Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 13:15, курсовая работа
Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Кіріспе……………………………………………………………………………….3
І-тарау. Бухгалтерлік есеп және оны ұйымдастыру
1.1 Бухгалтерлік есептің мәні…………………………………………………..5
1.2 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру………………………………………….7
1.3 Мемлекеттік мекемелер ұсынатын жылдық, тоқсандық есептілік нысандарының көлемі ,толтыру тәртібі……………………………………….10
II-тарау.” Қазтеміртранс“мемлекеттік мекемесінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2.1 Бухгалтерлік баланстың мемлекеттік мекемедегі бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы мәні ………………………………………………………..13
2.2 ”Қазтеміртранс “ мемлекеттік мекемесіндегі жұмысшылар және қызметшілермен есеп айырысуды ұйымдастыру……………………………22
III-тарау.Мемлекеттік мекемелерде қаржылық бақылауды жүзеге асыру
3.1 Қаржылық бақылау мен аудиторлық бақылаудың мәні мен маңызы….26
3.2 “Қазтеміртранс”мемлекеттік мекемесінде қаржылық бақылауды жүргізу тәртібі…………………………………………………………………...36
Қорытынды………………………………………………………………………...44
Қолданылған әдебиеттер……………………………
- есеп саясаты жөніндегі
құжаттарды, есеп деректерін машиналық
өңдеу бағдарламасын, оларға
Бюджеттік ұйымның басшысы есеп жүйесін жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтер басқаратын, оның құрылымдық бөлімшесі немесе орталықтандырылған бухгалтериясы болып табылатын бухгалтерлік қызметпен жүзеге асырылады.
Бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда бухгалтерлік есеп пен есеп беруді ұйым басшысының жазбаша өкімімен тағайындалған тиісті маманның жүзеге асыруы мүмкін.
Басшы бухгалтерлік есепті
дұрыс жүргізу, есепке қатысы бар
ұйымның барлық бөлімшелері мен
қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді
рәсімдеудің және есеп үшін тапсырудың
тәртібі бойынша бас
Бюджеттік ұйымның бас
бухгалтерін ұйымның басшысы
қызметке тағайындайды және босатады
және тікелей ұйымның басшысына
бағынады.
Бас бухгалтердің қызметіне арнаулы білімі
бар тұлға тағайындалады.
Ұйымның бас бухгалтері бухгалтерлік есептің шоттарында барлық іске асырылатын шаруашылық операцияларының бақылауын және көрсетілуін, жедел операцияларды тапсыруды, бухгалтерлік есептерді белгіленген мерзімде жасауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын «Мемлекеттік мекемелер» бухгалтерлік есепті ҚР-ның бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігі заңына және ҚР-ның Қаржы Министрлігі бекіткен «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ережесіне сәйкес жүргізіледі.
1 кесте - Әр түрлі деңгейлер
бюджеттерінің жалпы
2009 жыл, %
Қаржыландыру бағыты |
Республикалық |
Жергілікті |
Ұлттық қор |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
73,2 |
26,8 |
0,0 |
Қорғаныс |
95,7 |
4,3 |
0,0 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі |
81,4 |
18,6 |
0,0 |
Білім беру |
28,6 |
71,4 |
0,0 |
1 кестенің жалғасы | |||
Денсаулық сақтау |
27,7 |
72,3 |
0,0 |
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету |
91,2 |
8,8 |
0,0 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
26,6 |
73,4 |
0,0 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
46,0 |
54,0 |
0,0 |
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану |
60,1 |
39,9 |
0,0 |
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
68,7 |
31,3 |
0,0 |
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі |
40,4 |
59,6 |
0,0 |
Көлік және коммуникациялар |
58,1 |
41,9 |
0,0 |
Нысаналы трансферттер |
12,4 |
0,8 |
86,8 |
Борышқа қызмет көрсету |
98,0 |
2,0 |
0,0 |
Трансферттер |
53,4 |
46,6 |
0,0 |
Барлығы: |
45,2 |
32,1 |
22,8 |
Ескерту * - кесте мәліметтері ҚР Қаржы министрлігі есептілігінен алынды |
Ұлттық қорғаныс кез
келген мемлекет бюджетінің ақшалай
қаражатын жұмсаудың басым
Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік саласындағы ұзақ мерзімді стратегиялық мақсатты – «Толық аймақтық тұтастығын сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз дербес мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету», біртіндеп өмірге келтіру үшін де қаржыландыру жеткілікті болуы тиіс. Сондықтан, жаңа әскери доктрина әскери күшті техникалық жаңартуды, ұтқыр кәсіби әскер қалыптастыруды көздейді.
1 сурет - Мемлекеттік бюджеттің қорғанысқа арналған шығысының серпіні және оның ЖІӨ-мен үлесі
Жоғарыда берілген 1 суреттен көріп отырғанымыздай Республика бойынша мемлекеттік бюджет есебінен қорғанысқа жұмсалынған қаржы көлемі 2008-2009 жылдары алдыңғы екі жылға қарағанда біршама жоғарылаған.
Бұл жалдары шығынның өсуі республиканың Қарулы күштерінің техникалық жаңаруымен түсіндіріледі, бұл «Қару-жарақ, әскери және өзге техника, байланыс жүйесін жаңғырту, қалпына келтіру және сатып алу» бөлімшесінде жаңадан қабылданған әскери доктрина шеңберінде көрсетілген.
Кейбір елдер бюджетінің (оның ішінде Қазақстанның да) қорғанысқа және қарулы күштерге шығысын (бір адамға есептегенде) салыстыру және 2005-2007 жылдардағы олардың өзгеру серпіні белгілі қызығушылық тудырады.
Қазақстандағы шығыс өсімінің қарқыны үлкен емес екені көрініп тұр, алайда, 3 жыл бойы біртіндеп өсіп келе жатқаны байқалады және де ол 2008-2011 жылдары осы оң серпінді жалғастыру үшін қажет елеулі күшке ие.
Төменде берілген 2 кесте арқылы мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық қорғанысқа бөлінген қаржы шығысына талдау жүргізуге болады.
2 кесте - Мемлекеттік бюджеттің ұлттық қорғанысқа шығысы
Бағыт белгісі |
Қаржыландыру бағыты |
2007 ж. |
2008 ж. |
2009 ж. | |||
млдр. теңге |
үлес салм, % |
млдр. теңге |
үлес салм, % |
млдр. теңге |
үлес салм, % | ||
А |
Қарулы күштердің жеке құрамын, қару-жарағын, әскери және өзге техникасын, жануарлары мен инфрақұрылымын ұстап тұру |
46,1 |
63,14 |
57,4 |
43,27 |
64,9 |
49,38 |
Ә |
Қарулы күштер қызметінің негізгі түрлерін қамтамасыз ету |
11,1 |
15,2 |
11,9 |
8,97 |
13,0 |
9,9 |
Б |
Қарулы күштердің ақпараттық жүйесін құру |
0,71 |
0,97 |
0,8 |
0,6 |
1,4 |
1,06 |
В |
Қарулы күштердің |
4,3 |
5,89 |
4,7 |
3,54 |
9,02 |
6,86 |
Г |
Қару-жарақ, әскери және өзге техника, байланыс жүйесін жаңғырту, қалпына келтіру және сатып алу |
8,8 |
12,05 |
55,2 |
41,61 |
40,4 |
30,74 |
Ғ |
Әскерге шақырылатындарды әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындау |
0,1 |
0,13 |
0,05 |
0,04 |
0,1 |
0,07 |
Д |
Қарулы күштерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету |
1,9 |
2,6 |
2,6 |
1,96 |
2,6 |
1,97 |
Барлығы |
73,01 |
100 |
132,65 |
100 |
131,42 |
100 | |
Ескерту * - кесте мәліметтері ҚР Қаржы министрлігі есептілігінен алынды |
2 сурет - Мемлекеттік бюджеттің ұлттық қорғанысқа жұмсаған шығыс деңгейі (%)
Жоғарыдағы кесте мен суреттен көріп отырғанымыздай, республика бойынша мемлекеттік бюджеттен ұлттық қорғанысты қаржыландыру бағытына байланысты шығыстардың ең жоғарығы үлесін қарулы күштердің жеке құрамын, қару – жарағын, әскери және өзге де техикалармен қамтамасыз ету шығындары, қарулы күштер қызметінің негізгі қызметтерін қамтамасыз ету шығындарын, сонымен қатар әскери техникаларды, қару-жарақтарды сатып алу және қалпына келтіру шығындары алып отыр.
Демек, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы-қаражаттардың дұрыс жұмсалуына, оның тиімділігіне бірден-бір себепші болып саналатын осы бағыттағы есеп пен бақылау жүйесінің алатын орны өте жоғары. Сондықтан, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ішкі істер бөлімінің есеп жүйесін қазіргі күннің жаңа талаптарына сәйкес ұйымдастыру және жетілдіру бүгінгі күннің негізгі талабы болып саналады.
III-тарау.Мемлекеттік мекемелерде қаржылық бақылауды жүзеге асыру
3.1 Қаржылық бақылау мен аудиторлық бақылаудың мәні мен маңызы
Қаржылық бақылау-қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау,бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі.Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған.Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі,қорлардың ара салмағы ,оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру,айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам,ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді.Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен ,мынадай бір белгілі бір шарттардың кезінде:бақылаудың айрықша органдарын құрғанда, оларды білікті мамандармен толықтырғанда ,бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп,бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды,ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекеті ету барысында жүзеге асырылады.Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды,яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе,қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады.Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады,бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын,тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі.Басқа жағынан,қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда ,оперативті басқаруда пайдаланылады.Қаржылық бақылаудың өзгешілігі-оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді:экономикалық заңдар талабының сақталуы,жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы, бюджетті жасау және оның атқарылуы,шаруашылық жүргізуші субъектілердің,мемлекеттік мекемелердің , қоғамдық ұйымдар мен қорлардың,басқа заңи тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану.Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да кіріктіреді.
Қаржылық бақылаудың
іс-әрекетінің сферасы бақылаудың
басқа түрлерімен:әкімшілік, құқықтық,әлеуметтік,
1)қаражаттардың жұмсалуын тексеру
2)қаржы жүйесінің
барлық буындары бойынша
мемлекеттік ресурстарға
қаражатттарды жұмылдрудың
уақыттылығы мен
3)есеп және
есептеме қағидаларының
Бақылаудың
реттетілігі,жаппайлылығы,
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау- бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау.Оның міндеттері мыналар болып табылады:ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырып, тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету,қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандармен әдістердің сай келуін бақылау,қаржы ресурстарын неғұрлым пайдалану ,салалар мен аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оңтайлы түрде және саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сферасының қызметтеріне деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен аймақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап,жою және басқалары.
Информация о работе Мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру