Банк ағымдық валюталық операциялардың ақша қаражаттар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 21:56, курсовая работа

Описание работы

Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндетін алға қойған Елбасы Жолдауында атап көрсетілгеніндей, еліміздің қаржы жүйесін, соның ішінде қаржы есептілігін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру ашық нарық экономикасын қалыптастырудың сенімді тетіктерінің бірі болып табылады. Есеп жүргізудің дамыған елдер қолданатын соңғы тәсілдерін меңгеру Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылған жағдайда да өте маңызды қажеттілікке айналады.
Курстық жұмысымның тақырыбы «Ағымдағы шоттағы шетел валютадағы ақша қаражаттарының есебі» бойынша қарастырлады. Шетелдік валюта – ол ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта болып табылады. Яғни қазіргі кезде өз қызметін есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде, нақтырақ айтқанда, валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші ұйымның бірлескен ұйымы, яғни филиалы болып табылатын ұйымдарда осындай шетелдік валюталардың сан алуан қызмет түрлері жүзеге асырылып отырады.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Қазақстан республикасындағы валюталық реттеудің негізгі орны.....................5
1.1 Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі қағидалары...........5
1.2 Валюталық операциялар және олардың түрлері..............................................10
2 Валюталық операциялардың есебі........................................................................15
2.1 Кәсіпорындардың банктегі валюта шотын ашу, жүргізу және жабу тәртібі.15
2.2 Валюталық операцияларды құжаттық рәсімдеу...............................................19
2.3 Валюталық операциялардың синтетикалық және аналитикалық есебі.........25
3 Валюталық бағам есебі..........................................................................................32
3.1 Валюталық бағамның түсінігі мен пайда болу себептері................................32
3.2 Бағам айырмашылықтарын есепке алу..............................................................35
4 Ағымдағы шотындағы валюта қозғалысы бойынша операциялардың
есебін жетілдіру......................................................................................................38
Қорытынды.................................................................................................................45
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................45
Қосымшалар...............................................................................................................49

Файлы: 1 файл

Ағымдағы шоттағы шетел валютадағы ақша қаражаттарының есебі.doc

— 618.50 Кб (Скачать файл)

Жеке тұлғалар өкілеттік банктердегі өз банктік  шоттарынан қолма-қол шетел валютасын  шектеусіз алады. Жаңа заңнама бойынша  өкілетті банктер арқылы жеке тұлғаларда валютаны еркін сатып алу, сату, банк шотына қолма-қол валютаны түсіру немесе алу құқығы сақталған.

Валюталық шоттардың  ашылуы мен жүргізуіне валюталық  операциялардың келесі түрлері кіреді:

  • заңды және жеке тұлғамен валюталық шоттардың ашылуы (резиденттер мен резидент еместер);
  • шоттардағы қалдықтар бойынша пайыздарды есептеу;
  • овердрафтерді беру;
  • клиенттің өкімі бойынша оның валюталық шотында операцияларды орындау;
  • экспорт-импорт операцияларды бақылау.

Валюталық банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.

Заңды тұлға - шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде немесе заңды тұлғаның валюталық шотына бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың валюталық шотына үш жылдан астам кезенде ақша келіп түспеуіне байланысты валюталық банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.

Банкідегі валюталық шот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік мерзім ішінде валюталық шот иесінің банкідегі валюталық шоты жабылғандығы туралы хабарлама жасауы тиіс.

Валюталық шоты жабылған кезде сондай-ак, иесінің аты немесе валюталық шоттың нөмірі өзгергенде - шот иесі колдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге кайтаруы керек.

Банк шоттары  бойынша операцияларды тоқтату (кірісті  санамағанда) Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес, шот иесінің  ақшасына шек қою, тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жасалады. Банк шоттары бойынша операциялардың қайта жүргізілуі өкілетті органдардың осы шешімдердің күшін жою жөніндегі жазбаша хабарландырулар негізінде басталады.

Валюталық шот  оның иесiнiң өтiнiшi бойынша жабылады. Шот иесi өтiнiшiн өзiне қызмет көрсететiн банк мекемесiне жiбередi. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектiнiң атауы өзгерсе немесе шоттың нөмiрi өзгерген жағдайда шот иесi валюталық шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжатты өтiнiшке қоса тiркеуге мiндеттi.

 

 

2.2 Валюталық операцияларды құжаттық рәсімдеу

 

 

Қазақстан Республикасындағы  резиденттер мен резидент еместер  жүргiзген барлық валюта операциялары тек өкiлеттi банктер мен айырбастау орындарына соқпай жүргiзген кез-келген операцияларға тыйым салынады. Айырбастау операцияларынан басқа валюта операцияларын жүргiзу үшiн, өкiлеттi банктердiң бiрiнен, яғни есеп айырысу шоттары орналасқан жерде  валюта шоттарын ашады. Соңғылары өздерiнiң қызметтерiнен валюта операцияларын жүргiзген кезде өткiзiлетiн операцияларға қатысты кез-келген хабарлама мен құжаттарды талап етуге құқылы.

Валюта операцияларын  жүргiзген кезде клиенттер банктерге  валюта операциялары туралы хабарлама  мазмұндалатын тиiсiнше рәсiмделген  құжаттарды бередi. Рұқсат немесе ұлттық банктiң лицензиясы талап етiлетiн валюта операцияларын өткiзген жағдайда клиенттер оған құжаттардың көшiрмесiн тапсырады.

Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының барлығы, нормативтік актілерде қарастырылғаннан басқасы, тек теңге түрінде жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы резиденттер және резидент еместер арасындағы валюталық операциялар Ұлттық банктің нормативті-құкыктық актілерінде, салықпен кеден зандарында, қарастырылғаннан басқа жағдайларда, өкілетті банктер және банктік емес қаржылық мекемелер арқылы жүргізіледі.

Банк мөрiмен  және кассирдiң, орындаушы мен бақылаушының қойған қолдарымен куәландырылған банктiң  валюталық кiрiс ордерi валюталық  шығыс касса ордерiн толтыру  үшiн негiз болып табылады.

Нақты валюта беру тапсырмамен (валюталық шығыс ордерi) рәсiмделедi, оның толтырылған үлгiсi төменде келтiрiлiп отыр. Банк куәләндырылған тапсырманың (валюталық шығыс ордерiнiң)  көшiрмесi валюталық кiрiс касса ордерiн жазу үшiн негiз болып табылады [5, 17-23 б.].

Шетелдердегi бенефициарға (алушыға) валюта қаражаттарын аудару «Аударуға берiлетiн өтiнiштi» жазу арқылы рәсiмделедi.

Банкте аталған  және басқа да құжаттардың негiзiнде  валюталық шоттың дербес шотына жазу жазылады оның көшiрмесi кәсiпорынға  жiберiледi. Осы көшiрмелер валюталық  шот бойынша жинақтау тiзiмдемесiн  немесе машинограмма жасауға негiз болады.

Валюта шоты бойынша жасалатын операциялар  мына төмендегі құжаттармен рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде  келтіріліп отыр.

Банк мөрімен  және кассирдің, орындаушы мен бақылаушының қойған колдарымен куәландырылған банктік валюталық кіріс ордері валюталық шығыс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады.

Қолма-қол валютаны беру Тапсырмамен (валюталык шығыс  ордерімен) рәсімделеді, оның толтырылған  үлгісі төменде келтіріліп отыр. Банк куәландырған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі валюталык кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады.

Шетелдердегі  бенефициарға (алушыға) валюта қаражаттарын аудару "Аударуға берілетін өтінішті" жазу арқылы рәсімделеді, ол төменде  келтіріліп отыр.

Валюта шоттары бойынша операциялардың есебі 1032 "Ағымдағы банктік шоттардағы шетел валютасындағы ақша қаражаты" — шоттарында жүргізіледі.

Аталған және басқа  да құжаттардың негізінде банк валюталық  шотының бет есебіне тиісті жазуын жазады, ал оның көшірмесі кәсіпорынға жіберіледі.

Заңды тұлғалардың өкілетті банктердегі есеп шоттарына қолма-қол ақшасыз тәртіппен келіп түскен шетелдік валюта шектеусіз түрде есепке алынады.

Заңды тұлға-резиденттердің экспортталған тауары (қызметі, жұмысы) үшін төлем ретінде алған валютасы, 120 күннен аспайтын мерзімді, міндетті түрде банк шоттарына кірістелуі керек.

Заңды тұлғалар-резиденттер, резидент еместердің пайдасына төлемдер жүргізген кезде, өкілетті банктерге тиесілі тәртіп бойынша әзірленген құжаттарды (келісімдер, контрактілер, инвеойстар, коносаменттер, т.б.) тапсыруы тиіс. Лицензия немесе бұл бойынша талап Ұлттық банкіде тіркелгені жөнінде куәлік талап етілетін операциялар жүргізілген жағдайда занды тұлға-резиденттері өкілетті банкке тиісті құжаттарын тапсыруы тиіс.

Өкілетті банктер валюталық заңдарды сақтауға байланысты қосымша ақпараттар мен құжаттарды талап етуге құқылы.

Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша төлемдер екі жақтың кез келген валюта түріндегі келісімдері бойынша жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместердің өкілетті банктер арқылы жүзеге асырылатын ағымдағы операциялары шектеусіз жүргізіледі.

Капитал қозғалысымен байланысты Қазақстан Республикасына келіп түсетін 100 мың АҚШ долларынан астам немесе соған сәйкес басқа  валюталық операцияларынан түскен қаражаттар (мүліктерді) міндетті түрде тіркеуге жатады:

    • резидент еместерден 120 күннен астам мерзімге алынған несиелер, лизингіні де қоса алғанда;
    • резидент еместердің экспорттық-импорттық мәмілелеріне сәйкес алған 
      несиелері;
    • резидент еместердің төлем ретінде интеллектуалды меншік объектісін толық әрі айрықша құқын берген жағдайда;
    • резидент еместердің төлем ретінде қозғалмайтын мүлікке қатысты мүліктік құқын берген жағдайда.

Бұл операцияларды  тіркеу дегеніміз, ондағы тиесілі келісім-шарттарды тіркеу және әрекет етіп тұрған заңмен белгіленгендей, келісім-шарттардың тіркелген тіртібі бойынша нақты қаражат қозғалысы туралы тоқсан сайын мәлімет беріп отыру болып табылады. Занды тұлға-резидент өзінің келісім-шартын тіркеген орны бойынша тіркелген келісімшарттың әрекет ету кезінде болған барлық өзгерістері мен қосымшалары туралы хабарлап отыруға міндетті.

Капитал қозғалысына  байланысты қаражаттардың резидент еместерден резиденттердің пайдасына  көшуін (орын алмастыруын) қарастыратын валюталық операциялардың түрлері тәртіп бекітілген келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: 120 күннен астам мерзімге несиелер (кредиттер) алу; 120 күннен астам мерзімге жасалынған экспорттык-импорттық мәмілелерге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру; инвестициялар; мүліктік жөне қозғалмайтын мүліктерге қатысты басқа да құқықтарға төленетін аударымдар болған жағдайда жүзеге асады.

Заңды тұлғалар - резидент еместермен шетел валютасында есеп айырысулар олардың есеп шоттарындағы қолында бар валюталық қаражаттарының шегінде қолма-қолсыз тәртіппен жүзеге асырылады. Валюталық қаражаттардың шығу тегі жариялы болуы және келесі көздерден занды түрде алынуы тиіс; экспорттық валюталық түсім; жарғылық капиталға төленетін жарналар; резидент еместерге қаржылық жәрдем (грант) беру; өкілетті банктерден, шетелдік банктерден, қаржылық мекемелерден және басқа шетелдік занды тұлғалардан алынатын несиелер, сондай-ақ жеке тұлғалар-резидент еместер берген карыздар; өкілетті банктер және айырбас пунктері арқылы ішкі саудада теңгеге сатып алынған валюта.

Занды тұлға резиденттерінің банк шоттарында шетелдік валютасында қолма-қол ақшасынан резиденттік емес еңбеккерлеріне жалақы төлеу үшін және кызмет бабы бойынша еңбеккерлердің шетелдік іс-сапарларға шығуына байланысты кеткен шығыстарын жабуға алынуы мүмкін. Осы қаражатты алу үшін занды-тұлға резиденттері өкілетті банкісіне тиісті дәрежеде рәсімделген құжатты ұсынады (іс-сапар туралы бұйрық, іс-сапарының шығыстарына жасалған сметасы, жалақы төлеу туралы өтініш т.б.).

Занды тұлғалар - резиденттердің үшінші жақтар үшін контракт бойынша ақы төлеу валюталык операцияларына, сондай-ақ колма қол ақша түрінде есеп айырысуларына тыйым салынады. Салық салудың ресми деңгейін Ұлттық банкінің бағамдық негізінде анықталған деңгейінде алынады және ол баспасөзде жарияланады.

Өкілетті банктер  мен айырбас пунктері арқылы шетел  валюталарын алып-сату арқылы екі  жақты мәмілелер кезінде сатып алушылар мен сатушылардың өз беттерінше анықтаған бағамдық деңгейін алуға құқылы.

Резидент - занды тұлғалар ішкі валюталық нарығында шетелдік валютаны және тек резидент еместермен есеп айырысу үшін шетел валютасында несие алуына болады және шетел валютасында банкіден алған несие бойынша мідеттемелерін орындайды. Шетел валютасында несиелер қолма қол ақшасыз тәртіппен беріледі.

Заңды тұлға-резиденттерге валюталық операциялар бойынша керсетілген  банктік қызмет түрлеріне өкілетті банктер арқылы тараптардың келісімі бойынша ұлттык немесе шетел валютасы түрінде төлемақы алады.

Теңгемен алынған  несиелерді, сондай-ақ олар бойынша пайыздар мен басқа да төлемдердің шетел валютасымен орнын жабуға тыйым салынады.

Тауарлар экспорты төлем, сондай-ақ несие немесе инвестиция ретінде занды тұлғалар-резиденттер арқылы алынған болса, онда ол осы резиденттің 24 наурыз 1997 жылғы №130 шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметін лицензиялау тәртібі туралы Ережеге сәйкес екілетті банкілер арқылы төлем жасалынады.

Занды тұлға - резиденттердің пайдасына тарту, қайырымдылық-жәрдем жасау, қайырымдылық жарналар және басқа да түсімдер ретіңдегі түскен шетел валютасы олардың өкілетті банкілері арқылы төленеді.

Шетелдік валютадағы операцияларды жүргізу үшін Ұлттық Банктің талаптарына сәйкес құжаттарды тапсыруымыз керек:

  1. Шетелдегі алушыға валюта аудару үшін аудару өтініші банкіге тапсырылады және аударудың мақсатын дәлелдейтін құжаттар тіркеледі;
  2. Қол ақша түріндегі шетел валютасын банкіге тапсыру үшін банкіде кіріс валюталық ордермен рәсімделеді. Ал қол ақшаны алу үшін шығыс валюталық ордермен рәсімделеді;
  3. Банкіден керек кезде шетел валютасын сатып алу үшін шетел валютасын сатып алуға өтініш толтырылады. Банкіге сатып алынатын шетел валютасының құны теңгемен аударылады.

Осы айтылған құжаттар екі тілде толтырылуы керек және оларды екі түрлі валюта көрсетілуі керек – шетелдік және функционалдық. Банк шартта тағайындалған мерзімде ұйымға оның ағымдағы шетел валютасындағы шотынан көшір-мені тапсырып отырады, әр операцияны дәлелдейтін құжаттарды тіркеп қояды. Егер ұйым бірнеше шетел валюталарын қолданатын болса, онда әр валютаның қозғалысы мен қалдығы туралы жеке көшірме тапсырып отырады. Көшірмеде әр операция бойынша жүргізілген кездегі нарықтық бағам қойылады. Шарт бойынша көшірмеде ақшаның қозғалысы мен қалдығы 2 валютада көрсетіледі. Банкіден түскен көшірме тексерістен тексеріледі және өңделеді.

Заңды тұлғалар – резиденттердің шоттары бойынша валюталық операцияларды жүргізу әдетте келесі тәртіпте іске асырылады: заңды тұлғалар – резиденттердің шоттарына түсетін шетел валютасы банкіге аударым арқылы шектеусіз есепке алынады. Заңды тұлғалар – резиденттердің шоттары АҚШ 10000 долларынан асатын қолма-қол шетел валютасын есептеу шетел валютасының пайда болу ашықтығын растайтын құжаттардың негізінде жасалады, атап айтқанда: резидент еместермен жасалған келісімдер, банк шотынан шетел валютасын алу туралы анықтама, өкілетті банкте шетел валютасына ие болғандығы жөніндегі анықтама, енгізілген валюта жөніндегі кеден декларациясы.

Заңды тұлғалар – резиденттер резидент еместің пайдасына төлем өткізгенде банкіге дұрыс ресімделген құжаттарды көрсетуге тиісті (шарттар, келісім-шарттар, инвойстар, коносаменттер, келісімдер және т.б.). Лицензия немесе Қазақстанның Ұлттық Банкінде тіркелген жөніндегі куәлікті қажет ететін операцияларды өткізген жағдайда заңды тұлғалар – резиденттер банкіге тиісті құжаттардың көшірмелерін көрсетуге міндетті.

Заңды тұлғалар – резиденттердің валюталық операцияларын  өткізуі бойынша банктік қызмет көрсету үшін төлемді банк тарифтеріне  сәйкес алады. Есепшот арқылы есептесетін  валютаны сату үшін өтініш берген жағдайда банк қызметкері оныңағымдағы валюталық  шотында қажет соманың барын, шетел валютасын сату өтініш толтыруының дұрыстығын мөрі мен өтініште өкілетті тұлғалар қойған қолдарын үлгілермен салыстырып, тексереді.

Информация о работе Банк ағымдық валюталық операциялардың ақша қаражаттар есебі