Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 11:50, курс лекций
Работа содержит курс лекций по дисциплине "Психология" на казахском языке.
2. Жоғарғы деңгей (жоғарғы шығыршықты құрттар, бауыраяқты манипуляциялау мүшесі ретінде жақ сүйектерінің пайда болуымен сипатталады. Элементарлы шартты рефлекстердің қалыптасуына қабілеттілік пайда болады. Жүріс-тұрысы: сезімталдық бар, мақсатты түрде бағытталған биологиялық пайдалы әсерлерді іздестіру және биологиялық зиянды әсерлерден аулақ болу сипатына ие болатын дамыған қозғаушы белсенділік (жер бауырлау, жер қазу). Жеке тәжірибе мен үйрену үлкен рөл атқарады; негізгі мағынаға инстинктер ие.
ІІ-кезең – перцептивті психика. Психика дамуының бұл кезеңінде түйсінулер бейнелерге біріктіріледі: сыртқы орта тек сезім ретінде емес, белгіленген, қабылдау бөліктеріне, бейнелерге жіктелген тұтастай заттар түрінде қабылданады.
Бұл кезең 3 деңгейден тұрады:
Төменгі деңгей (балықтар және өзге төменгі омыртқалылар және жекелей алғанда кейбір жоғары омыртқасыздар – буынаяқты және басаяқты былқылдақ денелілер, т.б). Жүйке жүйесі түйіншек тәрізді. Жүріс-тұрысы: қозғалмалы белсенділіктері дамыған, ригидті, генетикалық бағдарланған компоненттері басым, қозғаушы қабілеттері аса күрделі және әрқилы (жүзу, жүгіру, өрмелеу), жағымды тітіркендіргіштерді белсенді іздестіру, жағымсыз әсерлерден аулақ болу, дамыған қорғаныс әрекеттері.
Жоғарғы деңгей (жоғары омыртқалы құстар, кейбір сүтқоректілер және т.б.). Тапсырмаларды практикалық, мейлінше көрнекі-әрекет тұрғыдан шешуге деген қабілеттіліктен көрініс табатын ойлаудың қарапайым формаларын, әлемнің белгілі бір бейнесінің қалыптасуын анықтауға болады. Жүріс-тұрысы: жоғары дамыған инстинктер формасы, үйренуге дайындығы.
Өте жоғары деңгей (маймылдар, кейбір басқа жоғары омыртқалылар, иттер, дельфиндер және т.б.). ОНЖ (орталық нерв жүйесі) пайда болады. Қоршаған ортаны қабылдау бейнелі түрде жүзеге асады, ал үйрену еліктеу мен тасымал механизмі арқылы жүзеге асады; практикалық әрекетте ерекше, бағдарлы-зерттеушілік дайындық фазасы бөліп көрсетіледі; түрлі әдістер арқылы тапсырманы шешу қабілеттіліктері; тапсырманы шешу кезінде табылған принципінен жаңа жағдайларға ауысу, әрекетте қарапайым қаруларды жасау және қолдану; биологиялық қажеттіліктердің болуына тәуелсіз қоршаған әрекеттерді тану қабілеттіліктері; практикалық әрекеттерде құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланысына есеп беру (инсайт - аяқ-асты ұстау, шап беру, қарапайым интеллект). Жүріс-тұрысы: арнайы ағзалардың манипуляциясының бөлінуі (қол мен аяқ), жануарлардың бір-бірімен қарым-қатынас жүйесі дамыған, өз тілдері пайда болады. Осы кезеңде ортаның бөлек бөлімдері қабылданады.
Осы кезеңнің психикалық дамуының өкілі тауық болып табылады. Тауыққа жүргізілген тәжірибелер перцептивті психика кезеңіне тән бола отырып, психикалық іс-әрекеттің даму деңгейі көрнекі көрсетіледі. Тәжірибе екі кезеңде жүргізілді:
1-бөлімі – жағдай: тауықты ұзын жіпке байлап, алдына тары төгіп, жіберді, ол тарыны шұқи бастады;
2-бөлім – жағдай: тауық пен тарының арасында бөгет орнатылады, енді тауықты жібергенде, ол бөгетке соғылсада, қайта – қайта жемге умтылыс жасайды, бірақ біраз уақыттан соң ол ештеңе көрмегендей қайтып кетеді.
Жануарлардың белсенділігі перцептивті психика кезеңінде қабылдаудың ерекшеліктерімен анықталады: қысқа уақытта бейне сақталады.
Егер иттерге тауыққа жүргізілген тәжірибені қайталасақ, онда бұл жануар психикасы дамуының басқа кезеңінде болғандықтан бөгетті айналып өтіп , өз тамағына жете алады. Осыдан жүріс-тұрыстың екі мүшелілігі туындап, күрделі әрекеттер пайда болады. Осындай жүріс-тұрыс ерекшеліктері бар жануарларда сипап сезу, бейнелі ес жақсы дамиды.
Сананың адам психикасының жүйелік құрушы белгісі және оның қоғамдық-тарихи тәжірибесі негізінде даму құрылымын түсіндіру үшін И.П. Павлов XX ғ. басында жоғарғы жүйке әрекеті туралы ілімін өңдеді.
И.М. Сеченовтың сыртқы тітіркендіргіштердің сигналды функциясына сүйене отырып, И.П. Павлов рефлексті ұсынды.
Рефлекс (лат. тілінен ауд. reflexus – бейнеленген) – сыртқы немесе ішкі ортаның қандай да белгілі бір факторының анализаторы әсеріне негізделген тірі ағзаның жауап-реакциясын білдіретін психикалық бейнелеу формасы. Бұлшық еттердің жиналуынан, секреция бөлінуінен және т.б. көрініс табады. Рефлекстің әрекет механизмінің негізін Р. Декарт қалаған.
И.П. Павлов ұсынған классификацияға сәйкес екіге бөліп көрсетіледі: ырықты және ырықсыз рефлекс.
Ырықсыз рефлекс ағзаға анықталған тітіркендіргіштердің түсінуімен анықталады. Ол қабылдау органдарымен орындаушы органдар арасындағы жүйкелік байланыстың генетикалық тұрақтанғаны болып табылады.
Ырықты рефлекс ырықты тітіркендіргіштер мен индивид реакциясының динамикалық байланысы болып табылады.
И.П. Павлов қоғамдық тәжірибе негізінде адамның психикалық даму қабілеттерін түсіндіру үшін біріншілік және екіншілік сигналдар жүйесін жүргізді.
1-сигналды жүйе тікелей
тітіркендіргіштерге
2-сигналды жүйе белгі, ең алдымен, сөз сигналдарына бағытталған, олардың негізінде уақытша жүйке байланыстарының құрылуы мүмкін.
Адамға бірінші және екінші сигналды жүйелердің екеуі де қажет болғандықтан, И.П. Павлов жоғарғы жүйке іс-әрекетінің арнайы адами типтерін бөліп көрсетті. Осыған байланысты өнер 1-сигналды жүйе болып анықталады. Ойлау типі 2-сигналдар жүйесіне жатады.
Бақылау сұрақтары:
Дәріс 4
4.1 Адам психикасының қоғамдық-тарихи табиғаты
Сананың пайда болуының негізгі тарихи алғышарты – мұқтажды ұжымдық еңбек, ол адамдар арасындағы мақсатты өзара әрекет қажеттілігінен туындаған. Осындай өзара әрекеттің нәтижесінде тіл ақпаратты қалыптастыру және жеткізу құралы ретінде пайда болады. Тілді адам ұжымдық еңбекті қамтамасыз ететін рефлекторлы байланыстарды құру мақсатында игерген. Түсініктер ым-ишарадан туындаған: бастапқыда әрекет болған, содан кейін ол ым-ишарамен белгіленген, кейін ым-ишаралар дыбысқа жалғасқан, дыбыс уақыт өте келе сөзге, яғни түсінікке айналады.
Адамдардың жануарлардан айырмашылығы – олардың дерексіз талқылауға және ойлауға қабілеттілігі, болашағы мен өткенін ойлай алуында. Бұлар – өз әрекетін сөзбен суреттей алу қабілеттілігі де, оларды түрлі уақыт кеңістігінде ұғыну қабілеті де – осының бәрі санамен байланысты болып келеді.
Сана – адам әрекетінің шынайылығының жоғарғы деңгейі. Бірақ сана тілсіз өмір сүре алмайды. Адам тіл көмегімен басқа адамдарды өткен шақ, осы шақ және болашақ туралы ақпараттандырады, оларға әлеуметтік тәжірибе бере алады.
Жануарлар нақты жағдайда белгі бере алады. Адамның да іс-әрекеті нақты жағдаймен сипатталады.
4.2 Еңбекке өтудің биологиялық алғышарттары
Адамның психикалық санасы еңбек ету процесінде пайда болған. Еңбек іс-әрекетіне өтуде негізгі биологиялық алғышарт тік жүру болып табылады. Адамның дамуы үшін қол мен аяқтың жұмыс істеуі көптеген мүмкіндіктерді ашуға көмектесті. Адам сапалы табиғи жабдықтарды, еңбек құралдарын пайдаланып, содан өзіне негізгі табиғи материалдық құралдарды дайындайды, олардың бәрі заттар болып қалыптасады. Осының себептерінен адам психикасының пайда болуы материяның барлық эволюциясында дайындалды. Психика дамуын талдау, алдындағы дәрісте берілгендей, сананың пайда болуының биологиялық алғышарттары туралы айтуға мүмкіндік береді. Бірақта, сананың пайда болуын жануарлардың эволюциялық процесінің нәтижесі ретінде қарастыруға болмайды: адам қоғамдық қатынастың өнімі болып табылады.
Қоғамдық қатынастардың алғышарттары да биологиялық сипатқа ие болды: адам ата-бабаларымен бірге өмір сүрді, бұл оларды жауларынан қорғауға, бір-біріне көмек көрсетуге алып келді. Бірақ маймылдың – адамға, топтың – қоғамға айналуына әсер ететін фактор ретінде еңбек әрекеті, яғни адамдардың қаруды бірге әзірлеп, қолдануы барысында жүзеге асырылатын әрекет болып табылады.
4.3 Сананы жетілдіру құралы ретіндегі тілдің пайда болуындағы еңбектің рөлі
Заттарды өңдеу барысында тілдің әрі қарай дамуына жағдай туындайды. Жаңа заттарды белгілеу үшін сөздер енгізіледі, сонымен қатар зат есімдер көбінесе етістік формаларынан құралады. Оған қоса жаңа сөздердің пайда болуы мен тілдің дамуы еңбекпен байланысты, алғашқы сөздер, негізінен, әрекетті белгілейді, яғни етістік болып табылады.
Тіл ойлаумен өте тығыз байланысты, ол ойлау жұмысының нәтижелерін, адамның танымдық іс-әрекетінің жетістіктерін сөз бен сөйлемдерді тіркейді де бекітеді және осылайша адамзат қоғамында ой алмасуды мүмкін етеді. Тілсіз адамның ойы болмайды және дамымайды. Тіл ғылыми ұғымдарды, категорияларды жасауға, ғылым заңдылықтарын қалыптастыруға және сол арқылы құбылыстар мәнін терең ұғынуға мүмкіндік береді.
Тілдің арқасында адам әлемі екі есе артады және заттар болмаса да, олармен жұмыс жүргізу мүмкіндігі пайда болады. Сөз белгілі бір затқа нұсқау беруді ғана емес, қосымша ассоциацияны тудырады. Сонымен, әр сөздің өзінің «семантикалық өрісі» болады.
Л.С. Выготский бойынша, сөздің маңызды қызметі – мағына елеулі рөл атқарады. Сөздің мағынасы ассоциативті шеңбер мен заттық қатыстылықты ғана қамтымайды, сонымен қатар ол заттарды талдау, олардың белгілерін жалпылау және абстрактілеу болып табылады. Сөз тек заттарды алмастырудың, елестетудің құралы ғана емес, соған қосымша ойлау клеткасы болып табылады.
Сонымен қатар сөз ойлау тәсілі, құралы, қарым-қатынастың тәсілі болып табылады. Сөз арқылы ойды жеткізу іс-әрекеті тіл болып саналады.
Тіл – айналадағы әлемнің құбылыстары мен заттарының тікелей, нақты белгілерін және ағзаның ішкі ортадан, көру, есту және басқа да рецепторлардан келетін белгілерін қабылдау (талдау және біріктіру), ол жануарлар мен адамдарда болатын 1-сигналды жүйені құрайды. Сонымен қатар адамның еңбек іс-әрекеті үрдісінде және әлеуметтік өмірде «төтенше қосылу» дамиды, ол 2-сигналды жүйе деп аталып, ол сөздік сигналдармен, тілмен байланысты. Бұл сигнализация жүйесі – естілетін, дыбысталатын (дауыстап немесе іштей) және көрінетін (жазу барысында және оқуда) сөздерді қабылдаудан тұрады. Түсіну қабілеті, содан соң сөзді айту балада белгілі бір дыбыстарды сыртқы обьектілер туралы көргендегі, тактильді және өзге де әсерлерімен ассоциациясы нәтижесінде дамиды.
Ұғымның пайда болуы адамда жаңа құралдың – адам психикасының жаңа формасының – сананың пайда болатындығын білдіреді. С.Л. Рубинштейн бойынша, қосымша білім - әлем туралы білім жиынтығы, әлем туралы білім және біздің қажеттіліктеріміз туралы білім, өз санамызды мейлінше жақсы түсінуіміз өз кейпімізді өзгертуімізге байланысты болып келеді.
Сана қоршаған әлемді барлық өзара байланыстарда, яғни әлемді біртұтас жүйе ретінде бейнелейді. Сондықтан сана іс-әрекет бейнесінің жоғарғы формасы болып табылады. Сана арқылы адамның айналадағы әлеммен қарым-қатынас формалары реттеледі. Сана шындықты субъективті сезінуді білдіреді. Санаға адамның айналасындағы барлық жағдайларға қатынасы тән болып келеді.
Нақты шындықтың жинақталған біліммен арақатынасын белгілеу және адамның жеке тәжірибесіне ену іс-әрекетті саналы түрде түсіну процесі болады. Тұлға санасы сыртқы объектілерді саналы түрде түсіну түрінде ғана анықталмайды, сонымен бірге өзін және өзінің психикалық әрекеттерін саналы түрде түсіну ретінде танылады. Осының салдарынан тұлға санасы өзіндік сана-сезімсіз болмайды. Өзіндік сана-сезімді арнайы ерекшеліктері бар сана ретінде түсіну керек, өйткені талдау объектісі тұлғаның өзінің шындықты бейнелеу сапасы ретіндегі, оны сезіну, қоршаған ортадағы әрекеттердің баламалылығы ретіндегі психикалық сапасы. Қалыптасуы адамның бойындағы сезім түрлерінен – түйсінуден, қабылдаудан басталатын сана сияқты, өзіндік сана-сезім дамудың сол кезеңдері арқылы қалыптасады.
Айналаны өзіндік сана-сезім мен қоршаған ортаны ұғыну бірлігі негізінде ғана адам тұлғасына тән өзіндік реттеудің жоғарғы формасы қамтамасыз етілуі мүмкін.
Сана адамның психикалық әрекетінің барлық формаларын қамтиды: сезіну, қабылдау, ойлау, сезім мен ерік. Осы өзіндік сапалы ерекшеліктерге ие психикалық құбылыстардың әрқайсысы жеке, бөлек емес, біртұтас сананың бір қыры немесе бөлігі болып табылады.
Шынайылықты саналы түрде түсіну арқылы адам өзінің таныған нысанына қатынасын эмоциялы ойлайды. Эмоция, сезім сананың бір түрі болып табылады. Бірақ сананың мәні сыртқы әлемнің интеллекттілі бейнесі мен бейнеленгенді эмоционалы сезіну болып табылмайды. Сана шындықты белсенді түрде қайта жасауға бағытталған адам іс-әрекетін реттеуді қамтиды. Сананың практикалық әрекетін құрайтын ерік сананың маңызды қыры болып табылады.
Танымдық және эмоциялы-еріктік психикалық процестер белгілі бір заттар мен құбылыстарға бағытталған. Зейін психикалық процестің объективті бағыты ретінде де сананың бір қыры болып қарастырылуы мүмкін.
Сана саналы түрде сезінуші индивидтің өзі үшін де, тіл арқылы басқа адамдар үшін де объективті болып табылады. Ойды жеткізу формасы ретіндегі тіл арқылы адам өзін басқа табиғаттан ерекшелей алады, табиғат заңдылықтарын ашып, тәжірибеде оларды қолдана алады. Сана – адам индивидінің негізгі анықтамасы.