Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2012 в 21:37, дипломная работа
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы – жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейде көтеруге ықпал етуде. Тәуелсіздік алып, еліміздің егемендігі жүзеге асып, қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру басталған кезде ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.
КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІНЕ ХАЛЫҚТЫҚ
МУЗЫКА ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................................6
1.1Халықтық музыканың тарихы және баланың мінез-құлық тәрбиесіндегі
маңыздылығы.....................................................................................................6
1.2Жас ұрпақтың мінез-құлық тәрбиесіндегі халықтық музыканың мазмұны
мен тәрбие көздері…......….................................................…………........…13
2 ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ АРҚЫЛЫ КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................35
2.1 Баланың мінез-құлқын тәрбиелеумақсатында жүргізілетін сабақтарды
халықтық музыка арқылы ұйымдастыру әдістемесі....................................35
2.2 Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін халықтық музыка арқылы
қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар жүргізудің әдіс-тәсілдер.......44
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63
Үшінші кезең (XX ғасырдың 50-90 жылдары) - музыкалық білім беру педагогикасының теориялық негіздерінің жасалуымен және осыдан туындайтын Ресей, Қазақстан ғалымдарының ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарының өріс алуымен ерекшеленеді. Қазақтың ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы халықтың ән өнерінің көрнекті өкілдері Біржан Қожағұлов (1829-1887), Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913), Мұхит Мералұлы (1841-1918), Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929), Естай Беркімбайұлы (1868-1946), Мәди Бәпиұлы (1880-1921) және т.б. Біз Орта Азиямен Қазақстан тарихын бұрмалап жүрген көптеген буржуазиялық ғалым сымақтардың пікіріне қарсы, қазақтардың өзіндік ұлттық мәдениетінің атап айтқанда музыкалық творчествосының таңдаулы демократиялық элементтері мұқият сақталып келгенін, олардың бүгінгі күні де музыкалық-эстетикалық, адамгершілік, еңбек, патриоттық тәрбие міндеттерінің қызмет етіп отырғанын мақтанышпен айта аламыз. Олар жеткіншек ұрпақты семьяда, мектепте, мәдени мекемелерде, қоғамдық ұйымдарда, практикалық үйрету мен тәрбиелеуге кеңінен пайдаланылып келеді [3, 87 б.].
Қорыта айтқанда, балаларды өткеннің мұрасына сын көзбен қарап, оны елеп-екшей отырып, жан-жақты пайдалана білуге тәрбиелеудің маңызы зор. Ұрпақтан-ұрпаққа музыкалық тәжірбиені жеткізуде ауызекі дәстүрдің рөлі. Бұл үшін халқымыздың халықтық-музыкалық творчествосының мазмұнына педагогикалық талдау жасау қажет.
Ұлтымыздың
бүкіл рухани игілігі 20 ғасырға дейін
жазбасыз түрде дамып, ауыздан-ауызға,
әкеден-балаға, ұстаздан - шәкіртке, өткеннен
- болашаққа жеткізіліп отырған. Шаруашылықтың
көшпенді және көшпенді емес түрі ұлттық
аспаптардың, музыкалық дәстүрлердің
ерекшеліктерін, қазақ қоғамының
өмірі мен тұрмысының, сөздік және
ақындық көркемөнердің
Музыка өзінің алғашқы кезеңінде ескі көшпелі қоғамның қажеттілігінен туып, ірі діни және тұрмыстық салт- дәстүрлермен біртұтас дүниеге айналды. Қазақ этносының қалыптасу кезеңінде пайда болған ірі эпикалық баяндаулар – жыраулар орындауындағы жырлар әртүрлі дәстүрлермен байланысты болды. Халық жадында жүзден аса эпос сақталған, олар мың өлең жолынан тұрады, қыл қобыз немесе домбыра арқылы орындалған. Халық шығармашылығының сүйікті жанры, батырлық және лирикалық – тұрмыстық эпостар қатарында “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Ер - Тарғын”, “Қамбар”, “Қыз-Жібек”, “Қозы - Көрпеш - Баян сұлу”, “Еңлік және Кебек” жырларын айтуға болады. Бұлар қазақ тарихына қатысты нақты оқиғаларды аңыз, мифологиялық түрде жеткізеді.
Халық музыка аспаптарының көне үлгісі ретінде кейін пайда болған күй де - өзінің бастапқы кезеңінде магиялық міндеттерді атқарған. Екі дәстүрдің – эпикалық және аспаптық дәстүрдің шығуы халық санасында атақты әулие – Қорқыт есімімен (бірінші жырау және шаман, “күй атасы” және қыл–қобызды жасаушы алғашқы шаман есімімен) байланысты. Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра – қобыздық күйлер - “Қорқыт”, “Желмая”, “Тарғыл тана”, “Елімай”, “Ұшардың ұлуы” сияқты және т. б. шығармалар қалдырды. Олардың бір бөлігі дыбысты беру сипатымен ерекшеленді және табиғаттың табиғи дауыстарын, өмір, өлім, тұрмыс туралы философиялық ойларды берген. Барлық шығармаларда, бір күйден екінші күйге көшкенде музыкалық әуендер бір немесе бірнеше рет қайталанады. Көк тәңіріне, рухтарға бағытталған бұл дыбыстар қобыз үнінде тірілгенде жаңа реңк алады. Домбыра мен сыбызғы аспаптарының даму тарихы да ғасырлар қойнауына кетеді. Домбыраның пайда болуы туралы мынадай археолгиялық қазбалар мәлімет береді: ежелгі қала Хорезмді қазғанда екі шекті аспапта ойнап тұрған музыканттардың терракотты бейнелері табылған. Ғалымдар екі мың жыл бұрын Хорезм қаласынан табылған екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығын және оның Қазақстан территориясында тұрған ертедегі көшпенділердің қолданған аспаптарының бірі деп бағалайды. Домбыра және сыбызғылық музыканың көне үлгілеріне құстар мен жануарлардың атауларымен күй – аңыздар жатады – “Аққу”, “Қаз”, “Нар”, “Ақсақ қыз”, “Ақсақ құлан” батып бара жатқан балалар мен аңдар туралы - “Жорға аю”, “Зарлау”, “Жетім қыз” және т. б. күй – аңыздар. Бұлар ерте кездегі діни сенім – нанымның, әдет-ғұрыптың жаңғырығын осы күнге дейін алып келген. 19 ғ. таман ғана қазақ музыкасы өзін шектеген дін мен дәстүрлерден арылып, дербес көркемдік шығарма ретінде дами бастаған. Бұл кезең – шын мәніндегі ұлттың рухани жаңаруы, аспапты, әндік, ақындық өнер сияқты негізгі халықтық өнердің даму кезеңі болды. Қазақстанның байтақ территориясында әртүрлі дербес кәсіби композиторлық және орындаушы мектептер пайда болды, әрбір аймақ өз ерекшелігін сақтап отырды. Мысалы, Батыс Қазақстанның территориясы домбыралық күй - төкпені дамытудың орталығы болып есептелсе, Сарыарқа аймағы (Орталық Қазақстан) - әндерді орындаудың орталығы, оңтүстік - батыс аймақ (Қармақшы ауданы) эпостық жырды баяндаудың бай тәжірибесін сақтаған, ал Жетісу өңірі – айтыс дәстүрін – айтысушы ақындардың жарыс өнерін дамытады. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Естай, Ыбырай,Нартай, Мәди, Мұхит, Абай, Кенен Әзірбаевтың есімдері тек қазақ мәдениетіне ғана емес, әлемдік музыка мәдениетіне енді. Бұлар – қазақ музыка мәдениетінің шоқ жұлдыздары болып табылады. Олар халықтық музыканы дамытты, дербестіктерін сақтады, халық арасында үлкен құрметке ие болды.
Үздіктердің ішіндегі үздігін халық – сал, сері деп атаған. 19 ғасырдағы кәсіби музыканттардың шығармашылық қызметі орындаушылық және композиторлық саламен ғана шектеліп қойған жоқ, олар көркемдік баяндаудың барлық түрін – поэтикалық импровизация, шешендік өнер, нәзік вокальдық техника, музыкалық аспаптың құлағында ойнау, театр мен цирктік өнер ойынының элементтерін қамтиды, бұл Батыс Европаның орта ғасырлық музыканттары – жонглерлер, трубадурлар, труверлер, мейстер – миннизингерлермен ұқсастығы бар.
20 ғ. қазақ
музыкалық мәдениеті жаңа
Қазақстанның
қазіргі даму барысында музыка мәдениетінің
көп тармақты құрылымы қалыптасты.
Республикада Европалық жанрдағы орындаушылық
және композиторлық шығармашылықпен
қоса, әуенді шығарудың жаңа дәстүрлі,
әлемдік көпшілік музыка (рок, эстрада,
джаз) және әлемдік концессиялардың
діни музыкасы, Қазақстанды мекендеген
халықтардың – ұйғырлардың, кәрістердің,
немістердің, дұнғандардың, орыстардың,
татарлардың ауысша кәсіби фольклоры
негіз салды. Республикада әртүрлі
көркемдік профильдегі
Қазақстан
- әлемдік масштабтағы
Бүгінгі
күні Республикада К.Байсейітова және
А. Жұбанов атындағы арнаулы балалар
мектебі, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік
Консерваториясы, Астанадағы Ұлттық музыка
Академиясы, Абай атындағы мемлекеттік
опера және балет театры, Жамбыл
атындағы Қазақ Мемлекеттік
Мінез-құлық эстетикасы - оқушылардың өзге адамдармен қарым-қатынасы және өмір сүріп отырған қоғамдағы іс-әрекет қылығын айтамыз.Мінез-құлықты дербес ғылым – этика зерттейді, сонымен қатар оны әстетикада қарастырады.Сыпайылық - ішкі мәдениеттің сыртқа шығуы. Ол ұстамды болудан, өзіне-өзі шек қоя білуден, шыдамдылықтан, өзгелердің, билігі мен талғамын құрметтей білуден көрінеді.
Әдептілік
- көпшілік арасында өзіңді
Байыптылық - байқампаздықпен, сергектікпен, өз шамасынан, өзгелердің де өлшем-шамасынан шыға білуге негізделген, мінез-құлықтағы сезім-түйсігі, өзін өзгелердің орнына қоя білу қабілеті [9, 7 б.].
Эстетикалық тәрбие беруде кескіндеме, музыка, бейнелеу өнерінің алғы шарттарын теориялық тұрғыдан қарастырумен шектеп қана қоюға болмайды. Өйткені, эстетикалық тәрбие өнермен айналысу, жалпы адамдардың қабілеттері мен мүдделеріне сәйкес келетін көлемдердегі шығармашылық әрекет. Көркем айғақтар мен құбылыстарды тек қана эстетикалық цикл пәндерін зерттеу процесінде ғана игеру мен сезіну жеткілікті болмайтындығы баршаға мәлім.
Оқушылардың
эстетикалық шығармашылық дарындарын
дамыту шынайы сөз арқылы, көру-көрнекілік
және дыбыстық бейнелеудің көмегі арқылы
ұсына отырып, олардың икемділіктері
мен дағдыларын қалыптастыру көзделген
жағдайда ғана мүмкін болады. Тек осылай
эстетикалық тәрбиенің
Көркем
өнердің адамдардың сезіміне, жан-дүниесіне
әсер ету мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып
отырған шетелдік мәдениет құралдарының
алпауыт иелері оны табыс көзіне
айналдырып, құнсыз материалдармен жастар
және балаларды санасыздық, ойсыздық
селкілдеп бекер уақыт өткізу
секілді жат істерге жетелеуде.
Келе жатқан процеске қарсы Отанымызда
«Мәдениет туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында
Тұлғалық музыкалық сана – адамның музыканы қабылдауы, оған эмоционалды жауап беру, қысқасы – музыкалық тілін түсіну. Ол тіл сезімнен бөлек болмайды. Сондықтан музыкалық сананың дамулы болу үшін ішкі есту сезімінің қалпы болу керек: «өз бетінше» бір нәрсені есту, өз бетінше (ішінде) музыканы сезу. Осы кезде тұлғаның музыкалық мәдениетінде өз-өзіндік позициясы туады,«құбылысты» меңгеру, тұрақтау, тұтас субьектілік қатынасы туады (жауап береді), табиғат құбылысына есеп беру, сол қатынастарға сипаттама, туу туралы анықтау, көркем-эстетикалық реакцияға талдау, пайымдауы. Келесі музыкалық сананың жоғары деңгейі – бұл деңгей өзі арқылы ішкі, адамның рухани өмірінің байланысын табады, тұрақтайды (рух мазмұны мен мәнерлігі) [9, 21 б.].
Рух бастауы
адамда психологиялық белсенділік
пен шындығының шыңының бастауы,
«сезімі». «Баспалдақ» сияқты, төменгі
баспалдақ –қабылдауы, эмоция - сезім
реакциясы мен адамның
Музыкалық сананың ең негізі және құрылымының ортасы – дыбыс бейнесі. Қандай да болсын процесте дыбыс бейнесі басты.
Сондықтан музыкалық бейнесі арқылы музыкалық қабылдау, бағалау, әрекетте, қандай да болсын синзитивтік, рух процесінде музыкалық санада құбылыс болмайды. Сондықтан өнер адамы (сазгер, ақын) көркем бейне, көркем сурет пен көрінісітер арқылы жетеді.
Музыкалық бейне – ол «сезім-ой»; музыкалық шығарманың «идеялық мазмұнының дәні», тани білуі және шығармашылығы; музыкалық бейне сезімінің процесін көрсете білуі, эмоциялық қалпы, психологиялық жүрісі, көңіл-күйінің қалпы т.с [9, 5 б.].
Музыка әуенін тыңдап түсіну мәдениеті бала кездегі тәрбиенің негізінде қалыптасқаны жөн. Ол үшін оқушыны, ең алдымен, сезім байлығын дамытуға, есту, есте сақтау, қиялды ұштау және шығармашылық еңбекке үйреткен тиімді.Музыканы дұрыс тыңдап, одан ерекше ләззат алу үшін музыкалық шығарманың талғамдық деңгейі, оқушыға беретін сезімдік ассоциациясы маңызды орын алады.
Оқушыларды музыканы қабылдаудың сапалы жағына қызықтырып отыру - ұстаздың басты борышы.
Музыканың түсінікті, әсерлі болып қабылдануы үшін ұстаздың алдын ала жоспарлаған дайындық жұмыстары, көркемдік-педагогикалық, музыкалық талдаулары, әсерлі әңгіме-суреттемелері оқушының музыка қабылдау сезімін дамытып, оның дұрыс қалыптасуына көмектеседі. Оқушының көркем ойының тұрақтанып, өзіндік талғамының қалыптасуы, оның шығармашылық ойының өсуі ұстаздың баланы қандай дәрежеде қызықтырғанына байланысты қаралатыны сондықтан. Әсіресе оқушыны музыканы дұрыс тыңдай білуге үйрету сабақ жоспарынан тыс қалмауға тиіс.
Музыканы тыңдап, қабылдау жұмысын түрлі кезеңмен атқарған тиімді.
Мысалы, I кезең — алғашқы жалпылама танысу кезеңі;
IIкезең - музыкалық шығарманы талдау, тыңдау, бөлімдерін жекелей қарау, интонациялық, орындаушылық ерекшеліктерін үйрену;
III кезең — биік деңгейде, музыканы мағыналық тұрғыдан қабылдауға үйрету[9, 31 б.].
Оқушылардың жалпы музыкалық танымын, яғни музыкаға деген танымдық қызығушылығын біртіндеп, дұрыс бағытта дамытып, бағдарлап отыру да - ұстаздық шеберліктің бір түрі.
Музыка сауатының қарапайым
элементтерін меңгеру (демек, нота жүйесін
меңгеру) оқушының музыкалық танымының
бір түрі ғана. Ноталық жүйені толық
меңгеру жалпы білім беру саласындағы
міндетті мақсат емес, ол тек оқушыларды
музыка өнеріне жұмылдыру, қызықтыру
жұмыстары үшін қолданылады. Ноталық
белгілер музыкалық шығармашылық өнердің
жалпылама символы (рәміздері) ретінде
әуен-саздан көркемдік ой тудыруға,
мән-мағыналық түсінік
Мектептерде ноталық жүйеге дейінгі музыка сабақтарын өту кезеңдері болады. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты - оқушылардың түрлі практикалық қызметін жүйелеп, шығармашылық арнаға бағыттау және ұлттық дәстүрлі өнерлердің негізгі салаларымен таныстыра бастау. Ұлттық музыканың өзіндік ерекшеліктері мен рухани қадір-қасиетін бала танымына сіңіре білу әр ұстаздың ең қасиетті борышы екенін ерекше бөліп айтпақпыз. Әрбір ән-күй сабағында осындай ұлттық дәстүрлерге арналған танымдық бөлімдер болуға тиіс. Ән әуенін нотамен айту шеберлігін дамыту үшін, нота баспалдақтарының белгілерін саусақтармен белгілеу, сондай-ақ баспалдақтар арақатынасын графикалық суреттермен көрсету сияқты көрнекті құралдарды қолдану тәсілдері де музыка пөні әдістемесінде орын алуы керек.
Музыка пәнінде музыкалық-
Информация о работе Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы