Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:47, дипломная работа

Описание работы

Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Файлы: 12 файлов

1-ТИТУЛКА.docx

— 14.03 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

10-?ОСЫМША.docx

— 25.09 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

11-ГРАФИКА.docx

— 61.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

2-АННОТАЦИЯ.docx

— 15.90 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

3-ЖОСПАР.docx

— 12.32 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

4-К_Р_СПЕ.docx

— 19.62 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

5-1 Б?Л_М.docx

— 91.35 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

6-2 Б?Л_М.docx

— 127.14 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

7-3 Б?Л_М.docx

— 49.96 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

8-?ОРЫТЫНДЫ.docx

— 21.01 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

9-?ДЕБИЕТТЕР.docx

— 19.57 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

все.docx

— 301.24 Кб (Скачать файл)

Коммерциялық банктер

депозиттер

талап етілгенге дейін

мерзімді салым

жинақ салым

барлығы

соның ішінде

теңгеде

шетел валюта

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

485592

256515

229077

102876

382715

1

«Казкоммерцбанк» АҚ

443931

220166

223765

49388

392858

1685

«Центр Кредит Банкі» АҚ

335963

200628

135335

24886

311027

50

«БТА Банк» АҚ

254123

159460

94663

31606

222517

0

«Kaspi Банкі» АҚ

152355

89087

63268

5805

146548

2

«Алматы сауда-қаржы Банкі» АҚ

148035

54401

93634

18089

129944

2

«Еуразиялық Банк» АҚ

85933

32060

53873

10879

75019

35

«Альянс Банк» АҚ

76813

60720

16093

7258

69554

1

«Цеснабанк» АҚ

59402

39586

19816

4847

51533

3022

«Қазақстан тұрғын-үй құрылыс жинақ Банкі» АҚ

40051

40051

0

377

39674

0




 

Қазірде Қазақстан  Республикасында 39 коммерциялық банк қызмет көрсететін болса, соның 34-і  депозиттерге міндетті кепілдік беру қорына мүше болып табылады.

 «Қазақстан Халық Банкі» Қазақстандағы банктер арасында депозиттер бойынша көш бастап келеді. Салым қаражаттарының 52,8%-ын теңгеде ашылған депозиттер құраса, мерзімді салымдардың депозиттік портфелдегі үлесі 78,8% болып келеді. Банк депозиттік нарықтағы өзінің басыңқы үлесін сақтап қалу мақсатында және жаңа тұтынушылардың қызығушылығын тудырып салымдарды тарту үшін өзінің депозиттік саясатын заманауи талаптарға сай қалыптастырған.

Банктің депозиттік саясаты Ұлттық банк белгілеген шарттарға сай келеді. Ол салымдарды өзінде жинақтау жолында көзделетін мақсаттарын және мәселелерін қарастырады. Болашақта ұзақ мерзімді салымдар үлесін арттыруға және өзінде орналастырылған салымдардың орташа мерзімін ұзартуға тырысады.

«Казкоммерцбанк» депозиттерінің 11,1% талап етілгенге дейін депозиттері құраса, мерзімді салымдардың көрсеткіші – 88,5% болып тұр. «Центр Кредит Банкі» депозит портфелінің 59,7% ұлттық валютамен ашылған депозиттер. Мерзімді салымдар жалпы депозиттердің 92,6% құрайды.

«БТА Банкі» депозиттері 87,6% мерзімді салымдардан құралған. Ұлттық валютамен ашылған депозиттердің үлесі 62,7%. «Kaspi Банк» 58,5% депозиттерін, ал «Альянс Банк» 79,1% депозиттерін ұлттық валютада ашқан. «Еуразиялық Банк» депозиттік портфелі 12,7% - талап етілгенге дейін депозиттерден, 87,3% - мерзімді депозиттерден тұрады.

Еліміздегі  коммерциялық банктердің депозиттік нарықтағы  үлесіне көз салатын болсақ, жоғарыдағы еліміздің алдыңғы қатарлы 10 банкіне 2011 жылдың 1 қаңтарына Қазақстандағы  барлық жеке тұлғалардың салымдарының 92,4% тиесілігін көрсетеді. Басқа да банктердің үлес салмағын 1.4 суреттен көреміз.

 

Сурет 1.4. 2011 жылдың 1 қаңтар жағдайына Қазақстан депозиттік нарығындағы коммерциялық банктердің үлес салмағы

 

Ондықты «Қазақстан тұрғын-үй құрылыс жинақ Банкі» қайырып отыр. Бұл банк шетел валютасында салым тартпаған. Депозиттерінің 99% мерзімді салымдар құрайды. Қалған бөлігі талап етілгенге дейін депозитінің үлесінде. Жинақ салымдарына қаражат мүлдем тартылмаған.

«Қазақстан Халық Банкі», «Казкоммерцбанк» және «Центр Кредит Банкі» жалпы депозиттердің 56,2% өздеріне тартқан. Қазірде аталған банктерден басқа коммерциялық банктер депозиттік нарықтың 7,6% ие болып отыр.

Осы мәлімет  депозиттік портфелі жоғары көрсеткішке  ие жоғарыдағы 3 банктің жүргізіп отырған  депозиттік саясаттың дұрыстығын және нәтижелі жұмыс істеп жатқандығын  көрсетіп отыр.

Депозиттік  нарықтың жағдайына жасалған талдаудан  салым иелері үшін мыналардың маңыздылығын айта кету қажет:

Біріншісі –  бұл банктің сенімділігі.

Екіншісі  – бұл депозиттер бойынша белгіленетін пайыз мөлшерлемелерінің деңгейі. Бұл жерде банк қаншалықты тұрақты  болса, соғұрлым олардың депозиттер бойынша пайызы төмен. Ал кейбір танымал  емес банктеріміз керісінше, барынша  жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп, депозиттік нарықтан тұтынушыларды  тартуға тырысады.

Үшінші –  банктің құрылымдық бөлімшелерінің көп болуы және қызмет көрсету  сапасы. Әрине неғұрлым филиалы көп  болса соғұрлым депозиттік нарықтағы  тұтынушыларды көбірек тартуға  мүмкіндік туады. Ол үшін қызмет көрсету  сапасы жоғары болуы тиіс.

Келтірілген мәліметтерден мынадай тұжырым жасауға болады: Қазақстанда халық өз қаражаттарын банктерге сенімді түрде салып, оны мерзімді депозиттер түрінде ұстауға ұмтылады. Бұны халықтың әл-ауқатының жақсарғандығымен және тұрғындардың отандық коммерциялық банктерге деген сенімнің пайда болуымен түсіндіруге болады. Бұдан елімізде қаржылық нарық қалыптасып келе жатыр және оған деген қажеттілік үнемі артып отыр деген қорытынды шығара аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының депозит нарығындағы рөлі

 

 

2.1 «Цеснабанк» АҚ-ның сипаттамасы

1992 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкінде  «Цеснабанк» коммерциялық банкі  тіркелді. Ал 1997 жылы 6 ақпанда ашық түрдегі «Цеснабанк» Акционерлік Қоғамы болып қайта тіркеуден өтті.

«Цеснабанк» АҚ бас офисі біздің республикамыздың астанасы – Астана қаласында орналасқан еліміздегі жалғыз коммерциялық банк болып табылады. Қазіргі кезде «Цеснабанк» АҚ активінің көлемі 209 млрд. теңге, немесе 1,4 млрд. доллар болып еліміз бойынша банктер арасында алдыңғы ондыққа кіреді.

Банк заманауи банктік  технологиялар және құрылғылармен  жабдықталған, шамамен 2936 білікті маман тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетеді.

«Акционерлік Қоғамдастықтар туралы» 1998 жыл 10 шілдедегі Заңға сәйкес банк қайта тіркеуден өтіп ашық түрдегі «Цеснабанк» Акционерлік Қоғамы ретінде 1999 жылғы 12 ақпанда №4078-1900-АО Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлігін алды.

Коммерциялық  банктің акционерлерінің жалпы  саны 531. Бұл туралы толық мәлімет 2.1 кестеде келтірілген.

 

Кесте 2.1.

2011 жылдың 1 қаңтар жағдайына «Цеснабанк» АҚ акционерлері туралы мәлімет

 

Банктің  акционерлері

Акционерлер саны

үлесі, %

Заңды тұлғалар

125

23,5

Жеке тұлғалар

406

76,5


 

Акционерлік қоғамы акцияларының 76,5% жеке тұлғаларға тиесілі болса, 23,5% заңды тұлғалардың иелігінде болып отыр.

Банктің негізгі қызметі  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі 2002 жыл 27 қыркүйекте берген №74 лицензиясы банк заңнамасымен бекітілген ұлттық  және шетел валютасында банктік операциялар жүргізу болып табылады. Олар:

  • заңды тұлғалардан депозит қабылдау, банктік шот ашу және оны жүргізу;
  • жеке тұлғалардан депозит қабылдау, банктік шот ашу және оны жүргізу;
  • банк операцияларының бөлек түрлерін жүргізетін банктер мен ұйымдарға корреспонденттік шот ашу және оны жүргізу;
  • кассалық операциялар жүргізу: қабылдау, беру, қайта есептеу, айырбастау, банкноталар мен монеталарды сақтау;
  • аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың талабы бойынша аударым жасау;
  • есеп жүргізу: заңды және жеке тұлғалардың вексель және басқа да борышты міндеттемелері есебін жүргізу;
  • несие операциялары: ақылы, мерзімді және қайтарымды негізде ақшалай түрде несиелер ұсыну;
  • заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша есеп-айырысу талаптарын орындау;
  • сейфтік операциялар: тұтынушылардың құжат түрінде шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызмет көрсету, сонымен бірге сейфтік жәшіктер мен шкафтарды жалға беру;
  • ломбардтық операциялар: тезөтімді бағалы қағаздар мен жылжымалы мүлікті кепілдікке ала отырып қысқамерзімді несие ұсыну;
  • төлем карточкалары<span class="No_0020Spacing__Char" style=" font-family: 'T

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)