Курс лекций по дисциплине "Психология"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 11:50, курс лекций

Описание работы

Работа содержит курс лекций по дисциплине "Психология" на казахском языке.

Файлы: 1 файл

Психология пәні бойынша қысқаша дәрістер.doc

— 473.50 Кб (Скачать файл)

Немесе келесі мысал. Кешке оқығанды Сіз таңертең анық еске түсіресіз. Себебі реминисценцияға тән латентті кезең (ақпаратты сақтау мен қайта жаңғырту арасындағы уақыты) өтті. Бұны ауқымды ақпаратты  ұғынусыз еске сақтау мақсаты болған кезде есепке алу қажет. Сонда латентті кезеңді есептеп және емтихан алдында 12-13 сағатта бүкіл материалды қарастыруға, дәлірек айтқанда сканерлеуге болады.

Кейде жақсы зерттелінген материялды Сіз емтиханда еске түсіре алмайтын уақыт та болады, себебі оны есте қалдыру мен сақтауға емтихан уақытының тым жақын болуынан.

Ұмыту деп қайта жаңғырта алудың мүмкін еместігі ретінде, табылған ақпаратты практикалық іс-әрекетте қолданбау мен пайдаланбау ретінде түсініледі. Бірақ ол белгілі жағдайда жаңғырта алады.

 

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Ес қандай процестерді қамтиды?
  2. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ес қалай өзара әрекеттеседі?
  3. Психолог тәжірибесінде ес заңдылықтары туралы білімді қалай қолдануға болады?

 

Дәріс 10

 

Ойлау ақпаратты өңдеудің жоғары деңгейі ретінде

 

  1. Ойлау туралы түсінік
  2. Ойлау процесс және әрекет ретінде
  3. Ойлау түрлері
  4. Ойлау және қиял

 

10.1 Ойлау туралы түсінік

 

Ойлау – танымдық процестердің барлық жұмысының мұраты; ақпаратты өңдеудің ақырғы, үшінші деңгейі. Ойлау басқа танымдық процестердің барлық бұрмалауларын түзетеді.

Ойлауды әдетте психологияда адамның болмысты, оның мәнді байланыстары мен қатынастарымен қоса, жанама және жалпылай бейнелеуі ретінде анықтайды. Сондықтан ойлаудың басты қызметі адам санасындағы әлем суретін жүйеге келтіруден тұрады. Егер солай болса, адам ойлау субъектісі болады, бұл танымдық процесс оның қажеттіліктерімен алдын ала белгіленген, ал нақты адам дүниетанымы оның қажеттілікті-мотивациялық сферасымен детерминацияланады.

Ойлауды процесс ретінде, ал ойды сол процестің нәтижесі ретінде қарастыру қажет.

 

10.2 Ойлау процесс және  әрекет ретінде

 

Ойлау процесі екі негізгі тәсілмен жүзеге асырылады:

1) ұғымдарды қалыптастыру және  меңгеру;

2) мәселелерді шешу.

Ұғымдарды қалыптастыру – бұл жай «ұқсас» нәрсені «ұқсас емес» нәрседен айыра білу. Ұғымдарды меңгеру – нәтижесінде субъектің ұғымдарының әрқайсысына тән белгілерін танып үйрену процесі.

Мәселелерді шешу айтарлықтай дәрежеде ұзақ мерзімді есте сақталатын меңгерілген ұғымдарға сүйенеді.

Мәселені шешу барысында әдетте 4 негізгі сатыны бөліп көрсетеді:

І – «түсініксіз нәрсені ұғыну», яғни сұрақ, мәселе, міндеттерді көріп, қалыптастыру. Сұрақтардың болмауымен сипатталатын «бастапқыдан түсінікті болу» жағдайы – ой жұмысы болмауының көрсеткіші;

ІІ – шешім нұсқаларының тым көп болуы. Субъект тәжірибесі нұсқалардың ықтималдығын бағалауды белгілейді;

ІІІ – болжамдардың ұсынылуы мен тым көп болуы. Болжамдардың тексерілуі мен біреуінің таңдалуы (әуел бастан бірнеше болған жағдайда). Болжамдардың тексерілуі кейде жеке сатыға бөлініп шығарылады;

ІV – мәселенің шешілуі, яғни сұраққа жауап берілуі, берілген сұрақ бойынша тұжырым жасау.

Ойлау процесінің аталған сатылары шығармашылық ойлау процесінің сатыларымен өте ұқсас:

1) дайындалу;

2) пісіп жетілу;

3) шабыттану;

4) шынайылығын тексеру.

Ойлау операциялары. Ойлау процесі келесі операциялардың көмегімен жүзеге асырылады:

* салыстыру – ұқсастық пен айырмашылық қатынастарын белгілеу;

* талдау – бейнелеу объектінің тұтас құрылымын оймен құрамдас элементтерге бөлу;

* синтез – элементтерді тұтас құрылымға біріктіру;

* абстракция және жалпылау – жалпы белгілерді бөліп көрсету;

* нақтылау мен дифференциялау – ұғынылатын объектінің жеке ерекшеліктерінің мәнділігіне қайта оралу.

С.Л. Рубинштейннің пікірі бойынша, аталған барлық операциялар ойлаудың негізгі операциясы – жанамалаудың, яғни неғұрлым елеулі байланыстар мен қатынастарды ашудың түрлі жақтары болып табылады.

Ойлаудың басты белгісі оның тап сол объективті болмысты жанамалап, яғни құралдардың көмегімен бейнелеуінде қамтылады. Ойлау құралдары ретінде алдыңғы ойлау процесінде пайда болып, сөз арқылы бекітілген қайсыбір жалпыланған түсінік түріндегі ұғымдарды атауға болады. Ұғым мазмұны сөзбен бекітіледі, ал сөзді көріп немесе естігеннен кейін, біз бұл сөздің астарында болмыста не жатқандығын елестете аламыз. Демек, ұғым-сөздердің арқасында біз ойлай аламыз. Әйтсе де, кейде тілі жақсы дамығандарда ойлау қабілетінің болуы жөнінде елес қалыптасып жатады. Бірақ бұл әркезде олай бола бермейді.

Ұғымның ойлау құралы ретінде екі жағы болады. Сыртқы жағы сөздіктерде бекітіліп, көпшілікпен қабылданған мәнімен беріледі. Ішкі жағы жағдайлық болып табылатын, әрі адамның қажеттіліктеріне байланысты болатын мағынамен беріледі.

Ойлаудың көмегімен тікелей түсініксіз болып табылатын болмысты қамтуға болады.

 

10.3 Ойлау түрлері

Б.М. Тепловтың пікірі бойынша, ойлаудың теориялық және тәжірибелік түрлерінің арасындағы айырмашылық тек «олардың тәжірибемен түрліше байланысты болуында... Тәжірибелік ойлау жұмысы, негізінен, жеке нақты міндеттерді шешуге бағытталған..., ал теориялық ойлау жұмысы, негізінен, жалпы заңдылықтарды табуға бағытталған».

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-сурет. Ойлаудың түрлері

 

Ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру. Міндеттерді шешу барысында (онтогенез бен өзекті генездің өзектілігіне қатысты) ойлау әрекеттерін қалыптастыруды П.Я. Гальперин  зерттеген. Ойлау әрекеттері материалдық әрекеттердің түрлі деңгейдегі тақырыптық психологиялық құрылымдарымен (қабылдау, елестету, ұғыну) әрекет жасауға ауысуы арқылы қалыптасады. Мұндай әрекет жасау, алдымен, дыбысталатын сыртқы тілдің, кейін ішкі тілдің құралдары арқылы жүзеге асырылады. Соңғы деңгей – «таза ойлаудың», «мінсіз» әрекеттің ең жоғары нысаны.

Операндылардың (әрекет ету нысанасы болып табылатын заттай немесе психологиялық тақырыптық құрылымдар: материалдық заттар, бейнелер, ұғымдар, нышандар, тұжырымдар, құрылымдар) өзгеруі ойлау операцияларының сипаттамаларының өзгеруіне әкеледі.

Ойлау операцияларының қайтарымдылығы ойлау процесінің аса маңызды сипаттамасы болып табылады. Ойлау процесс ретінде ақпараттар  тілдік нышандардан (көбіне, сөздер) тілдік бейнелерге үздіксіз қайтарымды аударып отыруды білдіреді.

Осы жерде ойды сөзге айналдыру мәселесі пайда болады. Ойлау процесс ретінде бір нәрсе жөнінде ішкі толғаныс, бұлдыр елес болып табылады. Ойлау осы процестің нәтижесі ретінде аталған бұлдыр елестерді енді айқын бейнелей алатын сөз/сөздер болып табылады. Біріншісінен екіншісіне жетем дегенше, ойдың кемуі орын алады: процессуалды түрде пайда болған ой әркезде сөзден көрініс таба бермейді. Сондықтан болар, Ф.И. Тютчев: «Айтылған ой жалған болады», - деп жазған. «Айтылған ой» іштей сезілгенге ешқашан толықтай сәйкес келмейді. Әйтсе де, Л.С. Выготский: «Ой сөзде туылмайды, бірақ сөзде жетіледі», - деп санаған. Сол себепті, ойдың сөзге барабар айналуы үшін, бұл механизмдерді толық танып, сезініп, шыңдау қажет. Ойлардың сөзге дұрыс айналуын тап сол ойлау нәтижелерін, оның сыртқы жақтарын зерттейтін логика басқарады.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Ойлаудың басқа танымдық процестерге қарағанда айырмашылығы неде?
  2. Шығармашылық ойлау дегеніміз не?
  3. Адамның ойлауы мен сөйлеуіндегі байланыс неден көрінеді?

 

Дәріс 12

 

Зейін

 

  1. Зейіннің танымдық процесс ретінде сипатталуы
  2. Зейіннің нейрофизиологиялық механизмдері

 

12.1 Зейіннің танымдық  процесс ретінде сипатталуы

 

Зейін деп өзекті, тұлғалық маңызды белгілерді таңдауды, бөліп алуды айтамыз. Психикалық деңгейлердің барлығын ұйымдастыруға қатысқандықтан ес сияқты зейін “өтпелі” деп аталынып басты психикалық процестерге жатады.

Дәстүрлі зейінді шектеулі қабылдаудың аймағымен байланыстырады, яғни адам көргісі (естігісі) келген ақпарат құралын білу, қалауын қабылдауы. Зейін өңделетін ақпаратты іске асырады. Адамның ақпаратты қайта жасауының орталық механизмдері бір уақыт аралығында тек бір объектімен жұмыс жүргізе алады. Мұнда көрсетілген көлем зейіннің негізгі мінездемесі болып табылады. Зейін көлемін оқыту және дайындау арқылы өзгерту өте күрделі мәселе.

Ортаны талдау бірізділігі (зейіннің бағыты) екі топ факторға тәуелді: ол сыртқы тітіркендіргіш құрылымы (белгінің физикалық өлшемдері: белсенділік, жиілік және т.б.) және адамның әрекетін анықтайтын ішкі аймақ құрылымы (жаңашылдық деңгейі, тітіркендіргіш белсенділігі және т.б.).

Зейін бейімделу қимылымен жалғасады, алайда оған жатқызылмайды. Зейін болмысы – таңдау сипатындағы психикалық іс-әрекет. Зейін психикалық іс-әрекеттің бағыты мен тұрақтылығын орнатуға жағдай жасайды.

Зейіннің түрлері. Егер бағыттылық және тұрақтылық ырықсыз болса, онда зейіннің бұл - түрі ырықсыз. К.К. Платоновтың пікірі бойынша ырықсыз зейіннің бір түрі – нұсқау (белгілі бір іс-әрекетке тұлғаның дайын тұруы) болып табылады.

Егер зейіннің бағыттылығы мен тұрақтылығы саналы түрде жүргізілсе, ол зейін түрі - ырықты.

Н.Ф. Добрынин зейіннің тағы бір түрін ырықтыдан кейінгі зейінді бөліп көрсетеді. Бұл - зейін түрі тұлғаның әрекетін табиғи түрде жалғастырады; ол тұлға әрекеттенген кезде туындайды; тұтастай ассоциациялық жүйенің бар болуымен байланысты.

Зейіннің қасиеттері психологиялық феномен ретінде:

тұрақтылық – бір объектіге немесе бір мәселеге зейін аударылуының ұзақтығы. Тұрақтылық шеткі факторлармен анықталады, 2-3 секундтан ары бармайды, себебі одан кейін зейіннің ауысуы байқалады. Орталық зейіннің тұрақтылық кезеңі бірнеше минуттарды қамтиды. С.Л. Рубинштейннің пікірінше, орталық зейіннің ұзақтығы, сол объектте жаңа мазмұнды аша алу мүмкіндігіне тәуелді;

зейіннің концентрациясы – қабылдау аймағын шектеу кезіндегі белгі белсенділігінің жоғарылауы. А.А. Ухтомскийдің доминанттар принципіне сәйкес, зейін концентрациясы бас ми қыртысындағы доминантты аймақтың қозуынан кейінгі бір мезгілде тежелетін қалған бөлігінің  құбылысы;

зейіннің бөлінуі – адам орталық зейінде әр түрлі объектілерді бір уақытта ұстап тұру қабілеттілігі;

зейіннің ауысуы - ол бір әрекет түрімен келесіге өтудегі жылдамдығы (аңғалақтық – ауысудың төмендігі);

зейіннің заттылығы - қойылған мәселеге, белгілердің өзектілігі және тағы басқаларына сәйкес арнайы белгілер кешенін бөліп алу қабілеттілігімен байланысты;

зейіннің көлемі – бір мезгілде қабылданатын объектілер саны.

12.2 Зейіннің нейрофизиологиялық  механизмдері

 

Зейіннің нейрофизиологиялық механизмдері бағдарланушы рефлекстің пайда болуымен бас ми қыртысының белсенді локальді процестерімен, сондай-ақ ағзаның эмоциялық жағдайы мен биологиялық қажеттіліктерімен байланысты. Осыған орай, зейіннің әр түрлі кезеңдері – диффузиялықтан жоғары араласқанға дейін – анықталған, деңгей жағынан әр түрлі сергектік жағдайымен алмастырылады, зейін мен сергектіктің жалпы нейрофизиологиялық механизмдерінің бар екендігін білуге болады. Таңдаулы зейін тым жоғары сергектіктегі емес, жоғары деңгейдегі жағдайда мүмкін болады, ол ЭЭГ-де сирек кездесетін синхронды альфа-толқынды топтың жоғары жиіліктегі десинхронды төменгі амплитудалы тербелісті көрсетеді. Зейіннің диффузды түрі ЭЭГ-де анық көрінетін синхронды альфа-ритмді әлсіз сергектік жағдайға сәйкес келеді. Шашыраңқы зейін, алаңдау, шоғырланудың қиындығы күшті эмоциямен байланысты жоғары қозу жағдайында пайда болады, осыдан ЭЭГ-де десинхронды жоғары жиілікте төменгі амплитудалы электрлі белсенділік тіркеледі.

