Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 13:15, курсовая работа
Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Кіріспе……………………………………………………………………………….3
І-тарау. Бухгалтерлік есеп және оны ұйымдастыру
1.1 Бухгалтерлік есептің мәні…………………………………………………..5
1.2 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру………………………………………….7
1.3 Мемлекеттік мекемелер ұсынатын жылдық, тоқсандық есептілік нысандарының көлемі ,толтыру тәртібі……………………………………….10
II-тарау.” Қазтеміртранс“мемлекеттік мекемесінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2.1 Бухгалтерлік баланстың мемлекеттік мекемедегі бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы мәні ………………………………………………………..13
2.2 ”Қазтеміртранс “ мемлекеттік мекемесіндегі жұмысшылар және қызметшілермен есеп айырысуды ұйымдастыру……………………………22
III-тарау.Мемлекеттік мекемелерде қаржылық бақылауды жүзеге асыру
3.1 Қаржылық бақылау мен аудиторлық бақылаудың мәні мен маңызы….26
3.2 “Қазтеміртранс”мемлекеттік мекемесінде қаржылық бақылауды жүргізу тәртібі…………………………………………………………………...36
Қорытынды………………………………………………………………………...44
Қолданылған әдебиеттер……………………………
Тақырыбы:Мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Жоспар
Кіріспе……………………………………………………………
І-тарау. Бухгалтерлік есеп және оны ұйымдастыру
1.1 Бухгалтерлік есептің мәні…………………………………………………..5
1.2 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру………………………………………….7
1.3 Мемлекеттік мекемелер ұсынатын жылдық, тоқсандық есептілік нысандарының көлемі ,толтыру тәртібі……………………………………….10
II-тарау.” Қазтеміртранс“мемлекеттік мекемесінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2.1 Бухгалтерлік баланстың мемлекеттік мекемедегі бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы мәні ………………………………………………………..13
2.2 ”Қазтеміртранс “ мемлекеттік мекемесіндегі жұмысшылар және қызметшілермен есеп айырысуды ұйымдастыру……………………………22
III-тарау.Мемлекеттік мекемелерде қаржылық бақылауды жүзеге асыру
3.1 Қаржылық бақылау мен аудиторлық бақылаудың мәні мен маңызы….26
3.2 “Қазтеміртранс”мемлекеттік
мекемесінде қаржылық бақылауды
жүргізу тәртібі……………………………………………………………
Қорытынды………………………………………………………
Қолданылған
әдебиеттер……………………………………………………
Қосымша
Кіріспе
Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың басты
мақсаты мемлекеттік
Бухгалтерлік есепке алу
және аудит саласын дамыту тұжырымдамасының
міндеті Қазақстан
Бухгалтерлік есеп – кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады.
Бухгалтерлік есеп жұмысы экономикалық кезеңді қатынастарды көрсетеді және әр кезеңдерге сай дамиды. Бухгалтерлік есеп базарлы сауданы, технологиялық ерекшеліктерге сай өнім өндіруді, экономикалық бостандықты, кәсіпкерлік қатынастарды, бірлескен әрекеттерді т.с.с. байланыстар жөніндегі көрсеткіш мәліметтерді хабарлап, талдап, мұның негізінде тиімді шешімдер қабылдайтын, өз орыны, өз әдісі мен принципі бар пән.Бұл курстық жұмыста жалпы мемлекетік мекемелердегі бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібіне,кәсіпорындармен ұйымдағы күнделікті болып отыратын барлық операцияларды шаруашылық процестермен ,шаруашылық құралдарының қозғалысын,олардың өнім өндіруге қатысуымен оның нәтижесін есептеуіне жалпы тоқталу.Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты:барлық мекемеде,кәсіпорындарда рындалатын операциялардың ,уақытында орындалып есепке алынуы ,олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуын бақылау жасау.
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүйене отырып,экономикалық талдау жасалады.Бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып, тіркелген нақты көрсеткіштер негізінде жүргізіледі.Бухгалтерлік есептің негізгі міндеті шаруашылықтың барлық саласында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай,есептеу жұмысын жүргізу.
І-тарау. Бухгалтерлік есеп және оны ұйымдастыру
1.1 Ұйым қызметіндегі бухгалтерлік есептің маңызы мен қызметі
Меншік иелігінің кез келген түрлері, нарықтық әрекетке түсуші заңды тұлғалар, ұйымдар мен мекемелердің барлығында бухгалтерлік есеп және аудит жүргізіледі. Меншігінде қаражаттары мен мүліктері, қорлары мен капиталы, алған міндеттемелері, өндірілген дайын өнімдері, тауарлы-материалды құндылықтары, негізігі құралдар мен айналым қаражаттары, сатып алу мен сату өрісі, шаруашылық жүргізу үрдісі бар шаруашылық ұйымдарда бухгалтерлік есеп жүргізу жүйесі экономикалық қатынастардың басты мәселесіне жатады. Сондықтан бухгалтерлік есепті күрделі жүйе деп түсінген жөн. Экономикалық қатынастардың барлығы да есепке алыну керектігі бухгалтерлік есепке тән мән мен мағына, алғы шарт және міндетті түрде орындалуға тиісті нақтылы үрдіс болып табылады.
Бухгалтерлік есеп жүйесі ұйымдардағы сатылы экономикалық үрдісті қамтамасыз ету бағытында құрылуы керек. Шаруашылық фактілері экономикалық үрдістің кезеңдік негіздерін құрайтын заңдылық сабақтастыққа жауап беретін болып қалыптасады.
Ол мынандай кезеңдерге бөлінеді:
- активтер мен бұлардың көздерін қалыптастыру;
- инвестициялар келтіру;
- қаржылық активтерді қаржыландыру және несиелік міндеттемелерді қабылдау;
- қалыпты жағдайда жүргізілетін өндірістік процестердің өзгерістері мен қалыптасуын есепке алу;
- өндірістік шығындар жұмсап, табыстар
табу жолдарының
есебін жүргізу;
- түскен табыстар (пайданы) бөлу және қайта бөлу;
- бөлінбеген таза пайданың ұдайы көбеюін
қамтамасыз ету
және түскен таза пайданы өндіріс үрдісін
кеңейту мен ары қарай
жетілдіруге, бұлардың қорлануын қалыптастыруға
жүмсау.
Экономикалық заңдылықтардың өндірістік үрдісте іске асырылатын кезеңдеріне тән құрылған жоғарыдағы сабақтастық кезеңдер қаржылық талдау мен басқарушылық шешім қабылдау үшін аса қажет.
Бұл мақсаттар мен міндеттердің нақтылы іске асатындығын есепке алып, ақпараттар жүйесін қалыптастыруда бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор. Бухгалтерлік есеп жүмысы экономикалық кезеңді қатынастарды көрсетеді және әр кезеңдерге сай дамиды. Бухгалтерлік есеп - базарлы сауданы, технологиялық ерекшеліктерге сай өнім өндіруді, экономикалық бостандықты, кәсіпкерлік қатынастарды, бірлескен әрекеттерді т.с.с. байланыстар жөніндегі көрсеткіш мәліметтерді даярлап, тиісті тұтынушыларға хабарлап, талдап, мұның негізіне тиімді шешімдер қабылдайтын, өз орны мен әдісі және принципі бар пән. Сондықтан бухгалтерлік есептің алғы шарты экономикалық қатынастарға, мұның өзін теориялық тұрғыда зерттеуге, басқарудың тиімді жолдарын анықтауға ақпараттар дайындайтын ерекше бағыттағы айрықша жүйе.
Қандайда болмасын есеп ақпараттары мен көрсеткіштерін, мұндағы мәліметтерді экономикалық маңызы зор мәселелер деп қараған жөн. Бухгалтерлік есеп нарықтық қатынастарға байланысты іс-әрекеттерді саналы түрде жүргізу мен мәліметтерді жан-жақты қолдану және бұлардың маңызын түсіну үшін ақпаратар жинап, тиімді және тиімсіз, пайдалы және зиянды мәліметтер жүйесін топтастырып, белгілі дәрежеде шешім қабылдау үшін көрсеткіштер мен мәліметтер даярлайды.
Нарықтық қатынастар мен меншік иелігіне сүйеніп қол ұшымен жалғасып, сыбайластық әрекеттерге барушы және жұмыс бабын жеке басының игілігіне пайдаланушы, заңсыз жүріп қаражат табушы алаяқтар арасында күрес жүргізуде де бухгалтерлік есептің атқартын рөлі зор. Мұндай әрекеттерді болдырмау үшін әрбір атқарушы бухгалтер өз кәсібін сыйлап, таза және сапалы еңбек етуі керек.
Бухгалтерлік есеп бүкіл халықтық ілімге жатады. Мұның диапазон кеңістігі мол. Сондықтан, экономиканы басқару жүйесін жетілдіру, халықтың сұранысы мен тұтынысын зерттеу, базарлы саудаға тән шешім қабылдау, тексеру мен бақылау жүйесін кеңінен қолдану, есеп көрсеткіштерін қарапайымдау, заңсыз қағаз бастылықты болдырмау үшін бухгалтерлік есеп ілімі өз мәні мен мақсатын жоймайтын сабақтастық бағытта болуы керек.
Бүгінгі күннің талабына сай бухгалтерлік есепте қолданылатын үлгі - мәтін, бастапқы құжаттарды рәсімдеу, есеп регистрлары және қорытынды есеп көрсеткіштері т.б. жазулардың көлемі мен маңызы қарапайым жолдармен жасалып, пайдаланушы қауымға түсінікті болуы керек.
Енді бухгалтерлік есеп жүйесінің алдына қойылған жалпы мақсаттар мен талаптарды шешудің бастапқы сабақтастығына тоқталайық. Жалпы есеп жүйесінде қабылданған тәжірибеге және көптеген ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда бухгалтерлік есеп ең әуелі өзінің байқау, өлшеу, тіркеу принциптерін жүзеге асырады.
Байқау принципі деп шаруашылық жүргізушілер өрісіндегі фактіні немесе обьектіні көзбен көруді айтамыз.
Өлшеу деп натуралдық өлшеммен берілген есеп обьектісін ақшалай өлшемге айналдыруды айтады.
Тіркеу деп бухгалтерлік есеп мәліметтері мен көрсеткіштерін ақпараттар тасушы құралдарға түсіруді айтамыз.
Сонымен байқау өлшеу және тіркеу принциптері бірімен бірі тығыз байланысқан бірінің мазмұнын бірі толықтырып отыратын сабақтастық жүйе деп тануымыз керек.
Бухгалтерлік есеп деп ұйымдар қызметін тиісті ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз.
Сондықтан бухгалтерлік есеп экономикалық ілімінің тәжірибелік элементіне жатады. Дей тұрғанмен, бухгалтерлік есеп басқару жүйесін қамтамасыз ету мақсатын іске асыру үшін өзінің арнайы әдістері мен ережелерін қолданады. Бухгалтерлік есеп бақыланатын және өлшеу мен тіркеуге, тексеруге, қорытындылауға жататын көптеген шаруашылық фактілерінен туындайды. Шаруашылық фактілерінің маңызы мен мақсатын түсіну үшін бухгалтерлік есепке тән ерекшеліктердің мәні мен мағынасын түсіне білу керек. Бугалтерлік есепке тән мақсат ұйымдар қызметіндегі барлық орын алған шашыранды шаруашылық фактілерін жүйеге келтіріп тиісті құжаттарға жазу, бұларды бағалау, жинақтау мен қорытындылау болып табылады.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттары талабына сай бухгалтерлік есеп жүйесіне негізінен үш түрлі талап қойылған. Ол талаптар шындықты, жан-жақты обьективтілікті және іске асырылатындық сенімділікті көрсететін принциптерге жауап беруі керек.
