Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 11:50, курс лекций
Работа содержит курс лекций по дисциплине "Психология" на казахском языке.
Сонымен, қабылдау – бұл басқаруға болатын белсенді процесс.
Психика – мидың қызметі. Ол өзара әрекеттесу кезінде ғана көрінеді: мидың іс-әрекеті мен қоршаған орта тоғысында пайда болады. Адам бұл өмірде белсенді өмір сүру үшін бізді қоршаған ортаның адекватты, шынайы бейнесі керек. Барлық танымдық процестер адамның өзін қоршаған ортаны дұрыс бейнелеуі үшін жұмыс істейді.
ТПЖ басты міндеті адамның бірнеше сұрақтарға жауап беруіне көмектесуден тұрады: мен кіммін? басқаларға қатысты мен қандаймын? ұжымдағы менің орным қандай? басқаларға мен қалай көрінемін? қоршаған орта мені қалай қабылдайды? және т.б.
Дәріс 8
Түйсік және қабылдау психикалық процестер жүйесінің бірінші деңгейі ретінде
Түйсік – қоршаған орта заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерін бейнелейтін қарапайым процесс. Басқа сөзбен айтқанда, адам қоршаған ортаның барлығын түйсінеді.
Түйсік пен қабылдау бір-бірімен өте тығыз байланысты. Кез-келген түйсінуді қабылдауға, бүтіндей қабылдауға дейін жеткізуге болады.
Қабылдау – қоршаған орта заттары мен құбылыстарының барлық қасиеттерінің жиынтығын кешенді бейнелеу процесі.
Қалыпты жағдайда адамда түйсінудің бес негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу – адамның сыртқы ортада бағдарлануына мүмкіндік береді. Көру және есту қалыпты жағдайда қабылдау ретінде болады. Көру және есту анализаторлардың көмегімен жүзеге асатын жалпы физиологиялық механизмдерге ие.
А.Н. Леонтьевтің концепциясына сәйкес, түйсік психиканың тарихи бірінші түрі. Түйсіктің пайда болуы жүйке ұлпалары тітіркенуінің дамуымен байланысты. Эволюциялық процестің белгілі бір деңгейінде ағзадағы қарапайым тітіркену сезімталдылыққа ұласады, яғни тек өмір үшін маңызды тітіркендіргіштерге ғана емес, сигналдық мәні бар тітіркендіргіштерге де әсер етуге қабілеттілік. Бұл мүмкін болатын жалғыз көзқарас емес. К.К. Платонов психиканың қарапайым тарихи бірінші түрі эмоция екендігін дәлелдеуге тырысқан.
Түйсіктің даму теориясында түйсінудің пайда болуына эффекторлық процестердің қатысуы туралы да зерттеулер маңызды орынға ие. Бұл зерттеулердің жалпы қорытындысы мынадай: түйсік психикалық құбылыс ретінде жауап реакциясы адекватты емес жағдайда немесе мүлдем болмаған кезде түйсінудің болуы мүмкін емес; қозғалмайтын көз соқырлық белгісі, ол қозғалмайтын қол астереогностикалық сияқты (А.Н. Леонтьев, П.И. Зинченко, В.П. Зинченко, Т.П. Зинченко және т.б. жұмыстарында).
А.Н. Леонтьев түйсінудің механизмдерін зерттей келе мынадай жалпы қорытындыға келеді, ортақ принциптік механизм сыртқы әсер етуге тән сезім мүшелерінде процестердің бір біріне ұқсау механизмі болып табылады.
Қоршаған орта тітіркендіргіштеріне бейімделу нәтижесіндегі анализаторлар сезгіштігінің өзгеруі адаптация (бейімделу) деп аталады. Әр анализаторлардың бейімделу диапазоны және жылдамдығы әр түрлі. Кейбір тітіркендіргіштерге жылдам, ал кейбіреулеріне баяу бейімделеді. Жылдам бейімделетін сипап сезу және тактильді анализаторлар. Йодтың иісіне толығымен бейімделу бір минуттан кейін болады. Үш секундтан кейін тітіркендіргіш күшінің 1/5 түйсінуге болады. Тағып тұрған көзәйнекті орнынан қозғалту. Есту, көру, дәм сезу анализаторлары баяу бейімделеді. Қараңғыға толығымен бейімделу үшін 45 мин. керек. Осы уақыттан кейін көру сезгіштігі 200 000 есе үлкейеді (бейімделудің ең жоғарғы диапазоны).
8.3 Қабылдау қасиеттері
Қабылдауды кез-келген басқа психикалық феномен сияқты процесс ретінде де, нәтиже ретінде де қарастыруға болады.
Қабылдау жеке қасиеттерді бейнелейтін түйсікке қарағанда, қоршаған орта заттары мен құбылыстарын бүтіндей бейнелеп, шындықтың интегралды бейнесін құрады.
Қозғалысты қабылдау. Қозғалысты қабылдау бағдарлану реакциясының нейрофизиологиялық аппаратына кіретін жаңамен немесе қозғалыстың нейрон-детекторларымен анықталады.
Уақытты қабылдау. Уақытты қабылдау механизмі көбіне “биологиялық сағатпен” байланыста болады – адам ағзасында болатын биологиялық процестердің бірізді және ритмикалық ауысуы.
Уақыттың субъективті ұзақтығы көбіне оның немен толтырылғанына байланысты болады.
Адекватты перцептивті бейненің қалыптасуы үшін келесі жағдайлар қажет:
Қабылдаудағы иллюзия. Біздің әлемді қабылдауымызда бұрмалану болатын кездер де болады. Ол заттардан қарама-қарсы ақпарат келген кезде немесе заттар туралы ақпарат толық болмағанда, алынған сигналдарды қате интерпретациялаған кезде болады. Қабылдаудың ерекшелігі оның көмегімен бейнелер құруда болып табылады, сондықтан әрбір адам ең алдымен өзіне қажет затты көреді, шын мәнінде ондай нәрсе жоқ, тек оған ұқсайтын нәрсе ғана бар.
Қабылдауды дамыту. Қабылдау өмір жағдайына байланысты өзгереді, яғни дамиды. А.В. Запорожец перцептивті әрекеттердің қалыптасуы оқытудың әсерімен бірнеше деңгейлерден өтеді деп есептейді:
І деңгей – адекватты перцептивті бейне, балада материалдық заттармен практикалық әрекет жолымен жүреді;
ІІ деңгей – сенсорлық процестер өз қозғалысының көмегімен орындалатын рецептивтік аппараттарды орындайтын өзінше перцептивтік әрекетке айналдырады. Балалар заттардың кеңістіктік қасиетін қол мен көздің бағдарланып-зерттеу қозғалысының көмегімен танысады;
ІІІ деңгей – перцептивті әрекеттерді қысқарту процесімен басталады;
ІҮ деңгей – перцептивті процестер идеалдыға айналады. Балалар тез және қандай да бір сыртқы қозғалыстың көмегінсіз-ақ қабылданатын обьектілердің белгілі бір қасиеттерін танып, осы қасиеттер негізінде оларды бір-бірінен айыра алу қабілеттілігіне ие болады.
Дәріс 9
Ес психикалық процестердің құрылымының
ядросы ретінде
9.1 Ес туралы жалпы түсінік. Естің түрлері
Ес - бұл бейнелеудің интегралды іздік формасы. Ол кез-келген психикалық процестің негізінде жатыр. Ес психикалық өмірді ұйымдастырудың негізгі формасының бірі болып табылады. Есті танымдық процестердің ядросы деп атайды.
Шығуы бойынша естің екі түрін ажыратады: генетикалық (тұқым қуалайтын) және өмір кезіндегі ес. Өмір кезіндегі еске қозғалыс, образдық (көру, есту, кинестетикалық және т.б.), эмоциялық, символдық (сөздік, логикалық) және еріктік ес кіреді.
Ақпаратты сақтау ұзақтығы бойынша естің келесі деңгейлерін ажыратыды:
1) Кенеттік ес сезу мүшелерінің инерциялығымен байланысты. Бұл ес ерікті басқаруына келмейді. Кенеттік есте бейне константты емес - бұл қабылдау бейнесі емес, түйсік бейнесі. Кенеттік ес әлемнің бірегейлі қабылдауын қамтамасыз етеді;
2) Қысқа мерзімдік ес. Бұл жерде зейіні аударылған ақпарат сақталынады. Ақпарат өзгерілмейтін күйінде қалмайды, ол өңделеді және интерпретацияланады. Қысқа мерзімді ес үшін қайталау мен символизация арқылы ерікті басқару мүмкіншілігі бар. Қысқа мерзімді ес көлемі – 7+-2 ;
3) Аралық (буферлік) ес – қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді ес арасындағы аралық инстанция болып табылады. Бұл жерде ақпарат ұзақ мерзімді еске аудару мүмкіндігі келгенше сақталынады. Буферлік ес тазалануы мен күн бойы жиналған ақпартты категоризациялау ұйқы кезінде іске асады;
4) Ұзақ мерзімді ес ақпаратты сақтау көлемі мен уақыты бойынша шектелмелген. Бірақ ақпарат кейде дер кезінде шығарып алынбауы мүмкін. Ақпараттың қол жетімділігі сақтау ұйымдастыруымен анықталады. Ұзақ мерзімді есте ақпарат сақтаудың екі типі бар: ақпаратқа ерікті рұқсат (ақпарат үзіліссіз түрленеді) және ерікті рұқсатсыз (ақпарат айнымас күйінде сақталынады).
9.2 Естің физиологиялық механизмдері
Қысқа мерзімді естің физиологиялық механизмдерін қарастыратын бірнеше теориялар бар. Тұйық нейрондардың қатар тіршілігін қуалайтын морфологиялық мәліметтердің негізінде нейрондардың тұйық жүйесі бойынша импульстардың реверберация (дыбыстың жаңғырып барып бәсеңдеп өшуі) теориясы ұсынылды. Бұл теория бойынша түсетін ақпаратты нейрондық қақпан аталынатын субстрат сақтайды, ол нейрондық қақпан нейрондардың қатарынан құрылғаны сондай сақиналық байланыстар бойымен қозудың циркуляциясын қамтамасыз етеді. Егер реверберациялық қатарды құрған сияқты импульсация бір нейронға түсетін болса, есте сол іздердің бекітілуі пайда болады. Қайталанатын импульсацияның болмауы немесе реверберация қатардағы нейрондардың біріне тежеу импульстың келуі реверберацияның тоқтатылуына, ұмытуына әкеліп соғады.
Естің электротоникалық теориясы қысқа мерзімдік есті синапс арқылы жүйке импульстарының өту кезінде дамитын спецификалық құбылыстар арқылы, және оларда бірнеше минут не сағат бойында тіркелінетін, қатаң белгіленген синапстер арқылы импульстердің өтуін жеңілдете алатын электротоникалық потенциалдардың дамуымен түсіндіруге болатынына негізделеді. Орталық жүйке жүенің (ОЖЖ) кез-келген деңгей нейрондарының күшті тітіркенуі бұл нейрон қозуының өсуімен және тітіркенудің тоқталуынан кейін импульстің ұзақ белсенділігінің дамуымен білінетін посттетаникалық құбылысына жиі әкеліп соғады
Ұзақ мерзімді естің физиологиялық механизмдері тек импульстардың циркуляциясы немесе бөлек нейрондардың электрофизиологиялық сипаттардың өзгерістеріне негізделе алмайды. Ағзаға түрлі әсерлер (гипоксия, наркоз, суыту, ұйқы) сақиналық реверберация байланыстарды бұзуы және нейрондардың қозуын төмендетуі мүмкін. Ақпараттың алып мөлшеріне қарамастан ұзақ мерзімді есте айнымас күйінде сақталынады.
Анатомиялық теория бойынша есте ақпаратты сақтау жаңа терминалды талшықтардың құрылуы, олардың форма, өлшемнің өзгерісі арқасында, басқа нейрондармен байланыс орнататын нейрондардың дендриттерінде ысылдау құрылғының дауы арқасында жүзеге асады.
Глиалды теория нейрондарды қоршайтын глиалды жасушылырдың өзгерісіне негізделеді. Синаптикалық жеткізуді жеңілдететін немесе сәйкес нейрондардың қозуын арттыратын ерекше заттарды глиалды жасушалар синтездей алады.
9.3 Ес процестері
Есті процесс ретінде қарастыру оның дәреже (процестердің) қатарын ажыратуына мүмкіндік береді. Ес процестеріне: есте қалдыру, сақтау, қайта жаңғырту және ұмыту жатады.
Есте қалдыру немесе көру естің әсерлеуі әлдебір бейненің қалыптасуымен байланысты.
