Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:47, дипломная работа
Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Сертификаттың міндетті реквизиттеріне мыналар жатады:
Депозиттік сертификат шығарушы банк оған қолданыстағы заңға қайшы келмейтін басқа да реквизиттерді кіргізе алады.
Банк сертификаттар шығарады және меншiктi сертификаттарды шығару мен орналастыру шарттарын еркін дайындайды. Өз сертификаттарын тиiмдi орналастыру үшін банктер келесi мiндеттемелерді назарға алады:
Сертификаттың кемшіліктеріне олардың эмиссиясымен байланысты банктің көп шығынға батуын жатқызуға болады.
1.3 Дамыған елдер мен Қазақстандағы депозиттік нарықтың даму кезеңдерінің ерекшеліктері.
Алғашқы жинақ кассасы Францияда, Парижде 1818 жылы табысы онша көп болмайтын кәсіпкерлердің жинақтарын тарту мақсатында құрылды. Одан кейін соның мысалында басқа да жинақ кассалары пайда бола бастады. Ал 1835 жылы оларға қоғамдық маңызды ұйым деген статус берген бірінші Заң пайда болды. Олар қаражат тартып белгілі мөлшерде несие бере алады – бірақ бұл қызметтен түскен табысты бөлісе алмайды. Бұл қаражат жеке қаражаттарын толтыруға немесе өздерінің тұтынушыларын ерекше жеңілдіктермен қамтамасыз етуге жұмсалуы тиіс. Сол себептен бұл кассалар табыс салығынан босатылған болатын.
Франция жинақ кассалары алғашқы статусын, яғни шектелген қызметін ұзақ сақтаған касса болып табылады. Дегенмен, соңғы 10 жыл уақыт ішінде өзгеріске ұшырап нағыз банктерге айналды. Олар тек 1978 жылы чектік шоттар ашуға құқық алып, жеке тұлғаларға депозиттің сан аулан түрлері мен жинақ құралдарын ұсына бастады. Ал 1983 жылдан бастап өз қаражатының 30 пайызы мөлшерінде заңды тұлғаларға несие ұсыну құқығын алды. 1990 жылы қаражаттарын пайдалануға толық дербестік алып, салық жеңілдігінен айрылды. 1992 жылдан бері Францияның жинақ кассалары жалпыға бірдей табыс салығын төлейді.
Францияда жинақтарды тарту
саясаты мемлекеттің пайыз
Француз жинақ кассаларының негізгі ұйымдастырушылық депозиттік формалары:
Бүкіл Еуропа мемлекеттері арасында француз банктері банктік технологияны, оның ішінде несиелік карточкаларын таратуда, қолдануда және қаржыландыруда алда келе жатыр.
Германияда жинақ кассалары Франциядағы сияқты қызмет атқарады. Олар әмбебап банк болып табылатындықтан, өз есебіне акция сатып алу, бағалы металл мен валюта және спекулятивті операциялардан басқасының бәріне рұқсат берілген. Сонымен бірге бұл кассалардың негізгі қызметі – жинақ салымдарын қабылдау мен тұрғын-үй құрылысы үшін отбасыларға ссуда ұсыну болып табылады.
Халықтың жинақтарын салымдарға тарту Германияның барлық несиелік мекемелері айналысады (жинақ, коммуналдық және жер банкілері, несиелік қоғамдар және т. б.).
Германия жинақ кассаларында ең көп таралған салымдар:
Германияда талап етілгенге дейінгі салымдар – бұл классикалық пайызсыз депозиттер. Мерзімді салымдар бекітілген мерзімді салымдарға және алудың икемді режимі бар салымдарға бөлінеді. Мерзімді салымдар бойынша пайыздар салымның сомасына және мерзіміне байланысты бекітіледі. Еуропаның басқа да жинақ және әмбебап коммерциялық банктері сияқты Германия банктері де халықтың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларына бағытталады. Осыған байланысты тұтынушыларға қаржылық қызметінің кең ассортименті ұсынылады.
Италия жинақ кассаларының құрылым жүйесі басқа көптеген елдер сияқты қосбилікке негізделген.
Италия жинақ кассалары Ассоциациясының кәсіби одағы кассалардың реси өкілі әрі кеңесшісі болып табылып жалпылай сипаттағы қызмет көрсетеді. Италия жинақ кассаларының несиелеу институты жинақ кассаларына қатысты Орталық банк қызметін атқарады, олардың қаражатын бағалы қағаздарға жайғастыру арқылы біріктіреді, кассалар мен несиелік ұйымдарды қайта қаражаттау мен мемлекеттік органдарды қаржыландырып отырады.
Италияда дүниежүзіндегі ең ірі жинақ кассасы бар – ол Ломбардия провинциясының жинақ кассасы «CARIPLO». Оның балансы 1987 жылы 63 млрд. лирді құрады. Қаражатының негізгі көзі: салымдар – 29 млрд. лир, облигациялар – 19 млрд. лир болып келеді.
Италияда 1991
жылы 83 жинақ кассалары
Италия банктерінің тәжірибесіндегі жинақ шоттары негізінен банктік құжаттарының формаларына байланысты бөлінеді, олардың түрлері:
Испанияда жинақ кассаларының негізін салушы ломбардтар болып табылады.
Бұл елде Үкіметтің мәжбүрлеуімен жинақ кассалары жүйесі құрылды, қазірде олардың саны 80-ге жетеді, 9500 агенттіктері қызмет көрсетеді. Сонымен бірге пошталық-жинақ кассасы да жұмыс жасайды. Испания жинақ кассалары өз алдарына негізгі мақсат етіп пайда табу емес сапалы қызмет көрсетуді қояды.
Ресейде алғашқы жинақ кассалары 1842 жылы Николай императорының жарлығымен Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында пайда болған. Жинақ кассаларының пайда болу мақсаты – тұрғындарға өздерінің жинақтарын сақтауға, олар бойынша табыс тауып қажеттеріне жарату болды.
Ресей жинақ кассаларының Европа елдеріндегі жинақ кассаларынан айырмасы, бұлар мемлекет тарапынан құрылды. Қаржы министрлігі тарапынан дайындалған Жарғы 1940 жылы Мемлекеттік Кеңес тарапынан бекітіліп, 1841 жылы Николай император қол қойды. Жарғы бойынша жинақ кассалары тек жексенбі күні сағат 9-дан 14-ке дейін жұмыс істеді. Қабылданған салым үшін жинақ кітапшалары берілді.
Совет Одағында 1922 жылы мемлекеттік еңбек жинақ кассалары жүйесі құрылды. Алғашқы жинақ кассасы 1923 жылы қызмет көрсете бастады. Ал 1988 жылы жинақ кассалары КСРО жинақ банкі болып өзгертілді.
АҚШ-та жинақ банкілері деп атауға болатын 5 мыңдай мекеме бар. Еуропаның дамыған мемлекеттеріне қарағанда АҚШ-та халықтың жинақтарын тартумен негізінен жинақ институттары айналысады, олар жинақ банктерінен, ссуда –жинақ ассоциацияларынан және несиелік кеңестерден тұрады.
Сондай-ақ, мұндай функция инвестициондық коммерциялық банктерге, брокерлік үйлерге, сақтандыру, зейнетақы және басқа да қаржылық компанияларға тән. Негізгі депозиттер талап етілгенге дейінгі салымдарға, жинақ және мерзімді салымдарға бөлінеді. Талап етілгенге дейінгі депозит ең өтімді болып табылады, өйткені олар есеп айырысу-төлем операцияларына тікелей қатысады.
Сенімді жинақ банкілері - кооперативтік банктік мекемелердің бір түрі болып келеді. Олар Ұлыбританияда кең тараған. Ұлттық жинақ банкімен бірлесіп тұрғындар мен заңды тұлғаларға көптеген шоттар ашып тәжірибе жинақтауда.
Ұлыбританияның Ұлттық жинақ банкі пошта бөлімшелері жүйесі арқылы тармақталған және Үкіметтің бақылауында. Бұл шоттардағы қаражаттар Үкіметтік бағалы қағаздарға орналастырылады. Олар бойынша төленетін дивидендтер депозиттік шоттарға төленетін пайыздың көзі болып келеді.
Қазақстан Республикасының банктері - жалпы қаржы жүйесіндегі кәсіпорындар ішінде бүгінгі таңдағы қарқынды түрде дамып отырған алдыңғы қатардағы ұйымдардың бірі. Өйткені бұл ұйымдардың қызметі шетелдердегі барлық озық тәжірибелерді негізге ала отырып атқарылуда. Қазіргі коммерциялық банктердің қызметі экономиканың барлық салаларын дамытуға және халықтың табыс деңгейін арттыруға бағытталған.
Республиканың Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының несие жүйесінің жоғары буыны бола отырып, коммерциялық банктердің және мамандандырылған несие мекемелерінің қызметін реттейді. Сонымен қатар, елдегі барлық қаржы нарығын мемлекеттік тұрғыдан реттеуші органы болғандықтан, депозит нарығын да реттеуші орган ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және Қадағалау жөніндегі агенттігі болып табылады.
Әрине, нарықта негізгі депозит институты ретінде коммерциялық банктер алға шығады. Олар өз қызметінің көп бөлігін жеке және заңды тұлғалардың депозиттері құрайтын тартылған ресурстар есебінен жүзеге асырады.
Сонымен бірге басқа депозиттік жинақтаушы мекемелер де халықтың салымдарын нақты табыс алу мақсатында тартады, әр түрлі инвестицияларға шоғырландырып, бағыттап отырады. Олардың депозит нарығындағы рөлі айтарлықтай маңызды емес. Мысал ретінде, жинақтаушы зейнетақы қорындағы азаматтардың өз еріктерімен салған салымдарын айтуға болады. Мұндай қорлардың қызметі салымшыны қосымша зейнетақымен қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының депозиттік нарығы күрделі де қарқынды дамып келе жатқан жүйе бола отырып, ішкі және сыртқы факторлардың әсерін әр уақытта өзіне қабылдап отырады. Экономикадағы әртүрлі экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайлардың әсері депозит нарығының дамуына да әсер етеді. Бұған қарамастан депозиттік нарықтың даму қарқыны өзінің жеке зандылықтары мен ерекшеліктеріне ие болып отыр. Бұл жағдайларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жариялаған және өзіміз есептеген статистикалық мәліметтер негізінде депозиттік нарыққа сипаттама бере отырып оны салыстырмалы талдауларда болады.
Қазақстан Республикасындағы жинақ нарығы туралы тек қана 1994 жылдан бастап айтуға болады. Себебі дәл осы кезеңде жинақтар үшін нақты жағдайлар, мүмкіндіктер туды. Бұл кезде ұлттық валюта - теңгенің курсы тұрақтанып, айлық инфляция деңгейі төмендеді, бюджет есебінен бірнеше айдың қарыздары төленді. Депозиттік нарық депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің позитивті болуымен байланысты 1994 жылдың соңынан дами бастады.
Ресми мәліметтер бойынша 1994 жылдың соңына қолдағы жинақтар және қолма-қол ақша 5096,2 млн. теңгені құрады. Ал нақтылай жинақтардың көлемі бұл сомадан артық еді. Себебі халық өздерінің жинақтарын қайта капитализациялап отырды. Бұл қаражат сомасы банктерге жұмылдыру мүдделілігін тудыру үшін жеткілікті еді.
1994 жылы халықтың
ақша табысы салымдарға
Бұл жағдайда мынаны атап өту керек: осы кезеңде халық өз жинақтарын тиімді және сенімді орналастыру тәсілдерін іздей бастады, әртүрлі жоғары тәуекелді салымдардың түрлері халықтың сенімінен шыға бастады. Бұған дәлел ретінде сол кезде болған әртүрлі трасталық компаниялар мен қаржылық пирамидалардың күйреуін келтіруге болады.
Сондықтан 1994 жылдың соңына қарай адамдар өздерінің ақшаларын тұрақты, өтімділігі жоғары, занды тұлға болып табылатын қаржылық мекемелерге яғни банктерге салуға ұмтылды. Өйткені, экономикада болған күйреулерге байланысты адамдардың нарықтық көзқарастары өзгеріп, олар жоғары пайыздық мөлшерлемелерді іздеуге ұмтылмады.
Біршама банктер депозиторларды қызықтыратын әртүрлі бағдарламалар жасай бастады. Яғни, қаржы нарығында банктердің арасында депозиторлар үшін бәсекенің элементі пайда болды. Депозиттік нарықтағы бәсеке сол кезден бастап күшейе түсті, себебі бұл салада банктердің қызметі жаңадан ғана басталған еді.
Бастапқы кезеңдерде қазақстандық банк тәжірибесінде депозиттерді басқару мәселелеріне көп көңіл аударылмады. Әр жерлерде банк мекемелерінің алдына олар жұмылдырған кредиттік ресурстардың мөлшеріне және сипатына байланысты қысқа және ұзақмерзімдік несиелер беруді қамтамасыз ету міндеті қойылмады.
Кредиттік салымдар мен ресурстардың жоспарлы баланстары банк бөлімшелерінде жасалмады. Мұндай жағдай елдің несие қорын құру және пайдалану істерін басқару шектен тыс орталықтандырылғандықтан болды. Сонымен қатар, даму кезеңінде банктердің депозиттік тәжірибесі экономикалық әдебиетте аса көп зерттелмеген болатын. Атап айтсақ, жалпыға бірдей депозиттік саясат ұғымы қалыптасып үлгермей оның қағидалары жеткілікті түрде тұжырымдалмаған еді.