Белгілі бір ұйым өрісінде даярланған мәліметтер шындық жолмен арнайы қабылданған ереже-нұсқауларға сай орындалып, сыртқы пайдаланушылардың күмәні мен күдігін туғызбайтын болса, онда даярланған мәліметтер шындық принципімен, басқа да мамандардың қатысуымен жасалып, осы ұйымның экономикалық жағдайын толығымен сипаттайтын болып, сараптаушылар талабын қанағаттандырса, онда даярланған мәліметтер объективтік принциппен орындалды деуге болады. Белгілі ережелерді, қағидалар мен әдістемелерді толығымен қолданып, жасалған ақпараттар ішкі және сыртқы пайдаланушылардың мүддесін қанағаттандырса, онда сенімділік принципі орындалды деуге болады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келіп, бухгалтерлік есеп пәніне анықтама берелік.
Бухгалтерлік есеп пәні деп - ұйымдардың шаруашылық өміріндегі (меншігіндегі) активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісіндегі қозғалыстарды байқап, өлшеп, тіркеп, жинақтап, үздіксіздік жолдармен құжаттап қорытындылайтын үрдісті айтамыз. Бухгалтерлік есеп көптеген әдістер мен принциптерді, арнайы ережелерді зерттейді.
¥йымдардағы бухгалтерлік есеп жүргізу мақсаты екі деңгейде танылады.
Бірінші деңгейде бухгалтерлік есептің тіркеу қызметі және көптеген шаруашылық фактілері мен экономикалық өзгерістерін жинақтау, ақшалай өлшемге айналдыру қызметі орындалады.
Екінші деңгейде бухгалтерлік есептің күрделі мәселелері атқарылып, әртүрлі әдістерді, ережелер мен принциптерді қолдана отырып, бухгалтерлік есеп жүйесінде жасалған қорытынды ақпараттар жүйесіндегі шаруашылық фактілерінің маңызы бағаланып өлшенеді, шашыранды фактілер жинақталып талданады.
Басқару үрдісінің негізгі саласы болып танылған бухгалтерлік есеп жүйесі арқылы ұйымдардың ағымдағы қызметінің барысы тексеріледі, сапалы даярланған ақпараттарды талдай отырып, стратегиялық және тактикалық бағыт анықталады, ресурстарды тиімді пайдаланудың жолдарын қабылдаудағы субъективтік факторларды болдырмаудың тәсілдері қарастырылады.
Сапалы жүргізілген бухгалтерлік есептің мақсаты төмендегі сатылы қызметтерді қамтамасыз етуге арналған:
- ұйымдардың табыс
түсіріп, бәсекелестік
- активтерді өз орнымен тиімді жұмсау
арқылы өндірілген
өнімдердің өсу қарқынын және бұларды
сатудан түскен түсім
көлемін бухгалтерлік есеп жүйесінде
айрықша зерттеу;
- меншіктің барлық түрлерінің сақталуын,
активтердің қолда
бары мен қозғалысын, ұйымдардың қаржылық
және төлем
өтеушілік қабылетінің орындалуын тексеру;
- алдау, ұрлау, көзбояушылық
және сыбайластық жағдайларды
болдырмау, ақша т.б.
- бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет және салық жөніндегі заңдардың сақталуы мен нормативті актілердің орындалуын қадағалауға мүмкіндік жасап отыру.
Бухгалтерлік есеп өрісінде төмендегі мәселелердің шешілуі қамтамасыз етіледі:
- ұйымдар өрісіндегі шаруашылық үрдістің қорытындыеын шығарып, басқарушылық шешім қабылдауға қажетті ақпараттар қалыптастыру, сондай-ақ қаржы салымшы инвесторлар, қоюшылар, сатып алушылар, несиелендірушілер, салық және қаржы органдары арасындағы қалыпты жағдай жасау мақсатында толық және сенімді ақпараттар қалыптастыру;
Информация о работе Мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру