Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 21:56, курсовая работа
Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндетін алға қойған Елбасы Жолдауында атап көрсетілгеніндей, еліміздің қаржы жүйесін, соның ішінде қаржы есептілігін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру ашық нарық экономикасын қалыптастырудың сенімді тетіктерінің бірі болып табылады. Есеп жүргізудің дамыған елдер қолданатын соңғы тәсілдерін меңгеру Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылған жағдайда да өте маңызды қажеттілікке айналады.
Курстық жұмысымның тақырыбы «Ағымдағы шоттағы шетел валютадағы ақша қаражаттарының есебі» бойынша қарастырлады. Шетелдік валюта – ол ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта болып табылады. Яғни қазіргі кезде өз қызметін есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде, нақтырақ айтқанда, валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші ұйымның бірлескен ұйымы, яғни филиалы болып табылатын ұйымдарда осындай шетелдік валюталардың сан алуан қызмет түрлері жүзеге асырылып отырады.
Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Қазақстан республикасындағы валюталық реттеудің негізгі орны.....................5
1.1 Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі қағидалары...........5
1.2 Валюталық операциялар және олардың түрлері..............................................10
2 Валюталық операциялардың есебі........................................................................15
2.1 Кәсіпорындардың банктегі валюта шотын ашу, жүргізу және жабу тәртібі.15
2.2 Валюталық операцияларды құжаттық рәсімдеу...............................................19
2.3 Валюталық операциялардың синтетикалық және аналитикалық есебі.........25
3 Валюталық бағам есебі..........................................................................................32
3.1 Валюталық бағамның түсінігі мен пайда болу себептері................................32
3.2 Бағам айырмашылықтарын есепке алу..............................................................35
4 Ағымдағы шотындағы валюта қозғалысы бойынша операциялардың
есебін жетілдіру......................................................................................................38
Қорытынды.................................................................................................................45
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................45
Қосымшалар...............................................................................................................49
Валюталық заңдар бойынша резиденттер ағымдағы операцияларды шектеусіз жүзеге асырады, ал капиталдың қозғалысымен байланысты операцияларды Ұлттық Банктің бекіткен тәртібі бойынша арнайы рұқсатпен ғана жүргізеді.
Резидент еместер:
Барлық валюталық
операциялар өзара тығыз
Шетел бантерімен
корреспонденттік қатынастар орнату.
Бұл операциялар банктің
Есептік күн ішіндегі шетел валютасын сату және сатып алу операцияларының айналымы деп бір есептік күн ішінде сатылған жән есатып алынған шетел валютасының мөлшерін айтады.
Өнімді дереу тапсыру жөніндегі мәміле – мәмілені жасаған күннен екі банкілік жұмыс күніне қалып отырып іске асырылатын конверсиялық операциялар. «Today» типіндегі мәміле мәмле жасалған күні валютаны тапсырумен түсіндірілетін конверсиялық операциялар. «Tomorrow» типіндегі мәміле валютаны мәміле жасалған күннен кейінгі келесі банкілік жұмыс күнінде тапсыруды көздейтін операция. «Spot» типіндегі мәміле жасалған күннен кейін екінші банкілік жұмыс күнінде валютаны тапсыруды белгілейтін конверсиялық операция.
Жедел мәміле дегеніміз валюта тапсыру уақыты мәмілені жасаған күннен екі күннен астам банкілік жұмыс күніне қалып отыратын конверсиялық операциялар. Жедел мәмлелер «Форвард», «Своп» операциялары арқылы жүгізе асырылады.
«Форвард» операциясы
– мәміле болашақта жасалады деп,
дәл қазіргі уақытта бір
«Своп» мәмілесі қолма-қол спот мәмілесі шартымен валютаны сату және сатып алуды және дәл сол валютаны форвард курсы бойынша сатып алу және сатуды көздейтін валюталық операция.
