Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2012 в 21:37, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы – жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейде көтеруге ықпал етуде. Тәуелсіздік алып, еліміздің егемендігі жүзеге асып, қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру басталған кезде ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІНЕ ХАЛЫҚТЫҚ
МУЗЫКА ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................................6
1.1Халықтық музыканың тарихы және баланың мінез-құлық тәрбиесіндегі
маңыздылығы.....................................................................................................6
1.2Жас ұрпақтың мінез-құлық тәрбиесіндегі халықтық музыканың мазмұны
мен тәрбие көздері…......….................................................…………........…13
2 ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ АРҚЫЛЫ КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................35
2.1 Баланың мінез-құлқын тәрбиелеумақсатында жүргізілетін сабақтарды
халықтық музыка арқылы ұйымдастыру әдістемесі....................................35
2.2 Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін халықтық музыка арқылы
қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар жүргізудің әдіс-тәсілдер.......44
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63

Файлы: 1 файл

Дип Саден.docx

— 191.35 Кб (Скачать файл)

Әдістемеде көрсетілген жалпы  білім беретін мектептерде музыкалық  тәрбие мен теориялық материалдардың берілу жүйесі, сабақ беру әдістемесі бұрынғы кеңес дәуіріндегі типтік қалыптан мүлде өзгеше құрылғанын әр ұстаз жете түсінгені дұрыс.

Бүгінде Қазақстанда музыкалық тәрбие берудің өзіндік үрдісі қалыптасуда. Музыка пәнінің мазмұндық сипатын жетілдіру мақсатында түрлі эстетикалық бағдарламалар мен әдістемелер жарыққа шыкты. Тіпті көрнекті музыка қайраткері, композитор Д. Кабалевскийдің кең тараған музыкалық бағдарламасы да нақтылы қолдау тапқан жоқ. Өздеріңізге ұсынылып отырған осы бағдарламалық әдістемеде негізінен ұлттық репертуарға басты көңіл бөлінді. Себебі, қай халыкта болмасын жеке бастың калыптасуына әсіресе ұлттық өнердің басты әсер етуі дәлелденген.

Әдістеме мазмұнында түрлі бағдарламаларда ("Атамекен", "Елім-ай") келтірілген  әдістік үлгілер ескерілді. Сонымен  қатар мұнда музыкалық педагогиканың  жаңа жетістіктеріне де баса назар  аударылды. Музыка пәні ұстазының әдебиет  пен музыканың, бейнелеу өнері мен  ән өнерінің өзара байланысын барынша  тұтас қарағаны жөн. Музыка пәнінің  негізгі мақсаты оқушылардың  музыкалық қабілетін дамыта білу, оларға ән айтқызып, хор өнеріне  баулу, қажетті орындаушылық шеберлік тәсілдерін үйрету және музыкалық шығармаларды көркемдік тұрғыда тыңдап, қабылдай білуге жаттықтыру болып табылады. Осы мақсаттарды меңгеру барысында, әсіресе балалар даусының физиологиялық  ерекшеліктеріне басты көңіл  бөлінгені жөн. Дәрігермен кеңесіп, дауыс аппаратының құрылымдық ерекшеліктерін жетік білген дұрыс.

Әр сабақты жоспарлау барысында, сондай-ақ ән үйрену, музыка тыңдау, түрлі  вокалдық әдістерді меңгеру кезінде  оқушылардың жас ерекшеліктеріне  көп назар аударылуы керек.

Бабаларымыз көшпелі өмір салты  кезінің өзінде-ақ, балалардың музыкалық  және эстетикалық тәрбиесіне зор  көңіл бөлген. Кешқұрым киіз үйге жиналып  алып, қосылып ән айтып, күй тарту  үрдісі ешқандай әлеуметтік статусқа бағынбайтын, өзіндік талғамды эстетикалык  тәрбиеге айналған өнер мектебі еді. Халық әндері мен күйлерінен ұлтымыздың тарихы ғана емес, оның адами болмысы, жеке қасиеті, тіпті қоғамдық құрылымы анық байқалады. Сонымен қатар рухани байлық тәрбиелік мағынаны да қоса атқарады.

Музыкалық тәрбиенің негізін ақын-жыршы, сал-сері, күйшілер жүргізген. Олардың  өнері мен өмірі өнерлі жастар үшін өзіндік мектепке айналған. Ауызекі  түрде беріліп келген өнер дәстүрлері ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз ауысып, көркемдік тәрбиенің арқауы ретінде  қабылданған. Өнерпаз тұлғалардың  ел алдында өнер көрсетуі белгілі  эстетикалық талғам қалыптастырып, балалардың музыкаға деген қызығушылығын  оятып отырған.

Кеңес дәуірінен бастау алатын музыкалық  білім беру жұмысы күні бүгінге дейін  айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мектептердегі музыкалық тәрбие беру ісі мынадай екі салада дамып  келеді:

  1. Жалпы білім беретін мектептердегі музыка сабағы.
  2. Мектептен тыс жүргізілетін музыкалық тәрбие беру орындары (музыка мектептері, мәдениет сарайларындағы немесе мектептер жанындағы музыкалық студиялар, үйірмелер).

Музыка пәні сабақтарының негізгі  мақсаттары төмендегідей арнада анықталады:

  1. Оқушыларға әндер үйретіп, оларды дұрыс айта білуге үйрету.
  2. Музыка әуенін өзінше талдап, тыңдай білуге үйрету.
  3. Ноталық жазудың бастапқы қағидаларын үйретіп, нотамен ән айтуға баулу.

4) Белгілі  бір музыкалық аспапты меңгеруге  жаттықтыру [23].

Музыкалық тәрбие жеке бастың сезімдік мәдениетінің, адами қасиетінің, интеллектісінің  қалыптасуына қызмет етеді.

Балаларға музыканы оқытудың тағы да атап өтерлік тиімді жақтары баланың  көркемдік әлемге деген ынтасын  ояту, қызықтыру, оқушыда тұрақты  бір рухани талғам қалыптастыру, әуен-сазынан  көркем бейне таба білу сияқты ірі  де кажетті мақсаттардан көрінеді.

Міне, еліміздің егемендіке қолы жетіп, көк байрағын көкке көтергеніне де 20 жыл толып отыр. Осы 20 жыл ішінде талай жаңалықтар мен бетбұрыстар жасалды. Көптеген қазақ тілді мектептер мен балабақшалар, мәдениет орталықтары бой көтерді. Дегенмен, жеке адамның қалыптасқан тұлға ретіндегі рөлі таңдай қақтырарлықтай нәтижеге жете қойған жоқ. Оның бір ұштығы тәрбиеге келіп тірелсе керекті. Осы тығырықтан шығар жол – халықтық тәрбие арқылы халық музыкасының тарихи әндерін пайдалана білуде, халық музыкасының бай мұраларын қолдана білуде. Себебі әсем ән, музыка бар жерде қатігездік, жамандық тәрізді жағымсыз іс-әрекеттер тамыр жая алмауы тиіс. Бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, құдіретін танытқан қазақтың халық музыкасы жаңа ғасыр төрінен өз орнын алса нұр үстіне нұр болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар арасындағы тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде  жастарға жан-жақты тәрбие берудің  бір бөлігі – эстетикалық мәдениетті қалыптастыру; сұлулыққа, тазалыққа  үйрету; мәдениеттілікке баулу; адамзат  қоғамына бұрын-соңды жасалған мәдени мұраның жүйелі меңгеруге жалпы  әлемдік рухани игіліктерді бағалай  білуге тәрбиелеу» қажеттігіне баса көңіл бөлу керектігіне мән берілген. Осыған байланысты болашақ мамандық иелерінің іс-әрекетінің, бейнесінің заман талабына сай өзгеруі, олардың  бойында кәсіби мәнді сапалар  қалыптасып, тұлғасының дамуы көзделеді. Әсіресе, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезім, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі артады [5, 39 б.].

Соңғы жиырма жыл ішінде біздің көк байрақты қазақ  елінің өзге жұрттар бір ғасырда  жүріп өткен жолды басынан  жүріп өткергені ақиқат. Біз өзіміздің  дербес мемлекет ретінде өмір сүре алатынымызды дәлелдеп қана қоймай, келер  ғасырдың отызыншы жылдарына қарай  Орталық Азиядағы тұңғыш барысқа  айналатынымызға әлем жұртшылдығының көзін жеткіздік. Сонымен қатар, халықтың болашағы және оның бәсекелестікке қабілеттілігі тек, білімділігімен ғана емес, өскелең ұрпақтың тәрбиелігімен  де анықталады. Сондықтан білім беру жүйесінде тәрбие мақсаты, формалары  және құралдарын анықтау маңызды  болып табылады.

Музыка  пәнінің басқа ғылым салалары арасында алатын өзіндік орны мен  ерекше мәні бар. Музыкалық тәрбие әдістемесінің  ғылыми пән ретінде дамуы осы  саладағы озат тәжірибенің және арнайы зерттеулердің нәтижесі болып табылады.

Дипломдық жұмысымызды  жазуға негіз болған оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы арқылы тәрбиелеу мен білім беруде жүргізілетін жұмыстар түрлерін сараптап, дәстүрден тыс музыка сабақтарын өткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін тәжірибеге ендірудіңжолдарын айқындап, тәжірибе жүзінде тексеріп, көрсетуді орынды деп санадық.

Қазақстан Республикасының  жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында жаңа формация мұғалімі – өз мамандығына қажетті кәсіптік дағдыны, педагогикалық қабілетті  жетік меңгерген, үнемі жаңаға ұмтылатын, рухани дамыған, шығармашыл тұлға делінген. Жұмысымызды қорытындылай келе, еліміздің ертеңгі қоғам қайраткерлерін, азаматтарын тәрбиелеу міндеті болашақ ұстаздар, бізге жүктеліп отырғаны белгілі. Ұлтымыздың ертеңі, болашағы бүгінгі бүлдіршіндердің сана-сезімін, ой-өрісін, мінез құлқын ұлттық рухта тәрбиелеп, елжанды, ұлтжанды, адамгершілігі мол тұлға етіп тәрбиелеу біздің борышымыз. Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттерді жүктеп отыр. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп шығудың бірден-бір жолы ол – өсіп келе жатқан ұрпақты ұлттық рухта шыңдау.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. 3 қыркүйек 1999ж.
  2. Абдуллин Э.Б., Б.М. Целковников. Философия, социология, психология искусства и музыкальная педагогика: Хрестоматия // Вып.1- с. 1.ч – М., 1991. – Б.
  3. Кетегенова Н., Джумакова У., Казахская музыкальная литература, А., 1995 Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
  4. Ахметова М., Жұбанов А., Ерзакович Б., Советтік қазақ музыкасы, А., 1975
  5. Әбішқызы С., Сарманов Ж. «Ұлттық тәрбие – құндылығы мол дүние». 2008 ж.
  6. Қоспақов З., Ерзакович Б., Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы, А., 1986
  7. Қоңыратбай Т., Қазақ халқының музыкалық мәдениеті мен фольклоры, А., 1994
  8. Абдуллин Э.Б. Методический анализ проблем музыкальной педагогики в системе высшего педагогического образования. – М., 1999.
  9. Дүкенбай Н. Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс- әрекет психологиясы: мамандығы «Музыкалық білім беру» студенттеріне және оқытушыларына арналған оқу құралы
  10. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.
  11. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993.
  12. Апраксина О.А.. Из истории музыкального воспитания: Хрестоматия //М., 1990.
  13. Қожахметова  Қ. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми

және  теориялық  мәселелері. - Алматы: Рауан, 1993.

  1. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995
  2. Щацкая В.Н. Музыкальное воспитание детей в юношества. – М.,1975.
  3. Керімбаева М.С. «Ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы мектептің қызметі». Астана, 2008 ж.
  4. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагоика. -Алматы. 2004.
  5. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030» халыққа Жолдауы. 2005.
  6. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика. – Алматы, 2002.
  7. Әбілова З. Ә. Этнопедагогика. – Алматы, 1997.
  8. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы, 2000.
  9. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. А.,1999
  10. Айдарбекова Л.Методика музыкального воспитания в Казахстане. РИК. Алматы,1998.

 

 


Информация о работе Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесіне халықтық музыканың ықпалы