Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:48, монография

Описание работы

Монографияның «Кіріспе» бөлімінде оқытуға орай жарық көрген еңбектерге талдау жасалған. Дидактиканың шығу тарихын әлемдік педагогиканың ғылыми тұжырым-түйіндерінен іздейді.
Дидактиканың жүйесі, оның мазмұны пәндердің ішкі құрылымынан туындайтын пәлсапалық сарынына бағынышты болу үрдісі басыңқы сипатында жинақталған. Бұл бағытта автор «оқыту», «оқу», «оқытудың мазмұны», «білім мазмұны» т.б. ойлау әрекетін іске қосатын дидактиканың амал-тәсілдерін әдеби арналарды ізгілікті пішінге бағамдау тұрғысында дәлелдеп берген. Бұл нысананы ашу үшін дидактика аспектісіне қатысты терминдерге ерекше ыждаһаттықпен көңіл бөліп, оның оқыту үдерісінде қолданылу мәністеріне түрбірлеп, жіктеп, теориялық ұғымдарды айқындауға назар аударған.

Файлы: 1 файл

жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту.doc

— 1.24 Мб (Скачать файл)

Малға бітім қылмаймыз, оған сенсін

 

Тентегінің жазасын мойнына  алсын,   Ушығу.


Егер оған көнбесе, дайындалсын!    Үшінші оқиға одан

Қырылыспай бітпейміз таусылғанша,   қоюлана түседі.

Не Найман, не Тобықты  бірі қылсын!  Екінші шарт

 

Жауапты да тез берсін кешіктірмей,   Үшінші шарт


Ертең бесін намаздың уақыты келмей.   Екінші рет өлімді

Өзге бітім болар  деп ойламасын,    ауызға алып

Бітімім жоқ не өліп, не өлтірмей!    Отырған Найман еді

 

Тобықтының әрекетін автор былай


әңгімелейді:      Кеңгірбай бидің

«Найман тым көп, Тобықты аз, Арғын  алыс, шешіміне

Қорықпауға да болмайды көрер көзге»  себептің басы

Кеңгірбай бидің шешіміне себептің басы

 

Автор сөзі:

«Қысылғанда баратын Қабекеңе,    Кеңгірбайдың үкімі


Ақыл сұрай бір-екеу барсын десті...   амалсыздықтан екі

Кебекеңнің қабағы қарыс  түсіп,    жасты құрбандық

Мінеки соңдағы айтқан бір жұмбағы!   шалу

- Әнет - Баба емес пе  менің атам,

Бірақ оңдай қабып  ма менің батам?

Көшсем - қоныс, отырсам – көмегім жоқ,

Көрсетемін, қайтемін, тыныс  жатам.

Бұл сөзі - бабаң айтқан сөздің көзі

Өзі өлтірмей, амалсыз  атқызды өзі 

Жеңілсең, еңд.і барар  руың жоқ,

Көрсетпеуте шама жоқ  деген сөзі.

 

Тағы да әңгімешінің  сөзі:

«Соны естіп, Көбей топқа қайтып келді,


Жұмбағының шешуін айтып келді.    Трагедияның

Тобықтылар Найманды ертіп әкеп,    бастауы

Кебектің жатқан жерін  айтып берді.

 

Әңгімеші Еңлік - Кебек жағдайына


ойысады:

«Ұйықтамайды сақтанып Кебек түнде,

Үш айдай бір дарада жатқан мүлде.  шарықтау шегі

Толғатып Еңлік сұлу бір ұл тапқан,

Айы толып, мезгілі жеткен күнде ...

Еңлік түртіп оятты Кебек ерді,

Атқа қарғып мінгенше жау да келді.  трагизм

Күрең атқа мінгесіп жөнелгенде,

Баласы бесігімен қала берді ...

 

 

Байлап алып екеуін Ащысуда,


Тамам Найман жиылған қалың дұға   шешуі

Қайран жастар қапыда қолға түсті,    бірінші құбылыс

Елтіген бөрідей боп  жеген уға.

 

Шеткі Ақшоқы басына алып шықты,


Қалайша өлтіруге кеңес  қыпты.    шешуі

Жас қой деп жаны ашыған бір адам жоқ,   екінші құбылыс

Қолға түскен кісіге қатын мықты.

 

Кейбіреуі таспенен атпақ болды,


Кейбіреуі дарға да аспақ  болды.    шешуі

Аяғында мойнына арқан  тағып,    үшінші құбылыс

Атқа байлап сүйретіп шаппақ болды.

 

Енліктің сөзі:

«Ай, жұртым, бір-екі ауыз сөз айтайын

Кебекпен мені азғана араздастыр.


Өлген соң бірге қосып, таспен бастыр   шешуі

Мына бала - тобықты  баласы ғой,    төртінші құбылыс

Оны өлтірме, Кеңірбай биге тапсыр.

 

Екеуінің мойнына арқан салып,


Екі аттың құрығына байлап алып,   поэманың соңғы

 

Матайлап ұран салып, шауып-шауып,   шешімі

Өлтіріп, бір төбеге қойды апарып.

 

Тастады бесігімен баласын да,


Обалға өшіккен ел қарасын ба.

Еңлік -Кебек моласы бүгін де бар,

Таймақ пен Ералының арасында.    шешімі

Надан жұрттың болады діні қатты,

Қабекеңе тапсырмай аманатты.

Шеткі Ақшоқы басында қалған бала,

Шырқырап күн батқанда жылап жатты.

 

Жуантаяқ баланы түнде білді,

Түн ішінде жиылып атқа міңді.    шешімі


Таң ата келіп, іздеп таба алмайды,

Қисыны біреу ұрлап кеткен сыңды.

 

Эпикалық поэзияның ерекшелігі шығармада айқын аңғарылады. Еңлік-Кебектен биік тұрған екі рудың арасындағы қалмақ шапқыншылығының қазақ еліне салып берген тауқыметі, жеріне оралған аз санды Тобықтыға «иық», «құқ» көрсеткен Найман (Матай) руының үш шарты - екі ғашықтың бақилық дүние кешуіне қозғаушы күш. Поэмадағы оқиға шиеленісі драмалық оқиғаның күші мен маңызы «коллизияға», яғни соқтығысуға апарады. Екі жастың жүрегінің қалағанының болмай, Матай руының шешімі, қайткенде екеуін өлім жазасына бұйыру екені барлық құбылыстарға нүкте қоюмен бара-бар сипатта. Поэмадағы кейіпкердің таңдауына ешбір жол жоқ. Тек өлім жолы бұлтарыссыз.

Шәкәрім Қүдайбердіұлы бұл шығармасында ғашықтық тақырыпты жырлағысы келмегенін сөз соңында айтып өтеді.

Арадағы жер үшін, дау-дамайды өрбіту үшін себеп болған екі жастың мөлдір махаббатының жалғасының кейінгі өмірге қалған көзінің, ескерткіш ұрпағының - баласының жоғалып кетуі, Матай елінің Еңліктің соңғы өтінішін «аяқ асты» қылуы, надандық әрекеті кешегі «Қалқаман-Мамыр» дастанындағы Әнет Бабаны тыңдамаған тобыр іспетті. Тек Sit жағдайлар, құбылыстар, оқиғалар басқа кеңістік пен уақыт қатысына орай құрылған.

Эпос - грекше баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту. В.Г. Белинский сөзімен  бастасақ, сөзіміздің түйінін академик Зейнолла Қабдоловтың мына бір қисындық пайымымен айқындап өтелік:

«Эпостық шығарманың арқауы - автор үшін «ішкі» субъективтік шындық емес, «сыртқы» объективтік шындық, - жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдырлары мен ұлттық даму заңдылықтары. Осыдан келеді де дәуірлік құбылыстар мен қоғамдық қатынастарды көркем жинақтауды жұртқа мәлім эпикалық құлаш деген ұғым шығады... Сонда эпикалық шығармадағы авторлық суреттеу мен қаһармандардың диалог-монологтары - эпостық баяндауды жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана. Ал В.Г. Белинский эпикалық шығарманың тағы бір ерекшелігі ретінде, мәселен, драмадағы басты нәрсе - адам болса, эпостағы басты нәрсе - оқиға екенін ескертеді [71].

Негізгі зерттеуіміз - дидактика нысанасынан пәлсапалық ой-түйін жинақтау. Шәкәрім Құдайбердіұлының бұл поэмасында ол ілім даяр тұр. Эпилог (грекше -соңғы сөз) - бұл қорытудың бір түрі. Тартыс аяқталып, өзекті оқиғалар біткен соң, оқиғаның шешімінен кейін берілетін сипат. Көбіне, ол сол шығарманың ішкі құбылыстарына қатысты болып келеді. Ал бұл поэмада автордың сол оқиғаға көзқарасы, танымы, пәлсапалық пайымы аңғарылады.

Алдымен ақын не үшін «Еңлік-Кебек» жырын жазғанын баян етеді».

«Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім,

Емес қой жастықпенен  салған әнім.

Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы, -

Аларсың көп ғибрат байқағаның.

 

Қыз, қызық, батыр жазар кезім емес,

Жастарды қызықтырған сезім емес,

Ертегі емес, ертеде болған бір іс,

Ойдан жазған, шығарған сөзім  емес ...

Ғаділ - заман, шафқатлы - мейрімсіз,

Соларды айыра алмай, қапы қалма ...

Жан кетіп, ағайын, мал қалған кезде

Өлмес, өшпес зәулетім осы қағаз!

Ел басындағы соғысқа  мән бермей, олардың басынан өткізген әлеуметтік-тарихи жағдай мен елдің  елдік салтын, әдет-ғұрпын елемей, екі жастың ойланбай бас қосуы - нәтижесіз іс. Жеңіліске аяқталған оқиғадан басқа ешбір ізгілікті із қалдырмайды. Жамандықтан, зұлымдықтан адамдар арасында бақытты өмір кешу мүмкін емес. Ортамен жеке адамдар санасуы керек. Көпшіліктің шығынға ұрынбасы үшін нәпсіні тия білетін жастардың болуын тілеп тұрған автор ойы. Міне, біздер осыңдай қорытынды жасай отырып, бұрынғы қалыптасып қалған түсінік Еңлік-Кебек қазасына Кеңгірбай би кінәлі десек, Шәкәрім Құдайбердіұлы поэмасында Матай елі демекпіз. Ал Кебекке ғашық болған Енліктің басты себебі - ұрын келген күйеуінің тексіздігі. «Оны есіктегі күңді ажыратпай, тәжім жасауы» деген тұжырымнан аңғарамыз.

Бір сюжетке құрылған «Еңлік-Кебек» аңызын әр автор өзінің дүниетаным өресінде сипаттап, оның ғибрат аларлық тұстарын өздерінің өнер биігіне өрнектейді. Жаратылыс пен оның бейбіт тіршілігін бұзушы жұртшылықтың әрекеттерінен кейінгі өз-өзіне келе алмай жүрген қазақ жұртының ауыр тұрмысына пәлсапалық пайым жасау жетімсіз деген ойды ақын ашық айтып тұр. Бұдан біз әдебиеттің искусство биігіне көтеріліп, көп нұсқалы дәрежеде дамығанының куәсі екенімізді мойындаймыз. Ақылбайдың «Еңлік-Кебегі» мен Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмасынан басқа реңкте жазылғанына ешкімнің дауы жоқ.

Ақиқаттық, философиялық тұжырым жасау арқылы өз өнерімен ерекше қолтаңба қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қодардың өлімі» атты айдармен жазылған поэмасы - қоғамдағы шындық оқиғаға құрылған еңбек. Бұл поэманы жоғарыда берілген нұсқамен талдап өтелік.

Шегініс:

«Ой қозғайды, оңаша таудың басы,

Өткеннен ойға түсіп  тамашасы.

Қолтығына (метонимия) қабағын түйіп қарап (кейіптеу),

Әне тұр Қодар өлген құз - жартасы».

 

Міне, бұңда да жартас.

Оқиғаның болып кеткені  оқушыға түсінікті болып тұр. Бұл сөз басынан кейін автор  бірден болған оқиғаның дәлелін өрнектейді:

«Тастан тайып өлген  жоқ, құздан құлап,

Оны өлтірген ағайын қарындасы;

Ел бұзатын ерсі істі өршітпеске

Дарға асып, таспен атқан  өз ағасы».

Дәлелден кейін оның кім екенін анық әңгімелейді.

«Ол Қожар барымташы  ердің басы,

Жыртылмасын деп жүрген ел жағасы.

Ар сүймейтін бір  істі қылғаннан соң,

Аямаған Олжабайдың кәрі-жасы».

Оның себебін Шәкәрім  мынадай қорытыңдымен береді:

«Қазақ қайтіп ел болар, қарағым-ай,

Бұл ұзамай құрды - сөздің расы.

Некалайдың иісі осы  елде тұр.

Оңдыра ма сәулесіз өңкей  масы».

Ел ішіне бүлдіргі енгені, тыныштық бұзылғаны - басқа жұрттың қазақ елінің маңдайына жат жаман қылықтардың «үлгі - өнеге» болуы. Мұндай пайым шығарманың сарынынан шынайы туындап тұр.

Бұл поэмада да Шәкәрім Құдайбердіұлы өз руының туыстық генезисін түбірлеп, жіліктеп жіктейді. (Қожардың кімнен тарағаны жайлы).

«Арғы атамыз Олжабайдан үш ұл болар:

Айдос, Қайдос, Жігітек. - Міне, осылар.

Қайдостың бір баласы Борсақ деген.

Соның бір тұқымы еді батыр Қодар».

Қодардың ерсі қылығын  автор ашық әшкерелейді. «Бар еді сол кісінің бір жақсы ұлы. Қаза жетіп өліпті сол бір жылы. Жесір қалған келінін қылған құдай құлы».

Нәпсінің құлы болған атаның құдай кешірмес күнәсінің ауырлығы оқырманға әсер етпей қоймайды. Бұл - ащы шындық. Біздің Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы кездестірген Қодарымызда бұл құбылыс, «Мен көк ит болсам, сендер көп итсің» деген жұмбақ тізбектеп нәзік ишарамен суреттеледі. Ал оны кез келген оқырман «суыртпақтап шығарып», шеше алмайды.

Құдайсызды әрекетке барған Қодарын автор шынайы сипаттайды:

- Баламды алсаң, мен де алдым келінімді;

- Тобықтыны билейтін Құнекеңнің

- Бетіне басты осыны төре Барақ;

- Құнекең білмеуші еді Қодар жайын;

- Өз еліне келе сала сұрастырды;

Олжабайдың бас адамын жиып алып,

Осы Хан өзенінде кеңес құрды;

- Сүйіңдік - басты адамы Бөкеншінің;

Мынау іс бола берер бетке  салық.

Кейінге жұқтырмай кеселдерін,

Екеуінің көзін де жоғалталық!;

- «Молдадан бәтуа сұрап ел жіберді», -

Дегенге нанды Қодар қара басып;

- Құрым іліп би үйін жеті айналса,

Оған неке қиюға мүмкін десті;

- Қажы айтты: «Бұлар сөйтіп қаза таппақ. –

Жиылып осы қауым таспен атпақ.

Зинақордың жолы осы  шариғатта,

Жаназасыз солайша шіріп  жатпақ.

- Борсақтың басты адамы батыр Қиял болмайды: «Таспен атпай, дарға асам!» деп;

- Анау жартасқа апарды елден таса,

Терең құз Хан өзенге қойған аша.

Қатын соңда Қиялға жалыныпты: «Қодарды бір сүйгіз», - деп тым болмаса...»

Оқиғаның шешуі:

«Ауызға сөйлеме деп  қойып қалды,

Екеуінің мойнына арқан  салды.

Арысқа артып атанды тұрғызғанда

Жиырылып, бірсозылып көп  қиналды; ...

Әбден өліп болған соң  отын әкеп,

Екеуінің сүйегін отқа жақты».

Бұл поэманы автор баяндау тәсілімен жазған. Бірақ, өткен өмір құбылысын оқырман көзінің алдына әкеліп, Құнанбай мен Барақ, Құнанбай мен Сүйіндік, Керей Жұмабай секілді адамдардың диалогы беріледі. Ал монолог жоқ. Негізгі автордың мақсатынан қажы Құнанбайдың мойныңда халық көзімен «күнә кетпесін» деген ой байқалады. Оған қажының ешбір күнәсінің жоқтығына ақиқатты дәлелдермен көз жеткізеді. Бабалар дәстүрінде жоқ ел құлағына шалынбаған нәпсінің құлы болған, баласының аруағынан қаймықпаған, тас жүрек, ары лас, арам ойдың құралы болған Қодарды өлімнен аяудың өзі де азғыңдықтың куәсі болар еді. Бұл - шариғат ісі, ізгілік жолы. Автордың ойы - осы.

Информация о работе Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту