Курс лекций по дисциплине "Психология"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 11:50, курс лекций

Описание работы

Работа содержит курс лекций по дисциплине "Психология" на казахском языке.

Файлы: 1 файл

Психология пәні бойынша қысқаша дәрістер.doc

— 473.50 Кб (Скачать файл)

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Қабілеттіліктің дамуы қандай факторларға байланысты?
  2. Қабілет пен нышанға анықтама беріңіз.
  3. Дивергентті ойлау дегеніміз не?
  4. Шығармашылық дарындылық құрылымына не кіреді?
  5. Дарынды балалардың өзгеше айырмашылықтары бар ма?

 

 

Темперамент және мінез

 

  1. Темперамент алғашқы индивидтің қасиеттер жиынтығы ретінде
  2. Темперамент теориялары
  3. Мінездің қалыптасу мәселелері

 

Темперамент – тұлға қалыптасатын биологиялық фундамент. Ол мінез-құлық аспектісінің динамикасы және ол үш жасқа дейін, яғни балалық шақта анық байқалады.

В.С. Мерлиннің пікірінше, темпераменттің қасиеттері индивидуалды ерекшеліктері, олар:

  1. толығымен психикалық іс-әрекет динамикасын реттейді;
  2. жеке психикалық процестердің ерекшеліктерін сипаттайды;
  3. тұрақты және қалыпты сипатқа ие;
  4. темперамент типін сипаттайтын қатаң заңдылықтармен қатынаста болады;
  5. жүйке жүйесінің ортақ типі біркелкі шартталған.

Мынаны білу қажет, егер индивидуалды динамикалық ерекшеліктерде темперамент ерекшеліктері көрінсе, онда ол іс-әрекеттің ешқандай объективті мазмұнымен келіспейді. Сондықтан болар, В.С. Мерлин темперамент қасиетін психологиялық дәстүрде тұлға қасиетіне жатқызбады. Оның пікірінше, темперамент қасиеті тұлғаны емес, индивидуалдылықты сипаттайды.

 

17.1 Темперамент алғашқы  индивидтің қасиеттер жиынтығы ретінде

 

Темперамент (лат. temperamentum – келбетке қатысты тиістілік, tempero – тиісті байланыста араласу) – индивидтің психикалық іс-әрекетінің динамикалық ерекшеліктер сипаты, яғни психикалық процестердің темпі, жылдамдығы, ритмі интенсивтілігі және осы іс-әрекетті тудыратын жағдайы.

Темпераменттің ішкі құрылымдық талдауы темпераментте (оның психологиялық сипатында) сыртқы көріністің бір мазмұны және бір жүйесі болмауынан біршама қиындықтарды көрсетеді. Осындай талдаулардан кейін темпераменттің үш негізгі жетекші компоненттерін бөліп көрсетеміз, индивидтің жалпы белсенділігі аймағына, оның қимылына және оның эмоциялығына қатысты болып бөлінеді. Бұл компоненттердің әрқайсысы өз кезегінде психологиялық көріністердің күрделі құрылымдары мен әр түрлі формаларын көрсетеді.

Темперамент құрылымында индивидтің жалпы психикалық белсенділігін көрсететін компонент кең мағынаға ие. Бұл компоненттің мәні тұлға тенденцияларының өзіндік көрінісі, сыртқы шындықты тиімді меңгеру мен жетілдіруге негізделген; әрине, бұл бағыт негізінде осы тенденцияларды тарату сапасы мен деңгейі тұлғаның басқа ерекшеліктерімен, яғни оның интеллектілі және характерологиялық ерекшеліктерімен, оның қатынастары мен мотивтер комплексімен анықталады. Белсенділік деңгейлері бұл инерттілік және бір полюстен энергияның жоғары деңгейіне дейінгі пассивтіліктің жетілуі, әрекетке күшті ұмтылыс және әлсіздіктен бастап үнемі көтерілу деп бөлінеді.

Темперамент іс-әрекетте көрінеді: индивид оны жылдам немесе баяу орындауы мүмкін. Сондықтан темпераментті іс-әрекеттің динамикалық жағы деп қарастыруға болады. Ол көбінесе тұлға диагностика сынақ процесінде зерттеледі.

 

17.2 Темперамент теориялары

 

Мінез-құлықтағы темпераменттің пайда болуы туралы сұрақ факторлар туралы сұрақпен тығыз байланысты. Тұлға туралы зерттеу тарихында осы сұраққа қатысты үш негізгі жүйені бөліп көрсетуге болады.

Темпераментті ағзаның ішкі сұйықтарымен байланыстыратын гуморалды теориялар ең ежелгі болып табылады. Темперамент теорияларының ең айқын тобының жіктеүі Гиппократ зерттеулеріне негізделген. Оның айтуынша, ағзаның өмірлік іс-әрекетінің деңгейі адам ағзасындағы төрт сұйықтық – қан, өт, қара өт және сілекей (лимфамен, флегмамен) сәйкестендіруімен анықталады. Осы сұйықтар сәйкестендіруі әр ағзаға индивидуалды болады, олар грек тілінде "красис" (қоспа, үйлесім) терминімен белгіленді, ол латын тілінде "temperament" деп айтылады. Гиппократ теориясының негізінде сұйықтықтардың мөлшеріне олардың ағзадағы болжамдылық басымдылығына байланысты темпераменттің төрт типі туралы ілім қалыптасып, темпераменттің негізгі типтеріне атау берілді: сингвиник (латын сөзі sanguis – қан), холерик (латын сөзі chole - өт), меланхолик (грек сөзі melaina – қара өт) және флегматик (грек сөзі phlegma - сілекей).

Осы темперамент типтерінің жаңа психологиялық сипатын алғаш неміс философы И. Кант өзінің талқылауында темперамент және мінезді келбеттің қоспаларын түсіндіру арқылы жалпылап, жүйелендірді. ("Антропология", 1789). Кант темпераменттің органикалық негізі қанның сапалық ерекшеліктері деп,

Бірақ тұлғаны тәжірибелік (соның ішінде психологиялық-педагогикалық) зерттеуде темпераменттің төрт негізгі типін бөлу және олардың психологиялық сипаттары жеткілікті негіз бола алады. Осыған байланысты, сангвиник темпераментіне жоғары жүйке-психикалық белсенділік, ишаралық қимылдардың әр түрлілігі және көптігі, эмоциялық, әсерлілік және лабилділік тән. Сонымен бірге, сангвиниктің эмоциялы қобалжуы терең емес, ал оның теріс тәрбиелік әсерлерге жылдамдылық тұрақтылығының жоқтығын көрсетеді.

Холерик темпераментіне жүйке-психикалық белсенділігінің жоғары деңгейі және іс-әрекетінің қуаты, жылдамдық және қимылының шапшаңдығы, сонымен бірге импульсивтілік және эмоциялы қобалжуының айқын көрінуі тән. Холериктің жеткіліксіз эмоциялы және қимыл-қозғалыстық тұрақтылығы эмоциогенді жағдайларды өзін-өзі бақылауға қабілетсіздігі, ұстамсыздық, қызбалылық көрінуі мүмкін.

Флегматик темпераментіне мінез-құлық белсенділігінің деңгейі салыстырмалы түрде төмен, іс-әрекеті, ишара мен сөзі баяу және бірқырлы жүреді, сезімі мен көңіл-күйінің тереңділігі және тұрақтылығы тән. Флегматикке теріс тәрбие әсер етсе, оның теріс қырлары – босаңдық, эмоциясының нашарлығы және әлсіздігі байқалады.

Меланхолик темпераментіне мінез-құлықтың жүйке-психикалық белсенділік деңгейі төмендігімен байланысты, қимыл мен сөйлеудің тоқтап қалуы және тұншығуы, біршама эмоциялы реактивтілік, сыртқа әлсіз көрінетін сезімнің терең және тұрақтылығы тән. Меланхоликте бұл ерекшеліктер тәрбиелік әсердің жоқтығынан эмоциялы жарақаттың жоғарылауы, тұйықтық және жаттану, өмірлік жағдайларда ішкі ауыр қобалжуларға бейімділік дамуы мүмкін.

Келтірілген мәліметтер, тұлғаның қалыптасу жағдайында темпераменттің әрбір типі оң және теріс психологиялық қырларды: «жақсы» немесе «жаман» сипаттайды. Тек оң немесе теріс темперамент кездеспейді.

Темперамент құрылымында мәдени компонент бар екенін айта кету керек. «Мимино» фильмінде, мысалы, басты рөлдегі В. Кикабидзе өзін флегматик ретінде, ал Ф. Мкртчян – холерик ретінде көрсетеді. Бірақ керек жағдайда темпераменттің басқа типін көрсетуге болады. Кикабидзе «Мәскеу» қонақүйіндегі мейрамханада лезгинка билегенде, холериктік типті көрсетеді. Бұл – мысал мәдени факторды көрсетеді.

Темперамент ерекшеліктерінің қалыптасуы тұлғаның еріктік қасиеттерінің дамуына тәуелді, темпераментті тәрбиелеуге мінездің моральды-еріктік жағының қалыптасуы әсер етеді. Өз мінез-құлқыңды басқару бір жағынан темпераменттің сапасын жағымды қалыптастырады, басқа жағынан – мінез қалыптасады.

Мінез тұқым қуаламайды және тұлғаның туыла берілетін қасиеті емес, сонымен бірге тұрақты және өзгермейтін қасиет болып табылмайды. Мінез өмір шартының әсерінен темперамент негізінде қалыптасады. Мінезде темпераменттің қырлары өзгертілген түрде көрінеді. Оларды адамдар түсінеді және қабылдайды немесе қабылдамайды. Мінез қоршаған орта әсерінен, адамның өмірлік тәжірибесінен, оның тәрбиесінен қалыптасады және дамиды. Бұл процеске әсер ететін, біріншіден, қоғамдық-тарихи жағдайлар (әрбір адам нақты бір тарихи қоғамда өмір сүреді, нақты бір әлеуметтік ортада солардың әсерінен тұлға болып қалыптасады) және екіншіден, индивидуалды-өзіндік ерекшеліктер жағдайы (әрбір адамның өмір сүру шарты және іс-әрекеті, оның өмірлік жолының өзіндік ерекшелігі және қайталанбастығы). Сондықтан, әрбір адамның мінезі оның қоғамдық болмысымен және жеке даралығымен анықталады. Осыған байланысты индивидуалды мінездердің шексіз әр түрлері болып келеді. Дегенмен, бірдей жағдайда өмір сүріп және дамыған адамдардың өмірі мен іс-әрекетінде ортақ нәрселер болады, сондықтан мінездерінде көптеген жалпы жағдайлар мен ерекшеліктер бір-бірімен ұқсас келеді. Әрбір адамның мінезі жеке және типтік жағынан ерекшеленеді. Әрбір қоғамдық-тарихи дәуір мінездің қырларын қалыптастыра отырып, адамдардың дүниетанымына әсер ететін өмірдің жалпы әдет-ғұрыпын және қоғамдық-экономикалық қарым-қатынасын сипаттайды.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Мінез типологиясы деп нені айтамыз?
  2. Э. Кречмер бойынша мінез типологиясының өзі нені ұсынады?
  3. Қандай темперамент теориясы морфологиялыққа жатады.
  4. Жоғары жүйке іс-әрекетінің қандай типтерін сіз білесіз?
  5. Мінез құрылымына не кіреді?

 


 



Информация о работе Курс лекций по дисциплине "Психология"