ол қазақ халкының ішінен шыққан ақын, әнші, сал cepi. Ертеде қазақ жерінде ауыл-ауылда, үлкен қалаларда айтыс пен жарыстар өткен. Сондай жәрмеңке базар Қоянды ауылында да өткен. Сол Қоянды жәрмеңкесінде Біржан және Сара кездесіп, айтыска түсіп, бip-бipiнe өнер арқылы ғашык болған екен. Міне, осы тақырыпқа Жетісу өңірініңкомпозиторы Мұқан Төлебаев «Біржан-Сара" операсын жазған. Бүгінгі осы сабағымызды көп ұлтты Қазақстан Республикасындағы ұлттардың бас қосқан мейрам сабағы деп есептеңіздер. Осы музыканың алатын орны ерекше, яғни, ұлт достығын жырлайтын өнер туралы әнгіме болуы тиіс.Ceбeбi, бүгінде осы Павлодар қаласында үлкен той-фестиваль өтіп жатыр, бұған Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінен сан ұлттың, өкілдері бас қосып, ән-жыр айтып, сабақ сайыстар өткізіп жатыр. Яғни, бұл да тойдың бip түрі. Осыған орай бiз сабақ тақырыбын "Достық мерекесі"- деп алдық. Осы тақырыпқа байланысты мынадай сұрақ қойғым келіп тұр: Қазақстан жерінде   қандай ұлттар тұрады?

Жауап: — орыс, татар, корей, дүнген

—  Ал, балалар осы ұлттар бip-бipiмен қандай қарым - қатынаста ?

Жауап: — достықта,  бірлестікте, ауызбіршілікте

— Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар.

Сұрақ: — Достық дегенімізді калай түсінесіңдер?

Жауап: — Достық деген ұғым - өте жоғары да бағалы сөз. Ол-көршіңмен, жанұяңмен, досыңмен, құрбы-құрдасыңмен, басқа ұлт өкілдерімен, көрші елдермен тату болу деген сөз.

—  Өте дұрыс. Қaзipкім дос туралы ән айтыпбереді?

Бармадым  жар басына құлай ма деп,

Ішпедім арықтан су ылай ма деп.

Қорқамын дос болуға жаманменен.

Тар жерде  ертоқымын сұрай ма деп.

Қыздар гүл-гүл

Ұлдар дүл-дүл

Өтіпбарат өмipқұрғұр

Ахау  арман, дүние жалған

Халай ләйлім, лиляй, ләйлім.

Тағы да бip-eкiоқушы тақпақ оқып берсе болады.

Ал, балалар, қазір осы "достық" деген сөзге  дауысымызды жаттықтырып көрейік. Мысалы: "Достық деген жақсы сөз".Бұл жаттығуды до-сольга дейін бip неше рет орындаймыз. Ал, келесі жаттығу ретінде Д. Б. Кабалевскийдің, "Достық" деген әнін үйренеміз. Д. Б. Кабалевский атақты — композитор, ұстаз. Ол кісінің көп әндері бар. Мәскеу қаласында N209 мектепте көп жылдар музыка пәнінен сабақ бepiп, өзінің еңбектерін жазған. Miнe, балалар бүгін бiз композитордың әнін үйренеміз. Сөзі мен әнін тыңдап алыңдар.

Достық, достық мәңгі жас сөз боп қалады,

Достық, достық  бәpiмiзгe жақын сөз.

Бірнеше рет орындап болған соң, біз ең негізгі тақырыпқа көшеміз.

Әрбip халықтың музыка өнерінің өзіне тән ерекшелігі  мен Ұлттық ажары болады. Музыканы түсіне білу үшін, ең алдымен кез-келген ұлттардың музыкасына құрметпен қарай білу керек. Сонда ғана ол өзінің бар сұлулығын көрсете алады. Қазір барлығымыз бipiгiп, "Әуенді тап" ойынын ойнап көрелік. Мен музыканы қосамын, сендер қай лттың музыкасы екенін тауып, сол ұлт жайлы қысқаша мәлімет бересіңдер.

Орыс музыкасын тыңдап болған соң  мұғалім тарапынан сұрақ қойылып, шәкірттер шама-шарқынша жауап беруге тырысады.

Сұрақ: Сіздерге әуен таныс па?

Жауап:...

Сұрақ: Қай халықтың музыкасы?

Жауап: ...

Сұрақ: Сипаты қандай?

Жауап: ...

 Сұрақ:  Орыс халқының аспабының атын атаңызшы?

Жауап: балалайка.

Дұрыс, ал енді музыкаға қандай қимыл  жасауға болады, кәнекей музыканы қоямын, сендер билеп көрсетіңдер....

Осындай ретпен татар, корей, ұйғыр музыкасын  тыңдатып, сұрақтар қойып, билетемін. Олардың  ұлттық аспаптары және киімдеріментаныстыру. Бейнекассетаны көрсетіп қорытындылау. (Қалада өткен әр түрлі ұлттар мерекесінен үзінділер көрсету).

И.Нүсіпбаевтың "Дос болайық бәріміз"  әнші үйрету үшін әнді ең алдымен мұғалім орындайды. Содан кейін әнді фраза бойынша үйретіп, оқушылардың демді дұрыс алуына көмектесу көзделеді. Фразамен үйрету барысында қолмен шапалақтап, ырғағын дұрыс көрсетуге болады. Бұл — көп ұлтты еліміздің балаларына арналған, достық пен татулықты, бірлікі уағыздайтын ән. Әнді нотамен үйретеміз.

Тыныс әpбip тактыдан соң алынады. Фразалардың  соңындағы ұзын дыбыстарды аяғына дейін  созып, демді өте ұқыпты әpi қысқа  аламыз. Қайырмасында дыбыс күші қатайып, ән көңілдене түседі. Әнді орындаймыз.

Қорытындылау: Оқушыларға сұрақтар қойылған скрипка кілті беріледі. Келесі жазылған сұрақтарға оқушылар жауап беру керек.

Сабақты бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.

Қорыта  айтқанда тәжірибе жүргізіп, теорияны практикамен байланыстыру мақсатында мемлекеттік тәжірибеден өту  кезінде жүргізген жоғарыдағы сабақтан алған әсерім өте жоғары болды. Сабақта өзімнің алдыма қойған мақсатыма жетіп, балалардың пәнге деген сүйіспеншілігін көрдім. Сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндердің ұлттық сана-сезімі, мінез-құлқы жоғары деңгейде дамып келе жатқанына көзім жетті. Олардың бір-біріне құрметпен қарауы, достық сезімдері, көпшілдіктері, татулығы сабақтың өн бойында жүргізілген жұмыстарда айқын көрініп отырды.

Ұлттық  тәрбие қазір елімізде орын алып отырған  көптеген мәселелерді: ана тілін, ата  тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін  жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте  жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл  болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.

Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен  біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі  тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын  құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз.

Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-санасының  байлығы, патриоттық сезім Отанға деген  сүйіспеншілігін қалыптастырады.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері  оның халықтық педагогика мұраларының  мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша  педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде  белгілі-бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен  арман-тілектеріне сүйеніп отырған [20].

Информация о работе Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы