Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2012 в 21:37, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы – жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейде көтеруге ықпал етуде. Тәуелсіздік алып, еліміздің егемендігі жүзеге асып, қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру басталған кезде ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІНЕ ХАЛЫҚТЫҚ
МУЗЫКА ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................................6
1.1Халықтық музыканың тарихы және баланың мінез-құлық тәрбиесіндегі
маңыздылығы.....................................................................................................6
1.2Жас ұрпақтың мінез-құлық тәрбиесіндегі халықтық музыканың мазмұны
мен тәрбие көздері…......….................................................…………........…13
2 ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ АРҚЫЛЫ КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................35
2.1 Баланың мінез-құлқын тәрбиелеумақсатында жүргізілетін сабақтарды
халықтық музыка арқылы ұйымдастыру әдістемесі....................................35
2.2 Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін халықтық музыка арқылы
қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар жүргізудің әдіс-тәсілдер.......44
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63

Файлы: 1 файл

Дип Саден.docx

— 191.35 Кб (Скачать файл)

1. Музыка  мектебі оқушының қоғам құбылыстарын  дұрыс қабылдап, ой шегінен өткізуге  даяр болуы, мұғалімнің сөзіне  сенімді көзқарасы.

2. Оқушының  өзінің дербестікке және де  тәелсіздікке ұмтылысы.

3. Оқушының  өзіндік санасының қарқынды өсуі.

4. Жеткіншектің  музыка шығармаларына әсерленуі,  белсенділігі.

5. Өнер  туындыларының көркемділік идеясын  түсінуі [15, 6 б.].

Жалпы білім  беретін мектептің бастауыш сыныптарындағы музыка сабақтары – білім мен  тәрбие беру не ісіндегі маңызды саланың  бірі.

Мектепте  жүргізілетін музыка пәні қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі  құбылыстардың шын бейнесін танып  бюілудегі ой-өрісін байытып, дүниетанымын кеңейтеді. Кез келген сабақтың мазмұнды өтуі оның негізгі тірегі оқу бағдарламасы екені белгілі.

Қоғамда болып жатқан түбегейлі өгерістер, халқымыздың ұлттық сана-сезімінің  өсіп өркендеуі кезінде жаңа оқулықтар  жасау қажеттілігі туындайды. Қ.Р. Білім мен ғылым министрлері  бекіткен бағдарламаның негізінде  болашақ ұрпақтарға білім беретін  оқулықтар даярлана бастады.

Музыка  пәнінің оқулығы – бастауыш сынып  оқушыларының музыка жөнінде түсінігін  кеңейтіп, бағдарлама көлеміндегі білімін  толық меңгерту міндетін орындайды. Білім жүйесі негізінде даярланған оқулық көп жалғы ғылыми ізденістерді бақылаудың практикалық тәжірибесінің  нәтижесінде дүниеге келген.

Музыка  – оңай мамандық емес, көп еңбекті  қажет етеді. Қабілет болу істің  басы. Музыка арқылы эстетикалық тәрбие беріп қоршаған ортаны, адам сезімін, түрлі ойды, көркем дыбыстар арқылы жеткізе алады. Оқушының сабаққа зор ықылас қоюы – ең алдымен мұғалімнің оқу шеберлігіне байланысты. Сабақты қызықты өткізу үшін студентке өз ойын толық жеткізу үшін оқушының сабақ беру әдісі студенттің ой-өрісіне сай болуы керек.

Сондықтан оның алғаш үйрену кезінен бастап шырармаларды тыңдау, нотамен ойнау, түрлі жаттығулар мен қажетті  дағдыларды қалыптастыру сияқты өз бетінше  жұмыс жасап үйренуіне жағдай жасап, көңіл бөлген жөн музыка мамандығы – артық қабілет пен ауыр еңбекті талап ететін мамандық.

Тұлға дамуындағы өнердің орны, музыка – тұлға  мағынасын білдіретін арна. Жастардың  субмәдениеті және музыкалық өнер, балалардың музыкаға құштарлығы –  уақыт. Оқыту, тәрбиелеу, дамыту бірлігі  ретіндегі музыкалық өнер. Тұлғаның музыкалық мәдениетін қалыптастырудағы музыкалық білім. Оқушылар тұлғасының психологиялық қасиеттерінің ерекешеліктерін  ескере отырып, мінез-құлық пен қарым-қатынас  нормаларын меңгеруде адамгершілік түсінігін, музыкалық талғамын, ұғымын, пікірін, бағалауын жэәне өзін-өзі  бағалауын қалыптастыру. Оқушылардың  жас ерекшеліктерін (іс-әрекет себептер, танымдық және шығармашылық үрдістер) ескере отырып, музыкалық білімнің мазмұны мен үрдісін ұйымдастыру.

Оқушыларға  музыкалық білім беруде рухани музыка мен фольклордың ролін күшейту. Музыка және қазіргі жастар: өмірлік  белсенді ұстанымы, көзқарасының көріну өрісі ретінде жас ұрпақтың көркемдік  талғамы мен қызығушылығындағы  байыпты, жеңіл, классикалық, халық  музыкасы. Оқушылардың музыкалық  білім мәдениетін қалыптастыруда қоршаған ортаның ролі (мектеп, жанұя, достар ортасы және т.б.)Музыка үйрету жұмысының түрлі әдістемесі оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас ерекшелігіне жәнеолардың шығармашылық, танымдық үрдістерге деген қабілеттеріне орай өзгеріп отырады.Өткізілетін материалға жан-жақты түсіндірмелік шолу жасау әдістемесі оқушының өз бетінше ізденіп, іс-қимыл жасауға арналған ізденушілік әдістемесімен өзара біріге қолданылса, зор нәтиже береді.

Үйретілетін ән-күйдің сезімдік-драмалық тұрғыдан сатылай үйретілуіне арналған әдістеме сабақтың шарықтау барысына арналады. Әр түрлі нұсқада құрылатын  ән-күй сабағының музыкалық-драмалық әдіспен өрбуі де жиі қолданылады.

Ұстаздық бақылау мен оқушының өзін-өзі байқап отыру әдістемесі, әр оқушыға баға қою, оның музыкалық  дамуына нақтылы сәйкес жүргізілсе ғана көрнекті жетістік берері сөзсіз.

Ұстаз бағасы мен үйге берілген тапсырма оқушының музыка қабілетінің даму сатысын  көрсететін ең негізгі көрсеткіш  екенін ұмытпаған жөн.

Ұстаздың  белгілі бір ән-күй, шығармаға  деген өзіндік көзқарасының болуы  және оны бейнелі сөзбен, іс-әрекет, көркем қимылмен көрсете білуі сезімге  әсер ету әдістемесі деп аталып, ол оқушы қабілетінің артуына  игі әсерін береді.

Музыкалық қабілеттің, яғни ән айту, аспапта  ойнау шеберлігінің айтарлықтай  өсуі, ондағы нақтылы табыстың болуы, оның ұстаз тарапынан айқын көрсетілуі оқушы санасында мақтаныш сезімін  тудырып, оның шығармашылық қызметке деген  ынтасын барынша арттыра түседі.Жағымды  үлгі көрсету, музыка өнеріне деген  сенімділік білдіру, жаттығулар көрсету, олардың жеке бастың сезімдік дамуына  қызмет істеуі, ән-күй сабағына деген  кызығушылык тудырары сөзсіз[16].

Ән-күй сабағына кешенді әдістемелер  қолдану, ұстаздың белсенді музыкалық  қызметі, сабақтың барлық элементтерінің тұрақты қолданылуы оқушылардың  музыкалық мәдениетінің қалыптасуына зор әсер етеді. Түрлі әдістемелік  үрдістерді алмастыра қолдану әр сабақтың мақсаты мен міндетіне, ұстанымы мен мазмұнына байланысты өзгеріп тұрары анық.

Мектепте үйренетін ән-күйлерге қойылатын әдістемелік талаптар мынадай тәртіпте орындалуға тиісті:

  • Әндердің жоғары көркемдігі, еркін орындалумүмкіндігі қаралады.
  • Әндердің орындалу мүмкіндігін алдын ала тексеріпалу, қиындық туғызатын тұстарын меңгеру әдісін анықтапалу.
  • Үйренетін әнге кызығушылық тудыратын әңгімеайту, оқушы қиялын ұштау.
  • Ән-күйді тыңдау және айтып беру немесе ойнапкөрсету.
  • Ән-күймен танысқаннан кейін өткізілетін әңгіме-кеңес. Онда шығарманың мінезін, музыкалық көркем бейне беретін негізгі мәнерлерін анықтау[17, 5 б.].

Музыка  пәніндегі әдістемелік талаптарды жүзеге асыру мақсатында жүргізген  төмендегі сабақты қарастырайық. Бқл сабақты жүргізу барысында  алдыма қойған мақсат-міндеттеріме толық жеттім. Бүлдіршіндердің шығарманы тыңдау барысында зейінін тұрақтандыруға сабақтың ықпалы зор. Себебі, бастауыш мектеп баларының мінез-құлқын тұрақтандыру мақсаты негізінде шыдамдылыққа, сабырлылыққа, төзімділікке тәрбиелеудің маңызы өте жоғары. Қазақтың халықтық музыкасы, оның ішінде кұй өнерінің орны бала тәрбиесін дамытуда ерекше орын алады. Күйді тыңдау сабырлылықты, шыдамдылықты, төзімділік пен зейін қоюды талап етсе, оның шығу тарихы мен күйдің мазмұнының тәриелік мәні, ішкі астары тұнып тұрған тәрбие. Ол тәрбиенің сан-саласын қамтиды. Бірі достыққа, бауырмалдылыққа, адамгершілікке татулыққа үндесе, енді бірі елін, жерін, Отанын сүюге, қорғауға, эстетикалық сезімдері мен үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды құнды қасиеттерді ұғынып өсуге тәрбиелейді.

Сабақтың  тақырыбы: Дәстүрлі күйшілік өнер.

1. Құрманғазы. "Сарыарқа", "Адай", "Балбырауын", "Кісен ашқан".

2. Тәттімбет. "Саржайлау", "Көкейкесті", "Сылқылдақ".

З. Сөзі: Х.Талғаров. Әні: И.Нүсіпбаевтікі. "Домбырасыз сән  қайда".

  • Сабақтың мақсаты:

1. Күйшілердің  өмірі мен шығармалары туралы  жан-жақты мағлұмат беру;

2. Оқушылардың  музыкалық қабілеттерін арттыру.  Ән айту, тыңдау дағдыларын дамыту. Балалардың шығармашылық белсенділігін  түрлі музыкалық тапсырмалар  арқылы жетілдіру. 

З. Балаларды  әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық  мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге баулу. Өнер иелерін үлгі тұтып қастерлеуге, шығарманы тыңдау барысында зейінін тұрақтандыруға, шыдамдылыққа, сабырлылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

  • Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
  • Өткізу әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері.
  • Көрнекіліктер: композиторлардың суреттері, тақырыптық суретке негізделіп жасалған слайдтар, мақал-мәтелдер, үнтаспа, баян, домбыра, буклет, музыкалық аспаптар.
  • Сабақтың барысы: Оқушылар сыныпқа «Сарыарқа» күйімен кіреді.
  • Ұйымдастыру кезеңі: Музыкамен сәлемдесу.
  • Сұрақ: "Күй дегеніміз не?"
  • Қазақтың домбыра, қобыз, шертер, сыбызғы сияқты ұлттық музыка аспаптарында орындалатын әуен-саз КҮЙ деп аталады.
  • Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка дейміз.
  • Күй — бағдарлы мазмұны бар көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары тарихи оқиғалар, халық мерекелері, жан-жануарлар, аңыз-ертегілер, адам сезімдері, түрлі оқиғалар суреттеледі.

Күйлер  тақырыбы мен мазмұнына қарай  аңыз күйлер, тартыс күйлер, лирикалық  күйлер болып жіктеледі. ХҮІІІ ғасырда  Байжұма, Есжан, Байжігіт, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа  кеңінен танымал болған. XIX ғасырда  күйшілік өнердің одан әрі дамуына  Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Ықылас, Қазанғап, Дина, Сүгір сияқты күйшілер өз үлестерін қосты.

  • — Біз кімнің қандай күйінің әуенімен сыныпқа кірдік?
  • — Құрманғазының "Сарыарқа" күйі (оқушылар жауабы).
  • — Ендеше Құрманғазының өмірі мен күйлеріне тоқталайық (слайд 1).

XIX ғасырдың  аса көрнекті композиторы Құрманғазы Сағырбайұлы тендесі жоқ ұлы күйші. Ол 1823 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Кішкентайынан күй өнері арқылы әділетсіздік пен теңсіздікке қарсы күрескен дара тұлға өзінің басынан кешкен өмірін, қайғы-қасіретін күй тілімен жырлап өткен. Мұғалім: — Күйден нені байқадыңдар, күй сендерге қандай жайларды баяндап тұр. Күйдің көңіл-күйі қандай? ("Сарыарқа" күйін тыңдау).

