Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2012 в 21:37, дипломная работа
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы – жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейде көтеруге ықпал етуде. Тәуелсіздік алып, еліміздің егемендігі жүзеге асып, қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру басталған кезде ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.
КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІНЕ ХАЛЫҚТЫҚ
МУЗЫКА ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................................6
1.1Халықтық музыканың тарихы және баланың мінез-құлық тәрбиесіндегі
маңыздылығы.....................................................................................................6
1.2Жас ұрпақтың мінез-құлық тәрбиесіндегі халықтық музыканың мазмұны
мен тәрбие көздері…......….................................................…………........…13
2 ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ АРҚЫЛЫ КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................35
2.1 Баланың мінез-құлқын тәрбиелеумақсатында жүргізілетін сабақтарды
халықтық музыка арқылы ұйымдастыру әдістемесі....................................35
2.2 Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін халықтық музыка арқылы
қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар жүргізудің әдіс-тәсілдер.......44
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. Сондай-ақ қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл ой тәрбиесі деп есптелінеді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізгі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешіледі. Қазақ халқында ерекше құрметтелетін адамшылдық қасиеттің бірі – ар болып есептеледі. Ары бар адамда намыста, әділдікте, адамгершілік пен имандылықта болары сөзсіз.
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім»,«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспай қанның тазалығын, яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен, екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып, ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек. Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға осы ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз. Осы мақсатта жүргізілген төмендегі сыныптан тыс іс-шарада отбасындағы әже мен немеренің сыйластығы, үлкенді құрметтеу, ізет көрсету негізінде ұйымдастырылды. Қазіргі таңда балалар ата-әжелеріне жат болып, қарттарымызды кәрілер үйіне өткізу, қараусыз қалдыру, сый көрсете білмеу сияқты қоғамда белең алып кеткен жайлардың алдын алу мақсатында жоспарланды. Бала мінезіндегі қатыгездік, мейірімсіздік сынды қасиеттердің алдын алу, болдырмау, ата-әжесі бар баларды басқа балаларға үлгі-өнеге ету бағытында жүзеге асты.
Тақырыбы: «Асыл әжем,сүйкімді немерем» атты сайыс
Мақсаты:Отбасындағы әжелер тәлімінен үлгі алу, халқымыздың салт-дәстүрін, өнегелі нақыл сөздері асыл қазына екенін оқушы санасына жеткізу, сыйластыққа бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу.Сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін дамыту, сабырлы болуға, парасатты мен білімдарлыққа баулу.
I жүргізуші
Уа, жарандар, жарандар Көктем тойы -әніміз
Көңілің бар алаңдар
Ата менен әжең бар Өлең-әнмен той сәнін
Үлкен –кіші анаң бар Өрнектейміз бәріміз
Наурыз тойы басталды Жарқыраған жас, нұрлы
Бәрің бері қараңдар
I жүргізуші
Әнім де саған,сәнім де,
Құт қонақ өзің үйімде Құтты болсын халайық
Қуаныш сыйлап еліме Ұлыстың бұл Ұлы күні.
Күлімде,Наурыз күлімде Шырқап әнге салайық.
I жүргізуші
Халқымның әдет-салтына Жас ұрпағым тал бесіктен өскейсің
Ойлана қарап,түйін түй
Шаттығын сыйлап жалпыға Құрметті көрермен қауым «Асыл әжем,
Жалғаса берсін ән-күй,би. сүйкімді немерем» атты сайысымызға
Қош келдіңіздер.
Бастарыңызға қонсын дәйім бақ құстары
Күн қуатын тілейміз ғарыштағы,
Ұзақ, ғұмыр,қуаныш,нұр сыйласын
Өмірдің тыншымайтын ағыстары-дей отырып Шаңырақтың ұйытқысы,ақылдың көзі асыл әжелерімізді немерелерімен ортаға шқырамыз.
1. Қаленова Қымбат әже немересі Батырхан Нұрбергенмен
2. Жангирова Алтын әже немересі Елеусіз Нұрсарамен
II.Қадірменді көрермен қауым,ақылына көркі сай әжелеріміздің өнері мен өнегесін,пайымы мен парасатын тамашалауға қош келдіңіздер!
I.Ендігі
сәтте бүгінгі сайыстың
1-шарт. «Сәлем-сөздің
атасы» әр топ өзін
II жүргізуші
2-шарт. «Өнерің өрге жүзсін»
деп аталады.Немерелердің
I жүргізуші
3-шарт. «Ана көрген тон пішер». Қол өнер сайысы(қағаздан аппликация құрастырады).
II жүргізуші
4-шарт. «Дәстүрді білесің бе?» сұрақ-жауап сайысы.
I жүргізуші
5-шарт. «Ойын ойды ұштайды» деп аталады.Ребус шешу.
II жүргізуші
6-шарт. «Тұрмыс-салт» жырларына байқау
I Өнер, білім, өнеге тұнған дарын.
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын.
Таныстырайын әділқазы
1-----
2-----
Сайысымыздың1-шарты бойынша «Сәлем-сөздің атасы» кезекті
1Қаленова Қымбат әже,немересі Батырхан Нұрберген
2 Алтын әже, немересі Елеусіз Нұрсара
Әділқазылар жағынан көрсеткіш есебін сұраймыз.
2-шарт бойынша «Өнерің өрге
жүзсін» атты немерелердің
1 Батырхан Нұрберген ән «
2Елеусіз
Нұрсара Абай Құнанбаевтің
Әділқазылар көрсеткіші
ІІжүргізуші
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би-билеп,ал біреуі ән салыпты
Осы бір сайыстардан бәйге алуға
Барлығы аянбай-ақ жан салыпты.
І жүргізуші.Сайысымыздың 3-шарты бойынша «Ана көрген тон пішер» қол өнер сайысы қағаздан аппликация құрастыру.Қағаздың бетіне түрлі-түсті қағаздан ою ойып,түс үйлесіміне қарай жарасымды етіп орналастыру керек.
ІІ жүргізуші.Әжелеріміз ою ойып болғанша «Ән көңілдің ажары» дегендей 2-сынып оқушысы Сатыбалды Инабаттың орындауында «Анашым» әнін тамашалаңыздар.
І жүргізуші.
Ақылдылық әжелерге жарасады,
Көзі ашыққа кім бүгін санасады.
Келесі сұрақ-жауап сайысында,
Сыналар ақылы мен парасаты
ІІ жүргізуші.4-шарт «Дәстүрді білесің бе?» сұрақ-жауап сайысы
Дәстүрге байланысты 2сұрақтар жазылған билеттер бар,таңдап алыңыздар.Кезекпен жауап берулеріңізге болады.
Әділқазылар көрсеткіш есебі
І жүргізуші.Сайысымыздың 5-шарты Ойын ойды ұштайды.Ребус шешу.
ІІ жүргізуші. Біздің сайыскерлеріміз ребустарын шешкенше сынып әншісі Жандос Дарынды «Құдаша» әнімен ортаға шақырамыз.
І жүргізуші.Сайысымыздың соңғы шарты бойынша әжелеріміз тұрмыс-салт жырларын айтудан жарысқа түседі.
1-Қаленова Қымбат әже «Той бастар»
2-Алтын әже «Бесікке салу» жыры
ІІ жүргізуші.Тамашалармыз пәк сәбилердің күлкісін
Ақ әжелерің өзінен естіп сырды шын
Ақ бата алып,қариялардан өмірге,
Наурызым саған ұшырғым келді Жыр құсын
І жүргізуші.Ортамызға шақырып Қымбат әжеміздің
Ақ батасын алайық,
ІІ жүргізуші
Ән қосылсын әніңе
Сән қосылсын сәніңе
Ырысты боп Жаңа жыл
Бақ дарысын бәріңе!
І жүргізуші.
Ой қосылып ойыңа
Бой қосылсын бойыңа
Аман-есен жетейік
Келер наурыз тойына!
Әділқазылар көрсеткіші
Сайысты қорытындылау жүлдегер әжелер мен немерелерді марапаттау.
Қадірменді көрермен қауым сайысымызды көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.Сіздердің өмірлеріңізге қуаныш,шаттық тілей отырып жүректеріңіз қартаймасын,көңілдеріңіз ортаймасын деп үлкен алғысымызды бі лдіреміз
Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше құрметті ата-аналар, ұстаздар оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қоспақ. «Баланы жастан» демекші, мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.
Қазақ отбасының осындай өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болды.
Сонымен, қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтары деп төмендегілерді айтуға болады:
Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі күнделікті сабақтың әрбір кезінде-ақ оқушы бойына сіңе бастайды.
Қоғамның
белгілі қайраткері, ақын М.Шахановтың
«халықта ең бірінші ұлттық рух болуы
керек» дегенін әр кез есте сақтап,
еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз
қажет. Ол үшін біз, ұстаздар қауымы оқушыларға
салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп
қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын,
мәнін, алтын діңгегін түсіндіре
білуіміз керек. Ұлттық тәлім тәрбиенің
іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің
ата-аналармен қосылып
Елімізде тәрбие беру ісінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) маңызы ерекше. Жаңа қазақстандық қоғамда теледидар мен радионы еркін пайдалануға мүмкіндік мол.
Радио мен телеарналарда біраз ұлттық болмысымызға сай бағдарламалардың жүргізілуін үлкен игілікті істің бастауы деп санауға болады. Мәселен: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Алтыбақан», «Ақсүйек», «Шаңырақ», «Бастаңғы», «Айтыс», т.б. бағдарламалардың тәлім-тәрбиелік құндылығы өте зор.
Сонымен қатар, бала тәрбиесінде өзіміздің ұлттық дәстүрімізде жасалған мультфильмдердің, кітаптар мен бейнетаспа үлгілерінің атқарар рөлі де ерекшк деп білеміз.
Өскелең ұрпақ білім мен ұлттық тәрбие негіздерін өзінің ұлттық мектебінен алатыны сөзсіз. «Ұлттық мектеп дегеніміз – ұлттық рухта тәрбие беретін орын».
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» демекші, ата дәстүріміздің қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор. Әйтседе, күнделікті тірлікте ортақ тәрбие құралы – бұқаралық ақпарат құралдарын баса пайдаланып келеміз. Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» [22]. Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзатттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек.
Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ал мұндай мәселелерді зерттеп, көпшіліктің ой-пікірлерін қаум елге жеткізетін негізгі құрал – бұқаралық ақпарат құралдары екені даусыз.
Өмірден қымбат нәрсе бар ма адамда,
Орындыға жұмсасаң өлмес дәрі.
Қасиетін өмірдің білу керек,
Басында ми бар болса, бетінде ары, - деп Шәкәрім ақын жырлағандай, біздің жастарымыздың өз өмірлерін бос өткізбей, білімге жұмсауды, артында өшпейтін із қалдырып, мәнді де, сәнді де бақытты өмір сүруге ұмтылуына көмектесуіміз керек [5, 87 б.]. Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің өріне шығып, нәр алу – бүгінгі күн талаптарының маңыздысы. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз. Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Сонымен қорытындай келе, осындай халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды өздеріңіздің талмай, қажымай еткен еңбектеріңіздің арқасында дарынды да тәрбиелі оқушылардың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей атсалысайық!
Қазақстанның жалпы білім
Информация о работе Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы