Курс лекций по дисциплине "Психология"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 11:50, курс лекций

Описание работы

Работа содержит курс лекций по дисциплине "Психология" на казахском языке.

Файлы: 1 файл

Психология пәні бойынша қысқаша дәрістер.doc

— 473.50 Кб (Скачать файл)

 


 


Дәріс 1

 

Психология ғылымы мен тәжірибесінің

міндеттері және пәні

 

  1. Психология пәні.
  2. Ғылыми және тұрмыстық психологияның салыстырмалы талдауы.

 

    1. Психология пәні

 

Психология ғылымының пәні туралы ойлар әлі күнге дейін нақты емес. Психологтардың көбі өздерінің зерттеу пәні ретінде психикалық процестерді (ойлау, есте сақтау, сезім және т.б.) қарастырады. Ал, кей жағдайларда психологияның пәні ретінде тұлға туралы, адам туралы айтылады. Психология пәніне қатысты айтылған бұл екі ықпал толық қанағаттандырылмайды, өйткені жоғарыда айтылғандардың барлығын басқа да көптеген ғылымдар зерттеді. Психологияның мәселелерін және оның айналыспайтын сұрақтарын нақты ажыратып алу үшін өте дәл критерийлер қажет. Ал бұл өз кезегінде психологтың шешіп беруі тиіс барлық психологияның міндеттерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

Психология ғылымының пәні туралы нақты ашық көзқарастың болмауы эксперименттік зерттеулерді танып-білуде қиындық туғызады. Психологтардың тәжірибелік жұмыстарының сәтті болуы үшін психология пәнін түсіну өте қажет және аса маңызды. Психологтардың адаммен жұмыс жасайтын өзге мамандармен (медиктер, педагогтар және т.б.) салыстырғанда атқаратын міндеттері күрделі.

Пән туралы сұрақ психикалық құбылыстардың механизмдерін зерттеу үшін де маңызды. Зерттеушілердің кейбірі осы механизмдерді ми физиологиясынан іздестіреді. Ал басқа бірі болса, объектілер арасындағы қарым-қатынастарды басқарып жүретін заңдылықтарды зерттейді.

Психологиялық зерттеулердің осы бағыттарын дұрыс деп танысақ, онда психикалық құбылыстар өзіндік психологиялық механизмдеріне ие еместігін және психология тек жалғыз ғана “құбылыстармен” шектелгендігін білдіреді. Бірақ, онда психология пәні жоғалып, оның адамзат білімі аясында жеке сала ретінде болуы күмән туғызады.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарға қоса, психология пәнін анықтау өте маңызды екенін қайталап өткен жөн.

Көптеген психологиялық сөздіктер мен көне оқулықтарда жазылғандай психология пәні ретінде психика болып табылады, яғни адамның сезінуі мен қабылдауындағы бейнеленү процесі арқылы объективті шынайылылықтың субъективті сипатталуы.

Бейнелену ұғымында қандай түсінік жатыр?

Бейнелену дегеніміз бейнеленген объектінің өзіндік ерекшеліктері мен қатынасында, өзіне тән белгілердің үнемі көрініс табуында, яғни материяның жалпы белгілерінде көрінетін құбылыс. Бейнеленуге деген қабілеттілік, сонымен қатар оның көрініс табу сипаттамасы материяның ұйымдастырылу деңгейіне байланысты. Адамның органикалық емес табиғатта, өсімдік және жануарлар әлемінде бейнеленуі әр түрлі сапалы формаларда болады. Тірі ағзада бейнеленудің ерекше және ажырамас сипаты ретінде ішкі және сыртқы ортамен өзара әрекет ету процесінде пайда болатын сезгіштік және тітіркенгіштік, ол қозу және де таңдамалы реакция түрінде болады.

Бейнелену өзінің қарапайым механикалық орындарынан бастап адамзат ақыл-парасатына дейін, яғни өзінің формасының көптүрлілігі материалдық әлемнің түрлі жүйелерінің өзара әрекет ету процесінде жүріп отырады. Бұл өзара байланыс қарапайым жағдайда механикалық деформация түрінде бейнеленіп, жалпы жағдайда өзара әрекет етуші жүйелердің ішкі қалып-күйінің қайта құрылуында көрініс табады, олардың байланысы немесе қозғалыс бағыттарының өзгеруінде, ол дегеніміз сыртқы реакция немесе энергия мен ақпараттың өзара алмасуы.

Жалпылама жағдайларда бейнеленуді процесс деп қарастыруға болады, оның нәтижелілігі сол, бейнеленіп отырған заттың өзіне тән қасиеттерінің ақпараттық қайта туындауы болып табылады. Кез келген бейнелену ақпараттық процестерден тұрады: ол ақпараттық өзара әрекет. Ақпарат дегеніміз табиғат процестерінің объективті жағы, яғни шынайы әлемнің түрлі салаларында – неорганикалық табиғатта, тірі жүйелерде және әлеуметтік процестердегі оның ерекше көріністері.

Әлемде барлық құбылыстар өзара тығыз байланыста немесе қозғалыста болып жатады, не жайлы болсада ақпарат беріліп те, жүріп те жатады. Бұл дегеніміз жалпы байланыс формасы, әмбебап өзара әрекеттің формасы және де әлемнің тұтастығы болып табылатын дүние танымның әмбебап ақпараттық аймағын білдіреді: әрине, әлемде не нәрсенің болмасын барлығы «есте сақталады». Бұл ой материяның жалпы қасиеттері ретіндегі бейнелену принципінен шығып отыр.

К. Левин әрбір зат валенттілікке ие (химиялық элементтер валенттілігі секілді) деп есептейді. Бұл тұрғыда ол өзін қажеттіліктері мен қалауын басқара алатын адам ретінде көрсете алады. Адам үшін қажеттілік заты тартылыс күшіне ие. Адамды қажеттілік заттары қаншалықты тарта алатынын біз “Балалар әлемі” дүкеніне келген балаларды бақылай отырып, көре аламыз. Тартылыс күшіне ие көптеген ойыншықтар арасында бала таңқалу қалпында бір ойыншықтан келесі ойыншыққа көз жүгіртіп тұрады. Тағы бір мысал, сән киімдері дүкеніне келген әйел, әрбір киімді киіп көріп, түрлі тауардың ішінде барлығына дерлік көз жүгіртіп шығады. Бұл адам қолымен жасалған заттар әлемінің адамға деген әрекет әсерін білдіреді.

Бұл жерде, бір адамның қажеттілік заты, сәйкесінше, іс-әрекет заты ретінде іс-әрекет субъектісі секілді келесі бір адам болады (бұл жерде “зат” терминінің қайталануына мән берген жөн, бірінші жағдайда қажеттілік мазмұнын білдірсе, екінші жағдайда іс-әрекет мазмұнын сипаттайды. Қажеттіліктің нақты заты іс-әрекеттің шынайы мотиві, яғни А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясына сәйкес бұл әбден мүмкін нәрсе). Мысалы, мұғалім үшін – оқушының оқу іс-әрекеті, тәрбиеші үшін – мектепке дейінгі баланың іс-әрекеті. Оқытушы студенттерге сабақ жүргізеді. Ол үшін іс-әрекет заты ретінде оқу тобы болып табылады. Ол топтық субъект немесе нақты әлеуметтік психология тілімен айтқанда жиынтық субъект. Оқытушы мен студент арасында өзараәрекет жүреді. Ол өзара әрекеттің негізі неде жатыр? Бұл диалог нәтижесінде студенттер білім алып қана қоймайды (оны компьютер көмегімен де орындауға болады). Бұл жерде ең бірінші қарым-қатынас пайда болады және мұндай процесс аясында оқу пәнінен ақпарат алу ғана емес, сонымен қатар өзараәрекет етуші субъектілердің тұлғалық ерекшеліктерімен өзара алмасу жүріп отырады. Біз бір-бірімізге тұлға ретінде әсер етеміз (тұлға – адамның барлық психологиялық қасиеттерінің жиынтығы).

Субъект – субъектілік өзараәрекет ету нәтижесінде тұлғалық қасиеттермен алмасу процесі жүріп отыратын адамдардың тұлға ретіндегі өзара әрекеттері. Біз бір-бірімізбен түрлі, яғни оң және теріс тұлғалық қасиеттерімен алмасу мүмкіндігіне иеміз. Кей кездері біз адамның жақсы емес теріс тұлғалық негіздерімен – әдепсіздік, немқұрайлық сияқты қасиеттерімен де ауыстырып жатамыз. Жеке сапалық қасиеттердің берілуі вербалды және вербалды емес деңгейде жүзеге асады. Адамдар шын мәнінде өзінде жоқ, яғни әдеттен тыс ым мен ишараларды де көрсетуге үйреніп жатады. Мұның барлығы тұлғалық өзараәрекеттің мысалдары. Адамдар арасындағы әрекеттер ең әуелі әлеуметтік психология секілді психологияның арнайы саласының пәні болып табылады.

Ғылым ретінде психология субъект – объектілік және субъект – субъектілік әрекет ету формаларын зерттеумен айналысады. Жоғарыда келтірілген мысалдарға қарап, субъект – объектілік бейнеленуді өзінің психологиялық сипатынан алып қарағанда адам іс-әрекеті болып табылатындығын көруге болады. Кез-келген іс-әрекеттің екі жағы болады – бірінші сыртқы, әдетте оны мінез-құлық деп атайды және оны бақылауға болады, екінші жағы ішкі, яғни психика, ол тікелей бақылауға бой бермейді.

 

                                                  мінез-құлық


                Іс-әрекет                            


                                  психика: сана – бейсаналық

 

Сәйкесінше, кең мағынада психологияның пәні ретінде іс-әрекет, ал тар мағынасында психика немесе психикалық іс-әрекет болуы мүмкін.

Әрине, психиканы зерттеп білу үшін, біз бір уақытта адам іс-әрекетінің екі жағында қарастыруымыз керек. Психиканың өзі (іс-әрекеттің ішкі жағы) өз кезегінде екі бөлімнен тұрады:

1) сана, танымдық процестер әрекетінің  жүйесі ретіндегі өзіндік бейнеленуі (процесс немесе нәтиже) болып табылады;

2) бейсаналық, қажеттіліктер мен мотивтердің өзара әрекет жүйелеріндегі процестердің бейнеленуін білдіреді.

Қарастырылған мәселелерге қарап, психологияның негізгі міндеттері адамның іс-әрекетінің тиімділігін жоғарылату мақсатымен оның әрбір іс-әрекеттерін жан-жақты зерттеу болып табылады (сыртқы жағынан, яғни мінез-құлықты және ішкі жағынан да, яғни оны құраушы).

Егерде өмір сүрудегі үзіліссіз өзгеріп отыратын шарттарда адам іс-әрекетінің тиімділігін тәжірибелік жағынан үнемі арттырып отыру қажеттілігі болмайтын болса, психология ерекше ғылым ретінде маңызды болмас еді. Жеке, яғни психологияның қолданбалы міндеттері адам өмірінің барлық салаларын қамтитын адам іс-әрекеттерінің нақты, сондай-ақ түрлі формаларын зерттеу қажеттілігімен анықталады.

    1. Ғылыми және тұрмыстық психологияның салыстырмалы талдауы 

 

Әдетте адамның психологиялық білім деңгейлері тек ғалымдарға ғана белгілі нәрселермен шектелмейді. Ғалым-психологтарға қарағанда қарапайым адамдар психология жайында көбірек біледі деп те айтуға болады. Ол әрине адамдар психология туралы білімді өздерінің өмірлік тәжірибелерінен алып отыруымен байланысты болып келеді; ал өз кезегінде жалпы барлық адамзаттың жинаған өмірлік тәжірибелері ғалым-психологтардың шағын тобымен салыстырып қарағанда әлдеқайда мол және сан қилы. Өзге елдермен салыстырмалы түрде, кәсіби психологтардың көпшілігі АҚШ-та десекте олардың жалпы саны 1%-дан асып түспейді.

Қазіргі заманғы ғылымның беретін білімі мен қарапайым адамдардың білімі, сонымен қатар практик психологтардың пайдаланып жүрген білімдері арасында қандай айырмашылықтар бар?

Жеткілікті түрде дұрыс және дәл, олардың дұрыстығын ғылыми дәлелдемелердің қазіргі заманғы нақты және дәл фактілерді пайдалана отырып, ал дәлділігін математикалық аппараттарды қолдану негізінде дәлелдеуге болатын адам психологиясы туралы білімді ғылыми білім деп атаймыз.

Адам психологиясы туралы ғылыми білімдер қазіргі заманғы әдебиеттерде, ғалымдар еңбектерінде және т.б. айтылып жүр.

Ал, тұрмыстық деп өмірлік тәжірибе арқылы алынған, ғылыми тексерілмеген білім қорын айтамыз. Ол әрбір адамда бар, бірақта олар жеткілікті түрде сенімді және дәл емес. Мұндай білімді адам шынайы ақиқатты бақылап және оны өзінің санасы мен жан дүниесіндегі жағдайымен салыстыра отырып алады. Мұндай бақылауда субъективтілік басым болып кетеді. Субъективтілік деп отырғанымыз объективтілік емес, яғни шынайы ақиқаттың дәлсіздігі немесе сәйкессіздігі. Оған қарамастан, қазіргі таңда психикалық құбылыстарды өз бетінше бақылаудағы субъективтілікті ғалым-психологтар мойындауда, өз уақытында “интроспекция” деп аталатын психикалық құбылыстарды танып-білудің әдісі толыққанды сенімді және белгілі бір дәрежеде ғылыми болған. Бұл шамамен XIX ғасыр аясында болды.

Практик психологтардың өз өздеріне және өзгелерге тікелей психологиялық әрекетті жүзеге асыру үшін пайдаланатын психологиялық білім тәжірибелік деп аталады. Өз кезегінде тәжірибелік психологиялық білім ғылыми және тұрмыстық болуы мүмкін. Оларға ғылыми психологиялық білімге қойылатын талаптар секілді қатаң ережелер қойылмайды. Бұл білімде ең маңыздысы – адамдармен жұмыс жасауда пайдалы болу және ол шын мәнінде қажет болып жатса,  онда оның ғылыми негіздемесіне айтарлықтай мән берілмейді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Психология пәнін анықтаудағы  күрделілік неде көрініс табады?

2. Сізге бейнеленудің қандай  түрлері белгілі және олардың  ерекшелігі неде?

3. Психология бейнелердің қай  түрлерін зерттейді?

4. Психологиялық білімнің қандай  түрін ғылыми және тұрмыстық  деп атайды?

5. Психикалық құбылыстар қандай  жерлерде зерттеледі және адамдар  өмірінде қалай қолданылады?

6. Психология пәнін дәл түсіну  не үшін қажет?

 

 

Дәріс 2

 

Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы

 

  1. Философия шеңберінде психологиялық білімнің дамуы.
  2. Психологияның жеке ғылым ретінде дамуы. Оның негізгі бағыттарының сипаттамасы.

3. Психология тарихының кезеңге бөлінуі.

 

Психологияның көп ғасырлық тарихы бар: алғашқы ғылыми ойлар б.ғ.д. VI ғасырда пайда болды. Сондықтанда психология тарихының кезеңденуі сияқты сұрақтар көтерілуде. Психология тарихының кезеңденуінің міндеттері ретінде сол процестің бөлінуі, сатыларға ажырату, олардың әрқайсысының мазмұнын анықтау.

Психология тарихында 2 үлкен кезең бөлінеді: бірінші - философия, сонымен қатар өзге де ғылымдар негізінде, ең алдымен жаратылыстану негіздерінде психологиялық білімнің даму кезеңі; екінші – психология жекеленген ғылым ретінде дами бастаған уақыт. Олар уақыттары бойынша өлшелінбейді: бірінші кезең (б.ғ.д. VI ғасыр – XIX ғасыр ортасы) 2,5 мыңға жуық уақыт аралығын қамтиды; екінші кезең – жүз жылдан астам (XIX ғасыр ортасымен – қазіргі уақытқа дейін).

 

2.1 Философия шеңберінде психологиялық

білімнің дамуы

 

Г. Эббингауздың сөздері бойынша психологияның ұзақ жылдар бойы жалғасқан өткен шағы бар, бірақта ол қысқаша тарихқа ие. Осы екі кезеңнің бөлінуі арнайы негіздемені қажет етпейді, өйткені оның критерийлері түсінікті-ақ. Олардың әрқайсысы жүз жылдап созылуда, ыңғайласқан кезеңге бөлінуі қажет. Оны формальды белгілер бойынша жүргізуге болады – хронологиялық (XVII ғасыр психология тарихының XVIII ғасыр психология тұрғысынан айырмашылығын білуге болады), әлемдік және отандық психология кезеңдерінің де айырмашылығын анықтауға болады.

Психология антика дәуірінде (б.ғ.д. IХ ғасыр – V ғасыр) философия шеңберінде дами бастады. Университеттердің алғашқы үлгісі ретінде Сократтың диалогтары болады. Сократ Афина қаласының орталығындағы мрамор алаңына келгенде, барлық жас қалалықтар дерлік жиналатын. Әңгімесін диалог түрінде жүргізіп ол жастарды құлдық саясатына қарсы бағыттап, азаматтық белсенділікке шақыратын. Сол үшін ол сотталып қаза табады. Сократты психологиялық әрекет ету әдісі арқылы өзге адамдарға әсер ете алған алғашқы психолог-практик ретінде есптеумізге болады.

Платон әлемдік жан дүние, космостық жан дүниені материалдық емес субстанция ретінде қарастырған. Оның айтуынша жан дүние космостан көп энергия алады. Адам мінез-құлқын түсіндіруді ұсынған алғашқы теориялар адам қатынасының факторларын қарастырған (мысалға, денедегі және ол дүние салғанда одан кететін “көлеңке” немесе құдайлар). Басқа да грек философтары, әсіресе Аристотель денемен етене болатын және ой мен сезімді қадағалап жүретін, сонымен қатар өмір сүру ағымында жиналатын тәжірибеге сүйенетін жанның бар деген идеясын ұсынған.

Информация о работе Курс лекций по дисциплине "Психология"