Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:47, дипломная работа
Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Мерзімді салымдар жеке мерзімді салымдарға және алу туралы алдыннан хабардар етілетін мерзімді салымдарға бөлінеді.
Жеке
мерзімді салымдар иесіне алдын-ала
белгіленген уақытта
Жеке мерзімді салымдар мынадай түрлерге бөлінеді:
Алу туралы алдыннан хабардар етілетін мерзімді салымдарға ақшаны алу үшін салымшының арнайы өтініші қажет етіледі. Әдетте алдыннан хабардар ету уақыттары – 1айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға дейін және бір жылдан артық мерзімдер. Алдыннан хабардар ету уақыттарына сәйкестене отырып қажетті пайыз мөлшерлері белгіленеді. Тәжірибеде алдыннан хабардар етілетін мерзімді салымдар кең пайдаланылады. Бұл депозит түрі алдын-ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айыппұл төлеуге міндетті.
Бұл салымның ерекшелігі болып – талап етілгенге дейінгі депозитке қарағанда, Ұлттық Банкке аударылатын міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Осы депозит түрі банк үшін тиімді болып келеді, өйткені банк оларды талап етілгенге дейінгі депозиттерге қарағанда жеңіл қолдана алады.
Салымның мерзімі жеткенге дейін төленетін сыйақы көлемін азайтуға немесе оның мөлшерін өзгертуге болмайды. Ал мерзімі келгеннен кейін салымшы оны алмаған кезде онда банктің бұл салымды мерзімсіз салымға айналдыруға құқығы бар.
Мерзімді салымдардың мынадай ерекшеліктері болады:
Мерзімдік депозиттер банктің басшысы арқылы банк және салымшы арасында жасалатын шартпен рәсімделеді. Банктер депозиттік шарттың нысанын дербес даярлап, салымның жекелеген түрлері бойынша өзгеше үлгілері болады.
Шарт екі дана етіп жасалады: біреуі салымшыда, екіншісі – банктің кредиттік немесе депозиттік бөлімінде сақталады. Шартта салым сомасы, оның әрекет мерзімі, шарт мерзімі аяқталғаннан кейін салымшы алатын пайыздар, тараптардың құқықтары және міндеттері, олардың шарт мерзімін сақтау туралы жауапкершіліктері, дауларды шешу тәртібі белгіленеді.
Көптеген банктер банктің ұсақ, орта және ірі тұтынушыларға қызмет етуіне байланысты мерзімдік салымның ең төменгі мөлшерін белгілейді. Банк өз тарапынан шарттың барлық талаптарын уақтылы орындауға және оларды бұзғаны үшін жауап беруге міндеттенеді.
Бұл депозит иелеріне қаражатты немесе пайыздар төлеуді уақытында бермегені үшін өсімпұл немесе айыппұлдар төлеуде көрініс табады. Банк және салымшы арасында туындайтын даулар төрелік сотта немесе сот тәртібімен шешілуі тиіс.
Депозиттердің үшінші түрі – жинақтайтын салымдар.
Әлемдік
банк тәжірибесінде мерзімдік
Депозиттің
бұл түрі құнттылыққа ынталандыратын
- арнайы ұмтылудың туындауымен
Халықтың
жинақтау салымдары мерзімдері және
салым операцияларының
Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет. Ең көп тараған түрі – жинақ салымы, яғни жай жинақ есеп шоты немесе жинақ есеп шоты кітапшасы. Салым иесі, ережеге сай есепке ақша салу немесе алуда жинақ есеп шоты кітапшасын ұсынады. Жоғары пайызды жинақ салымдар, басқа депозит түрлеріне қарағанда сақтықты қолдау және де банктегі салымшылардың жинақтарын сақтауға жағдай жасау үшін қолданады.
Тұрғындардың бос ақшасын салымдарға тартуда бірнеше түрлі жинақ салымдары: ұтысты, сыйлықты, жастар, мақсатты және басқа да түрлері бар. Жинақ есеп шоттарының белгіленген уақыты болмайды, ақшаны алуда алдыннан хабардар етілмейді.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіншілігі бар.
Жинақ салымдарына мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.
Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:
Олар әдеттегідей ұзақ мерзімді сипатта болады, яғни олар ұзақ мерзімді салымның қайнар көзі ретінде қызмет атқара алады. Бұл салымның кемшілігі оған әр түрлі сыртқы фактордың тез әсер етуі болып табылады (саяси, экономикалық, психологиялық).
Салымшылар
үшін жинақ салымдарының қызығушылық
тудыратын жағдайлар
Жинақ салымының мәні банк үшін және барлық несиелік жүйе үшін ең алдымен оларды несиелеу қоры ретінде пайдалану мүмкіндігі секілді анықталады.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозитті ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Олар әдеттегідей ұзақ мерзімді сипатта болады, яғни олар ұзақ мерзімді салымның қайнар көзі ретінде қызмет атқара алады. Осылар банк өтімділігін жоғалтуға және осы салымдардан қаражаттардың қайта қайтарылуына деген қауіпті жоғалтады.
Әлемдік тәжірибе және біздің елдің тәжірибесі көрсеткендей жинақ салымдарына тұрғындар өз ақша қаражатын көзделмеген шығындар кезінде, кәрілік кезінде өзін қамтамасыз ету, болашақта қымбат бағалы мүліктерді сатып алу және оларды сақтау мақсатымен салынатын салымдарды жатқызуға болады.
Жинақ салымымен
болатын операциялар
Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттар тек жеке тұлғаларға ғана ашылады.
Ал шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға ашыла береді.
Оларды мынадай түрлерге бөлуге болады: мерзімді жинақ салымдары және қосымша жарна қосылатын салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар - бұл шоттағы қаражатқа алдын-ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған сома белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т. с . с.) толық төленеді.
Депозиттердің төртінші түрі - депозитік сертификат, ол пайыздық мөлшерлемесі және мерзімі бекітілген мерзімді салымның банкке салынғанын куәландыратын бағалы қағаз. Депозиттік сертификаттар депозиттердің ерекше бір формасы болып табылады.
Депозиттік сертификат - кiрiстi бағалы қағаздың бiр түрі болып, эмитент банктің ақша қаржыларының салымы туралы, салымшы немесе оны қабылдаушының мерзiмi аякталғанда салым бойынша салым сомасын және ол бойынша пайыз алу құқығын куәландыратын жазбаша куәлiк.
Депозиттік сертификаттар қаржылық құралдардың кең тараған түрі. Банктік тәжірибиеде депозиттік сертификат кең өріс алуда. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да оларды заңды тұлғалар сатып алады. Алайда тұрғындарға, қалың бұқара топтарына ұсақ жинақ сертификаттары шығарылады, олардың құны 500, 1000 және 2500 АҚШ доллар болып 1 жылдан 5 жылға дейін беріледі.
Сертификат бағалы қағаз болып табылады, сонымен қатар ол сатылған тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін төлем және есеп айырысу құралы ретінде қолданылмайды. Сертификат кепіл-зат және сату-сатып алу объектісі болып табылмайды.
Депозиттік сертификат бойынша айналым мерзімі бір жылға дейін белгіленген. Егер депозит алу немесе салымның мерзімі ұзартылса, мұндай сертификат талап етілгенге дейінге құжат болып табылады да, салым иесінің бірінші талабы бойынша банк оны төлеуі керек болады. Банк сертификат сомасы мен төлем мөлшерлемесіне сыйақыны төлей отырып мерзімді сертификатты алдын-ала төлеуге ұсыну мүмкіндігін қарастыра алады.
Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.
Депозиттік сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:
Атаулы депозиттік сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді. Яғни оны кім иеленсе сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік сертификаттар салым түрлеріне байланысты талап етілгенге дейінгі, мерзімді және шартты болуы мүмкін.
Сертификат шығаратын банк шығару, айналым және өтеу шартын қолданыстағы заңға сәйкес өз бетінше жасайды. Ол банктің ішкі ережелерінде қарастырылуы керек.
Депозиттік сертификаттардың бланкілері қатаң түрдегі есеп беру бланкілері болуы және банктердегі бухгалтерлік есеп шоттары жоспарының баланстан тыс шоттарында есепке алынуы тиіс.
Сертификаттың міндетті реквизиттеріне мыналар жатады: