Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 11:50, курс лекций
Работа содержит курс лекций по дисциплине "Психология" на казахском языке.
Психологиялық ғылымда тұлғаға өте көп анықтама беріледі. Бұл курстың мақсаты - бұл қиын да, әрі ауқымды мәселеге кіріспе беру болып табылады. Бұл тақырып "Тұлға теориялары" курсында тереңірек зерттеледі.
Тұлға – табиғат, қоғам және өзін-өзі белсенді меңгеретін және бағытталған түрде түрлендіретін адам, оның бойында кеңістік уақыттық икемдердің, өзін-өзі анықтау бостандығын және табиғат алдында өзінің қылықтары үшін жауапкершілік мөлшерін қамтамасыз ететін қажеттілік-еріктік бастан кешірулердің ерекше динамикалық қатынасы болады.
Л.И. Божович тұлғаның екі негізгі критерийлерін бөліп көрсетті. Біріншіден, адамды тұлға деп санауға болады, егер оның мотивтерінде иеарархия болса, яғни ол өзінің тікелей талаптарын жеңуге қабілетті болса. Екіншіден, егер ол өзінің мінез-құлқына саналы түрде басшылық ету қабілеті болса.
Кеңес психологиясының дәстүріне сәйкес, тұлға индивидтің қоғамдық игерілген (өндірілген) тәжірибені, яғни адам өміріндегі өлшемдер мен құндылықтар туралы көріністерді игеру жолымен қалыптасады. A.Н. Леонтьевтің айтуынша, тұлға " екі рет туылады ".
Бірінші рет өмірге келу мектепке дейінгі жасқа жатады, яғни бала өзінің мінез-құлқын социумның талап-тілектері бойынша құрастыра бастағанда және т.б. баланың мотивтерге бағынуы қалыптаса бастағанда. Қатар бағынған мотивтердің қалыптасқанын, егер баланы мотивтердің конфликтісі жағдайына қойғанда бақылауға болады: ойыншығын өзінің қолы жетпейтіндей биігірек жерге іліп, бірақ қасына орындық қойып, бөлмеден шығып кету. Ал балаға тек қана орындыққа шығудан басқа кез келген әдіспен ойыншықты алуға тапсырма беру керек. Бала берілген тапсырмаға қарамастан, ойыншықты қатты алғысы келеді де, орындыққа тұрып, ойыншыққа қол жеткізеді. Тапсырма берген адам бөлмеге кіріп, балаға тапсырманы орындағаны үшін кәмпит ұсынғанда, бала бұл ойыншықты «заңсыз» түрде алғанын, демек, кәмпиттің еңбексіз келгенін түсініп жылай бастайды. Мектепке дейінгі жас кезеңі тұлғаның қалыптасуындағы өте маңызды саты болып табылады, себебі бала әлеуметтік өлшемдер мен талаптарды игеру механизмін жүзеге асырады.
Тұлғаның қалыптасуының екінші сатысы жеткіншек жаста, адам өзінің мотивтерін ұғынуға тырысқанда басталады. Бұл саты өзіндік санамен, өзіндік тәрбиемен байланысты.
Тұлға екі механизмдер әрекетінің нәтижесінде қалыптасады: стихиялық (мотивтердің мақсатқа жылжытудың жалпы механизмі) және арнайы (ұқсастырулар мен әлеуметтік рөлдерді игеру).
15.2 Тұлғаның психологиялық құрылымы
А.Г. Ковалев тұлға құрылымында келесі құрылымшаларды бөліп көрсетеді.
* темперамент (табиғи қасиеттердің құрылымын);
* бағыттылық (қажеттіліктердің, қызығушылықтардың және идеалдардың жүйесін);
* қабілеттер (интеллекттілік, еріктік және эмоциялық қасиеттердің жүйесі).
В.Н. Мясищев тұлға бірлігін бағыттылықпен, даму деңгейімен, тұлға құрылымымен және нервтік-психикалық реактивтіліктің динамикасымен (темпераментпен) сипаттайды. Тұлға құрылымы – бұл тұлғаның жеке сипаттамасы, оған мотивация, қатынас және тұлға тенденциясы кіреді.
К.К. Платонов тұлға құрылымында келесі деңгейлерді бөліп көрсетеді:
- әлеуметтік шарттыланған
- биологиялық шарттыланған ерекшеліктер (темперамент, нышандар, инстинкттер, қарапайым қажеттіліктер);
- тәжірибе (бар білімдердің, дағдылардың, іскерліктердің және әдеттердің көлемі мен сапасы);
- әр түрлі психикалық процестердің индивидуалды ерекшеліктері.
Б.Г. Ананьев тұлға құрылымына мынадай қасиеттер кіреді деп санайды, олар:
* индивидтің өзара қатынас
* индивидтік қасиеттерге жататын психофизиологиялық функциялардың динамикасы мен органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Индивидтік қасиеттердің жоғарғы интеграциясы темперамент пен нышандарда көрсетілген;
* статус және әлеуметтік
* мінез-құлық мотивациясы және құндылық бағдар;
* құрылым және қатынастар
Тұлғалық қасиеттердің интеграциясы адамның мінезі мен оның бейімділіктерінде көрсетілген. Ананьев бойынша, тұлға құрылымы үш жазықтықта болатын индивидуалдық-психологиялық даму процесінде қалыптасады:
1) психофизиологиялық
2) іс-әрекеттің қалыптасуы және
адамның еңбек, тану және қарым-қатынас
субъектісі ретіндегі даму
3) адамның өмірлік жолы (тұлға тарихы).
Б.Г. Ананьев, тұлға құрылымы бір уақытта екі принцип бойынша құрылады деп санайды:
1. Субординациялық немесе
2. Координациялық, өзара әрекет
қатынас жасайтын қасиеттер
A.Н. Леонтьевтің ұстанымынша, тұлға және оның құрылымы индивидтің жүзеге асыратын іс-әрекетінің иерархиялық қатынасымен анықталады және сипатталады. Іс-әрекет мазмұнының ар жағында мотивтердің арақатынасы жүреді. Бұл жердегі ең бастысы – мағынақұрушы мотивтер мен стимул-мотивтер арақатынасы.
Индивидтік қасиеттер құрылымына адамның нейротиптік (нейродинамикалық) қасиеттері кіреді. Бұл үшін негіздеме мыналар болып табылады:
1) қарапайымдылық, осы қасиеттердің жалпы сипаты;
2) олардың генетикалық
3) психикалықтың субстратына
Нейродинамикалық қасиеттер организмнің төменде жатқан деңгейлерімен (организмнің қалпына келтіргіш функциялары; соматикалық конституция; вегетативтік әсер тигізетін тип) және ағзаның жоғарыда жатқан деңгейлерімен (темперамент қасиеттері; іс-әрекет стилі; психикалық процестердің ерекшеліктері) байланысты.
Бақылау сұрақтары:
1. Адам психологиясын тұтастай сипаттау үшін тұлғадан басқа қандай ұғымдар қолданылады?
2. Ғылымда тұлға психологиясы
туралы сұрақтың күй-жағдайы
3. Әлеуметтік рольдер
4. Тұлға дамуы нені білдіреді және қалай жүреді?
5. Психологияда тұлғаны
6. Неге ғылымда тұлғаның
1. Нышан – қабілеттің органикалық алғышарты
Б.М. Тепловтың анықтамасы бойынша, қабілет дегеніміз – қандайда бір іс-әрекетті жақсы, нәтижелі орындауда бір адамды екіншісінен ерекшелендіретін жеке дара психологиялық ерекшеліктер болып табылады. Қабілет жайлы сөз қозғағанда мыналарды ескерген жөн:
1) қабілеттер адамды бір-бірінен ерекшелейді. Б.М. Тепловтың пікірінше қабілеттің маңызды белгісі өнімді іс-әрекеттің өзіне тән жеке даралығынан, тәсілдердің түпнұсқалығы болуынан көрінеді .
2) қабілеттер іс-әрекетті сәтті орындауға ықпал етеді. Кейбір зерттеушілер, мысалы Н.А. Менчинская бұл орайда оқыту туралы білім, іскерлік, дағдыны меңгерудің нәтижесіндегі жетістік деп қарастырады.
3) қабілеттің көмегімен
16.1 Нышан – қабілеттің органикалық алғышарты
Қабілеттің негізін нышан құрайды. Нышан - қабілет дамуының алғышарты болып табылады. Нышанға мидың анатомо-морфологиялық және физиологиялық қасиеттері ғана емес, сонымен бірге олар тікелей және жанамалы түрде
Кеңес ғалымы психикалық функциялардың, соның ішінде қабілеттердің қалыптасуына жеке даралық іс-әрекет тұрғысында жақындата білді. Алайда іс-әрекетті субьект-обьектілік талдау тұтқынында сол кездерде бірнеше психологтар болды. Л.С. Выготский психикалық функциялардың интерпсихологиялық сипатын көрсетті. А.Н. Леонтьев осы бойынша: "…адамзаттың сыртқы спецификалық психологиялық процестері адамның адаммен өзара байланысы негізінде пайда болады, яғни интерпсихологиялық ретінде, содан кейін ғана индивидпен өз бетінше толықтыру басталады; сондықтан олардың кейбіреулері интерпсихологиялық процестерге айналып, өздерінің қалыпты сыртқы формаларын жояды".
Сондықтан зерттеушілердің қабілеттің генезисін анықтау проблемасынан кетуі, дарындылықтың психофизиологиялық механизмдерінің проблемасынан екені кездейсоқ емес, субъект-объекттік талдау шегіндегі индивидуалды іс-әрекет позициясында қалып, оны шешу мүмкін еместігімен байланысты.
16.2 Нышанның қабілетке айналу шарты
Қабілеттер – динамикалық ұғым. Олар іс-әрекет кезінде қалыптасады, дамиды және көрінеді.
Қабілеттер жалпы және арнайы болып бөлінеді:
- арнайы қабілеттер – белгілі бір іс-әрекет түріне деген қабілетті білдіреді (математикалық қабілеттер, музыкалық қабілеттер, педагогикалық қабілеттер және т.б.).
- жалпы қабілеттер – бұл арнайы қабілеттерді дамытуға деген қабілеттер.
Қабілеттердің сапалы сәйкестілігінің нәтижесінде белгілі бір іс-әрекетті сәтті де нәтижелі, жоғары деңгейде орындау – дарындылық деп аталады.
Дарындылықты бірлескен субъект-субъектілік қатынас позициясынан қарау нышандардың қабілетке айналу механизмін түсіндіре алады. Тарихи аспектіден мәселені зерттеуде адамның еңбек іс-әрекетінің жүйе қалыптастырушы белгісі – олардың бірлескен сипатында екені көрінеді. Яғни адам нышанының органикалық алғышартының қалыптасуы үшін ол бірлескен іс-әрекет процесіне қосылуы қажет.
Субъект-объектілік қатынасты көрнекі түрде қабілет онтогенезі көрсетеді. Жаңа туылған нәресте нышаны оның адамзат қатынас жүйесіне араласу кезінде қабілетке айналады. Шынында да адам баласы табиғатынан өзінің әлсіздігімен алғашқы күннен бастап үлкендердің көмегіне мұқтаж болады. Бала мен ересектер арасында псевдо-бірлескен іс-әрекет жүреді, яғни балада қажеттілік-мотивациялық компонент болса, ересектерде орындаушылық компонент туындайды. Біртіндеп белсенділік ересектер полюсінен бала полюсіне ауысады да, бірлескен іс-әрекет формасының интериоризациялануы болып, жеке дара іс-әрекетке ауысады. Олай болса, нышанның қабілетке айналуы үшін адамдармен бірлескен іс-әрекетке қосылу маңызды екен. Бірақ осы қосылу қалай жүзеге асады екен? Бұл процестің психологиялық мазмұны қандай?
Қабілет дамуының концепциялық сызбасы төмендегідей көрсетілуі мүмкін. Нышандар үлкендер тарапынан белсенділікті қажет ететін псевдо-бірлескен іс-әрекет түріне қосылу арқылы қабілеттің алғашқылары қалыптасады. Алғашқы қабілеттердің келесі кезеңінде белсенділік ересектер мен балалар арасында бөлінген түрдегі бірлескен іс-әрекет жүзеге асады. Мұнда екінші, яғни қабілеттің келесі түрі қалыптасып, жаңа нышандардан қалыптасқан қабілеттер пайда болады.
Қабілеттердің екіншілерінің туындауы баланың одан да күрделі іс-әрекетпен айналысуына мүмкіндік береді. Бұл циклдер одан әрі қайталана отырып, адамның әлеуметтік ұстанымының өзгеруімен сәйкес келуі мүмкін.
Егер қабілеттердің қалыптасуы мен дамуы бірлескен іс-әрекетіндегі серіктесіне (ата-ана, мұғалім, тәрбиеші т.б) және бала нышанына байланысты болса, одан кейінгі кезеңдерде тұлғалық фактор мен қабілеттің компенсаторлық мүмкіндіктеріне байланысты. Концепциялық схема бойынша қабілет қалыптасуындағы жеке дара ерекшеліктер былай анықталады:
Дарындылық дамуының концепциялық сызбасы дарындылық психологиясының көптеген аспектілерін түсінуге көмектеседі. Мысалы: «жас ерекшелік дарындылығының» өзгеру мәселесі, (Н.С. Лейтес), дарындылық пен шығармашылық белсенділіктің өзара байланысы мәселесін (А.М. Матюшкин) психикалық процестер мен қабілет арасындағы байланыс мәселесі (В.И. Панов) және тағы басқалар қарастырған.
16.3 Дарындылық қабілеттер жүйесінің көрінісі ретінде
Танымдық шығармашылық процесс мәселелерді анықтауды, олардың мәнін ашуды қамтамасыз етуші ізденіс-зерттеушілік белсенділікке сүйенеді, белгісізді анықтауға және оның жетістіктерінің амалдарына, қолдағы бағалауға және қойылған мақсаттардың көзқарасы бойынша алынатын нәтижелерге сүйенеді. Бастапқы жағдай туралы ойды түрлендіруге әкелетін болжамдар мен ойларды тексеру, процестің өзін-өзі реттеуін қамтамасыз етеді.
Мәселенің шешімі қарастырылған проблемалық жағдайдың бөлшектерінің арасындағы қатынастардың маңызды қатынастарын анықтау кезінде туындайды. Осыған орай, шығармашылық процесте жағдайдың образдық мағынасы ерекше мәнге ие болады, ол ойдың көрінісіне сүйенеді және интуитивтік болжамдар мен пайымдауларға бастама ретінде, шешімнің белгілі мезетіне дейін мойындалмайтын болады.
Дарынды балаларда әділеттілікті өткір сезіну бар; адамгершілік жетілудің озықтығы, қабылдау мен танудың озық жетілуіне сүйенеді. Өзгеше ойлау, ойын элементтерін тапсырма шешуге енгізу, шығармашылық, ойлап табу мен бай фантазия дарынды балаларға тән. Оларға эмоциялық теңдік жетіспейді, ерте жаста дарынды балалар шыдамсыз және қызба болады. Ол жаста оларға, басқа балалар сияқты эгоцентризм тән болады.
Дарынды балаларда негативті қабылдау, өз жасындағы балалармен қатынастағы қиындық көп кездеседі. Дарынды балалар жоғарғы қуаттылық деңгеймен ерекшеленеді, алайда олар күнделіктегіден аз ұйықтайды. Дарын мен қабілет әртүрлі интеллектілі және жеке ерекшеліктерден көрінеді.
Дарынды балаларда бастапқы әлеуметтік бейімділік өз жасындағылардан ерте өтеді; жасөспірім шақтарында қалыпты ережелерге қайшылық танытады. Зерттеушілердің айтуынша дарынды балалар жаңа жағдайларға өте сезімтал келеді, бұл ерекше қиындықтарға әкеледі. Мұндай қатынас көбіне оқу бағдарламасының қызық еместігінен, оларға оның жеңіл көрінуінен болады. Тәртіптің бұзылуы, бағдарламаның балалар қабілетінен төмендігінен болуы мүмкін. Дарынды балаларға күрделі ойындар ұнайды, ол өз жасындағылар қызығатын ойындарға көңіл бөлмейді. Осының нәтижесінде дарынды бала әлеуметтік оқшаулауға түседі, ол тұйықталып қалады.