Қыртыстық-ретикулярлы механизмдермен жұмыс ырықты зейіннің негізгі процестерімен байланыстырады, себебі, ол ырықсызға қарағанда зейіннің ауыспалылығына мүмкіндік береді. Ол ерекше әрекетке дайындық жағдайын жасайды. Ырықсыз зейін қыртыс асты деңгейде жүзеге асырылады, ал ырықты зейін оқу үрдісінде қалыптасқан шартты стимулдар негізінде туындайды және қыртыстық-ретикулярлы механизмдерінің қатысуын талап етеді. Ырықты зейіннің ерекше формасы – ойлау және есте қалдыру объектісі болып табылатын интеллектілі зейінді бөліп көрсетуге болады. Объектісі ойлау мен ес болып табылатын интеллектуалды зейін ырықты зейіннің ерекше түрін шығарады. Зейіннің бұл жоғары түрін мидың түрлі орталықтары мен аймақтарына әсер етуі жүзеге асырады. 

Зейіннің түрлі формаларын реттеуші, физиологиялық механизмдер ауыспалы жүйе ретінде, градуальді ауысу принципі бойынша, қызмет атқарады. Таңдаулы сенсорлы зейінде, сондай-ақ, интеллекттілік зейінде сөздік реттеуін қамтамасыз ететін қыртыстық аймаққа ерекше мән беріледі.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Басқа психикалық процестермен, құбылыстармен салыстыруда зейіннің  өзіндік ерекшеліктері неде?

2. Зейіннің іс-әрекетті ұйымдастыру  мен реттеудегі рөлі қандай?

3. Еріксіз зейінді шарттандыратын  факторлар дегеніміз не?

4. Зейін көлемінің индивидулды ерекшеліктерден, материал құрылымынан, әрекет сипатынан тәуелділігі неден көрінеді?

 

 

 

 

Дәріс 13

 

Сөйлеу және тіл

 

  1. Тілдің пайда болуы мен дамуы

  1. Сөйлеудің даму теориялары
  2. Сөйлеу іс-әрекетінің формалары

 

Тілдің пайда болуы мен дамуы өз кезегінде шындықты бейнелеу және оны басқарудың жаңа әрі ерекше формасының пайда болғандығын білдіреді. Тілдің көмегімен ойлау жүзеге асады (яғни, шындықты тікелей бейнелеу шегінен шығу), тәжірибе, білім, іскерліктерді жинақтау мен тарату мүмкіндігі жүзеге асады. Тіл адамдардың бір-бірімен өзара іс-әрекетіндегі маңызды құралы және адамзат психикасы дамуының бірден-бір маңызды тәсілі болып табылады.

Тіл қоғамдық тарих барысында қалыптасқан “күрделі кодтар” жүйесі болып табылады. Тілдің негізгі элементі – сөз. Сөз адамзат тәжірибесін кодтау құралы болып табылады (заттарды түсіндіреді, белгілерді, іс-әрекеттерді, қатынастарды көрсетеді).

 

13.1 Тілдің пайда болуы  мен дамуы

 

Сөз тілдің бір ғана бөлшегі ретінде тек аффектілік түбірі ғана емес. Аффектілі жағдайлары үй жануарларының "тілінде" көрініс табады. Л.С. Выготский мен оның ізбасарларының айтуынша, сөз қандай да бір затты білдіретін белгі ретінде еңбек барысында, заттық іс-әрекетте пайда болады. Тарихтың алғашқы кезеңдерінде сөз тәжірибенің құрамдас бөлігі, симпраксикалық сипатта болды (яғни, тек нақты практикалық іс-әрекет жағдайына орай өз мәніне ие болады). "Тілдің одан арғы даму тарихында сөздің тәжірибеден эмансипациялануы жүзеге асады, яғни сөйлеу өз алдына жеке дара кодтар жүйесі ретінде бөлінеді, басқаша айтқанда, тіл заттарды білдіріп, белгілі бір ойды айтуда өзіне қажет құралдарды жинақтау мүмкіндігін алды".

Информация о работе Курс лекций по дисциплине "Психология"