Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:48, монография
Монографияның «Кіріспе» бөлімінде оқытуға орай жарық көрген еңбектерге талдау жасалған. Дидактиканың шығу тарихын әлемдік педагогиканың ғылыми тұжырым-түйіндерінен іздейді.
Дидактиканың жүйесі, оның мазмұны пәндердің ішкі құрылымынан туындайтын пәлсапалық сарынына бағынышты болу үрдісі басыңқы сипатында жинақталған. Бұл бағытта автор «оқыту», «оқу», «оқытудың мазмұны», «білім мазмұны» т.б. ойлау әрекетін іске қосатын дидактиканың амал-тәсілдерін әдеби арналарды ізгілікті пішінге бағамдау тұрғысында дәлелдеп берген. Бұл нысананы ашу үшін дидактика аспектісіне қатысты терминдерге ерекше ыждаһаттықпен көңіл бөліп, оның оқыту үдерісінде қолданылу мәністеріне түрбірлеп, жіктеп, теориялық ұғымдарды айқындауға назар аударған.
Ақбала тұтқиылда (спонтанно) Балташтың қасына тоқтай қалып:
Sit - Мұндағы байлар, тегі жақсы тоналған ғой? - деді. Толғаныс
Құбылыс: «үйдің төбесіне карап, шашын үрпите, уқалап, «сен коммунист болсаң, мен де коммунистпін» деген түрде шалжиып жатқан Балташ оқыс сұрауды естіген соң, еңсесін азырақ көтеріп, мойнын қыңырайтып, бір көзін сығырайтып:
Үрдіс: - Е, сболыштарды өкіртті ғой! - деді.
Балташ Ақбаланың не оймен сұрағанын болжай, өзінше байшыл, кедейшілдігімді сұрады ғой деп жорып қап еді.
(ішкі бүкпе, адамның құбылуы пайда болды. Іші бір түрлі, сырты басқа).
Сұрауына Балташтың теріс мән бергенін Ақбала сезе қойды да, оған сезімін сездіргелі:
Сол мүліктер орыстың қолында кетті ме? - деп сұрады.
Бұл сұрауға бәрі де құлағын тігіп аңтарыла қалды. (ұлттық қордың басқа жұртқа көшуі)
Балташ барқыт орыңдықтарға қарап:
- Е, мекемеге келген мүліктен біздің кейбір жігіттердің де алып, ұстап жүргені бар, - деді.
- О кезде ана жақта жүріп, құлағы шала-шарпы шалып қалған Төлеген:
- О, не?-деді.
Балташ:
- Жай, әншейін, - дей салды.
Етті үстелге әкелісімен, Төлеген төр үй жақтан ішіне тығып бірдеңе алып келді. (Әлі ұят бар).
Тыпаң жымың ете түсті:
Ықаң шыдай алмады: алдында тұрған стакаңды ұсынып: (Арақтың, басқа дәстүрдің орнығуы)
- Бұ жарықтықты әуре қылмай құйшы, қарағым! - деді.
Жұрт ду күлді. Манадан бері сыпайысып отырған Ақбала да:
- Аксақал айтты ғой, құй еңді! - деді.
Балташ жан-жағына алақтап, Бекболатқа:
- Әне, бір әйнектің шымылдығын түсіріп жіберші, - деді (сақтық).
Тыпаң жыбырлап, Ақбалаға қарап:
- Жаңа келген қонақтардың құрметі үшін ...
Ақбала жұлып алғаңдай:
- Әлеуметтік маңызды бар жұмыс үшін ...
Со кезде Балташ:
- Жасасын Совет өкіметі! (Ұраншылдық)
Екінші көтерісте - большевикті, үшіншіде - қазақ автономиясын, одан кейін - жаңа қонақкты т.б.
Бір бөтелке спирт, бір жарым бөтелке арақ болды.
Тек Бекболат ең соңғы көтеріске қосыла алмай, көзі бажырайып, шанышқы мен әлек боп отырды (мас).
Ыкан көбінесе араққа дәңдеді (Құмарлық - нәпсі).
Орысшалау, түтін салысу, күлісу ... мидай араласты. Бұлардың сөзіде, өзі де Бекболатқа түсініксіз болды. Бұларды басқа дүниенің адамдарындай, оқымағанның кемдігін Бекболат сонда бір қатты сезді.
«Бұлар да өзіміздей жігіттер-ау! Оқысақ, біз де осылардай боламыз-ау! - деп азырақ күндегендей боп отырды. Әйтсе де өзін елемегеніне қорланып намысы келді.
... Еңді мынау өңшең
орысша сөйлескен, шылым
Әкей де сөзбен әулігіп кеткен бір түрлі заңбас адам ғой! «Мені керек қылмағаны ма?» - деп ішінен әкесіне ренжиді (Елдің бірлігінің кетуі).
Бір мезетте әкімдердің аузынан Бекболаттың құлағы «Матайдың Әбеңі», «Мұқаш»деген сөздерді шалып қалды. Мұқаш - кәдімгі Ақбілекті шығарып беретін Мұқаш. Әбен мұның әкесімен араз болып жүрген Әбен.
Сөйлеп тұрған Балташ екен (Намыстың жоқтығы).
Әбен - зияңды элемент. Рас, Мұқашты да тап-таза жігіт дей алмаймын.
Елге зияны тиген шығар, бірақ оның зияны байға тиді. Ол нағыз - коммунист.
- Жолдастар, маған сөз бер, - деді Доға.
Матайдың Әбені болыс болғаны шын, елге беделі бір. Құр бай екен деп, барлық байды жоққа шығаруға бола ма? Бұл арызды жазып отырған Тақырдың жалтыры. Бұл арызды қолданып, іс қылуға болмады. Бекболат ойда жоқта арызға қол қояды. Мұқаштың қылмағаны жоқ, қыз, қатындарын бастырған, - деген кезде Төлеген қызарып төмен қарады.
Бекболат та жерге қарап кетті.
Доғаның Мұқашты жамандағаны ұнаса да, Бекболатқа Матайдың Әбенін жақтап сөйлегені ұнамады.
Тыпаң сөйлеп отырып:
«Қүдай» деген сөзді не қылмаңыздаршы, сөздің аялғысы ғой ... - деп сасқалақтап қалды (Орынсыз үрей).
Балташ кедейдің баласы, қолынан келсе, өзі де кедейшіл болғысы келді. Күреңбай етікшіні болыс қойып жіберген. Күреңбай Балташтың кісісі боп, осы қаладағы бір тәуір келіншекпен тамыр қылған (Жеке бастың қамы).
Әбенді жақтап отырған Доға да сұлу қыздан дәмелі.
Жорғабек ақтардың жағыңда болып, бертін кешірім болған соң, бұлардың арасынан қызмет алған. Оның түпкі ойы - бір үлкен орын. Сыртқы түрінде ептілік, шешендік, әлеуметшілдік, ісшілдік, бүтіншілдік байқалатын. Әркімнің болмысына қарай құбылып, өз пікірін әсте сездірмеуші еді. Төлеген екеуінің мінезінде бір ұқсастық бар еді. Бірақ Төлегеннен гөрі өтімді, тартымды, білімді, алғыр (Мансапқойлық).
Ықан Төлегеннен рұқсат сұрап үйіне кетті, өйткені бұл әңгіме түсініксіз.
Төлеген түк сөйлеген жоқ (Қорқақтық, сенбеушілік).
Манадан ымдап отырған Ақбала көсемсіп: (Білгеніне адамдардың пікірін өз пікіріне қосып айтатын).
Ақбала:
Үнемі әмір иесі болғысы келеді.
- Бізге төңкеріс көктен түсті. Қан төккеніміз жоқ.
Өкімет жолшынікі.
I ағым.
Біз төңкеріс жолына түсуіміз керек.
Байдың жер-суын, мал-мүлкін, артық қатынына дейін кедейлерге тартып әперу керек. Қолма-қол теңгеру керек.
ІІ ағым.
Парадигма.
Төңкерістен мән шықпайды. Онымен кедей теңелмейді. Кедейлер байлардың малын пайдаға асыра алмайды, жау малыңдай ішіп - жеп қоюы, сөйтіп, жалпы мемлекеттің байлығы кемуі, сол кездегі дерт, жұт, ашаршылық, соғыс, елдің шаруасын күйзелтуі, байды кедей қыламыз деп жүріп кедейді бай қылу қаупі, кедейдің оңай олжаға қызығып кетуі, еңбекке үйренбеуі, коммунизм қайшылығы, кедей ақыл-ой, сана-саңылау жағынан теңелмей, жалаң малмен теңеле алмайды.
Бұл жиылыстағы білімі тәуірлеуі Жорабек еді. Ол: Саясатпен тап тартысын ашуға бола ма?
Өнерсіз жұртта социализм орнатуға бола ма?
Тарихта оңдай тәжірибе болған ба?
Біз капитал дәуірін аттап өтеміз бе?
Орысқа тұтынған жол қазаққа да жарай ма?
Жер жүзінде төңкеріс болмай тұрып, бір жұртта социализм орнай ма?
Тапшылық туралы қазақтың өткеніне қаңдай негіз бар?
Мұны Ақбала ұнатқан жоқ: Сіз Марксті оқыған көрінесіз. Неге төңкерісшіл емессіз?
Жорабек: Біздің төңкерісшіл еместігімізді қайдан білесіздер?
ІІІ ағым.
Комиссар Балташ баяндама жасау үшін берекесі қашып отырғанда, омыраулап Мұқаш кіріп келді. Мұқаштың мәселесі тексерілсін деген ақпарат. Сондықтан Балташ Мұқашқа «отыр» деп те айтқан жоқ. Өзінің болыс болғысы келгенін Балташ қолдамады деп бюрода Ивановқа Балташ жайлы шағым айтады (буржуа деп).
Ақбілектің тағдыры. Соңғы кезде Ақбілек Бекболатты көп ойлайтын болды.
Бекболаттың хаты: ... «Біздің көңілімізде бөтен ниет жоқ». Хатты әкелген Ақберген. Оны Ақбілек көргісі келсе де, басы қаралы екенін, жолығу жеңілдік болатынын ойлады.
... Бекболат төрт-бес күннен кейін келетін болды. Бекболат келіп-кете салысымен, Ақбілек толғақ ауруына ұшырады.
Әкесінің көзқарасы: «Қарағым» - деп, маңдайынан иіскейтін (бұрын).
Ақбілек оңашада бір ауыз сөз тіл қатпағанына капа болды. Әкесімен екеуінің арасынан қара мысық өткеңдей. Ақбілекті күрсіндірген жаңа қайғы осы еді.
Баланы асырап алған Ұрқия жеңгесі жайлы мәлімет: Ұрқия 27 жаста, баласы жоқ. Ақбілек қара мұрттың қылықтарын асырыңқырап айтатын болды. Өткен күндер бір түрлі жиренішті болса да, айта-айта жиренішті жақтары ұмытылып, сұлу жақтары көбейіп, ертегі тәрізденіп кетті.
Бала мен әкенін арасының ажырауы. Әкесі Төлегеннің келмеуіне ренішті. Ақбілек әкесіне ұнаушы еді. Әдепті, салмақты болып өсіп еді. Әкесін бүйтіп қор қылып кеткенше, Алланың ақ өлімінен кетсе, не арманы бар еді?
Ақбілегін жақсы көретіні, аяғаны, қызғанышы, өкінгені, жиренгені, қорланғаны (интерриоризация). Зіл қара тастпай бір бітеу жара пайда болды.
Еңді Ақбілек әкесіне масыл болды.
Отбасына өгей шешенің келуі.
Ақбілектің үйінен кетуіне қозғаушы күш.
Арасы ұзамай, Мамырбай Өрікке үйленді. Өріктің сипаты: көзі тікшиген, жұқа қабақ, қайқы ерін, таңқы мұрын, тымырайған, тымпиған, қайқаңдау қара сұр. Үйге жылан кіріп кеткеңдей.
Мамырбайдың психологиясының өзгеруі: Топырламай шығыңдар (Сара, Қажыкен деген балаларына).
Өрік Ақбілекке: «Құдай сендей әбиірі кеткеннен сақтасын!» - деп бастырмалатады.
Өріктің өшігуінің үдеуі: «Адам айуанның айуаны ғой, кімнің басына зобалаң туса, соны табалайды. Сонны табалауға, мұқатуға, батпаққа батыруға құмартып тұрады. Өйткені кір көңіл адам кірсізді көре алмайды. Оны өзімен бастас қылуға тырысады. Ең соңғы өштігі Ақбілектің екі қабат екенін ақсақалға ескертті», - автор сөзімен беріледі.
Ақбілектің күйі.
Түнеугүні Әбен аулына барғаңда, Ақбілекті басқа жерге жібермек болып еді.
Әбеннің тіліне еріп, сүттей үйіп отырған құдасына қызын Бекболатқа бермейтінін айтып жіберген. Қызың толғатып жатыр дегеңде, ақсақал: - Кетір, кетір, бәлекетті!
Бір жалшы кемпірдің құжырасына әкелді. Көркембай кемпірдің үйіңде Ақбілек ұл тауып, оны Ұрқия асырап алады.
Өзгеріс.
Арада бес жыл өтті. Ертістің оң қабағыңда Семей, солында Алаш қаласы. Осы Семей мен Алаш арасында Арал бар. Елдің бәрі соңда. Сол Аралда көк теңбіл желек жамылған, аппақ шөлмектей бір келіншек, апыр-ау, өзге жұрт Арал кезіп, арақ-қымыз ішіп, қызыққа батып жатқанда, жападан жалғыз отырған неткен келіншек екен?
Аузы жыбырлап, жынды кісіше, өз-өзінен сөйлеп отыр: «Есіл оң жақтағы дәурен-ай ! Елім-ай, жерім-ай ! Сағындым-ау ! Қайтейін, - деп отыр еді ол.
Екі әйелдің әңгімесі: Екінші келіншек басына түскен ауыр тауқыметін айтады. Қытай асып, одан қайтып келгенде, әкесін түрмеге қамайды. Оны қызын беріп, аман алып қалуға ағасы себеп болады. Қап-қара аюдай біреу (күйеуі) біраздан кейін мені қалаға алып келді. Бәрі келіншегің құтты болсын деп, қайырлы болсын айтты... Күйеуі пара алғаны үшін жұмыстан шығып қалды. Сөйтсе, оның баласы мен орыс қатыны бар екен. Баланы алып кел дедім. Бірақ баласын да, орыс қатынын да тастады. Сол бала артынан көшеде қайыр сұрайтын болыпты.
- Осы күні күйеуің кайда?
- Қызметпен басқа қалаға кетті.
Күйеуі - Доға. Доғаға тиген - Кәмилә. Екінші келіншек - Ақбілек.
Кәмиләға Акбілек өзінің өмірін әңгімелейді. «Босанғаннан кейін, бір жарым ай дегенде, ағатайы қалаға алып келіпті. Әкем үндеген жоқ... Ағатайым Оралқан деген бір қызға үйленді, сол жеңешем мені адам қылды. Мені ағатайым бала оқытатын курсқа берді. Бірер жылдан кейін Ақбілекті Орынборға оқуға жіберген. Орынбордың рабфагына түсірген. Ажар деген екі қыз бардық. Ажар жеңілтек екен. Қалалы жердікі. Ешкіге ұқсаған қызы түскірлер секектеп отырмайды екен. Орыс қыздары тіпті ұят дегенді білмейді. Оларға еліктеп, қазақ қыздары да бейбастақтық жасайды. Жігіттер мені де айналдырды. Бозбалаға несіне қызығайын?
Бұрынғы тартқан азабым аз ба? Жігіттерге көнбеген соң, үстімнен арыз түсірді. Ұрып кететін болды. Екі-үш күнде бір айғай-ұйғай болып, сөйлесіп жатқан ...
500 бала, үй тар, суық, отын жоқ, сасық, тамақ жоқ. Қыстың аяғына жете алмай, мен де жүдеу бас болып, Семейге келетіндермен бірге келдім...
Заман оқығандікі көрінеді. Әй, біздің қазақтың көрген күні құрысын!
Ақбілек тағы да Орынборда үш жыл оқиды. Біздің учитель сол жерде Ақбала мен Балташқа таныстырды. Ақбала орта бойлы, маңдайлы, аққұба жігіт. Ақбалаға көңілім кетті. Оған Балташ килікті. Балташ Акбаланың көрсе қызар екенін дәлелдеу үшін, күнделігін Ақбілекке ұрлап әкелді. Ақбала оқыған қызды ұнатпайтынын жазған. Балташ хатты оқып болған соң, Балташты мүлдем түнілту үшін, өткен оқиғаны айтып салдым: «Несі бар? Мен де қыз емеспін. Мені орыс та алып қашқан. Бала да тапқам...» Арада бір күн өтті, мені Ақбала шақырып, хат жазыпты, Ақбаланың қабағы келмейді: « Бұрын сенің басыннан еш нәрсе өткен жоқ па? -» деді. «Жоқ!» - дедім. «Шыныңды айт, бәрібір ол ашылады ғой!» - деді. Мен: «Рас» - дедім. Ақбала: «Олай болса, Сізді маған тағдыр жазбаған екен. Мен Сізді қыз екен деп жүр едім.» - деп Ақбала тұрып кетті. Мен аңырып отырғанда, қайдан аңдып жүргенін білмеймін, Балташ жетіп келді. Балташ: «Сенің өткен өмірің ештеңе емес, өйткені сен оған кінәлі емессің». Сөйтіп, ертеңіне ЗАГС-ке жазылдық. Жазылуға барсақ, баяғы менің бетімді ашатын қара мұрт сонда қызмет қылады екен.
- Ой, жасаған-ай!
- Менің атымды естігенде, бетіме қарай қалды. Көзі ішіп-жеп барады. Шыққан соң қарасам, қара мұртым аңқиып, мойны қисайып, артымнан қарап тұр. - Кім білсін ... Көзіме жылы ұшырап кетті. Мен «кеттім» дегендей, әнтек басымды изедім. Ол шашын ұстай алды. Өкінді ме, кім білсін?
- Күйеуім осында, бірге келдік. Демалыста үйге бара жатырмыз, - деді, Нұр зайсан өңірлі. Басында жіңішке жібек, ақ панама, бойына киімі құйып қойғандай, аққұба, қара көз әйел палубаның шарбағына сүйеніп, пристаньдағы жыбырлаған жұртқа көз салып тұр. Балташ - астанада бір тәуір комиссар. Семей, Орал, Бөкей губернияларында қызмет істейді. Жолдастары Ақбаланы сұрады. Балташ:
Информация о работе Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту