Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:48, монография

Описание работы

Монографияның «Кіріспе» бөлімінде оқытуға орай жарық көрген еңбектерге талдау жасалған. Дидактиканың шығу тарихын әлемдік педагогиканың ғылыми тұжырым-түйіндерінен іздейді.
Дидактиканың жүйесі, оның мазмұны пәндердің ішкі құрылымынан туындайтын пәлсапалық сарынына бағынышты болу үрдісі басыңқы сипатында жинақталған. Бұл бағытта автор «оқыту», «оқу», «оқытудың мазмұны», «білім мазмұны» т.б. ойлау әрекетін іске қосатын дидактиканың амал-тәсілдерін әдеби арналарды ізгілікті пішінге бағамдау тұрғысында дәлелдеп берген. Бұл нысананы ашу үшін дидактика аспектісіне қатысты терминдерге ерекше ыждаһаттықпен көңіл бөліп, оның оқыту үдерісінде қолданылу мәністеріне түрбірлеп, жіктеп, теориялық ұғымдарды айқындауға назар аударған.

Файлы: 1 файл

жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту.doc

— 1.24 Мб (Скачать файл)

- Ақбала - қиялшыл жігіт.

- Жорғабек қандай адам болып шықты, - дегенде:

- Уай! Оны қойшы ...

Балташ саясатқа басшы  болмағанымен, басшыға таяныш болатын табанды жігіт еді. Жолдасқа опашыл, уәдешіл, кейде шен құмарлардың соңына еріп кететін.

Пароход сорпа жалағыш  кәрі төбетше, суды шолп-шолп ұрып, қозғала бастады.

Жолаушылар жолшыбай бір ауылға түсіп, демалуды жөн көрді. Сұрастырып қараса, «Бекболат ауылы» екен. Ақбілектің жүрегі бүлк ете түсті. Үйден қалбаңдап Бекболат шықты. Ақбілектің көзіне көзі түсіп кеткенде, қызарыңқырап қалды. Құрақ ұшып жүгіріп, есік ашып, кіргізіп жүр. Төсегінің алдында бұйығылау, келте мұрын, қараторы келіншек іс тігіп отыр. Келіншек әйелдердің еркектермен тізерлесіп, төрге шығып кеткенін жаратпай отыр. Ақбілек өзінен артық болған соң ба, кім білсін, әйтеуір «әдірам қал!» деген қарасы еді. Ақбілектің бұрынғы арманы аяқ астында қалғандай. Өзі бір жаңа дүниеге көшкеңдей, бір жоғары көңіл пайда болды. Бекболат бұрынғыдай емес, сақал-мұрты да көбейіп, бет-аузы да әжімденіп, бойы да аласарып, қораш болып қалғандай көрінді.

Марқакөлдің шыныдай  тұнық суы да, көл жиегіңдегі иірім-иірім ауыл да, жер - дүние жымыңдап, сыңғырап тұрғаңда Ақбілек туып-өскен аулына жетті. Әкесі Ақбілектен күдер үзген. Қыз оқып, не жарытады деген ойы бар еді.

Әкесінің: «Қарағым, Ақбілекпісің?» - дегеңде, даусы қалтырап, көзіне жас келіп қалды. Ақсақалдың көңілі тасып отыр. Ақсақал тай сойды. Жұрт сабалап қымыз әкелді. Акбілек пен жеңгесі қызыл отау тігіп, жастарды, әйелдерді оқытпақ болды. Ақбілек жат, өнерлі. Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы. Ақсақал именеді.

Бұл мәтін оқытушылардың оқу технологиялық қағидасын пішіндеу үрдісімен меңгеруіне әзірленіп берілді. Дәл осы қағиданы мониторинг жасау үшін, рейтинг жүйесіне жіктеп келтіруге болады.

Қорыта айтсақ, бұл берілген романның ең негізгі нүктелері Шаталов тілімен айтсақ: «точка опоры», қазақшаласақ- ең қажетті «тірек нүктелері». Романның белгілі бір ғана көрінісі пен құбылысын үзінді ретінде алсақ, романның мұраты, немесе автор көздеген мақсат-мүддесі оқырманға белгісіз болып қалады және оқу қағидасының тұтастық жүйесін бұзады. Жоғары оқу орнында оқитын студент болсын, мектеп оқушысы болсын, жай оқырман қауым болсын рухани қуатты дербес жиюы - басты нысана. Ендеше, оны тек осы жүйеде ашып, құңдылықтарды халқымыздың болмысына тиесілі қалпыңда бернелеуіне (Жүсіпбек Аймауытовтың өз термині) роман толық мүмкіндік туғызып отыр. Халыктың бет-ажарын айғақтайтын салты мен дәстүрін, әдеті мен ғұрпын, сенімі мен ырымын романның өн-бойынан аңғарамыз. Себебі - Жүсіпбек Аймауытовтың ой саптауы деңгейінде технологиялық талап мүддесіне лайықтап, 346 беттен минимәтін шығардық. Бұл шығарманың құндылығының жиынын түйістіреді. Міне, осыңдай ғылыми еңбек нәтижесіңде, аңықтап айтсақ, зерттеушінің, ізденушінің, оқытушының, ұстаздың, студенттің, оқушының өзінше тануына, қабылдауына орай түсінігі бар екендігін ұмытпағанымыз жөн. Олай болса, «ромаңды оқып кел!» деген бұйрықты «әміршінің» сөзінен ешбір пайда жоқ. Бұл тек сөз әдісіне апарады. Жалпы барлық беріп отырған шығармашылықтың ауқымын зерттеу, жинақтау, талдау, нақтылау, жалқылау, жалпылау, силлогизмін табу, эвристика деңгейін ажырату, суггестивті көріністерді бернелеу, тағы басқа толып жатқан әдістердің жиынтығын бір мәніске топтастырып отырмыз. Ол – шығарманың дидактикасының пәлсапалық негізі.

Берілген хронометрлік ауқымынан қандай дидактиканың пәлсапалық негізін көріп тұрмыз? Оның эвристикалық сұрақтары былай болып келеді.

Байқап отырғанымыздай, бұл сауалдар жай емес. Берілген эвристика сұрақтары арқылы рейтинг құрып автордың айтқысы келген негізгі ойын табуға ізденістің әрекеті деп қабылдаған орынды. Мұның өзі - романның пәлсапалық түйінін шығаруға бірден бір тиімді жол. Автор оқырманды қазақ елінің өткен тарихына сұғындырып, қызыл террор мен ақ террордың тыныш, тойған қозыдай, өз шаруасымен бейбіт жатқан қазақ еліне бүйідей тию. Тіпті, қыз балаларының пәктік сезімін ұрлап қана қоймай, әкесін де ықтыратын қуат беріп, келмеске кеткен матриархаттық қоғамның түбінде келерін тұспалдап тұрғанын байқау қиын емес. Шеттен келген төрт аттының ықпалы бүкіл қазақ жұртын дүрбеленге салғаны аңғарылады. Ол анашасын быртық саусағымен мүштігіне нығарлап тартатын, арақты сіміріп ішетін Ықаң, Тықаң, Ақбілектің ағасы - Төлеген (думаншыл, бастықтарға жағымпаз), демагог Ақбала, Ақбілектің жолдасы Балташ, т.б.

Қазақ қыздарының менталитетінің өзгерісін автор детальдар арқылы сипаттайды. Мәселен, ауылға қаладан  Балташпен келе жатқан Ақбілектің пароходтың үстінде назар аударған қошқар тұмсық саудагерге әжептәуір көңілінің өсуі. Кеше ғана өз денесінен өзі жиреніп, арам денеммен әкемнің бетіне қалай қараймын? табалдырықты қалай аттаймын? Оң жақта қалай отырамын? - дейтін ойдан жұда болған Ақбілекті көреміз...

Еңбектің негізгі мақсаты - асыл мұраларымызда бүгінгі таңға қажетті дидактиканың пәлсапалық негізін сұрыптау. Бұның әдебиетті оқытудың әдісіне қатысы бар ма? Аталған сауалға жауап: қатысының тікелей барлығына тоқталып, әдістердің ішіңдегі негізгісі - ізгілікті модельге тиесілі қажегтіліктерді шығармалардың нысаналарынан пайым арқылы әр адамның миына тұрақтаңдырып, бернелеуі.

Дидактика - гректің didahctihos - оқыту, білім алу деген сөзі. Сондықтан әдістердің өзі нені оқытамын? - деген сауалдан тұрады. Дидактиканың ішінде әдіс тұр. Айқындап, жіктесе, оқыту нысандарын жүйелеу, тақырыбын ашатын жерлерін іліктестіре сығылыстырып, тізбелеу. Негізгісін сұрыптау, оны қайшылықта алу, т.б. Біздің зерттеу еңбегіміздегі әдебиетті оқытудың жетекшісі де, осы дидактиканың да пәлсапалық негізі. Бір сөзбен айтқанда, білімді, ғылыми түсініктерді игере отырып, адамның дербестік қалпын дамытуға, өзін-өзі білім көздерімен Ізгілікке бағдарлауына қамшылай алуына көзін жеткізу. Оны әдетке, машыққа айналдыра білуге бағыттау, мүмкіңдік туғызу. Сонда ғана адам өзінің азаттығын алып, ілгерілеушілікке бет бұрады. Дидактиканың пәлсапалық негізін психология тұрғысында жан-жақты қарастырған Жүсіпбек Аймауытов екеніне еңбегіміздің басында тоқталып өткенбіз.

Дидактиканың пәлсапалық тұжырымын тек осындай сұрыптау ізденістері арқылы табамыз. Құр мәтінді зырылдатып оқып шыққаннан автордың көздеген мұратының тамырын дөп баса алмаймыз. Бұл операцияны орындау үшін ізденушінің машығы ең жоғарғы ырғақта болуы қажет-ақ.

Алғы шарты шапшаң оқу, одан кейін оқығанын тез түйсіну, түйсінген ұғымдарын іліктестіру, бұның технологиясын Жүсіпбек Аймауытов «Психология» ілімі арқылы айқыңдап, ашып береді.

Берілген бір ойды тереңірек ашу мақсатында автордың адамның ойлау әрекетіне қатысты «пәлсапалық жад» пен «жұлма жад» сияқты терминдері мен «саңылау сезімдері» мен «соқыр сезімдер» тәрізді зерттеу нысаналарының дидактикаға тікелей қатыстылығын айта кету орынды. Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология», «Жан жүйесі мен өнер таңдау» деген кітаптары 1926 жылы Тәшкеште жарық көрген. Жазушының, көрнекті ғалымның бұл кітапқа арнаған беташарында мынандай құнды пікір айтылған: «Өмірге, тіршілікке пайдасыз білімнің білім сәні жоқ. Қандай білім болса да, күндегі тіршіліктің азды-көпті түзелуіне қолғабыс етуі керек қой. Психология - терең ойдың білімі. Құрғақ пәлсапа бос сөз екен деп ойламаңыздар, бір нәрсені керекті жеріне кіргізіп, көбінесе өмірге керекті, пайдалы сөздерді тердік... Қарапайым кісіге нені білу пайдалы? - деген сұрауларды есімізден тастағымыз келмеді, әрине, кейде, лажсыз ол сұраудан шетірек кетуге тура келді... Өйткені үнемі оңай бола бермей, адамның бір қабат ойлаңдырарлық миын дағдыландырарлық дерексіз нәрселер де керек. Сайыз жүзіп, сайқалдар қалпы қалмасын дедік» [72]. Үйрену мен оқу, білім алу сияқты әрекеттер адам баласының танымына бағынышты. Философиялық тұжырым кез-келген адамға тән құбылыс емес. Бірақ әр адам ондай тұжырымды меншіктей алады. Алдымен адамдар бір бірімен қарым-қатынас жасау арқылы білім арнасына түседі. Себебі бірден адам дүниеге білімді болып тумайды. Осы тұста отбасының балаларының дұрыс ортада өсуіне ықпалдастығы керек-ақ. Болашақ зиялы қауымды тәрбиелеу үшін ата-ана өзінің сәбиін кімдермен ойнатуы керек? Немесе жеткіншек боз жігіт, жігіт, қыз бала, бойжеткен, бикештерді кімдердің ортасына қосып жібереді? Мәселенің басы - осында. Оның жауабын Жүсіпбек Аймауытовтың «Психологиясынан» аламыз. Бұл кітапта адамның кейпі екі топқа жіктеледі: 1) соқыр сезімдегі, 2) саңылау сезіміндегі. Оның ажырату өлшемін автор былай көрсетеді: Соқыр сезім - ырықсыз қозғалыс ... Соқыр сезімді көңілі, кейпі деп ұққан жөн. Бұл - туа болған сипат...

- тегіне тарту (атавизм). Секіру, сақылдау, түкірінеді, тебінеді, қырылдайды, ақырады, т.б. табыну (фетишизм);

- қорқыныш, қорқыныш күшейсе, үрейге айналады, тәрбиенің бір құралы қорқыту (дұрыс емес);

- соқыр сезімнің бір түрі - махаббат ... шәкірттеріне өзін сүйгізген оқытушы балаларына жеккөрінішті оқытушының түсіне кірмейтін нәтижеге жетуі;

- <span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char"


Информация о работе Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту