Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:47, дипломная работа

Описание работы

Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Файлы: 12 файлов

1-ТИТУЛКА.docx

— 14.03 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

10-?ОСЫМША.docx

— 25.09 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

11-ГРАФИКА.docx

— 61.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

2-АННОТАЦИЯ.docx

— 15.90 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

3-ЖОСПАР.docx

— 12.32 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

4-К_Р_СПЕ.docx

— 19.62 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

5-1 Б?Л_М.docx

— 91.35 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

6-2 Б?Л_М.docx

— 127.14 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

7-3 Б?Л_М.docx

— 49.96 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

8-?ОРЫТЫНДЫ.docx

— 21.01 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

9-?ДЕБИЕТТЕР.docx

— 19.57 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

все.docx

— 301.24 Кб (Скачать файл)

Бір жағынан  бұл көптеген отандық коммерциялық банктерге депозиттік саясат дербес қызмет саласы ретінде көрінбей, пассивтерді  басқарудың бөлігінің бірі ретінде, яғни осы банк үшін қаражат көздерінің тиісті қисынын анықтай отырып салымшылар мен басқа кредиторлардың қаражатын  тартуға байланысты қызметі деп  танылғандығынан еді.

Дамыған банк жүйелерінде ірі ақша көлемін  экономиканы дамытуға жұмсай отырып халықтың қаражатын салымға салуда банктер маңызды рөл ойнайды. Дүниежүзіндегі ірі банктерді талдағанда, олардың банк міндеттемелерінің 70-80 пайызын тұрғындардың салымы және мекемелер  мен кәсіпорындардың қаражаттары  құрайды.

Қазақстанда осы көрсеткіш тұрғындардың салымы, есепшоттардағы қаражаттармен қоса есептегенде  жалпы банктер бойынша  орташа көрсеткіш 1994 жылдың соңына 15-35 пайызды құрады. Банк пассивіндегі салымдар мен депозиттердің жалпы  сомасы орташа дәрежеде бірнеше пайыздан 25 пайызға дейін барды. Бұл Қазақстан  банктерінің сол уақытта мекемелер  мен кәсіпорындардың, тұрғындардың қаражатын депозитке тартуда өздерінің бар мүмкіндіктерін пайдаланбағандықтарын көрсетеді.

1994 жылдың  соңынан бастап банктер депозит  түрлерін түрлендіріп келеді, бірнеше  түрлері бойынша қосымша ұтыс  ойыны өткізіледі. Тұтынушыларға  арнайы карта-есепшот ашу қаражат  тартудағы қызықты жолдардың  бірі болды.

Осы жылдың соңындағы инфляция деңгейінің сезілерлі дәрежеде төмендеуі салымдар мен депозиттердің банктік пайызы үшін нақты жағдайға оңды болды.  Бұл жағдай қаражаттарды тек банк жүйесіне салуды тиімді етті. Қазіргі уақытта банктер арасында потенциалды тұтынушылар үшін банктер арасында пайыздық күрес барады. Әр банк өзінің мүмкіндіктерінің дәрежесінде жоғары пайыздық мөлшерлеме төлеп отыр.

1995 жыл депозиттық  нарықтың тұрақталуы және кеңейе түсуі болды деп сеніммен айтуға болады. Дәл осы жылы банктер аздап болса да банк жүйесінің бұрынғы абыройын банктердің жоғары сенімділігіне және басқа салым түрлеріне қарағанда пайыздық мөлшерлемелердің бәсекелес бола алатындығының арқасында қалпына келтірді.

Банктер арасында әлеуетті депозиторлар үшін бәсекелестік элементі байқалып, бұл жарнаманы белсенді қолдану мен банктің мүмкіншілігіне байланысты депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді көтере бастауда айқын көрініс тапты.

1996 жылы қайта  қаржыландыру мөлшерлемелерінің  төмендеуі екінші деңгейдегі  банктерде теңгедегі депозиттері  бойынша пайыздық мөлшерлемелердің  төмендеуіне алып келді. Пайыздық  мөлшерлемелердің төмендеуі тоқсан  ішінде бірқалыпты жүрді. 

Қазақстандық  банктердің депозиттік саясатын талдауда 1997 жылы қаңтар мен қыркүйек аралығында инфляция қарқынының төмендеуі екінші деңгейдегі банктерге жеке және заңды  тұлғалардың ақша қаражатының келіп  түсуін ұлғайтты, сөйтіп қолайлы инвестициялық  жағдай туғызудың негізі болды.

1997-1998 жылдарда  жеке тұлғалар депозиттерінің  көлемі 27,6 млн. теңгеден 30,4 млн. теңгеге  ұлғайды, ал заңды тұлғалардың депозиттері 52,6 млн. теңгеден 49,4 млн. теңгеге дейін азайды. Бұл көрсеткіш халықтың банктерге сенімін көрсетсе, кәсіпорындар мен ұйымдар жөнінде бұлай дей алмаймыз.

1999 жылдан бастап жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беретін қазақстандық қор жұмыс істей бастады. Оның жалғыз құрылтайшысы және акционері — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі болып табылады.

Бүгінгі таңда  қор Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген ереже шеңберінде қызмет етеді. Осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен нақты және міндетті шарттарға жауап беруі тиіс екінші деңгейлі банктер жүйенің қатысушылары бола алады.

2001 жылдың  қаңтарында депозиттік нарық елдің қаржы нарығының ең жоғары қарқынмен дамып келе жатқан сегменттерінің қатарында қалып отырды. Ұлттық валютаның тұрақтануы, банк жүйесінің дамуы, көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайының жақсаруы және азаматтардың табыстарының біртіндеп өсуі банк секторына депозиттер түріндегі капиталдың келуіне жағдай туғызды.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктерге  олардың депозиттік нарықтағы қызмет ету бағытын анықтауда, сонымен  қатар, депозиттік саясатын қалыптастыруда біршама еркіндік беріп отыр.

Жоғарыда аталып кеткендей, коммерциялық банктер депозиттік саясатын анықтау барысында тартылған  ресурстарды орналастыру мүмкіндіктерін, тұтынушылар нарығы мен ішкі жағдайларды және инфляция деңгейін, ұлттық  валюта курсы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің саясаты мен басқа сыртқы жағдайларды ескереді.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкісінің 2003 жылдың 31 қаңтарындағы «Ақша-несие саясатымен негізгі бағыттарын анықтау туралы» Басқарма Қаулысын қабылдау сол жылғы қаржы нарығындағы оңтайлы өзгерістердің болуына, сонымен қатар комерциялық банктердің депозиттік операцияларын сәтті жүзеге асыруына әсерін тигізді.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкісінің салымшылар мүддесін қорғаудағы тағы бір іс шарасы – банктік жүйенің халықаралық стандартқа көшуі. Банктердің халықаралық стандарттарға көшуіне байланысты олармен жүргізілетін операциялар бір жүйеге келтірілді.

2002 жылғы  Қазақстандағы банктер жүргiзген  депозиттiк операциялары жоғарғы  қарқынмен дамып үлкен нәтижелер  бердi. Өйткенi, 2001 жылғы жүргiзiлген  акция көлеңкелi айналымда жүрген 500,0 млн. АҚШ долларынан астам қаржыны ел экономикасына құйды. Нәтижесiнде банктiк жүйеде экономикалық көрсеткiштер оң нәтиже бердi.

Қазақстан Республикасында  екінші деңгейлі банкеріндегі жеке тұлғалардың  депозиттері туралы мәлімет 1.1 кестеде  келтірілген.

 

Кесте 1.1.

1997-2010 жылдар  арасында Қазақстан Республикасы  банктеріндегі жеке тұлғалардың  депозит көрсеткіштері                 млн. теңге

 

Жылдар

Барлық депозиттер

талап етілгенге дейін

мерзімді салымдар

жинақ салымдары

01.01.1998

29 124

13 889

15 235

-

01.01.1999

31 624

15 117

16 507

-

01.01.2000

54 966

21 054

33 912

-

01.01.2001

91 709

26 878

64 831

-

01.01.2002

186 080

39 220

146 860

-

01.01.2003

257 360

45 248

212 113

-

01.01.2004

343 229

59 773

282 963

493

01.01.2005

447 976

77 004

361 611

9 362

01.01.2006

596 848

103 408

492 073

1 368

01.01.2007

1 034 157

163 191

868 071

2 894

01.01.2008

1 447 850

193 158

1 250 778

3 914

01.01.2009

1 500 005

198 734

1 297 772

3 500

01.01.2010

1 936 312

296 240

1 636 889

3 184

01.01.2011

2 249 814

296 651

1 948 069

5 093


 

Банктегі  депозиттер жылдан-жылға жақсы қарқынмен  өсіп отырған. 1997 жылы жеке тұлғалардың  салымдары 29,1 млн. теңге болған болса, 2010 жылдың соңына 2 249,8 млн. теңгені құрап бастапқы көрсеткіштен 77 есе өсім болғанын көрсетіп тұр.

Депозит түрлері  ішінде жинақ салымдарының жағдайы  нашар деңгейде. 2003 жылға дейін  банктерге тұрғындардан қаражат  мүлдем тартылмаған немесе банктер  депозиттің бұл түрін ұтынушыларға ұсынбаған. Тек 2003 жылдан бастап банктерде  осы депозит түрлері жолға  қойылып  халық өздерінің бос  қаражаттарын сала бастады. 1999 жылға  дейін талап етілгенге дейін  салымы мен мерзімді салымдардың  ара салмағы шамалас деңгейде болса, одан ары 2000 жылдан бастап мерзімді салымдар депозиттердің негізгі  үлесін құрап отыр.

Цифрларға жүгінетін  болсақ, жалпы депозиттік портфельде мерзімді салымдардың үлесі - 86,6%, талап етілгенге дейінгі депозиттердің үлесі – 13,2%, жинақ салымдарының үлесі – 0,2% құрап отыр.

Жалпы алғанда, қажет уақытында талап етілетін депозиттің түрін дамыту маңызды  екенін атап өту өте қажет. Заңды және жеке тұлғалар үшін басқа да салым түрлері қызығушылық тудыруы мүмкін. Олар алдағы уақытта салынып жатқан немесе дайын, сатып алынатын үйді кепілге ала отырып ипотекалық несие беретін тұрғын үйге жинақ шоты, тұтынушылық мақсаттағы жинақ шоты. Бұл жоба жинақтық тұрғын-үй шоттар жүйесі түрінде іске асырылуы мүмкін және ол өте үлкен жоба болғандықтан көп уақытты қажет етеді.

Аталған жылдар бойынша коммерциялық банктердегі  заңды және жеке тұлғалардың депозит  қалдықтары бойынша мәлімет беретін 1.2 суретте көрсетілген.

 

Сурет 1.2. 1997-2010 жылдар аралығында Қазақстандағы

банк депозиттерінің құрылымы

 

Жалпы банктердегі  заңды тұлғалардың депозит шоттарындағы қаражаттар әрқашан көп болып  келген. Алайда, бұл айырмашылықтың ара салмағы 2003 жылға дейін көп  бола қоймаған.

Ал 2004 жылдан бастап заңды тұлғалардың салымдары  жақсы көрсеткіштермен өсіп отырған. Бұның себебі, елімізде көптеп шағын  және орта бизнес субъектілері құрылып  қызмет көрсетіп отырғанымен түсіндіруге  болады. Салым қалдықтарының көп  бөлігі де олардың ағымдағы шоттарындағы қаражаттар болып табылады.

1997 жылдың 31 желтоқсанына заңды тұлғалардың  салымдары – 52,6 млн. теңге,  заңды тұлғалардың салымы –  27,6 млн. теңге болған. Ал 2004 жылдың 1 қаңтарына бұл көрсеткіштер  сәйкесінше – 397,8 млн. теңге  және 335,4 млн. теңгені құраған. Соңғы мәліметтер бойынша 2011 жылдың 1 қаңтарына еліміздегі банктердегі заңды тұлғалардың салымы – 5 203,0 млн. теңге болса, жеке тұлғалардың салымы – 2 194,9 млн теңге көрсеткішін құрап отыр.

Еліміздің банктерінде  депозитке ұлттық валютамен қатар  шетел валютасында да қаражат  қабылданады. Коммерциялық банктер  тарапынан шетел валютасында  ашу мүмкіндігі бар көптеген арнаулы  депозит түрлері істеп шығарылған.

Мультивалюталық депозиттерге тұтынушы өз қалауы бойынша  қалаған валюта түрінде депозит  аша алады. Сонымен бірге елімізде қызмет көрсетіп жатқан шетелдік серіктес кәсіпорындардың әртүрлі халықаралық  операция жасауы үшін де банкте шетел  валютасында операция жүргізіп қызмет көрсету тиімді болып табылады.

Қазақстан Республикасында  банктердегі шетел валютасындағы  операциялар негізінен 3 валютада жүргізіледі. Олар – АҚШ доллары, Европа –  еуросы және Ресей рублі.

1997 жыл мен  2010 жылдар арасында еліміз банктеріндегі  депозиттердің ұлттық валюта  және шетел валютасы бойынша  өсу динамикасын 1.3 суреттен көреміз.

 

 

Сурет 1.3. 1997-2010 жылдар арасында теңге және шетел валютасы бойынша депозиттердің көрсеткіштері

 

Еліміздегі  коммерциялық банктердің валюта айырмашылықтары  бойынша депозит қалдықтары көрсеткіштері 2005 жылға дейін аса көп бола қоймаған. 1997 жылдан 1999 жылға дейін, 2003 жылдан бері қарай ұлттық валютада ашылған депозиттердің көрсеткіштері  жоғары болған болса, 2000 жылдан 2003 жылға  дейін шетел валютасы көрсеткіші жоғары болып немесе екеуінің көрсеткіштері  тең болып отырған. Ал 2006 жылдан бастап теңгенің тұрақтануы мен ұлттық экономикамыздың  көтерілуіне байланысты тұрғындар  өз қаражаттарын ұлттық валютада сақтауды дұрыс деп тапқан. Бұның тағы бір  себебі, шетел валютасында ашылған  депозиттерге төленетін сыйақы мөлшерлемесі ұлттық валютамен ашылған депозиттерге төленетін сыйақы мөлшерлемесінен төмен болып келеді.

2010 жыл қорытындысы  бойынша шетел валютасында ашылған  салым көрсеткіші өткен жылға  қарағанда 284,3 млн. бірлікке, немесе 10 пайызға кеміген. Дүнижүзін  шарпыған дағдарыс, шетел валютасының  тұрақсыздануы бұл көрсеткіштің  негізгі себебі болып табылатыны  сөзсіз.

Еліміздегі  екінші деңгейлі банктердің жүргізіп отырған депозиттік саясатының қаншалықты нәтижелілігі олардың депозит қалдықтары бойынша мәлім болатыны айқын.

Депозиттегі қаражат қалдықтары көрсеткіштері  бойынша алдыңғы қатардағы 10 коммерциялық банктердің 2011 жылдың 1 қаңтарына мәліметі 1.2 кестеде келтірілген.

 

Кесте 1.2.

2011 жыллдың  1 қаңтары бойынша депозиттерге кепілдік беру қорына мүше алдыңғы қатарлы 10 банктің салымдары                                       млн. теңге

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)