Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 11:50, курс лекций
Работа содержит курс лекций по дисциплине "Психология" на казахском языке.
Сөздің семантикалық құрылымы мен функциясы. Сөздің негізі - аннотативті (білдіру, түсіндіру) қызметі болып табылады. Психологияда Л.С. Выготскийден бастап сөздің бұл функциясын заттарды толықтыру, елестету қызметі ретінде түсіндіреді. Сөз белгілі бір затқа сілтеу ғана бермейді, сонымен бірге қосымша ассоциацияларды да білдіреді. Олай болса, әрбір сөздің өзіндік "семантикалық өрісі" бар деп айтуға болады.
Мағына деген – сөздің негізгі екінші функциясының рөлі ерекше. Л.С. Выготский бойынша, сөздің мағынасы заттардың белгілі бір қатарға ассоциативті ортасын ғана емес, заттарды талдап, олардың белгілерін абстракциялау мен жалпылауды да қамтиды. Бұл дегеніміз сөз тек заттардың толықтыру құралы ғана емес, сондай-ақ ойлаудың бір бөлігі болып табылады.
Тілдің көмегімен адам әлемі еселеніп, жоқ заттардың өзімен де қатынас жасай алады. Сөз ойлаудың құралы, тәсілі болуымен қатар қарым-қатынас құралы болып табылады. Жалпы алғанда тіл рационалды жоспардағы адамның танымын көрсетеді.
Бала сөйлеуінің қалыптасуы мен дамуы. Бала сөйлеуді қарым-қатынас барысында меңгереді. Балада пайда болатын алғашқы сөйлеудің формасы – сырттай дауыстап сөйлеу диалогы. Кейінірек іс-әрекетпен қатар жүретін сөйлеу дамиды. Бұны баланың өз-өзіне қатты дауыстап сөйлеуімен сипатталатын эгоцентризмдік сөйлеу деп атайды. Эгоцентризмдік сөйлеу сыртқы сөйлеудің ішкі сөйлеуге ауысуындағы өтпелі кезең болып табылады.
Сөйлеудің қалыптасуы бірнеше кезеңдерден өтеді:
13.2 Сөйлеудің даму теориялары
Тереңдетілген грамматиканың бар болуы туралы болжам жасаған Н. Хомскаяның айтуы бойынша, әр түрлі тіл үшін түрлі болып келетін синтаксистік құрылымның беткі жағында ойлаудың түзілуінің жалпы сызбасын түсіндіретін шамалы мөлшердегі тереңдетілген құрылым болады. Осы тереңдетілген грамматика баланың шектеулі ережелерді қолдана отырып, әр түрлі сөйлем құрауына мүмкіндік береді. Олай болса, баланың танымдық процестерінің дамуы негізінде туыла берілетін лингвистикалық біліктілік бар.
Л.С. Выготский тереңдетілген грамматикаға байланысты зерттеулерде айтылған ойлардан басып озды. Ол балалардағы тереңдетілген синтаксистердің даму сатысын бөліп көрсетті. Алғашқы сатысында тек мәндік синтаксис қолданылады. Екіншісінде грамматикалық алғышарттары көріне бастайды, мұны семантикалық синтаксис сатысы дейді. Үшінші сатыда семантикалық синтаксистің ережесі жүйелі қолданылады, сонымен бірге "үстіңгі синтаксистің" ережелер қатары және көмекші сөздер – жұрнақтар мен жалғаулар пайда болады.
Бихевиоризм бағытын ұстанушылар сөйлеудің дамуында баланың қоршаған ортасының рөлінің ерекше екенін атап өтеді. Бұл орайда кейбіреулері бала тілді әлеуметтік ортаның қысымының арқасында меңгереді деп қарастырса, ендігі біреулері ата-ана сөйлеуіне еліктеудің рөліне басты назар аударады.
Сөз өзінің тікелей мазмұнымен физиологиялық белсенді фактор ретінде ықпал етеді. Сөздің іс-әрекеті мағыналық мазмұнымен анықталады. Ол туралы сөйлеудің реттеушілік функциясына байланысты табиғи жолмен сауықтыруға негізделеді. И. Сытинаның түрлі жағдайларда сауықтыру мен ауруларға арналған арнайы көп томдық басылымдары жарияланған. Онда әр түрлі жағдайлардағы сауықтыруға арналған мағлұматтарды жазған. Дер кезінде айтылған жақсы сөз еңбекке деген қабілетті арттырып, көңіл-күйдің көтерілуіне ықпал етеді. Сол сияқты сөзбен адам жанын ауыр жаралауға да болады. Мұны әсіресе дәрігер мен науқас арасындағы қатынаста ескерген жөн. Дәрігердің мінез-құлқына байланысты, кейде аурудың қатысуымен байқамай оның ауруы туралы айтып қойса, жағдайын төмендетіп сөздің әсерінен пайда болатын "ятрогенді ауруға" ұшыратады.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөздік іс-әрекет пен сөздік
әрекет ұғымы қалай
2. Адамда ойлау мен сөздің байланысын немен білдіреді?
3. Ойлау мен сөздің генетикалық түбірі нені білдіреді?
4.Ойлау мен сөздің сәйкес келмейтінін бекітетін аргументтер мен фактілер, олардың арасындағы қатынастардың дамуы қалай жүреді?
Дәріс 14
Эмоциялар
14.1 Эмоция анықтамасы
Эмоциялар – адамның өміріндегі сыртқы және ішкі жағдайларына бағасы мен жеке мағыналылығы үшін уайымдау формасында көрініс табатын психикалық процестер жиынтығы. Эмоциялар адамның өзіне өзі және оны қоршаған әлеміне субъективті қарым-қатынасын бейнелеу үшін қызмет етеді.
Осы күнге дейін эмоциялар танымдық процестерге жатқызылмаған. Бірақта жасанды интеллект пен ойлану саласындағы танымал маман О.К. Тихомиров эмоция тек қалып-күй ғана емес, сондай-ақ ол танымдық процесс деп есептеген. Ол эмоция өзара тығыз байланыста болатын елестету мен ойлану болып табылатындығын эксперименттік түрде дәлелдеген. Сол уақыттан бастап эмоция танымдық процестер қатарына жатады.
Эмоцияның ерекше белгісі ретінде оның субъективтілігі танылады. Эмоцияның анықтамасы 3 аспектіні қарастырады:
А) ішкі уайымдау;
Б) Физиологиялық белсенділік (жүйкелі, эндокриндік және ағзаның өзге де жүйелерінде көрініс табатын процестер);
В) Бақыланатын эмоциялар кешені (мінез-құлықтағы сыртқы сипат).
Эмоцияның бұл компоненттеріне көптеген авторлар түрлі анықтама берді. К. Изард эмоциялық мәнерлікті ажыратады. С.Л. Рубинштейн және А.Н. Леонтьев эмоцияның негізін субъективті уайымдауда көреді. Субъективті уайымдауда субъектінің объектіге, құбылыстарға, жағдайларға деген қарым-қатынасын білуге болады. Уайымдаудың компоненттерінің басымдылығын ескере отырып, авторлар эмоцияның сипаттаушы аспектісіне назар аударады. Шынында да эмоция сипаттаудың процестеріне жатады.
Я. Рейковский эмоциялар өзгерістерді сипаттайды және ол кездескен оқиғаларды жеңу үшін ағзаны мобилизациялайды деп айтып өткен. Осылайша, бұл автор эмоцияның реттеуші функциясына назар аударған. “Эмоциялық процесс – реттеуші процестердің ерекше түрі, ол жағдайдың әсер етуімен өзектілендіріліп, организм күйінің өзгеруіне немесе оның қоршаған ортамен қатынасына, не субъект пен қоршаған орта арасындағы өзекті жағдайдың тепе-теңдігінде өзгерістер туындатады”.
Түрлі авторлар эмоциялық құбылыстардың әр түрлі жіктеуін ұсынады. Р.М. Грановская эмоциялық құбылыстардың арасында аффектілер, эмоцияларды, сезімдерді, көңіл-күй мен стрессті бөліп көрсетеді.
Аффект – ең мықты болып келетін эмоциялық реакция. Ол адамның психикасын толығымен қамтып алады. Аффектінің айырмашылықтары: ситуативтілік, жалпыламалық, үлкен интенсивтілік, кіші жалғасымдық.
Жеке эмоциялар – созылмалы қалып-күй. Бұл жерде эмоциялар тек болып өткен жағдайларға ғана реакция беріп қоймайды, сонымен қатар ықтимал немесе еске түсірген оқиғаларға да реакция береді. Эмоциялар оқиғаларды жалпылама субъективті бағалар формасында және іс-әрекет нәтижесінен асып түсіру формасында сипатталады.
Сезімдер – анық пәндік сипаттамасы бар тұрақты психикалық жағдай. Кеңестік психологияда сезім адамның әлеуметтік табиғатын білдіреді деген ұйғарым кең таралған. Эмоция деп сезімнің нақты формасын айту сирек емес.
Көңіл-күй – адамның барлық мінез-құлқын бейнелеуші созылмалы эмоциялық қалып.
Стресс – күтілмеген және қысымды жағдайдың әсерінен пайда болатын эмоциялық қалып-күй. Мұндай жағдайдағы ағза үрейлену, қарсылық білдіру және шаршау сияқты реакциялар кешеніне бас ұрады. Г. Сельенің пікірінше, стресс – адам өмірінің ажырамас бөлігі, одан қашып құтылу мүмкін емес. Әрбір адам үшін стресстің оптималды деңгейі болады, бұл деңгейде іс-әрекеттің тиімділігіне қол жеткізуге болады.
Барлық эмоциялық көрініс табулар бағыттануына (оң және теріс) қысым деңгейі мен жалпыламалық дәрежемен сипатталады.
Эмоциялар бір жағынан эмоция объектісіне қарым-қатынас анықтаушы адамның қажеттіліктеріне тәуелді, ал екінші жағынан – осы объектінің белгілі бір негіздемелерін түсінуге және сипаттау мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Танымдық процестерге эмоциялардың қарым-қатынасы пассивті рөлде ғана болмайды. Эмоциялар таным процестерінің ең маңызды реттеуші факторлары болып табылады. В.К. Вилюнастың зерттеулері интеллект пен эмоцияларға өзара толықтырушы қарым-қатынастар тән екендігін көрсеткен.
Л.М. Веккер, П.В. Симонов эмоциялар мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті мәліметтердің жеткізіліксіз болуы барысында пайда болады және олар жаңа ақпараттарды іздестіру арқылы мақсатқа жету ықтималдылығын жоғарылатады деп есептейді.
Осылайша, сыртқы ортадан және ағзаның өзінде де пайда болатын әрекет эмоциялық уайымдардың пайда болуына әкеліп соқтырады.
Эмоцияның реттеуші функциясы белсенділіктің қалыптасуында көрініс табады. Ол қажеттіліктердің қанағаттануына және қоздырғыш әрекеттерді күшейтуге немесе тоқтатуға бағытталған. Организмнің қанағаттанбаған қажеттіліктері әдетте жағымсыз сипаттағы эмоциялармен түсіндіріледі. Ал қажеттілік қанағаттандырылғанда ол жағымды эмоциялық сипаттамалармен түсіндіріледі.
Қажеттіліктердің қанағаттануы барысында пайда болған жағымды эмоциялар мақсатқа жету үшін мүмкіндіктерді іздестірудегі сәттілікті сипаттайды. Қандай да бір эмоциялардың қанағаттануы жағымды субъективті эмоциялармен қатар болады. Бұл бағытталған мотивациялық мінез-құлықтың екінші стимулдаушы сәті болып табылады, яғни қарым-қатынас нәтижесі.
14.2 Эмоция теориялары
Эмоцияның түсіндірмелі модельдерін психикалық құбылыстар ретінде өз мазмұны бойынша физиологиялықтан (биологиялық) бастап әлеуметтікке дейін көптеген формалары бар.
П.К. Анохиннің биологиялық теориясы. Бұл теорияның негізі қандай да бір қажеттіліктің қанағаттануы кезінде оң эмоциялар егер де шынайы алынған нәтиженің параметрлері әрекеттің нәтижелері акцепторында бағдарламаланған, болжамдалынған параметрлермен дәлме дәл сәйкес болса ғана пайда болады. Олай болатын болса келісімді реакция туындайды, яғни оң эмоциялар. Егерде шынайы алынған нәтижелердің параметрлері әрекеттің нәтижелері акцепторында бағдарламаланған параметрлермен сәйкес болмаса, теріс эмоциялар, яғни қанағаттанбау сезімі, алаңдаушылық сияқты эмоциялар туындайды.
В. Вундтың эмоция теориясы – эмоция құрылымы теориясы. В. Вундт эмоцияның 3 өлшемін ажыратып көрсетті. Рахаттану – рахаттанбау, тынышталу – қозу, қысым – бәсеңдеу. Бірақ Э.Б. Титченер бұл өлшемдерді тәуелсіз факторлар деп есептеуге болмайды деген ойын білдірген.
Ч. Дарвин сипаттаушы қозғалыстар концепциясын қалыптастырған. Бұл эмоцияның пайда болу теориясы, мұнда адамның сипаттаушы қозғалыстары күреспен, шабуылмен, ұрпақты қорғау және т.с.с. тірі ағзаның инстинктивті әрекетімен байланысты рудименттері деген ұйғарым қалыптасқан. Аталмыш концепция адамзаттың сипаттаушы қозғалыстарының бүкіл байлығын (көз жасты жібермей тұратын күлкі) түсіндіре алмайды.
Джемс-Ланге теориясы біруақытта және тәуелсіз түрде У. Джемс және К.Г. Лангеменде дайындалған. Бұл эмоцияның пайда болуын түсіндіретін модель, ол эмоцияның қозғаушы теориясын меңзейді, яғни бұл жерде басты рөл соматовегетативті компонентке берілген. Қандай да бір эмоция еркін және еркін емес саладағы өзгерістерден туындаған сезімдерді білдіреді. Осылайша, перифериялық органикалық өзгерістер эмоциялы процесс салдары ретінде емес, оның себептері ретінде тұжырымдалады. Ланге тұрғысының ерекшелігі, оның тамыр жүйелеріне назар қоюында. Онда эмоциялар жүйкелік қозуға жауап ретінде пайда болған субъективті туынды деп тұжырымдалған. Жүйкелік қозуға жауап висцералды органдардың қан тамырларының кеңеюі мен оның иннервациялану
Қажеттілікті-ақпараттық теория П.В. Симоновтың белсенділігімен 1964 жылы ұсынылған болатын. Бұл жерде эмоция адамдардың немесе жануарлардың қандай да бір қажеттілігі және оның қанағаттану ықтималдылығының бейнесі ретінде болады, сондай-ақ қанағаттануды ми қабығы жиналған индивидуалды тәжірибе мен генетикалық тәжірибенің негізінде бағалайды.
Эмоция белсенділігі теориясы (M.B. Arnold, 1950); (C. Lindsey, 1951) У. Кеннон мен Ф. Бардтың таламустық теориясынан бастау алады. Мұнда мидың ішкі құрылымының рөлі ерекше көрсетілген. Сенсорлық қоздырғыштар перифериядан контекстке келіп түседі, бағаланады; сол жерге таламустағы мінез-құлық үлгілері мен сезімтал бағалар келіп қосылады. Одан кейін жүзеге асу органына өту басталады. Одан кері хабар келеді, ол бағалану мен сезімталдылықтан қайта өтеді. Бұл теория емханада аффектінің аяқ асты ояна қалуын түсіндіре алады.
С. Шехтердің екі компонентті теориясы эмоцияларды өткеру екі факторлардың үйлесімділігімен шартталған. Бір жағынан, физиологиялық қабыну болуы мүмкін, екінші жағынан жағдай эмоциялар терминінде осы қабынудың когнитивті интерпретациясына жол беруі тиіс. Бұл теория сыналушыға қоздырғыш препараттарының инъекциясы жасалған эксперименттеріне негізделген.
Дәріс 15
Тұлға адамның психологиялық қасиеттерінің
жүйесі ретінде
15.1 Тұлғаның жалпы сипаттамасы