Курс лекций по дисциплине "Психология"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 11:50, курс лекций

Описание работы

Работа содержит курс лекций по дисциплине "Психология" на казахском языке.

Файлы: 1 файл

Психология пәні бойынша қысқаша дәрістер.doc

— 473.50 Кб (Скачать файл)

Жан психологияның пәні деген ойды XVIII ғасыр басталуына дейін, негізгі ойлардың, қазіргі заманғы типіндегі психологияның алғашқы жүйесі қалыптасуына дейін барлық зерттеушілер мойындаған болатын. Адам денесіндегі барлық процестердің, тіпті “жан дүниесінің қозғалысы” себептері ретінде жан деп есептелінген. Жан туралы ойлар идеалистік және материалистік тұрғыда болды.

Орта ғасырлар (V–XVII ғасыр ортасы) ерте ғасырдағы жанға қатысты айтылған ойларды толықтырады. Аристотельдің жан туралы көзқарастары дін маңыздылықта көрінеді. Оларды тұжырымдамалаған Фома Аквинский болды.

Орта ғасырдың аяғында жаңа бағыттар туындады. Жан деп аталатын психикалық құбылыс (феномен) психологияның пәні бола бастады. Жан адам дүниесінен кетуі мүмкін. XVII ғасырда жанды сана ретінде қарастыру бағыт қалыптасты. Сана ассоционизм зерттеуінің пәніне айналды (ассоциация - байланыс), ол сананың жекеленген жақтарын зерттей бастады (сезіну, қабылдау т.б.). Ұқсастық жағынан, контраст жағынан (қабылдау заңдары) ассоциация заңдары бар.

XVIII ғасырдан бастап жанның орнын  сана құбылысы баса бастады, яғни  ол бақылай алады, “өзінен” табады, өзінің “ішкі жан дүниесінен”  осы сана құбылысы арқылы тауып  отырады. Ол жеке тәжірибеміз бойынша әрқайсымызға белгілі еске алу, сезім, тілек, ойлар. Мұндай түсініктің негізін салушы деп Джон Локкты айтуға болады.

XVIII ғасырдың басында ең әуелі  танымдық салада, сонан соң сезім  және ерік саласында барлық жан дүниенің өмірі түрлі әрекеттермен күрделі үйлесімділігі мен үлгілерінің қалыптасуы мен алмасуы процесі деп қарастырылған.

 

2.2 Психологияның жеке ғылым ретінде дамуы. Оның негізгі бағыттарының сипаттамасы

 

XVIII ғасыр ортасында ғылыми психология қалыптасты. Білімнің ғылыми формасы болу үшін зерттеу пәнін анықтап алған жөн. Қандай да бір психологиялық бағытта немесе ғылыми мектепте болмасын психологияда оның зерттеу пәні түсіндірілген және оның мәнін түсінуге болады.

XVIII ғасыр ғылыми психологияның  құрылуы ағылшын эмпирикалық  ассоциативті психологиясының өкілі Д.Гартлидің атымен байланысты. Бірақта оның ерекше гүлденуі XIX ғасыр ортасында болды. Бұл уақытқа Дж.Ст. Мильдің, А.

Тікелей тәжірибе психология пәні ретінде. Психологияның жекеленген тәжірибелік ғылым ретінде құрылуында В. Вундтың бағдарламасы ерекше орын алады. Вундт бойынша психология пәні ретінде бақылау, интроспекция жолымен жеткен субъектінің тікелей тәжірибесі болып табылады. Вундт интроспекция процесін реттеуге ұмтылды. Ол физиологиялық тәжірибе, яғни объективті тікелей тәжірибені, яғни субъективтіні бөліп қарастыра алады, осылайша ғылыми түсініктерде индивид санасының архитектоникасын қайта құра алады. Тәжірибелік (физиологиялық) психологияны қалыптастырамын деген бұл идея оның ойында болған. Вундттың идеясы психологияда құрылымдық мектеп фундаментін қалап берді.

Сананың интенционалды актілері психология пәні ретінде.