Кез келген адам алты белгісі бар санды жеңіл есте қалдыра алады. Механикалық есте сақтаудың көлемі – 7+-2. Алты белгісі бар телефон номерлерін қалай есте сақтай аламыз? Сіз үшін ол адам қаншалықты маңызды болса, оның телефон нөмірін есте қалдыру жеңілірек болады. Басқалар өз телефон нөмірлерін алуға көндіретін болса да, Сіз оны есте қалдыра алмайсыз. Бұл жерде қайтадан Сіздің тұлғаңыздың мотивациялы-қажеттілік жүйесімен байланысты: қызықтыратындығы, маңызды болатыны ғана есте қалады. Ол Сіздің қажеттіліктеріңізге жауап беріп, олар қанағаттанады. Егер Сіз қызықты еместі өзіңізге қызықты етіп жасасаңыз, сол кезде керектісінің бәрін есте қалдыра аласыз.
Іздерді есте сақтау ес жүйесінде орталық түйін болып табылады. Табылған ақпаратты жинау мен сақтау процесінде ОЖЖ-да күрделі қайта өңделуі іске асады. Бірдей немесе ұқсас әсерлердің бірнеше қайталануы есте қалуы жай басу мен бекіту принципі арқылы емес, ескі ақпаратты реттеу, құнар беру, жаңа келген ақпаратпен салыстыру жолымен орындалады. Бұл сатыда ақпараттың екінші рет (бірінші - қабылдау кезінде) бұрмалануы болады.
Есте сақтау біздің күнделікті өмірде әдеттегі ес деген түсінік болып табылады. Ол естің орталық түйінінің бірі.
Қайта жаңғырту ес блоктары немесе жүйелерінен ақпаратты шығаруымен (оқу) сипатталады. Қайта жаңғырту есте қалдыру сияқты ерікті және еріксіз болады. Еріксіз қайта жаңғырту аңдаусыз болады да, беймаза сипатта болуы мүмкін. Ерікті жаңғырту ұзақ мерзімді есте сақталған бұрынырақ табылған ақпаратты қайта жаңғыртуымен айқындалады. Ол таңдау сипатына ие, зейінді, кейде маңызды ақыл-ой жігерін қосуды талап ететін белсенді процесс.
Қайта жаңғырту вербализациялау процесімен байланысты. Ол кемінде үш түрлі болады - қалыпты қайта жаңғырту, танып білу және реминисценция.
Қалыпты қайта жаңғырту - ес процесі, оның нәтижесінде өткенде ұзақ мерзімді есте бекітілген мазмұнын актуализациялау (шығарып алу) және оны қысқа мерзімді еске аудару.
Қайта жаңғыртудың ерекше түрі танып білу, яғни қабылданатын объектіні өткен тәжірибеден таныстығын мойындату, теңестіру. Танып білу белгілі әсерді естің сәйкес іздерімен салыстыру операциясына негізделеді. Өз өміріңізде Сіз осы жаңғыртудың түрімен жиі кездесесіз, сонымен бірге емтихандарда да. Тәжірибелі ұстаздың студентпен жақсы ұйымдастырылған өзара әрекет оқу материалы осы жаңғыртудың түрін белсендіре алуы мүмкін.
Тәжірибесіз ұстаз: "Бос сөз айтпаңыз!" - деуі мүмкін. Ал тәжірибелі ұстаз жауап беру кезінде жетекші сұрақтарды қою арқылы танып білу деңгейіне шығарады. Танып білу сұрақ жанама қатынасқа ие болған кезде де ассоциация механизмі көмегімен орындалады. Ассоциативті ес әрекетке түседі: мазмұны бойынша жақын материал тура жауапқа әкеліп соғады.
Реминисценция алғашында (тікелей қайта жаңғырту кезінде) жаңғырта алмағанды ұзақ мерзімде еске түсіру. Нәтижесінде ұзақ мерзімде қайта жаңғыртудың тікелей жаңғыртуға қарағанда жарым-жартылай немесе толық жақсаруы өтеді. Реминисценция әдетте ақпаратты есте қалдырудан 12-36 сағат кейін іске асатын ақпаратты анық, айқын жаңғыртумен байланысты.
Сіздің студенттік өміріңізде емтиханда билеттің сұрағына жауап бере алмай, ал ұстаз танып білу деңгейіне шығара алмай, сонда Сізге емтихан болған аудиториясынан шықаннан кейін керекті сұраққа толық мазмұны өте дәл, толық көлеммен жауап еске күрт келетін жағдайлар болады.