2 ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Кәсіпорындардың банктегі валюта шотын ашу, жүргізу және жабу тәртібі
Қазақстан Республикасындағы резидент және резидент емес ұйымдар шетел валютасымен операциялар жүргізетін болса, банкіде арнайы ағымдағы шетел валюталық шот ашады. Шот ашу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің тағайындаға екінші деңгейдегі банктерде клиенттерге шот ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы қаулысында тағайындалған.
Қазақстан аумағындағы, онда тіркелген кез келген заңды тұлғаның валюталық қаржылары, кез келген банкте ашылуы мүмкін валюталық шоттарда сақталады.
Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін керсетуді өз міндетіне алады.
Валюталық шотты ашу үшін Банк пен Казақстан Республикасының резиденті - занды тұлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі (филиал мен өкілдігі) арасында келісім жасалады және келесідей құжаттар тапсырылады:
Валюталық шотты ашқанда банк қызметкері:
Клиенттің шоты бойынша барлық операциялар банкпен тек қана клиенттің жазбаша өтініші бойынша орындалады, онда клиент өз деректемелерін, шот нөмірін, жасалатын операцияның түрі мен уақытын, банк пайдасына өзінің ағымдағы шотынан тиісті комиссияны алып жазуға рұқсатын көрсетіп, қолын қояды. Клиенттің қол қою үлгілерімен салыстырып, өтініш толтыруының дұрыстығын тексергеннен кейін валюталық бөлімінің қызметкері бұрыштама қояды. Шот иесінің пайдасына қателесіп ақша жазылса Банк жаңағы ашаны шот иесінің тиісті тапсырмасынсыз есептен шығарады.
Кәсіпорын валюталық шотты ашқаннан кейін, төлемдерді шетел валютасы түрінде жүзеге асыра отырып, шарттармен жұмыс жасай бастайды. Банк клиенттің валюталық қаржыларын сақтау кезінде, тоқсанына бір рет пайыздар есептейді және оны төлейді.
Банкімен шетел валюталық шот бойынша қызмет көрсету туралы келісім-шарт құрылады, мұнда есеп айырысудың екі түрі болуы мүмкін:
Валюталық шотты ашқан кезде:
Кез-келген валюталық операция арнайы валюталық шоттар бойынша жүргізіледі. Ашылған шоттардың әр түрлі операция қатысушылары мен жүргізілетін төлемдер сипатын анықтайды. Валюталық шоттарды ашуы мен жүргізуі бойынша операциялардың келесі түрлері болады:
Егер де банкте валюталық шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражатының фактысы анықталса, онда ол сол қаражаттарды валюталық шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта қарастырылғаны жөн.
Банктегі валюталық шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк валюталық шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы.
Банктердегі валюталық шоттар бойынша операцияларды тоқтату (кірістерден басқа) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, валюталық шот иесінің акша каражаттарының жұмсалынбауына немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкітегі валюталық шоттар бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.
Валюталық шот бойынша операциялардың есебі 1032 "Ағымдағы банктік шоттардағы шетел валютасындағы ақша қаражаты" шотында жүргізіледі. Ұйымның валюталық шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі - бет есебі болып қалады.
Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің "көшірме үшін" мөрінің таңбасымен расталынады.
Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе оның орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылуы және банк мөрінің таңбасымен бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелінген құжаттарда көшірмеге қол қойған операцияны жүргізуші қызметкердің қолымен бірге штамп және осы құжаттардың бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні (датасы) көрсетілген календарлық штемпелі қойылуы тиіс. Көшірмелер бірінші немесе екінші болып қол қою құқығы бар адамдарға субъектінің келісімі бойынша бекітілген мерзімде беріледі. Көшірмелер субъектілерге почта арқылы жіберілуін немесе банк клиенттері үшін қолайлы жерде орналастырылған абоненттік жәшік арқылы жіберілуі мүмкін.
Клиент өкілінің көшірмені алғаны жөнінде бет есепте немесе жеке карточкада қойған колы болуы керек.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғалар барлық валюталық операцияларын банк шоттары арқылы іске асыруға тиісті. Қолма-қол валютаны пайдалану жағдайларын санамағанда:
Информация о работе Банк ағымдық валюталық операциялардың ақша қаражаттар есебі