Ф. Брентано өзінің зерттеу негізіне сананың белсенділік және объективтілік сияқты сапаларын жатқызады. Психология түйсік пен елестерді ғана емес, субъект жасайтын “әрекет” актілерінде (ойлау, талқылау және эмоционалды бағалау актілері) зерттеуі тиіс. Актсіз объект өмір сүрмейді. Өз кезегінде акт интенция деп аталатын бағытқа жүгінеді. Кейінірек функционализм деп аталған бағытта Брентано жұмыс жасаған.

Психикалық іс-әрекеттің пайда болуы психологияның пәні ретінде. И.М. Сеченов психикалық және физиологиялық пайда болулардың ұқсастығы туралы постулатты қабылдады. Сеченов үшін психикалық актінің нақты бастамасы бар, жалғасы және аяқталу уақыты бар процесс немесе қозғалыс деп түсіну негізгі ой болып саналды. Психологиялық зерттеудің пәні ретінде санада емес (немесе бейсана саласында) қатынастың объективті жүйелерінде таралатын процестер, мінез-құлық процестері болуы керек.

Бейсаналық психологияның пәні ретінде. XX ғасыр басында фрейдизм бағыты пайда болды. Зигмунд Фрейд психология пәні ретінде бейсаналықты сананың жасырын бөлігі деп есептеді. Қажеттіліктер мен мотивтер сирек ұғынылады, қажеттілік - бұл құштарлық, біз өзіміздің мінез-құлқымызды, бір нәрсені орындау тілегімізді, құштарлықты, бейсаналықты зерттеуді түсіндіре алмаймыз. Әрбір адам нені көргісі келсе, тек соны ғана көре алады. Ойлау да, ес те құштарлықпен бейсаналылық жетегіне еріп кетеді, адам әрекеттері терең ниеттенумен басқарылып отырады. Дәл осы терең ниеттену психологиялық ғылымның пәні болуы тиіс. Фрейд психоанализ әдісін ойлап тапты, бұл әдіс көмегімен адамның терең ниеттенуін зерттеуге және оларды басқаруға болады. Психоталдау әдісінің негізі ретінде еркін ассоциация, жаңылуды, түс көруді талдау болып табылады.

З. Фрейд бойынша адам мінез-құлқының тамыры – оның балалық шағында жатыр. Адам қалыптасуы мен дамуы процесіндегі негізгі рөлді сексуалдық инстинктер мен құштарлықтар алады.

Фрейд оқушысы А. Адлер әрбір тұлға мінез-құлқының негізінде сексуалды құштарлық емес, балалық шағында, яғни баланың ата-аналарынан, қоршаған ортаға тәуелділігі жоғары болған уақытта пайда болған өзін-өзі қанағаттанбаушылық сезімі жатыр деп есептеген.

К. Хорнидің неофрейдизмдік тұжырымдамасында ішкі тұлғалық жанжалдар негізінде байқалатын әрбір адамға тән “негізгі мазалануда” мінез-құлық анықталады. Хорни әрбір адамның қажеттіліктері мен олардың қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтарға мән береді.

К.Г. Юнг психика тек ерте балалық шақтың шиеленістерінің әсерінен ғана қалыптаспайды, ол сонымен бірге сонау ғасырлардан келген үлгілерден мұра болып келуі мүмкін. Сондықтан да психиканы зерттеу кезінде “ұжымдық бейсаналық” ұғымын ескерген жөн.

Ақпаратты өңдеу процестері және осы процестердің нәтижесі психология пәні ретінде. Когнитивті бағыт теориясы адам білімі мидың сыртқы ортадан алған ақпараттарымен немесе тумысынан ондағы біліміне ұқсас келмейді деген ойға мән береді.

Когнитивті психология ойлау процестері мен ақпараттың өңделуі процестерінің жүзеге асу жолдарын түсіндіруге тырысады.

Адамның жеке тәжірибесі психология пәні ретінде. Гуманистік психология ғылыми психологиядан алшақтап, басты рөлді адамның жеке тәжірибесіне бұрады. Гуманистік психологтардың пікірінше, адам өзін-өзі бағалай алады және өзінің тұлға ретінде дамуына жол таба алады (өзін-өзі таныту). Бұндай тұрғыдан келудегі субъективтілік адамның өзі туралы ойы мен оның шын мәніндегі жағдайы арасында айырмашылықты орнатуды қиындатады. Осы тұрғыдан келу идеясы психологиялық тәжірибе үшін пайдалы болады, бірақ психология теориясына ешқандай үлес қоспады. Оған қоса, осы бағыт аясында зерттеу пәні тіпті жоғалып та кеткен.

Мінез-құлық психологияның пәні ретінде. Фрейдизммен қатар XX ғасыр басында бихевиоризм “Физиологиялық психологияның” сәтсіз тәжірибелік зерттеулеріне реакция ретінде пайда болды. Бихевиоризм немесе “мінез-құлықтың психологиясы” пәні - мінез-құлық болып табылады. Бихевиористердің (Уотсон, Торндайк) пікірінше, адамның өткен тәжірибесін ескере отырып және қоздырғыш күштерді біле отырып, адамдардың физиологиялық механизмдеріне мән бермей-ақ мінез-құлықтың жаңа формаларының қалыптасуы мен оны игеру процестерін зерттеуге болады.

ішкі себептерін зерттеу мақсатында тышқандарға тәжірибелер жүргізілді.

Американ психологы Дж. Уотсон И.П. Павловтың зерттеулері негізінде игеруде сана ешқандай рөл атқармайды деген қорытындыға келді. Оған психологияда орын жоқ дейді ол. Мінез-құлықтың жаңа формаларын шартты рефлекстер ретінде қарастырған жөн. Олардың негізінде бірнеше тумысынан болатын немесе шартсыз рефлекстер жатыр. Уотсон және олардың қызметкерлері сынау және қателер арқылы игеріп-үйрену теориясын ұсынды. Одан кейін стимул әрекеті мен мінез-құлықтың реакциялар арасында келіп түсетін ақпараттардың белсенді қайта өңдеу процестері өтетіндігі белгілі болып, ол процестерсіз жануарлардың немесе адамдардың жеке стимулдарына беретін реакцияларын түсіндіру мүмкін емес болды.

Іс-әрекеттік бағыт тәжірибеге қандай үлес береді? Мәселен, А.Н. Леонтьевтің зертханасында қабылдау психологиясы зерттелген болатын. Осы зерттеудің негізінде қабылдау формуласы пайда болды. Қабылдау пассивті емес, ол белсенді процесс екендігі анықталды. Осылайша, қабылдаудың жаңа концепциясы пайда болды. Оның негізінде қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша жаңа оптикалық қолданыс құрылды, енді танкистің көздеп атуы танк қозғалсада іске асатыны мүмкін болды. Бұл зерттеулер іс-әрекеттік тұрғы теориясына негізделген.

Тағы бір мысал, Е.Н. Соколовтың зертханасында 5 курс студенті Чингиз Измайлов түсті көрудің психологиялық теориясын ойлап тапты. Осы теорияның негізінде түсті кинескоппен құру мүмкін болды. Кейінірек осы зерттеудің негізінде жапондықтар жаңа кинескоптарды жасау технологиясын құрастырды. Осындай ғылыми-техникалық творчестволық табыстардың негізінде қабылдаудың іс-әрекеттік концепциясы жатыр. Ол ракетаны басқару мәселесін шеше алады (инженерлік психологтардың жұмысы). Осылайша, психология ғылым ретінде прогреске тікелей әсер ете алады.

 

2.3 Психология тарихының кезеңденуі

 

Қандай да болмасын кезеңденудің шартын ескере отырып және осы мәселенің толық өңделмеуін назарға алумен қатар психология тарихының кезеңденуін қарастырған дұрыс. Осы процестің сатыларға бөлінуі үшін негіздеме ретінде мазмұнды критерийлер таңдалды (1-кестені қара).

 

1 кесте. Психология тарихының кезеңге бөлінуі

 

Философия шеңберінде психологияның дамуы

Уақыты

Зерттеу пәні

Маңызды қорытындылар

Б.з.д. VI ғ – б.з.д. V ғ.

Жан

Екі бағыттың қалыптасуы – материализм мен идеализм – пайда болуының түсіндірілуі мен жан дүниенің көрініс табуы. Психикалық процестер мен құбылыстар туралы алғашқы эмпирикалық білімдер – қабылдау, ес, қиял, ойлау, аффект, ерік, мінез, ерекше жағдайлар (түс көру, экстаз).

Мәселені ажыратып көрсету: “Жан мен дене”; “Тумасынан пайда болған немесе жүре пайда болған”, ішкі сезімге сүйену жанды танып-білу әдісі ретінде.

V – XIIIғ.

Философиялық зерттеулер мен медициналық білім аясында жан туралы зерттеулердің дамуы

Томистік психологияның қалыптасуы. Зерттеудің тәжірибелік әдіснамасы-ның басталуы.

 

XIV-XVIғ.

XIV – XVI ғғ ұлы ғылыми жаңалықтар ашу мен анато-мофизиологиялық зерттеулер контекс-тінде жан туралы зерттеулердің одан әрі дамуы

Жан зерттеу пәні және көлеңкелі сондай-ақ психикалық құбылыстарын түсіндіру принциптерінің пәні деген ойдан бас тарту. “Психология” терминінің енуі.

XVII–XIX ғ. ортасы

Сана құбылыстарын бақылау ретінде ішкі тәжірибе

Эмпирикалық интроспективті және ассоционистік психологияның қалыптасуы. Бейсаналық психология туралы түсінік.

Психологияның жекеленген ғылым ретінде дамуы

XIXғ. басы мен XIXғ. 60-жыл-дары

Жүйке жүйесінің және сезім органдарының іс-әрекеті. Физикалық және психикалықтың арасындағы арақа-тынас. Психикалық процестер ағымы, жылдамдығының өзгерісі.

Жекеленген ғылым ретінде психоло-гияның табиғи-ғылыми алғышарт-тарының қалыптасуы.

Эксперименттік әдіс.

Қабылдау мен сезіну фактілері мен теориялары.

Психофизиканың қалыптасуы. Пси-хометрияның қалыптасуы. Рефлекс туралы зерттеулер.

XIXғ. 60-жылдары және XIX ғ. аяғы

Тәжірибенің тікелей мазмұны. Психикалық актілер мен функция-лар. Мінез-құлқын-дағы бейімделу функ-цияларына байла-нысты психика мен сана.

Эксперименттік әдістердің психо-логияға ене бастауы.

Психологиялық теориялық бағдар-ларының қалыптасуы.

Психологияның индивидуалды физиологиялық, табиғи және рухани-ғылыми мәдениет пен тарихқа бағыттала бөлінуі. Психологияда қолданбалы зерттеулердің пайда болуы.

Психологияның жаңа салаларының туындауы.

XXғ. 10-30 жылдар ортасы

Мінез-құлық бүтіндей психикалық құрылым-дар.

Бейсаналылық. Сана оның қоғамдық тарихи шартында. Тарихи пайда болған құнды-лықтармен сәйкес-тігіндегі жан дүниенің мағыналық құрылымы. Бағдарлар. Жоғары психикалық функ-цияның дамуы. Іс-әрекетті психология-лық зерттеу.

Психологиядағы ашық дағдарыс. Шетел ғылымында мектептердің пайда болуы: бихевиоризм, психоанализ, гештальтпсихология, француздық социологиялық мектеп, мағына психологиясы, индиви-дуалды психология, аналитикалық психология және т.б. Кеңес психологиясының туындауы: бағдар теориясы, мінез-құлықтық бағыттар, мәдени-тарихи теориялар, іс-әрекет теориясы.

Кеңестік және шетел психоло-гиясында психотехника мен педологияның дамуы.

Психикалық іс-әрекет пен қозғалғыш актілердің физиологиялық механизм-дері туралы табиғи-ғылыми түсініктердің дамуы.

XXғ. 30-50 жылдар аяғы

Өткен кезеңнің базистік тәсілдердегі эволюциясы.

Ашық дағдарыс кезеңінде ғылыми мектептер эволюциясы.

Необихевиоризм, неофрейдизм. Жаңа салалар мен бағыттарының пайда болуы: генетикалық психология, тұлғаның персона-листік тұжырымдамасы және т.б.

Кеңестік психология туралы пікір-таластар (Павлов зерттеулері мен бекітулер теориясы негізінде ғылымның қайта құрылуы). Кеңестік психологияда іс-әрекет теория-сының дамуы.

XXғ. 60ж. аяғы.

Пәндік салалардың дамуы. Бағыт-бағдарлану процесі. Когнитивті құрылымдар және олардың мінез-құлықтағы рөлдері.

Тұлға.

Шетел психологиясында жаңа бағыттардың туындауы: гуманистік психология, логотерапия, когнитивті психология.

Кеңес ғылымында ақыл-ой әрекет-тері мен ұғымдардың сатылап қалыптасу теориясының туындауы.

Психология пәні туралы және бейсаналылық, қарым-қатынас мәселелері бойынша кеңестік психологиядағы пікір-таластар.


 

Бақылау сұрақтары:

1. Антикалық дәуірде “Жан” қалай  түсіндіріледі?

2. Ғасыр ортасында психология  пәні ретінде нені айттық?

3. К. Юнг “ұжымдық бейсаналылық” ұғымына қандай мағына берген?

4. Бихевиоризм және необихевиоризмнің  айырмашылығы неде?

 

 

 

 

 

 

Дәріс 3

 

Психика эволюциясы мен оның пайда болуы

 

  1. Психология тарихындағы психиканың шығу тегін қарастыру
  2. Психиканың пайда болу кезеңдері (А.Н. Леонтьев бойынша).
  3. И.П. Павловтың жоғарғы жүйке әрекеті туралы ілімі және сананың психиканың жүйе құрушы белгісі ретінде дамуы.

 

3.1 Психология тарихындағы психиканың

шығу тегін қарастыру

 

Психиканың туындауын дамудың белгілі бір кезеңінде тіршілік иесінің кеңістікте белсенді орын ауыстыруға қабілеттілігнінің қалыптасуымен байланыстырады, осының барысында қажеттіліктердің қанағаттандырылуы қоршаған ортадағы алдын ала керекті заттарды іздестіруден басталуы тиіс белсенді қозғалыстар арқылы жүзеге асырылады. Тіршілік иелерінің эволюциялық дамуында психиканың елеулі түрдегі өзгерісі байқалады, бұл олардың қоршаған ортамен өзара әрекетіне негізделген. Бұл өзгерістер биологиялық және қоғамдық-тарихи негізде болуы мүмкін. Психиканың өзі сезіну қабілеті ретінде тіршілік иелерінің тітіркенуінен пайда болды және олардың жүйке жүйесінің құрылуына және дамуына байланысты өркендеді.

Жануарларда елеулі түрде жаңа деңгей – сезгіштік, яғни ағзаның абиотикалық факторларға жауап беру қабілеті пайда болады. Егер сол өзенге қатысты көрсетілген мысалды қарастырсақ, онда жануар өзеннің даусынан әсер ала отырып (абиотикалық фактор), өзенді оның арнасы өзгерген жағдайда да және өзен таудың арғы жағында болса да, тауып алады. Жануарлардың абиотикалық факторларға жауап беруі – сезгіштік – бұл психиканың бастамасы болып табылады.

 

3.2 Психиканың пайда болу  кезеңдері

(А.Н. Леонтьев бойынша)

 

Психика дамуының І-кезеңі – қарапайым сенсорлы психика (лат. тіл. ауд. sensor – сезгіштік) сезгіштіктің қарапайым түйсінулер шегінен шықпайтын, қарапайым элементтерімен анықталады. Бұл кезең жануарлар ағзасының сыртқы әлем заттарымен күрделі манипулятивті қозғалыстарын жүзеге асыратын арнайы мүшесінің пайда болуымен байланысты. Бұл мүшелер арқылы төмендегі жануарларда бас сүйектері қалыптасады, олар қолдың қызметін атқарады және ұзақ уақыт бойында қоршаған ортамен манипуляциялану мүшесі ретінде қолдың қызметін атқарып отырады. Бұл кезең 2 деңгейді қамтиды:

1. Төменгі деңгей (суда өмір сүретін қарапайым, төменгі көп жасушалы ағзалар). Тітіркенушілік дамыған, сезімталдықтың қарапайым элементтері бар. Жүріс-тұрысы: ортаның биологиялық маңызды қасиеттеріне қозғалыс бағыты мен жылдамдығының өзгерісі арқылы айқын реакциялары; қалыптаспаған жауап беру қабілеті; әлсіз, мақсатқа бағытталмаған қозғаушы белсенділік.

Информация о работе Курс лекций по дисциплине "Психология"