Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 08:10, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін үздіксіз қамтамасыз ету үшін олардың негізгі және айналым қаражаттары болуы керек.
Кез-келген өнеркәсіп, өндіріс түрлері, еңбек күші, еңбек құралдары және еңбек бұйымдарынсыз өндірістік процестің басталуы мүмкін емес. Сондықтан өндірістік қорлар ең алдымен өндіріс бастамасының негізі бола отырып, өзінің алғашқы формасын сақтай отырып, өндірілген өнімнің өзіндік құнына өзінің құнын біртіндеп аударатын ұзақ мерзімді активтер болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе 4-5
І Бөлім Негізгі құралдардың мазмұны және есебін
жетілдіру жолдары
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны және
маңызы 6-12
1.2 Ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріндегі
негізгі құралдар есебін жетілдіру 12-15
ІІ Бөлім “Дастан” баспа - полиграфиялық корпорациясының экономикалық сипаттамасы және қаржылық жұмысы мен
есебін ұйымдастыру
2.1 Кәсіпорынға ұйымдық экономикалық сипаттама беру 16-24
2.2 Қаржыжұмысы мен есебінің ұйымдастырылуы 24-27
ІІІ Бөлім Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру
3.1 Негізгі құралдардың сентетикалық және
аналитикалық есебі 28-45
3.2 Негізгіқұралдардың тозуын және
амортизациясын есептеу 45-48
3.3 Негізгі құралдар есебін автоматтандыру 48-51
3.4 Негізгі құралдардың аудитінің есері 51-60
Қорытынды 61-63
Қолданылатын әдебиеттер

Файлы: 1 файл

диплом экономикадан.doc

— 456.00 Кб (Скачать файл)

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

  бет

 

Кіріспе           4-5 

І Бөлім Негізгі құралдардың мазмұны және есебін

жетілдіру жолдары

    1. Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны және

маңызы           6-12

    1. Ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріндегі

негізгі құралдар есебін жетілдіру      12-15

ІІ Бөлім “Дастан” баспа - полиграфиялық корпорациясының экономикалық сипаттамасы және қаржылық жұмысы мен

есебін ұйымдастыру

2.1 Кәсіпорынға  ұйымдық экономикалық сипаттама  беру 16-24

2.2 Қаржыжұмысы  мен есебінің ұйымдастырылуы  24-27

ІІІ Бөлім Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру

3.1 Негізгі құралдардың  сентетикалық және

 аналитикалық  есебі        28-45

3.2 Негізгіқұралдардың  тозуын және 

амортизациясын есептеу       45-48

3.3 Негізгі құралдар  есебін автоматтандыру   48-51

3.4 Негізгі құралдардың  аудитінің есері    51-60

Қорытынды          61-63

Қолданылатын әдебиеттер       64-65

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін үздіксіз қамтамасыз ету үшін олардың негізгі және айналым қаражаттары болуы керек.

Кез-келген өнеркәсіп, өндіріс түрлері, еңбек күші, еңбек құралдары және еңбек бұйымдарынсыз өндірістік процестің басталуы мүмкін емес. Сондықтан өндірістік қорлар  ең алдымен өндіріс бастамасының  негізі бола отырып, өзінің алғашқы формасын сақтай отырып, өндірілген өнімнің өзіндік құнына өзінің құнын біртіндеп аударатын ұзақ мерзімді активтер болып табылады.

Өндіріс тиімділігін анықтауда негізгі құралдардың шығуы мен түсуі, олардың бағасы, негізгі әсер етуші факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан оның есебін дұрыс ұйымдастырмай, ішкі бақылауы мен аудитін дұрыс жүзеге асырмай қадағалау мүмкін емес.

Осы дипломдық жұмысымның тақырыбын ала отырып алға қойылған негізгі мақсатым болып “Дастан” баспа-полиграфиялық корпорацясының негізгі құралдарының есебін ұйымдастыру, аудитін жүргізу тәртіптері мен әдістеріне тоқтала кетіп, оның есебі мен аудитін жүргізудегі артықшылықтар мен кемшіліктерді көрсету, жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Дипломдық жұмысты орындау кезінде шешуін табуға тиісті міндеттер болып:

  1. негізгі құралдардың түсінігі мен экономикалық мазмұнына;
  2. олардың есебін жетілдірудегі ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне;
  3. кәсіпорынның ұйымдық экономикалық және есеп қаржы жұмысына;
  4. негізгі құралдардың жіктелуі мен бағалануына;
  5. олардың түсуі мен шығуына ;
  6. синтетикалық және аналитикалық есебі мен аудитіне сипаттама беру;
  7. негізгі құралдардың арендасы мен жөндеу есебіне;
  8. негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясына сипаттама беру болып табылады.

Жұмысты орындау кезінде Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп туралы” заңы, Қазақстан Республикасының қаржылық есеп стандарттары, “Дастан” баспа-полиграфиялық корпорациясының жылдық есеп мәліметтері қолданылады. Талдау барысында экономикалық айырмашылықты табу әдістері қолданылады.

Дипломдық жұмыс: кіріспе бөлімінен, ғалымдар мен тәжірибешілер еңбегіне шолу бөлімінен,  кәсіпорынның ұйымдық экономикалық сипаттамасы, негізгі бөлімнен және қорытындыдан, сонымен қатар  5-кестеден тұрады.

Күтілетін нәтиже болып негізгі құралдардың есебі мен аудитін нақты кәсіпорындарда тиімді ұйымдастыру жолдарын және жетілдіру бағыттарын қарастыру табылады. 

Негізгі капитал –бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған орай қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Негізгі қорлар құрамына қарай өндірістік және өндірістік емес объектілер болып бөлінеді.  Біріншіге жататындар: өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары.

Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активті және пассивті болып бөлінеді. Актив бөлігі тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорлардың толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.

Негізгі қорлардың кез келген объектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы өзінің ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бейнелерін орындауға мүмкіндік болмайды. Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі құралдарды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Сапалық тозуы ескірген негізгі құралдар өзінің конструкторлық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сондықтан, негізгі құралдарды әсіресе олардың активтік бөлігінен дүркін - дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі нарықтық экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктерінің басты факторы – сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеттері  болып саналатыны ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу,  себебі олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі  осыған байланысты болады. 

 

 

 

І-Бөлім Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны және есебін жетілдіру жолдары

1.1 Кәсіпорындағы  негізгі құралдардың экономикалық  мазмұны

 

Кез-келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен ғана емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады. Мысалға, зауытта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда тауар болып табылады.

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.

Осы негізгі құралдарға: жер, үйлер, ғимараттар, көп жылдық көшеттер, машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық), машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар, шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі құралдар жатады.

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару  жүйесін анықтайды.

Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі  болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып табылады. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік құралдардың пайдаланылуын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншік дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның балансына көрініс табады. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал-жабдықтар.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары жатады.

Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынандай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал -  жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал – жабдық); күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал – жабдық; көлік – құралдары, құрал – сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:

жер – субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады.

үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрған үй мүліктік объект болып табылады.

ғимараттар – еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері.

өткізгіш тетіктер – электр, жылу немесе мехаикалық энергияны өткізу қондырғылары. Электр желілері бойынша, мысалы электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады.

 машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар, жұмысшы машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса.

есептеу техникасы – процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар,  аспаптар.

көлік  құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары. Әрбір объект  өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады.

құрал-сайман – қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар.

өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар, еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар, сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар, өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі  болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады.

Негізгі құрал-жабдытардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.

Бастапқы құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген  салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар және т.б. шығындарынан тұрады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:

Жер учаскілері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы – актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу – сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша жұмсалатын шығындар.

Құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал-жабдықтар бойынша сатып алу құны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т.б. тексеру мақсатымен өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал жабдықтарды құрастыру кезінде олардың бұзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса есептегендегі  жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие арқылы стаып алынған болса, онда төленген проценттер ағымдағы шығыстар болып табылады да, объектінің бастапқы құнына қосылады.

Үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезінде: құрылыс материалдары, құрал – жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде берілген кредиттер бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатын шығыстар, жобалық – сметалық құжаттардың құны, т.б. – құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады;

Информация о работе Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру