Банк ағымдық валюталық операциялардың ақша қаражаттар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 21:56, курсовая работа

Описание работы

Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндетін алға қойған Елбасы Жолдауында атап көрсетілгеніндей, еліміздің қаржы жүйесін, соның ішінде қаржы есептілігін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру ашық нарық экономикасын қалыптастырудың сенімді тетіктерінің бірі болып табылады. Есеп жүргізудің дамыған елдер қолданатын соңғы тәсілдерін меңгеру Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылған жағдайда да өте маңызды қажеттілікке айналады.
Курстық жұмысымның тақырыбы «Ағымдағы шоттағы шетел валютадағы ақша қаражаттарының есебі» бойынша қарастырлады. Шетелдік валюта – ол ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта болып табылады. Яғни қазіргі кезде өз қызметін есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде, нақтырақ айтқанда, валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші ұйымның бірлескен ұйымы, яғни филиалы болып табылатын ұйымдарда осындай шетелдік валюталардың сан алуан қызмет түрлері жүзеге асырылып отырады.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Қазақстан республикасындағы валюталық реттеудің негізгі орны.....................5
1.1 Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі қағидалары...........5
1.2 Валюталық операциялар және олардың түрлері..............................................10
2 Валюталық операциялардың есебі........................................................................15
2.1 Кәсіпорындардың банктегі валюта шотын ашу, жүргізу және жабу тәртібі.15
2.2 Валюталық операцияларды құжаттық рәсімдеу...............................................19
2.3 Валюталық операциялардың синтетикалық және аналитикалық есебі.........25
3 Валюталық бағам есебі..........................................................................................32
3.1 Валюталық бағамның түсінігі мен пайда болу себептері................................32
3.2 Бағам айырмашылықтарын есепке алу..............................................................35
4 Ағымдағы шотындағы валюта қозғалысы бойынша операциялардың
есебін жетілдіру......................................................................................................38
Қорытынды.................................................................................................................45
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................45
Қосымшалар...............................................................................................................49

Файлы: 1 файл

Ағымдағы шоттағы шетел валютадағы ақша қаражаттарының есебі.doc

— 618.50 Кб (Скачать файл)

Сатып алушыдан түскен төлем                30 000 $ х 150 =  4 500 000 тенге

Бағам айрмашылығы                                                              + 60 000 тенге

 

б) келесі корреспонденциялар береміз:

       Дебет               Кредит                  Сома

       1032                 1210                     4 440 000

       1032                 6250                         60 000

       Барлығы                                      4 500 000

 

2. 11.01 шетел сатып алушысынан банкідегі ағымдағы шотқа аванс төлем түскен 60 000 АҚШ доллары түскен. Сол күнгі бағам 143 тенге болған.

Осы  операцияны есепке алу үшін:

а)  шетел  валютасын тенгеге аударамыз:  60 000 $ х 143 =  8 580 000 тенге

 

б) келесі корреспонденция  береміз:  Дебет       Кредит        Сома

                                                                1032          3510        8 580 000

3. 19.01 банкідегі ағымдағы шоттан шетел жабдықтаушысына қысқа мерзімді креиторлық берешек төленген 35 000 $. Сол күнгі бағам 150 тенге болған. Шетел жабдықтаушысына берешек есептелген күні бағам 147 тенге құрған.

Осы  операцияны есепке алу үшін:

а)  шетел  валютасын тенгеге аударып  келесі сомаларды есептейміз:

шетел жабдықтаушысына  берешек     35 000 $ х 147 =  5 145 000 тенге

шетел жабдықтаушысына  төлем         35 000 $ х 150 =  5 250 000 тенге

бағам айрмашылығы                                                           -  105 000 тенге

 

б) келесі корреспонденциялар береміз:

       Дебет               Кредит                  Сома

       3310                 1032                  5 145 000

       7430                 1032                    105 000

      Барлығы                                    5 250 000

 

4. 24.01 банкідегі ағымдағы шоттан ұйымның кассасына 36 000 $ алынған. Сол күнгі бағам 148 тенге болған.

Осы  операцияны есепке алу  үшін:

а)  шетел  валютасын тенгеге аударамыз:  36 000 $ х 148 =  5 328 000 тенге

 

б) келесі корреспонденция береміз:     Дебет       Кредит      Сома

                                                                   1012         1032      5 328 000

 

5. Ай соңына  шетел валютасының қалдығы 40 000 $.

Оның есептегі тенгемен құнын  валюталық карточка бойынша және оның құнын ай соңындағы бағам бойынша да есептеп бағам айырмашылығын шығару керек.                                                     

    

Валюталық   карточка

Валюта түрі-  АҚШ доллары                           1.01 қалдық  10 000 доллар.  Сомасы   1 508 000 тенге      

 

Күн

Бағам,

тг

1032 шоттың дебеті  басқа шоттар

 кредитінен

Дебеттің барлығы

1032 шоттың кредиті  басқа шоттар

 дебетінен

Кредитің барлығы

Қалдық

1210

3510

6250

$

Сома, тг

3310

1012

7430

$

Сома, тг

$

Сома, тг

$

тенге

$

тенге

тенге

$

тенге

$

тенге

тенге

3.01

150

30000

4440000

   

60 000

30000

4500000

         

-

-

40000

6 008 000

11.01

143

   

60000

8580000

 

60000

8580000

         

-

-

100000

14 588 000

19.01

150

         

-

-

35000

5145000

   

105000

35000

5250000

60000

9 338 000

24.01

148

         

-

-

   

36000

5328000

 

36000

5328000

28000

4 010 000

31.01

147

         

-

-

       

106 000

 

106 000

28000

4 116 000

Барлығы

 

30000

4440000

60000

8580000

60000

90000

13080

        000

35000

5145000

36000

5328000

211000

71000

10684000

28000

4 116 000


 

Ай соңындағы шетел валютасының қалдығы 28000 АҚШ доллары. Оның тенгемен құны:

- 1032 шоттағы  есептегі    (1508000+13080000-10578000) = 4 010 000 тенге

- ай соңындағы  бағам бойынша     28 000 х 147 =  4 116 000 тенге

- ай соңындағы  қалдыққа бағам айырмашылығы  - 106 000 тенге

Ай соңындағы  қалдыққа бағам айырмасын есепке алу үшін келесі корреспонденция  беріп валюталық карточкаға 31.01 күні жазу  керек

    Дебет  7430          Кредит   1032          Сома  106 000 тенге

Осы жазудан  кейін валюталық карточкадағы 1032 шотта ай соңына шетел валютасының  қалдығы 28000 АҚШ доллар, яғни 4 116 000 тенге құрады. Бұл осы шот бойынша келесі айдың басына қалдық болады.

 

3 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЕСЕБІ

 

3.1 Валюталық  бағамның түсінігі мен пайда болу себептері

 

 

Валюталық жүйенің  маңызды элементі ретінде валюталық  бағам болып табылады, себебі халықаралық  экономикалық қатынастардың құндық ара қатынастарының өлшеуін талап  етеді.

Валюталық бағам  – шетел ақша бірліктерінде білінетін бір ел ақша бірлігінің «бағасы». Валюталық бағамның құндық негізі ретінде бағалардың орташа ұлттық деңгейлерін білдіретін валюталардың сатып алу қабілеттілігі болып келеді. Бұл экономикалық санат тауар өндірісіне тән, тауар өндірушілері мен дүниежүзілік нарық араларындағы өндірістік қатынстарды білдіреді. Құн тауар өндірісі экономикалық жағдайларының бәрін қамтитын білінуі болғандықтан, әр елдің ұлттық ақша бірліктерінің салыстыруы өндіріс пен ауысу үрдісінде пайда болатын құндық қатынастарда негізделген. Өндірушілер мен қызмет көрсетулерді сатып алушылар валюталық бағамның көмегімен ұлттық бағаларды басқа елдердің бағаларымен салыстырады. Салыстыру нәтижесінде осы елдегі бір өндірістің немесе шетелдегі инвестициялардың даму пайдалылығының дәрежесі анықталады. Валюталық бағам құн заңының әрекетіне тәуелді, ұлттық және дүниежүзілік экономикалардың өзара байланысын білдіреді. Мұнда валюталардың шынайы бағамдық ара қатынасы көрінеді.

Валюталық бағам  қажеті:

  • Капитал мен несиелердің қозғалыс барысында, тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатқанда, валюталармен өзара айырбастасқанда. Экспорттаушы түскен шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастайды, себебі басқа елдердің валюталары осы мемлекеттің аумағында заңды сатып алу және төлем құралы ретінде айналыста жүре алмайды. Импорттаушы шетелде сатып алған тауарлардың төлемі үшін ұлттық валютаны шетел валютасына айырбастайды. Борышкер қарызды өтеу үшін және сыртқы займдар бойынша пайыздарды төлеу үшін шетел валютасын ұлттық валютаны сатып алады;
  • Дүниежүзілік және ұлттық нарықтар бағаларын, ұлттық және шетел валютасында белгіленген әр елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыру үшін;
  • Фирмалар мен банктердің шетел валютасындағы шоттарды мерзімді қайта бағалау үшін. Таңдалған механизмдер негізінде валюталық бағамды анықтау әдісі валюталық бағамын белгілеу деп аталады. Бағам белгілеудің екі әдісі бар: тура және жанама. Тура бағам белгілеуінде шетел валютасының бірлігі ұлттық валютада белгіленеді. Жанама түрінде, керісінше, ұлттық валюта шетел валютасында белгіленеді. Толық бағам белгілеуіне сату және сатып алу бағамдары кіреді. Делдалдар тәжірибесінде сатып алу бағамы «бид» деп, ал сату бағамы «офер» деп аталады [7, 173-222 б.].

Ұйым шетелдік валютамен байланысты қызметті екі  әдіспен жүргізе алады. Ол не операцияларды шетелдік валютамен жүргізе, не шетелдік қызметті жүзеге асыра алады. Сонымен бірге өзінің қаржы есептілігінде ұйым деректерді шетелдік валютамен көрсете алады.