  • Жауап: Күй қуанышты, шаттықты білдіреді. Аттын шабысын, қазақтың ең даласының тіршілігін баяндайды.
  • — Балалар қарындаш көмегімен суреттейік. (Шынар суреті)
  • Жауап: — Қазақтың кең байтақ даласының табиғат сұлулығы, әсемдігі, күйшінің батырлық мінезі сезілгендей болады.
  • — Бұл күйді қандай оркестрдін орындауында тыңдап отырсыңдар?
  • — Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі.
  • — "Сарыарқа" күйінің шығуы жайлы ел аузында мынадай аңыз әңгіме бар (слайд-2).

Құрманғазы  бірде түрмеден қашқан жолында Арқадағы Тәттімбетке соғып, күй тартысып, сауық-сайран құрып, қонақ болыпты. Сонда Тәттімбеттің сыйына риза болтан Құрманғазы "Сізге арнайы сыйым болсын" деп, "Сарыарқа" күйін шығарыпты-мыс. Күйді тындап, айызы қанып, рахаттанған Тәттімбет "ендеше мен де саған күй арнаймын" деп, "Көкейкесті" күйін тартқан екен.

  • Құрманғазының "Адай" күйін тындап, көңіл-күйін, екпінін анықтау.
  • Бұл тыңдаған кімнің күйі?
  • Құрманғазының "Адай" күйі. Құрманғазының жастарға арналған "Балбырауын" күйін тыңдау, күйді талдау.
  • — Көңілді, би ырғақты, екпіні тез.
  • — Күй шертіледі, айналады.
  • — Күй орындауының неше әдісі бар?
  • — Екі әдісі бар: төкпе және шертпе.
  • — Біздің тыңдаған күйлеріміз қандай әдіске жатады?
  • — Төкпе.
  • "Сарыжайлау" күйін тындау
  • — Күй нені көз алдымызға елестетеді.
  • — Жайлаудың әсем, сұлу табиғатын.
  • — Бұл күй қандай әдіске жатады.
  • — Шертпе.

Шертпе  күй шебері, композитор Тәттімбет Қазанғапұлы Қарағанды облысы, Қу ауданында 1817 жылы дүниеге келген. Тәттімбеттің атасы Мошеке ойға жүйрік, сөзге шешен, тапқыр адам болған. Сондай атасының тәлімін өзі де зерек туған Тәттімбет тамаша күйші ғана емес, ақын, өткір тілді шешен болған.

  • Тыңдалған күйлердің өзара айырмашылығы, ұқсастығы неде?
  • Әдісі, екпіні, көңіл-күйі, табиғатында.

Тәттімбеттің  "Бес төре", "Былқылдақ", "Қосбасар" күйлері ғасырлар бойы сан ұрпақтың рухани азығына айналып келеді.

  • Енді өнер туралы мақал-мәтелдер айтып көрейік.
  • 1."Өнерлі өрге жүзеді".
  • 2."Өнер—бұлақ, білім — шырақ".
  • 3."Өнерлінің өрісі ұзақ".
  • Тағы кім мақал-мәтелдер айтып толықтырады. /3-4 мақал айтылады/.
  • Рахмет, балалар, мақал-мәтелерді жақсы біледі екенсіздер. Енді дауысымызды жаттықтырып алайық.
  • 1."Киіз басу" әні.
  • 2. Құрманғазының "Ақбай" күйі.
  • 3."Құстар әні" (Н.Тілендиев).
  • "Домбырасыз сән қайда" әні. Сөзі — X. Талғаровтікі, әні — И.Нүсіпбаевтікі. Ақын, әнші, күйші-композиторлар туралы айтылатын осы бір әнді орындайық.
  • Сабақты қорытындылау:
  • Балалар, бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенімізді білу үшін КІМ БҰРЫН? ойыны арқылы дұрыс жауап беріп, сабағымызды қорытындылайық. Сұрақтары:
  • 1.Құрманғазы кім?
  • 2.Қандай күйдің атасы?
  • З.Қай жерде туған?
  • 4.Қандай күйді тыңдадық?
  • 5."Сарыарқа" күйінен алған әсерлері, оқушылардың өздері шығарған өлеңдері.
  • Сап-сары менің Сарыарқам,
  • Құрманғазы ата сенің арқаң,
  • Аталғаны жердің Сарыарқа,
  • Әсемдігіне таңқалып күнде жатам.
  • Қорытынды:
  • Міне, балалар, дәстүрлі күйшілік өнер дегеніміз осы.
  • Сабақты бекіту: сабаққа жақсы қатысқан оқушылардың жетістіктерін айтып, мадақтау, бағалау.

Информация о работе Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы