Курс лекций по дисциплине "Психология"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 11:50, курс лекций

Описание работы

Работа содержит курс лекций по дисциплине "Психология" на казахском языке.

Файлы: 1 файл

Психология пәні бойынша қысқаша дәрістер.doc

— 473.50 Кб (Скачать файл)

Танымдық және эмоциялы-ерік психикалық процестер белгілі бір заттар мен құбылыстарға бағытталған. Зейін психикалық процестің обьективті бағыты ретінде де, сананың да бір жағы болып қарастырылуы мүмкін.

Сана обьективті бола келе, саналы түрде индивидтің өзі ретінде, басқа адамдарға да тіл арқылы жетеді. Ойды жеткізу формасы ретінде тіл арқылы адам өзін басқа табиғаттан бөле алады, табиғат заңдылықтарын ашып, тәжірибеде оларды қолдана алады. Сана – адам индивидінің негізгі анықтамасы.

Сана қасиеті. С.Л. Рубинштейн сана қасиетін төмендегідей бөлді: қатынасты құру; тану; әсерленушілік. Сананың әр актісі тек тану арқылы немесе тек әсерленушілік немесе тек қарым-қатынас арқылы болуы сирек кездеседі; осы үш компонентті жиі қолданады. Бірақ осы компоненттің әрқайсысының көріну дәрежесі әр түрлі. Сондықтан сананың әр актісі осы үш маңызды психологиялық категориясын координат жүйесінің нүктесі ретінде қарастыруға болады.

Сананың механизмін талдай келе, ми метафорын жеңу маңызды. Сана жүйе іс-әрекетінің нәтижесі мен өнімі болып табылады, тек ми емес сонымен қатар оған индивид те қоғам да жатады. Сана «мүшенің функциялы суперпозициясы» ретінде болуы тиіс.

Санаға: реактивтілік; сезімталдылық; диалогизм; полифондық; даму спонтандылығы; рефлексивтілік қасиеттері тән.

Сана функциялары. Сананың негізгі фукцияларына жататындар: шағылысатын, таңқалдыратын (творчестволық, креативті); регулятивті-бағалаушы; рефлексивті; рухани.

 

6.2 Сана және бейсананың  өзараәрекеті

 

З. Фрейдтың пікірінше адам психикасы айсберг тәріздес болады және судан төбесі ғана көрінеді – ол біздің санамыз. Бірақ негізгісі судың астында жатыр, және ол бейсана болып табылады. Осы - бейсана ұғымын осы адам енгізді.

З. Фрейдке келісе отырып, бейсана дегеніміз – «сана саласынан бейсана саласына ығыстырылатын, елігудің қара қазаны» қорғаныс реакциялары болып табылады. Эмоциялы жағдайды құрайтын біздің ниеттенуіміз бейсанада пайда болады.

Қазіргі заманның ғылымдары бейсана көрінісін төрт топқа бөледі:

1. Санаүсті – творчестволық  тапсырмаларды шешуде, тұлғаның  психикалық белсенділік деңгейінің  жеке саналы-ерік бақылауына берілмейтін  құбылыс.

2. іс-әрекет түрткілерінің ұғынылмайтын (мән бағдары мен саналанбайтын мотивтер) тұлғалық мәні бар болашаққа ниеттенуі.

3. Іс-әрекетті орындау тәсілдерін ұғынылмайтын басқарушы (автоматтандырылған мінез-құлықтың стереотиптері мен операциялық бағдарлар), оның жүруіне тұрақты және бағытталған мінезінің қамтамасыз етілуі.

4. Субсенсорлық қабылдау көрінісі  – іс-әрекеттің психикалық бейнеленуінің  тікелей формасы.

Қазіргі уақытқа дейін мидың тұтас әрекет принциптері толық жеткілікті зерттелмегендігіне қарамастан, физиологиялық фактілерге сүйене отырып, нейрофизиологиялық процестің жалпы ерекшеліктерін бөлуге және адамның жоғарғы жүйке іс-әрекетінің саналы және бейсаналы көрінісінің пайда болуын айтуға болады.

Рецепторларға әсер ете келе, тітіркендіргіштер, ми қатпарының проекциялық саласында тоқ арқылы жауап беру афференттік белгілердің пайда болуына әкеліп соғады. Ағзаның ұйқы кезінде болғандағы жауабын тоқ арқылы тіркеуге болады. Осының салдарынан, оның орындалуын сананың қатысуынсыз жүзеге асыруға болады. Миды бағалаудан кейін түскен ақпараттар, жауап беру реакциялары әр түрлі болуы мүмкін:

- егер түскен сигнал ағза  үшін мәнді ақпарат болмаса, бейсаналық  деңгейдегі бағдарламаның қалыптасуы  сол сигналға сыртқы жауап  беру реакцияларының тоқталуына  әкеліп соғады. Бұл жағдайда сигнал  алғашқы биоэлектрлік жауапты көрсетеді және екінші биоэлектрлік белсенділікті сигналды түсінусіз және ағзаның басқа реакциялары арқылы көрсетеді.

- егер алғашқы бағалау сигналы  түскен ақпараттар ағза үшін  маңызды болса және жауап беру  реакция үшін сол сигналға  барлық ОЖЖ (орталық жүйке жүйесі) іс-әрекетінің қосылуын талап етіледі. Іс-әрекетке барлық ОЖЖ қосылады. ЭЭГ (электрлік-энцефаллограмма) десинхронизацияда көрінетін, «ояну реакциясы» пайда болады. Тек осы жағдайда сигналды түсініп және жауап беру реакциясы оған сананың қатысуымен жетеді. Субьективті түрде ол бір-ақ сәтте көрінеді.

Бейсана деңгейінде түрлі шартты – рефлекторлық реакциялар пайда болуы мүмкін, сонымен қатар екінші сигналды жүйенің қатысуымен пайда болады. Ми сананың қосылуына дейін сөздік және түрлі сигналдарды талдауға қабілетті. Адамның ЖЖӘ (жүйке жүйесінің әрекеті) саналы және бейсаналы көрінуі тұтас ми құрылымымен жүзеге асады.

2. Мидың биоэлектрлік белсенділігінің  өзгеруі мінезіне байланысты, реакциялардың саналы және ұғынылмайтынның арасындағы айырмашылық ми белсенділігінің «жақандану» дәрежесінен құралады. Егер реакцияға ми қатпары және ми қатпары асты нейрондардың бірнеше саны көрінсе, осындай реакциялар бейсаналы болып табылады. Егер жауап беру реакцияларына барлық гиганттық ми қатпары мен ми қатпары асты нейрондардың супержүйелері қосылса, барлық ОЖЖ-нің тереңдетілген белсенділігі арқылы реакция жүреді, ал ол сананың қатысуымен жүзеге асады. Адамның барлық ЖЖӘ екі деңгей арқылы – бейсаналы және саналы түрде жүреді және оларда екімүшелік құрылым бар.

Бейсаналық деңгейде болатын процеспен сананың пайда болуын қамтамасыз ететін процесс арасында «динамикалық тепе-теңдік» болады. Бұл тепе-теңдік мидың функционалдық жағдайының өзгеруінде сол немесе басқа жақтарға жылжытылады. Егер миға түскен ақпараттар бейсаналық талдауда олардың үздіксіз әрекетін тоқтатса, сана функциясының өзі де мүмкін емес жағдайға жетеді. Бейсаналық деңгейде сау адамның ішкі мүшелерінің шартты-рефлекторлы іс-әрекеттері жүреді.

Сонымен, бейсаналық санаға, тұтасқа бөлік ретінде жатады, ол ағзаның барлық реакцияларының алғашқы өздік емес звеносы ретіндегі бірінші сатысы болып табылады. Оның іс-әрекеті санаға және сананың бағындыруына бағытталады, сондықтан сана адам мінез-құлқының жоғарғы реттеуіші қызметі болып табылады.

 

6.3 Адам санасының күйі

 

Дәстүрлі психология сананың екі күйін мойындайды: сергектік (сананың белсенді кезі) және түс көру (демалыс кезі). Сонымен қатар, медитация – сананың ерекше күйі ретінде қарастырылады, адамның тілеуіне байланысты өзгеруі мүмкін. Егер адам физикалық немесе психологиялық жағынан нашақорлық, ішімдік, басқа да химиялық заттарға тәуелді болған жағдайда сананың патологиялық өзгерісі пайда болады – яғни абсинентті синдром (өзгерту) пайда болады.

Түс көру – субьектінің айналасындағы әлеммен белсенді психикалық белсенділіктерінің жоғалуымен сипатталатын, физиологиялық күйі. Түс көру жоғарғы жануарлар мен адамдар үшін өмірлік қажет болып табылады.