Бір валютаны басқаға (ұлттық валютаны басқа елдің валютасына және керісінше) айырбастаудың нәтижесінде туындайтын кірістер мен шығыстарды бағамдық айырмалардың кірістері мен шығыстарынан ажыратуы және негізгі емес қызметтің өзге де кірістері мен шығыстары сияқты көрсетуі тиіс. Мұндай кірістер мен шығыстар бір күнде екі түрлі бағам түрлерін - ол бойынша шетелдік валюта бухгалтерлік есепте ескерілетін валюта айырбастаудың рыноктік бағамын және нақты мәміле бағамын, яғни ол бойынша осы валюта сатып алынатын және сатылатын бағамды қолданудың нәтижесінде туындайды.

Бағам айырмашылығы – қаржы есептілігінде валюталардың түрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып шетелдік валюталар бірлігінің бірдей санын есептерде көрсету нәтижесінде пайда болатын айырмашылық.

Жабу бағамы – валюталардың ағымдағы айырбас  бағамы.

Валюта бағамы – бір валютаны басқасына айырбастау коэффициенті.

Әділ құн  – жақсы хабардар, осындай операция жасағысы келетін, бір-біріне тәуелді  емес тараптар арасында мәміле жасау  кезінде активті айырбастауға немесе міндеттемені реттеуге болатын сома.

Шетелдік валюта – ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта.

Шетелдік қызмет - өз қызметі есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде немесе валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші ұйымның еншілес, қауымдасқан, бірлескен ұйымы немесе филиалы  болып табылатын ұйым.

Қолданыстағы  валюта – ұйым өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық ортада пайдаланылатын валюта. Топ – еншілес ұйымдары бар бас ұйым [8, 17-27 б.].

Ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін, яғни Қырғыз Республикасының Тоқмоқ қаласынан  сатып алынатын әйнек үшін төлем жасау мақсатында  «Компания Стеклоимпекс» ЖШС 100 000 АҚШ доллары мөлшерінде шетелдік валютаны сатып алады. Валюта айырбастаудың рыноктағы бағамы сатып алу күніне – 1 АҚШ доллары үшін 121 теңге, нақты мәміленің бағамы – 1 АҚШ доллары үшін 120 теңге.

 

5-кесте. Бір  күнде айырбастауды жүзеге асырған  кезде:

 

№ р/р

Операцияның мазмұны

Корреспонденттік шот

Сомасы (теңге)

Дебет

Кредит

1.

Ағымдағы банктік шоттағы  теңгемен ақша қаражаты есептен шығарылды  және ағымдағы валюталық банктік шотқа аударылды

1032

1030

12 100 000

2.

Нақты мәміленің бағамы бойынша валютаны сатып алуға  байланысты шығысты тану рыноктағы  бағамға қарағанда жоғары

7430

1032

1 00 000


 

  

 

6-кесте. Бірнеше  күндердің ішінде айырбастауды  жүзеге асырған кезде:

 

№ р/р

Операцияның мазмұны

Корреспонденттік шот

Сомасы (теңге)

Дебет

Кредит

1.

Валюта сатып алуға ағымдағы банктік шотынан қаражаттар есептен  шығарылды

1020

1032

12 100  000

2.

Ағымдағы валюталық  банктік шотқа қаражаттар кіріске  алынды

1032

1020

12 000 000

3.

Нақты мәміленің бағамы бойынша валютаны сатып алуға  байланысты шығысты тану рыноктағы  бағамға қарағанда жоғары

7430

1020

100 000


 

    

7-кесте. «Компания  Стеклоимпекс» ЖШС кассасына  келіп түскен 10 000 АҚШ долларын  сатады. Валюта айырбастаудың рынокағы бағамы сатып алу күніне – 1 АҚШ доллары үшін 121 теңге, нақты мәміленің бағамы – 1 АҚШ доллары үшін 120 теңге. Бір күнде айырбастауды жүзеге асырған кезде.

 

№ р/р

Операцияның мазмұны

Корреспонденттік шот

Сомасы

Дебет

Кредит

1.

Ағымдағы валюталық  банктік шоттан ақшалар есептен шығарылды және ағымдағы банктік шотына есептелді

1030

1032

10 000$/ 
(1 210 000 тг)

2.

Нақты мәміленің бағамы бойынша валютаны сатуға байланысты кірісті тану рыноктағы бағамға  қарағанда жоғары

1030

6250

1 210 000 тг


 

   

8-кесте. Бірнеше күндердің ішінде айырбастауды жүзеге асырған кезде.

 

Операцияның мазмұны

Дебет

Кредит

Сомасы

1.

Ағымдағы валюталық  банктік шотынан ақша қаражаттар есептен шығарылды

1020

1032

10 000$/ 
(1 210 000 тг)

2.

Ағымдағы банктік шотына ақша қаражатының түсуі

1030

1020

1 200 000 тг

3.

Нақты мәміленің бағамы бойынша валютаны сатуға байланысты кірісті тану рыноктағы бағамға  қарағанда жоғары

1030

6250

10 000

Информация о работе Банк ағымдық валюталық операциялардың ақша қаражаттар есебі