Банк ағымдық валюталық операциялардың ақша қаражаттар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 21:56, курсовая работа

Описание работы

Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндетін алға қойған Елбасы Жолдауында атап көрсетілгеніндей, еліміздің қаржы жүйесін, соның ішінде қаржы есептілігін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру ашық нарық экономикасын қалыптастырудың сенімді тетіктерінің бірі болып табылады. Есеп жүргізудің дамыған елдер қолданатын соңғы тәсілдерін меңгеру Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылған жағдайда да өте маңызды қажеттілікке айналады.
Курстық жұмысымның тақырыбы «Ағымдағы шоттағы шетел валютадағы ақша қаражаттарының есебі» бойынша қарастырлады. Шетелдік валюта – ол ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта болып табылады. Яғни қазіргі кезде өз қызметін есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде, нақтырақ айтқанда, валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші ұйымның бірлескен ұйымы, яғни филиалы болып табылатын ұйымдарда осындай шетелдік валюталардың сан алуан қызмет түрлері жүзеге асырылып отырады.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Қазақстан республикасындағы валюталық реттеудің негізгі орны.....................5
1.1 Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі қағидалары...........5
1.2 Валюталық операциялар және олардың түрлері..............................................10
2 Валюталық операциялардың есебі........................................................................15
2.1 Кәсіпорындардың банктегі валюта шотын ашу, жүргізу және жабу тәртібі.15
2.2 Валюталық операцияларды құжаттық рәсімдеу...............................................19
2.3 Валюталық операциялардың синтетикалық және аналитикалық есебі.........25
3 Валюталық бағам есебі..........................................................................................32
3.1 Валюталық бағамның түсінігі мен пайда болу себептері................................32
3.2 Бағам айырмашылықтарын есепке алу..............................................................35
4 Ағымдағы шотындағы валюта қозғалысы бойынша операциялардың
есебін жетілдіру......................................................................................................38
Қорытынды.................................................................................................................45
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................45
Қосымшалар...............................................................................................................49

Файлы: 1 файл

Ағымдағы шоттағы шетел валютадағы ақша қаражаттарының есебі.doc

— 618.50 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндетін алға қойған Елбасы Жолдауында атап көрсетілгеніндей, еліміздің қаржы жүйесін, соның ішінде қаржы есептілігін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру ашық нарық экономикасын қалыптастырудың сенімді тетіктерінің бірі болып табылады. Есеп жүргізудің дамыған елдер қолданатын соңғы тәсілдерін меңгеру Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылған жағдайда да өте маңызды қажеттілікке айналады.

Курстық жұмысымның тақырыбы «Ағымдағы шоттағы шетел  валютадағы ақша қаражаттарының есебі» бойынша қарастырлады. Шетелдік валюта – ол ұйымның қолданыстағы валютасынан  өзгеше валюта болып табылады. Яғни қазіргі кезде өз қызметін есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде, нақтырақ айтқанда, валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші ұйымның бірлескен ұйымы, яғни филиалы болып табылатын ұйымдарда осындай шетелдік валюталардың сан алуан қызмет түрлері жүзеге асырылып отырады.

Әрбір кәсіпорындағы  шетел валютасындағы операциялар - шетел валютасында көрсетіледі  және шетел валютасында есептесу болжанған операция, оның ішінде бағалары шетел валютасымен белгіленген  тауарларды сатып алған кезде талданып отыратын жағдайлар кәсіпорында жүргізіліп отырады.

Шетел валютадағы ақша қаражаттарының қозғалысы, ағындары 21 «Валюталық бағам өзгерісінің әсері» (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес беріледі. Бұл валютаның айырбас бағамын нақты бағамға бірдей жақындатып пайдалануға мүмкіндік береді.

Мысалы, кезең  ішіндегі орташа алынған айырбас  бағамы шетел валютасымен жүргізілетін операцияларды жазу немесе шетелдік еншілес ұйымның ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін қайта есептеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Алайда 21 (IAS) ХҚЕС шетелдік еншілес ұйымдардың ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін қайта есептеу кезінде есепті күнгі жағдай бойынша айырбас бағамын пайдалануға рұқсат етпейді.

Ұйымның қолданыстағы шетел валютадағы ақша қаражатының қозғалысы пайда болған күннен бастап, қолданыстағы және шетелдік валюталар арасындағы айырбастау бағамының шетелдік валютадағы сомасына қолдану жолымен көрсетілуі тиіс.

Валюталардың  айырбас бағамдары өзгерулерінің  нәтижесінде туындаған іске асырылмаған пайда мен шығын ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылмайды. Ол инвестициялық және қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттары қозғалысынан бөлек беріледі және оған, егер олар бар болса, есептілікте кезеңнің аяғында валюталардың айырбас бағамдары бойынша ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдері туралы деректер берілген жағдайда туындайтын айырмалар жатады.

Қазақстандағы валюталық құндылықтардың қозғалысын ұйымдастырудың нысаны бола отырып, соңғы  жылдары жедел қарқынмен дамыды: жаңа уəкілетті банктер, валюта биржасы, айырбастау пункттерінің ауқымды желісі пайда болды, кəсіпорындардың тауарлар,жұмыстар жəне қызметтер экспортынан валюталық түсімдердің көлемі өсуде, жылдан жылға өнеркəсіп өнімдерін өндіруші кəсіпорындардың сыртқы сауда айналымының көлемі өсуде.

Өткенге көз  жіберіп, Қазақстанның дербес сыртқы экономикалық қызметі неден басталғанын еске  түсіре отырып, бірқатар аса батыл  заң актілерін атап өтуге болады.

 Валюта нарығындағы  жұмыс тəртібін Ұлттық банкі  белгіледі. Сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру жəне дамыту, сондай-ақ елдің сыртқысауда айналымының өсуі елдегі валюталық реттеудің құқықтық тетігінің болуын талап етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстанның 2030 жылға  дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру  жөнiндегi одан арғы шаралар туралы” 2002 жылғы 28 наурыздағы №827 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 103 қаулысымен ҚР Ұлттық Банкі əзірлеген Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан əрі Валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы) бекітілді.

Қазіргі кезде  кәсіпорынның валюталық шоттағы  қаржыларының есебін дұрыс жүргізуді  жеілдіру бiреудiң орынсыз тiлегiнен емес, өмiрлiк аса қажеттiлiк салдарынан туындады. Кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс  жүргiзбей, мүлiктiк жағдайы мен оған әсер ететiн себептердi бiлмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, бiрiншiсiнiң екiншiсiнен артық болуына қол жеткiзбей шаруашылықты ойдағыдай жүргiзу мүмкiн емес.

Сондықтан менiң  курстық  жұмысымның мақсаты –  кәсiпорынның валюталық шоттағы  қаржыларының есебін жүргізуді зерттеп  теориялық және әдiстемелiк негiздерi туралы мағлұмат алып, оларға талдау жүргізудегі  дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

1 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ 

РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ  ОРНЫ

1.1 Қазақстан  Республикасында валюталық реттеудің  негізгі қағидалары

Валюта дегеніміз  мемлекетпен қабылданған заңдық төлем құралы болып табылатын және айналымда жүретін банкноттар, қазына билеттері және монеталар түріндегі ақша белгілері болып табылады.

Қазақстан Республикасының  валютасына:

  • айналымдағы, сондай-ақ, айналымнан алынған немесе алынғалы жатқан, бірақ ауыстырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банкілік билеттері түріндегі теңгелер;
  • Қазақстан Республикасындағы банктер мен несиелік мекемелердің шоттарындағы теңгелік қаражаттар;
  • Қазақстан Республикасының валютасындағы бағалы қағаздар – төлемдік құжаттар, қорларға қатысты құндылықтар және басқа да борыштық міндеттемелер жатады.

Шетел валютасы – бұл шет мемлекеттердің валютасы. Оған жататындар:

  • шет мемлекеттің төлемдік құралы болып табылатын және айналымда жүретін банкноттар, қазына билеттері және монеталар түріндегі ақша белгілері, сондай-ақ, айналымнан алынған немесе алынғалы жатқан, бірақ, ауыстырылатын ақша белгілері;
  • шет мемлекеттің ақша бірлігінде, халықаралық ақша және есептесу бірлігінде шоттарға салынған қаражаттары.

Валюталық құндылықтарға:

  • шетел валютасы;
  • шетел валютасындағы бағалы қағаздар – шетел валютасындағы төлемдік құжаттар (чек, вексель, аккредетив), қорларға қатысты құндылықтар (акция, облигация), және тағы да басқа борыштық міндеттемелер;
  • бағалы металдар – кез келген түр мен күйдегі алтын, күміс, платина және платиналық тон металдары;
  • табиғи бағалы тастар – шикізат түріндегі немесе өңделген алмаз, рубин, изумруд, сапфир және александрит, сондай-ақ маржан жатады [1, 150 б.].

Нарықтық экономика  жолына түсіп, тәуелсіздік алған  жылдарда елімізде кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің негізі қаланды.  Сыртқы экономикалық қызметтің негізгі стратегиялық бағыты ұлттық валютаның тұрақты жұмыс істеуі және валюта нарығын тұрақты дамыту болып табылады. Осы мақсатта кесіпорындардың валюталық дербестігін кеңейту маңызды болды.

1996 жылы 24 желтоқсанда  Қазақстанда "Валюталық реттеу" туралы жаңа заң кабылданды. Жалпы  алғанда валюталық реттеу бірнеше  әкімшілік шараларды қажет етеді, яғни бұл валюталық түсімнің көтерілуі және  елден валюталық ағылудың қысқаруы деген сөз.

Басқаша айтқанда, валюталық реттеу еліміздің төлем  балансын бір қалыпта ұстау, валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекетке валюталық  ресурстарды жинау жұмыстарына  ықпалын тигізеді. Сондықтан да валюталық  реттеудің жаңа заңы бойынша, нормативті құқық актілерін бекіту, хабар жинау, валюта заңдылықтарын қадағалау және қолдану жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстан заңы бойынша, валюталық реттеудің объектісі  болып валюталық байлықтар және  олардың операциялары есептеледі. Жаңа заң бойынша валюталық байлыққа жататындар:

  • шетел валютасы;
  • бағалы қағаздар мен төлем құралдары және құны шетел    валютасымен бекітілген номиналдар;
  • алтын құймасы [10, 112-193 б.].

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарық экономикасы  жағдайында мемлекет тарапынан валюталық реттеу жүргізіледі. Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің маңызды тарихи даму кезеңінде валюталық саясат жүргізуге тиісті. Қазақстанның алдында валюта байланыстарның қызметін құрумен бірге халық шаруашылығын кайта құру, оны нарық жолына бұру мәселелерін қатар алып жұру жұмыстары тұр. Жақын уақыттарға дейін ҚР-да "Валюта реттеу" заңы 1993 жылы 14 сәуірде қабылданған заң бойынша жүрді. Бұл Қазақстан егемендік алған соң қабылданған 1-заң еді. Бірақ та ол кезде Қазақстан сом зонасында еді, сондай-ақ, жеке валюта саясатын жүргізуге практикалық тәжірибесі аздау болды. Бұл кезеңде еліміз өзінің ұлттық валютасын дайындау үстінде және алтын валюта резервін құру жұмыстарының қажеттілігін түсінді. Бірақ ескі заңның қағидалары либерализациялау деңгейіне жауап беру мүмкіндігінің артта қалғанын байқатты, ол кей жерлерде қарама-қайшы сипатта болды. Ал қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан ҚР-ның заңының 8-бабын түзетулер енгізілді.

Валюталық реттеу – нормативтік құқықытық актілерді  жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді. Сонымен қатар, валюталық реттеу валюталық операцияларын жасау тәртібін белгілеуге бағытталған мемлекеттік органдардың қызмет.

Экономикалық  белгі бойынша валюталық реттеу – ұлттық экономикасының мүдделерінде валюталық қатынастарын реттеу бойынша шараларды мемлекет іске асыру проецесінде пайда болатын экономикалық қатынастар жиынтығы. Валюталық реттеу валюта айналысын басқару, валюталық операцияларды бақылау, ұлттық валютаның бағамына жасалатын ықпал, шетел валютасын пайдалануын шектеу, валюталық бақылауын өткізу тәртібі жатады.

Валюталық заңға  сәйкес, валюталық реттеу шараларына мыналар жатады:

  • лицензиялау;
  • тіркеу;
  • хабарлау.

Валюталық реттеу келесі қағидаларға сәйкес ұйымдастырылуы мүмкін:

  • аймақтық (өлкелік) – валюталық реттеудің осы елге таралуы;
  • экономикалық белгілеу – негізгі айырмашылық резиденттер мен резидент еместер арасында жасалу керек. Мұнда мекенжай өлшемі азаматтық өлшемнен артығырақ;
  • валюталық операцияларын өткізгенде банктердің монополиясы – валюталық операцияларды өткізудің заңдығын бақылау мақсатында сыртқы экономикалық байланыстар бойынша есеп операциялары тек қана өкілетті банктер арқылы өтуге тиісті, мәміле жасалған жақтар қызмет көрсетуші банкті таңдау керек;
  • валюталық операцияның негізділігі, дәлелдігі  - алыпсатарлық болмау үшін валюталық операциялар нақты коммерциялық немесе қаржы мәмілелер негізінде өткізілуі керек;
  • резиденттердің шетелде авуарлары, яғни төлем құралдары (ақша, чек, вексель, аккредитив) болу құқығын шектеу – бұл шара капиталдың кемуіне қарсы күреске бағытталған, оның бірнеше түрі болуы мүмкін: шотты ашуына ғана емес, сонымен бірге, валютада төлем құралдарының барына да тиым салынады; барлық несиелер мен барлық табыстарды отанға қайтару және валютаның барлық түрлерін ұлттық валютаға толық айырбастау; шетелге тікелей капитал жұмсауды бақылау; шетелдік бағалы қағаздарға орналастыруын шектеу немесе оларға тиым салу; шетел авуарларды (төлем құралдарын) құруға мүмкіндік беретін жасандылықтардан қашу мақсаттарында импортталатын және экспортталатын тауарлар бағаларын бақылау;
  • жедел операцияларға бақылау жасау – валюта нарыққа қысым болмау үшін резиденттерге валютаны жедел алуын шектеу немесе тиым салу қажет;
  • банкттердің валюталық айқындамасын бақылау;
  • алыпсатарлық шеңберіндегі барлық операцияларға (олардың түрлеріне қарамастан) тиым салынуы керек;
  • валюталық операцияларды санаттарға бөлу: еркін жасалатын операциялар, рұқсат талап ететін операциялар, тіркеуді талап ететін операциялар, жазбаша хабарландыруды талап ететін операциялар. Валюталық реттеу елдің валюталық қорларының шығынын азайтып, валюталық реттеу органдарына нәтижелі ақша-несие саясатын өткізу мүмкіндігін қамтамасыхз ету үшін ұйымдастырылуы қажет.

Информация о работе Банк ағымдық валюталық операциялардың ақша қаражаттар есебі