Ұзақ уақытқа дейін түс көру өзімен бірге белсенді түрдегі қызметтен кейінгі демалысты, ми клеткаларының толық қалпына келуін бейнелейді. Дегенмен соңғы кездері түстің биологиялық мағынасы кеңінен қарастырылуда. Біріншіден, ми белсенділігі адамның жұмыс кезіндегіден қарағанда, түс көру кезіндегісі жоғары болып табылады. Ми құрылымының нейрондарының белсенділігі түс көру кезінде жоғарылайды және түс көру кезінде вегетативті функциялардың белсенділігі байқалады. Осының барлығы түсті белсенді физиологиялық процесс, өмір сүрудің қарқынды күйі болып табылады.

Ұйқы кезінің басқа бір көрсеткіші болып белсенді мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің қабілетін жоғалтуы болып табылады.

Обьективті түс күйі ЭЭГ тіркеу кезінде анық байқалады. Түс кезінде ЭЭГ-де өзгеріс пайда болады және ол бірнеше кезеңнен өтеді. Адам сергек кезінде төменгі амплитуда жоғары жиілілік ЭЭГ белсенділігімен (бета-ритм) сипатталады. Көзді жұмғанда және жайбарақат кезде бұл белсенділік альфа ритмнің кіші амплитудасына ауысады. Осы кезеңде адам ұйқыға кеткенде, ол бейсаналық күйге батады.

Осы кезде ояну жеңіл болып келеді. Бірнеше уақыттан кейін альфа толқындар жинала бастайды. 30 минуттан кейін олар жоғары амплитутты жәй тета-толқындар кезеңіне ауысады. Бұл кезеңге ену қиынырақ болады. Бұл кезең вегетативті көрсеткіштердің өзгеруімен ере жүреді: жүрек қағу жиілігі қысқарады, дене температурасы, қан қысымы төмендейді. Тета-толқындар кезеңі жоғары амплитудты аса баяу дельта-толқындармен ауысады. Бейсаналық күй тереңірек болған жағдайда, дельта-толқындар амплитуда және жиілік жағынан жоғарылайды. Дельта – түс бұл ұйқының терең кезеңі. Жүрек қағысының жиілігі, артериалды қысым, дене температурасы осы фазада минималды мағынаға жетеді.

Осы өзгерістер ЭЭГ түс кезеңін «баяу толқынды» құрайды, ол 1-1,5 сағатқа созылады. Бұл кезең сергек кездегі жағдайға тән (бета-ритм), ЭЭГ төменгі амплитутты жоғарғы жиілікті белсенділіктің көрінуімен ауысады. Бұл кезең терең ұйқы фазасында көрінеді, ол «парадоксальді» немесе «жылдам толқынды» ұйқы деп аталады.

Түс табиғатына тікелей қатынасы бар маңызды жағдай мидың ретикулярлы құрылымы мен лимбико-гипоталамустың арасында реципрокты қатынастың құрылған фактісі болып табылады. Мидың лимбико-гипоталамустық құрылымының қозуында ми діңінің ретикулярлы формациясының құрылымы тежелінеді және қайта болады.

Салдарынан, сергек және түс күйі арнайы архитектонды, өзіндік бір ми қатпары - ми асты қатпарының өзарақатынасы арқылы сипатталады.

Түс күйінде сенсорлы ақпараттардың түсуінің аздығынан ми қатпары ретикулярлы формациясының шығарылатын белсенді әсері төмендейді, осының салдарынан маңдай қатпарының гипоталамустың артқы жақ түс орталығының нейрондарына тежелу әсері нәтижесі орнына қойылады. Осы нейрондар, кезекте, ми дінінің ретикулярлы формациясы белсенді түрде тежелуі басталады.

Гипоталамустық орталықтар мидың лимбикалық құрылымының морфофукционалды байланысы ми дінінің ретикулярлы формация әсерінің болмауында, ми қатпарының белсенді әсер етуі мүмкін.

Жоғарыда қарастырылған механизмдер П.К. Анохин көрсеткендей, түс теориясының ми қатпары - қатпар астын құрайды. Бұл теория түс көрудің барлық түрлерін және оның бұзылуын түсіндіруге көмектесті. Түстің қандай да бір себебі бар болса да, түс күйі маңызды механизміне – ми қатпарының ретикулярлы формациясының белсенді әсерінің төмендеуімен байланысты.

Түс көрудің дамуында ми қатпары ретикулярлы формациясының шығарылатын белсенді әсері төмендейді, осының салдарынан маңдай қатпарының гипоталамустың артқы жақ түс орталығының нейрондарына тежелу әсері нәтижесі орнына қойылады.

Жаңа туылған баламен, ми қатпарынсыз жануарлар түс көруі, маңдай қатпар әсері, түстің гипоталамустық орталығына әлсіз көрінуі болып табылады. Жаңа туылған балада шаттықтың қозу орталығы арқылы ғана гипоталамустың латеральды ядросында орналасқан ұйқының орталық белсенділігі тежелеуде кезеңдеп үзіледі. Осымен ми қатпарына ретикулярлы формацияның шығатын белсенді әсерінен түсетін жағдайлар құрылады. Жаңа туылған бала оянып, өзінің тамақтану қажеттіліктерін қанағаттандырмайынша аштық орталығының белсенділігін төмендетпейінше сергек күйде болады.

Ми қатпары - қатпар асты түс теориясы көптеген түс көрудің бұзылуымен түсіндіріледі. Мысалы, ұйқысыздық темекі тарту әсеріне, ұйқы алдында творчестволық жұмыстың әсерінен ми қатпарының қайта қозуының салдары ретінде жиі пайда болады.  

 

Бақылау сұрақтары

  1. Адам санасы нені білдіреді?
  2. Сана адамның  іс-әрекетінің психикалық қандай формасын енгізеді?
  3. Бейсаналықтың қандай көріністері сізге белгілі?
  4. Сана мен бейсананың өзараәрекетінің қандай көріністері белгілі?
  5. Ұйқының негізгі фазаларын айтыңыз?
  6. Ұйқының биологиялық мағынасы нені білдіреді?

 

 

 

 

 

 

Дәріс 7

 

Психикалық танымдық процестердің жалпы сипаттамасы

 

  1. Психикалық танымдық процестер ақпаратты өңдеудің бір жүйесі ретінде.
  2. Ақпараттың бұрмалануы мәселесі.

 

7.1 Психикалық танымдық  процестер ақпаратты өңдеудің бір жүйесі ретінде

 

Кез-келген танымдық процесс бейнелеу және реттеу қызметін атқарады. Бірақ бейнелеу қызметінен басым процестер (танымдық процестер) және реттеу қызметінен басым психикалық процестерді (эмоция, ерік) бөліп көрсетуге болады.

Танымдық процестер жүйесіне (ТПЖ) келесі процестер кіреді:

  1. түйсік және қабылдау
  2. зейін
  3. ес
  4. қиял
  5. ойлау
  6. сөйлеу
  7. эмоция

ТПЖ-нің барлық құрауш блоктары үнемі өзара әрекеттесу процесінде болады және танымдық іс-әрекеттің бірлігін қамтамасыз етеді. ТПЖ өзара әрекеттесу процесінде үнемі аралық нәтижелер көрінеді.

 

7.2 Ақпараттың бұрмалануы  мәселесі

 

2-суретте ТПЖ бірінші  блогынан екіншісіне ауысқандағы  ақпараттың қандай өзгерістерге  ұшырайтыны көрсетілген (синусоида түрінде кестеде бейнеленген). ТПЖ жұмысының соңғы нәтижесі алынған материалға сәйкес келеді, бірақ оның тура көшірмесі болмайды (кестеде ұзын сызықтармен бейнеленген). Сонымен, танымдық процестер жүйесінің жұмысы адамның обьективті шындықты адекватты субъективті бейнелеуін қамтамасыз етуден тұрады.


 

 

 

 

 


 

 


 


 

 

 

 

 

2-сурет. Психикалық танымдық процестердің  өзара тәуелділік схемасы.

 

Қабылдау тек тітіркендіргіштерге ғана емес, сонымен бірге оны қабылдайтын субъектіге де қатысты. Басқаша айтқанда, қабылдау субъективті болады. Әрбір адам заттан нені көргісі келеді, соны көреді. Бұл жерде қабылдаудың нәтижесі ретінде зат пен бейненің обьективті негізделген сәйкессіздігі туындайды. Бұл өңдеу деңгейіндегі ақпараттың бірінші бұрмалануы. Ол қандай да бір затты қабылдау кезінде өткен қабылдау ізінің белсенді болуымен детерминантталады. Қабылдау субъектінің өткен тәжірибесіне тәуелді. Адамның тәжірибесі неғұрлым бай болса, онда соншама көп білім болады, соғұрлым қабылдауы бай, заттан көп нәрсе көре алады. Қабылдаудың мазмұны адам іс-әрекетінің алдына қойған міндеттері және мотивтерімен анықталады. Қабылдау процесіне қабылдаудың мазмұнын өзгерте алатын эмоция да қатыса алады. Эмоциялық реакциялар мен қабылдаудың маңызды рөлі бірқатар әр түрлі эксперименттермен дәлелденеді.

Информация о работе Курс лекций по дисциплине "Психология"