Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:47, дипломная работа

Описание работы

Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Файлы: 12 файлов

1-ТИТУЛКА.docx

— 14.03 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

10-?ОСЫМША.docx

— 25.09 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

11-ГРАФИКА.docx

— 61.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

2-АННОТАЦИЯ.docx

— 15.90 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

3-ЖОСПАР.docx

— 12.32 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

4-К_Р_СПЕ.docx

— 19.62 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

5-1 Б?Л_М.docx

— 91.35 Кб (Скачать файл)

Депозиттік операцияларды жүргізудегі  коммерциялық банктердің негізгі мақсаты  банктерде жинақталған арзан ресурс көздері ретіндегі ақша қаражаттарын өздеріне пайда келетіндей етіп активті операцияларға тиімді түрде орналастыру. Шот ашу кезінде банкпен депозитор арасында құқықтық қатынастар пайда болады, олар тек қана бюджетке аударылатын салықты шегеріп тастап, есептелген сыйақы мен толық есептелген депозит сомасы қайтарылған кезде тоқтатылады, заңды күші бар жарлыққа және құқықтық қатынас банк пен тұтынушы арасында бекітілетін келісім-шартқа сәйкес реттеледі.

Банктің депозиттік базасының көбеюі келесілермен жүзеге асады:

  • қаржылық мекемелердің және басқа банктердің несиелері, корреспонденттік шоттары мен занды тұлғалардың есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражаттары есебінен;
  • заңды тұлғалардың депозиттік шоттарындағы қаражаттар есебінен;
  • жеке тұлғалардың депозиттік шоттарындағы қаражаттар есебінен.

Көптеген ұсақ және шағын банктер  үшін депозиттер ақша қаржыларының басты  көзi болып табылады. Банктер қаржы  нарығында қаржылық делдал ретiнде  басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының iрi сомасын орналастырады. Банктер  бұл қаржыларды тиiмдi пайдаланып, олардың  сақталуын қамтамасыз етедi және қарыз  алушыларға табысты негiзде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, iскер фирмалар, акционерлiк компаниялар және кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкiмет мекемелерi, мемлекеттiк кәсіпорындар мен жергiлiктi органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.

Сонымен бірге, кез-келген елдің экономикасының қарқынды  өсіп  дамуы  осы елде жұмыс істеп жатқан қаржы мекемелерінің қызметтерімен тығыз байланысты болып отыр. Себебі, экономикадағы қаржы секторының, соның ішінде банк жүйесінің дамуы негізінде экономиканың өндіріс секторларын ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін береді.

Кәсіпкерлер және ірі кәсіпорындар банктің несиесінсіз  өз қызметтерін толығымен дұрыс  жолға қоя алмайды. Оларда әр уақытта  қосымша ақша қаражаттарына деген  қажеттіліктер туып отырады. Міне осы  қажеттіліктер банк несиелері арқылы қанағаттандыру мүмкіндігі бар. Өз кезегінде банктер осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жеткілікті мөлшерде ресурстарға ие болуы керек. Ол ресурстар банктердің пассивтік операциялары, соның ішінде депозиттік операцияларын тиімді жүргізу нәтижесінде қалыптасады.

 

 

1.2 Депозиттік операциялардың түрлерін қарастыру

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың  және депозиттердің шоттарының әр түрі кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы  бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген тұтынушылар топтарының сұранысын  қанағаттандыруға және олардың қаражаттары  мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына  жағдай жасайды.

Сақталатын  мерзімнің ұзақтығына байланысты салымдар банктің қарауында қалатын аралықта, олар ұзақ мерзімді немесе тұрақты, мезгілді, мезгілсіз немесе талап етілгенге дейінгі болып бөлінуі керек. Бірақ та салым түрлері арасындағы айырмашылық мерзімдегі немесе оларды орналастыру тәртібіндегі және қайта алудағы айырмашылықтарды жоймайды.

Ең алдымен  мерзімді депозит бойынша сыйақылар  көлемі мерзімсіз салымынан немесе ағымдағы шоттағы салымдарға қарағанда  алдын-ала белгіленген, ал соңғы салым түрінің банктен төленетін сыйақысы алдын-ала анықталмайды

Ағымдағы  шот бойынша есеп айырысу кітапшасы беріледі, ондағы жазу тек қана ағымдағы шоттың бар болуы және салым жасалған күндегі сома туралы куәландырады. Дегенмен салымшылардың әр түрлі көптеген түрлері бар: олар жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер және жергілікті өкілет органдары.

Бұлардың  барлығы да өздерінің ақша қаражаттарын коммерциялық банктердегі депозиттерге өздерінің толық ықыластарымен орналастыратындықтары айқын.

Банктік өтімділікті басқару тұрғысынан банктерге ағымдағы және бюджеттік  есепшоттар, капиталдық салымдарды қаржыландыру жөніндегі есепшоттар, арнайы мақсаттағы есепшоттар пайдалы болып есептеледі, өйткені олардағы қаражат қозғалысы  банкке алдын-ала белгілі болуы мүмкін.

Сонымен қатар, ағымдағы және бюджеттік есепшоттардың  иелері өз мәртебелеріне орай  несиелерге ұмтылмайды, бұл банктерге мұндай қаражатты өз қалауы бойынша активтік операцияларда пайдалануға мүмкіндік береді.

Депозиттік есепшоттар әртүрлі  болуы мүмкін, және олардың жіктелуінің  негізінде салымдар көздері, оларды мақсатты пайдалану, табыс табу дәрежесі және т.б. көрсеткіштер жатыр. Ең көп қолданылатындары төменде келтірілген.

Салымдар санаттарына  орай заңды тұлғалардың депозиттері және жеке тұлғалардың депозиттері болып бөлінеді.

Дүниежүзілік  тәжірибеде экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді 1.1 суретте көрсетілгендей етіп топтарға бөледі.


 


 


 

 

Сурет 1.1. Депозиттерді топтарға бөлу

 

Депозиттердің әрбір түрлерінің өзінің ерекшеліктері  мен кемшіліктері бар. Енді осы депозиттер түрлеріне жеке-жеке тоқталайық.

Депозиттер  түрлерінің ішінде талап етілгенге дейінгі депозиттер неғұрлым өтімді болып келеді. Талап етілгенге дейінгі депозиттер – белгісіз мерзімге салынатын, салымшы кез-келген уақытта банкті алдын-ала хабардар етпестен ала алатын немесе басқа тұлғаға аудара алатын қаражат. Олардың иелері талап етілгенге дейінгі шоттағы ақша қаражатын кез-келген уақытта пайдалана алады. Яғни, талап етілгенге дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің алғашқы талап етуіне байланысты әртүрлі құжаттар арқылы нақты ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттарды білдіреді.

Талап етілгенге дейінгі депозиттік шоттардың ерекшеліктері төмендегідей болып келеді:

  • осы шотқа ақша қаражаттарын салу немесе оны алу кез-келген уақытта ешқандай шектеусіз жүзеге асырылады;
  • осы шоттан ақша қаражаттарын қолма-қол ақша түрінде қолданыстағы заңдылық пен бекітілген тәртіпте алуға болады;
  • шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады.

Талап етілгенге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы - олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады.

Ал кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз мүлдем төленбейді немесе біршама төменгі  мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп  талап етілгенге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

  • ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
  • бұл депозиттер есебінен қолма-қол ақша немесе чекпен аударымдар жүргізуге болады;
  • шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
  • банктер талап етілгенге дейінгі шоттардағы ақшалай қаражаттар үшін өте төменгі деңгейгі пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
  • бұл депозиттің үлес салмағының көбеюі банктің өтімділігіне деген талаптарды күшейте түседі;
  • депозиттерді тарту шығындары аз болып келеді, яғни пайызы төмен болады;
  • талап етілгенге дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Отандық банктік тәжірибеде талап етілгенге  дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

  • мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айрысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары мен олардың шоттарындағы қаражаттар.

Талап етілгенге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар көп жағдайда кәсіпорын немесе мекеменің шаруашылық және басқа да операцияларының жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Банктің көптеген тұтынушылары депозиттердің мұндай типтеріндегі ақша қаражатының мөлшерін ең аз шамаға жеткізуге ұмтылады, өйткені талап етілгенге дейінгі салым ақша бойынша пайыз табысы төленбейді.

Ең аз шамаға жеткізудің бір тәсілі — автоматты түрде тазаланатын шоттардың мүмкіндіктерін пайдалану. Онымен ағымдағы операцияларды жүзеге асыра отырып, банк тұтынушымен ескерілген ең аз шамадан асып түсетін кез келген ақша сомасынан шотты "тазалайды" немесе оларды аударады, оны пайыз табысын әкелетін қаржы құралдарына, мысалы, кері сатып алу келісіміне орналастырады. Мұндай операцияны банк әрбір жұмыс күнінің аяғында жүзеге асырады. Бұл операцияны жүзеге асыруға қажетті төлем чектері банкке түсетін болса, қаражат тура осы талап етілгенге дейінгі салымға кері аударылады.

Көптеген  коммерциялық банктер талап етілгенге  дейінгі депозиттердің тартылған  қаражат құрылымындағы үлес салмағының ең жоғары болуына ұмтылады. Өйткені, бұл банктік ресурстардың құрылуының ең арзан көзі. Қаражаттың жоғары жұмылдыруына байланысты талап ету есепшоттарындағы қалдық тұрақты емес, тіпті кейде мүлде өзгермелі деуге болады. 

Есепшот иесінің кез келген сәтте қаражатты  алу мүмкіндігі банктің айналымында  өтімділігі аз, бірақ аса жоғары табыс әкелетін активтердің үлесін азайту есебінен өтімділігі жоғары активтердің  үлесінің мейлінше көп болуын талап  етеді. Сол себепті талап етілгенге  дейінгі есепшоттардағы қалдықтар  бойынша банктер олардың иелеріне төмен пайыз төлейді немесе тіпті  ешқандай табыс есептемейді. Дегенмен талап етілгенге дейінгі есепшоттардағы қаражаттың жоғарғы жылжымалылығына  қарамастан, олардың ең төменгі, бірақ  төмендемейтін қалдығын анықтаудың және оны тұрақты несиелік ресурс ретінде пайдаланудың мүмкіндігі бар.

Талап етілгенге дейінгі депозитінің бір түрі банктің тұтынушымен барлық операциялары есептелетiн контокоррент (итальянша conto corrento – ағымдағы шот) - бірыңғай шот болып табылады.

Конокорренттік  есепшоттарда теріс немесе оң қалдықтар  болуы мүмкін. Тұтынушы кез-келген уақытта  шоттан өз салымын алып қана қоймай, белгілі бір уақытқа несие  ала алады. Контокорренттi шот ерекше сенiмдiлiк белгiсi ретiнде тек сенiмдi тұтынушыларға және бiрiншi сыныпты қарызшыларға ашылады. Шот иесi шығындардың түсiмдерден артуы кезiнде әрбiр жеке жағдайда, арнайы рәсімдеусіз-ақ банкпен жасалған келiсiмге сәйкес анықталған сома шегiнде несие алуға мүмкiндiгi бар.

Талап етілгенге дейінгі депозитiне сондай-ақ ағымды овердрафт шотын жатқызуға болады, овердрафт (ағылшынша overelraft – жоспардан жоғары) – тұтынушының есеп айырысу, ағымдық және корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің тұтынушыға беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше нышаны. Овердрафтың контокорренттен айырмашылығы кездейсоқ сипатты болуында, яғни тұрақты емес. Контокорренттік шот тек заңды тұлғаларға ашылса, овердрафт шот заңды тұлғаларға да, жеке тұлғаларға да ашылуы мүмкін.

Талап етілгенге  дейінгі депозиттерге банктердің бір  жақты тәртіппен немесе бір-бірінің тапсырмасы бойынша есепайырысу мен төлемдерді жүргізу мақсатында Орталық Банкте немесе корреспондент банктерде  ашылған корреспонденттік есепшоттары да жатады.

Банктің басқа банкте ашқан корреспонденттік есепшоты ностро есепшоттары (итальянша nostro conto – біздің сіздегі шотымыз) деп аталады, ал банк басқа банк үшін ашқан корреспонденттік есепшот лоро есепшоты (итальянша loro conto – сіздің біздегі шотыңыз)деп аталады. Бұл есепшоттарды ашу есепшоттардың қызмет ету талаптары және олар бойынша жүргізілетін операциялардың тізімі анықталған банктер арасындағы жасалған шарттар негізінде жүргізіледі.

Депозиттің  екінші тобын мерзімді депозиттер құрайды. Мерзімді депозит – бұл банктерде  белгілі бір мерзімге және пайыз  төлеу шартымен орналастырылған  тұтынушылардың уақытша бос қаражаттары. Салымшының ұзақ уақытқа қаражат  салудағы мақсаты жоғары пайыз алуымен  түсіндіріледі. Бұл депозит банк үшін де пайдалы, неге дегенде бұл  қаражатты жоғары пайыз алу үшін несие беріп ұзақ уақыт пайдалана  алады. Ережеге сай мерзімді салымдарды талап етілгенге дейінгі салымдарында болатындай ағымды төлемдерге пайдалануға болмайды.

Мерзімдік салымдар шартта көрсетілген мерзімге және талаптармен банктің толық  қарамағына қаражатты беру болып табылады. Ал ол мерзім аяқталған соң салымды иесі кез-келген сәтте алуы мүмкін. Тұтынушыға мерзімдік депозит үшін төленетін сыйақы мөлшері депозиттің мерзіміне, сомасына және салымшының шарт талаптарын орындауына байланысты болады. Салымның мерзімдері неғұрлым ұзақ және сомасы үлкен болса соғұрлым сыйақы мөлшері де үлкен болады.

Мерзімдік салымның сомасы дөңгелек сомалармен белгіленіп шарт күшінде болатын  барлық мерзім ішінде өзгертілмеуі тиіс.

Мерзімдік салымдар ағымдағы төлемдерді жүзеге асыруға қолданылмайды. Егер салымшы  салым сомасын өзгертуді қаласа – азайтқысы немесе ұлғайтқысы келсе, онда ол қолданыстағы шартты бұзып, өз салымын алып жаңа талаптармен қайта рәсімдейді. Бірақ салымшы салым бойынша қаражатты мерзімінен бұрын алған кезде ол шартта көзделген пайыздардан ішінара немесе толығымен айырылуы мүмкін. Әдетте, мұндай жағдайларда пайыздар талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша төленетін пайыздар мөлшеріне дейін төмендетіледі.

6-2 Б?Л_М.docx

— 127.14 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

7-3 Б?Л_М.docx

— 49.96 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

8-?ОРЫТЫНДЫ.docx

— 21.01 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

9-?ДЕБИЕТТЕР.docx

— 19.57 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)