Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:47, дипломная работа
Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Коммерциялық банктер |
депозиттер |
талап етілгенге дейін |
мерзімді салым |
жинақ салым | ||
барлығы |
соның ішінде | |||||
теңгеде |
шетел валюта | |||||
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ |
485592 |
256515 |
229077 |
102876 |
382715 |
1 |
«Казкоммерцбанк» АҚ |
443931 |
220166 |
223765 |
49388 |
392858 |
1685 |
«Центр Кредит Банкі» АҚ |
335963 |
200628 |
135335 |
24886 |
311027 |
50 |
«БТА Банк» АҚ |
254123 |
159460 |
94663 |
31606 |
222517 |
0 |
«Kaspi Банкі» АҚ |
152355 |
89087 |
63268 |
5805 |
146548 |
2 |
«Алматы сауда-қаржы Банкі» АҚ |
148035 |
54401 |
93634 |
18089 |
129944 |
2 |
«Еуразиялық Банк» АҚ |
85933 |
32060 |
53873 |
10879 |
75019 |
35 |
«Альянс Банк» АҚ |
76813 |
60720 |
16093 |
7258 |
69554 |
1 |
«Цеснабанк» АҚ |
59402 |
39586 |
19816 |
4847 |
51533 |
3022 |
«Қазақстан тұрғын-үй құрылыс жинақ Банкі» АҚ |
40051 |
40051 |
0 |
377 |
39674 |
0 |
Қазірде Қазақстан Республикасында 39 коммерциялық банк қызмет көрсететін болса, соның 34-і депозиттерге міндетті кепілдік беру қорына мүше болып табылады.
«Қазақстан Халық Банкі» Қазақстандағы банктер арасында депозиттер бойынша көш бастап келеді. Салым қаражаттарының 52,8%-ын теңгеде ашылған депозиттер құраса, мерзімді салымдардың депозиттік портфелдегі үлесі 78,8% болып келеді. Банк депозиттік нарықтағы өзінің басыңқы үлесін сақтап қалу мақсатында және жаңа тұтынушылардың қызығушылығын тудырып салымдарды тарту үшін өзінің депозиттік саясатын заманауи талаптарға сай қалыптастырған.
Банктің депозиттік саясаты Ұлттық банк белгілеген шарттарға сай келеді. Ол салымдарды өзінде жинақтау жолында көзделетін мақсаттарын және мәселелерін қарастырады. Болашақта ұзақ мерзімді салымдар үлесін арттыруға және өзінде орналастырылған салымдардың орташа мерзімін ұзартуға тырысады.
«Казкоммерцбанк» депозиттерінің 11,1% талап етілгенге дейін депозиттері құраса, мерзімді салымдардың көрсеткіші – 88,5% болып тұр. «Центр Кредит Банкі» депозит портфелінің 59,7% ұлттық валютамен ашылған депозиттер. Мерзімді салымдар жалпы депозиттердің 92,6% құрайды.
«БТА Банкі» депозиттері 87,6% мерзімді салымдардан құралған. Ұлттық валютамен ашылған депозиттердің үлесі 62,7%. «Kaspi Банк» 58,5% депозиттерін, ал «Альянс Банк» 79,1% депозиттерін ұлттық валютада ашқан. «Еуразиялық Банк» депозиттік портфелі 12,7% - талап етілгенге дейін депозиттерден, 87,3% - мерзімді депозиттерден тұрады.
Еліміздегі коммерциялық банктердің депозиттік нарықтағы үлесіне көз салатын болсақ, жоғарыдағы еліміздің алдыңғы қатарлы 10 банкіне 2011 жылдың 1 қаңтарына Қазақстандағы барлық жеке тұлғалардың салымдарының 92,4% тиесілігін көрсетеді. Басқа да банктердің үлес салмағын 1.4 суреттен көреміз.
Сурет 1.4. 2011 жылдың 1 қаңтар жағдайына Қазақстан депозиттік нарығындағы коммерциялық банктердің үлес салмағы
Ондықты «Қазақстан тұрғын-үй құрылыс жинақ Банкі» қайырып отыр. Бұл банк шетел валютасында салым тартпаған. Депозиттерінің 99% мерзімді салымдар құрайды. Қалған бөлігі талап етілгенге дейін депозитінің үлесінде. Жинақ салымдарына қаражат мүлдем тартылмаған.
«Қазақстан Халық Банкі», «Казкоммерцбанк» және «Центр Кредит Банкі» жалпы депозиттердің 56,2% өздеріне тартқан. Қазірде аталған банктерден басқа коммерциялық банктер депозиттік нарықтың 7,6% ие болып отыр.
Осы мәлімет депозиттік портфелі жоғары көрсеткішке ие жоғарыдағы 3 банктің жүргізіп отырған депозиттік саясаттың дұрыстығын және нәтижелі жұмыс істеп жатқандығын көрсетіп отыр.
Депозиттік нарықтың жағдайына жасалған талдаудан салым иелері үшін мыналардың маңыздылығын айта кету қажет:
Біріншісі – бұл банктің сенімділігі.
Екіншісі
– бұл депозиттер бойынша белгіленетін
пайыз мөлшерлемелерінің
Үшінші – банктің құрылымдық бөлімшелерінің көп болуы және қызмет көрсету сапасы. Әрине неғұрлым филиалы көп болса соғұрлым депозиттік нарықтағы тұтынушыларды көбірек тартуға мүмкіндік туады. Ол үшін қызмет көрсету сапасы жоғары болуы тиіс.
Келтірілген мәліметтерден мынадай тұжырым жасауға болады: Қазақстанда халық өз қаражаттарын банктерге сенімді түрде салып, оны мерзімді депозиттер түрінде ұстауға ұмтылады. Бұны халықтың әл-ауқатының жақсарғандығымен және тұрғындардың отандық коммерциялық банктерге деген сенімнің пайда болуымен түсіндіруге болады. Бұдан елімізде қаржылық нарық қалыптасып келе жатыр және оған деген қажеттілік үнемі артып отыр деген қорытынды шығара аламыз.